ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2974
Скачиваний: 101
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқыту үдерісі– мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағыт-талған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім, іскерлік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.
Оқыту үдерісі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және компоненттерімен сипатталады.
Олар:
1) ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны);
2) мұғалім оқушының өмірге, ғылымға көзқарасын және қарым-қатынасын қалыптастыруы (сабақ беру) ;
3) оқушылар ұжымы (оқу);
4) оқыту әдістері;
5) оқыту құралдары: дидактикалық және техникалық құралдары; 6) оқыту нәтижелері.
Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбы-лыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, салыстыру, жіктеу, жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Іскерлік – алған білім негізінде оқушының практикалық әрекеті іске асырылатын. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес (мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек , т.с.с.). Дағды – бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекеттерге машықтандыру (мысалы, тез оқу дағдысы – жүйелі түрде жаттығу нәтижесі т.с.с.) нәтижесі.
Оқыту үдерісінің нәтижелі болуы, оның ішкі қозғаушы күште-ріне байланысты. Қозғаушы күшдеп қойылатын талаптар мен оларды оқушылардыңорындаумүмкіншіліктері арасындағы қайшылықтарды айтады. Егер, қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму үдерісінің көзіне ай-налады. Оқытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту – күрделі үдеріс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қаблетін, біліктілігі мен дағдысын да-мыту негізінде жүзеге асырылады. Оқыту – екі жақты үдеріс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, ал оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық іс-әрекеті. Оқыту – мақсатты үдеріс. Оқытудың басты мақсаты қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп отырады. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түпнұсқа– мақсаттың жүзеге асуы. Оқыту – жоспарлыүдеріс. Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таным әрекетінің формасы мен әдістерін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқыту –
даму негізі. Педагогикалық үдеріс өзіне тән екі белгіні: ағзаның өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.
Оқыту үдерісі мұғалімнің, таным жолындағы оқушылардың қи-мылына байланысты. Оқыту – таным үдерісі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып, жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты мін-деттерінің бірі – шәкірттердің таным қабілетін дамыту.
Дамыта отырып оқыту – бұл оқушылардың таным іс-әрекет-терін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету, «ең жақын даму аймағын жасау».
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі – өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі – мұға-лімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағ-дайда болуын қажет етеді. Оқыту үдерісінде оқушы тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психи-калық үдерістерін басқаруы, ұйымдастыра білуі оқытудағы субъекті екенін айқындайды.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып-үйренудің өзі, ғылым тарихы-мен, оның әдістемелерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қыз-меті жайлы ақпарат алу. Оқушы дүниетануда бұрын ғылымда бел-гілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдамаларды әрі қарай дамыта түседі.
Оқыту мазмұны-мемлекет арнайы таңдап анықтаған белгілі са-лада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол – оқытудың нәтижесі бола алатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиет-тер жиынтығы.
Оқыту мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде, қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Ұлт-тық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұ-нында ерекшеліктер болады. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамиландандыру, компьютерлендіру, кіріктендіру, тұлғалық да-му ережелеріне негізделеді. Құбылыстар мен үдерістер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда – заңдылық деп аталады. Заңдылықтар ғылыми теориялардың негізгі бөлігі болып келеді.
Оқыту үдерісінде педагогикалық үдерістің қызметтерін іске асыру - білімділік, тәрбиелік, дамытушылық. Оқыту мен білім берудің тәрбиелік мүмкіндіктері.
Оқытудың түрлеріне дамыта оқы-ту, модульдік оқыту, проблемалық оқыту т.б. жатады.Дамыта оқы-тудың мақсаты білім алушының күнделікті өмірге тәуелсіз, сонымен қатар ақиқатты іздей отырып, өзіндік оқуы арқылы білім алуға қол жеткізуі.Дамыта оқыту әр білім алушының дербес танымдық әрекет-терге ұмтылуға құштарлығын, белсенді өмірлік қағидаттарын қалып-тастырады. Білім алушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Ол оқытуда қолданылатын дидактикалық ойындар, пі-кірталастар, сонымен қатар шығармашылық қиялы мен ойлауына, есте сақтауына, сөйлеуіне бағытталған түрлі іс-әрекеттерге білім алушы-ларды өту түріндегі оқыту әдістерін қолдану арқылы жүзеге асыры-лады. Дамыта оқыту білім алушының жан-жақты тұлғалық сапасының дамуына, өзіндік ой-тұжырымын жасауына, өзіндік оқу іс-әрекетіне талдау жасауға және оны басқара білуіне бағытталған.
Модульдік оқыту. Модульдік оқыту – оқу ақпаратын блокты – модуль негізінде беру арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілі. Оқу мазмұны ақпаратты блоктарда беріледі де меңгеру мақсатқа сәйкес жү-зеге асырылады. Модульдік оқыту барысында білім алушылар үшін оқытылатын білім көлемі ғана емес, оны меңгеру деңгейінің дидак-тикалық мақсаты тұжырымдалады. Модульдік оқыту білім алушылар-дың базалық дайындығының деңгейіне, жеке сұраныстары мен икем-ділігіне қарай оқытуды қамтамасыз етеді. Оқытуды дараландыруды оқу мазмұны, меңгеруін, өзіндік деңгейі, әдісі мен тәсілі, бақылау, өзін-өзі бақылауы қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқыту. Проблемалық оқыту – өзіндік дүниета-нымын қалыптастырудың барынша өзекті құралы. Проблемалық оқы-тудың тиімділігі ол білім алушылардың сыни, шығармашылық, диа-лектикалық ойлауын қалыптастыру міндетін шешуден тұрады. Проб-лемалық оқыту логикалық тәсілдер жүйесін немесе жекелеген шы-ғармашылық іс-әрекеттерін, жаңа жағдаятта білімін шығармашылық-пен қолдану біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол шы-ғармашылық тәжірибесінің молаюына, зерттеушілік әдістерді меңге-руіне, практикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Проб-лемалық оқыту оқудың қажеттілігін, уәжін қалыптастыруға, яғни әлеуметтік құзыреттілігін, адамгершілік, танымдық қажеттілігін құ-руға мүмкіндік береді.
Оқытудың үшқызметібар: білім беру, тәрбиелік, дамыту-шылық.
1.Оқытудыңбілім беруқызметі. Оқушыларға білімді толық игерту үшін негізгі талаптарды ескерген жөн. Олар: білімнің толық-тылығы; білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, бірізділігі; білімнің ұғым-дылығы – оқушылардың өз бетімен ізденіп білімді меңгеру үшін олар-дың ойын дамыту; білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау. Оқытудың білім бе-ру қызметі қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген, өз бетімен білім ала алатын, жоғары білімді маман даярлауда әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.
2. Оқытудыңтәрбиелік қызметі- оқыту барысында тәрбие-нің мақсаты, міндеттері, мазмұны, тәсілдері анықталады. Тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше, біртұ-тастық ұстанымына негізделіп бірлікте қарастырылады. Демек, білім бере отырып тәрбиелейді, тәрбиелей отырып білім береді.
3. Оқытудың дамытушылыққызметі. Оқыту барысында оқу-шыларға білім беру, тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-се-зімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттері да-миды. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды. Дамудың ерек-шелігі – ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, ол оқытудың, білім беру және тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Тәрбие мен бі-лім беру дамудың алдында жүріп отырады.
Оқытудың тәрбиелік мүмкіндіктері. Оқыту үдерісі сонымен қатар, тәрбиелік сипатқа ие. Педагогика ғылымы, оқыту мен даму ара-сындағы сияқты тәрбие мен оқытудың байланысын объективті заң-дылық деп есептейді. Бірақ оқыту үдерісі барысындағы тәрбиелеу, кейбір сыртқы факторлар ықпалынан қиындатылады, сондықтан да тәрбиелеу күрделі үдеріске айналады. Оқытудың тәрбиелеу қызметінің маңыздылығы, бұл оқыту үдерісі барысында өнегелік және эстетика-лық түсініктер, әлемге деген қөзқарасжүйесі, белгілі бір ортада ар-найы нормалық ережеге сай заңдылықтарғабағыну түсінігі қалыпта-сады. Оқыту үдерісінде тұлғаның қажеттіліктері әлеуметтік мінез-құл-қы, құңдылықтары, құңдылық бағдары, дүниетанымы қалыптасады.
Оқытудың тәрбиелік қызметі тек оқушының білімді игеруінен ғана тұрмайды. Оның тұлға болып қалыптасуына жағдай жасап, бел-гілі бір адамгершілік сапасы мен мінез-құлқын қалыптастыруы керек. Оқытудың тәрбиелік қыры білім мазмұнында қарастырылады, оны дидактикалық талдауда еске алу қажет. Сабақтың әр мину-тында оқушылар білім мазмұны құрайтын білімдер, іскерліктер, дағ-дылар, қарам-қатынастар игереді.
7.5. Оқыту үдерісінің құрылымы, негізгі кезеңдері.Оқытудың әрекет ретіндегі маңызды құрылымы, оның мазмұны мен формасы болып табылады. Оқу әрекетінің мазмұны, және бірінші кезекте мате-риалды практика мен сезімді заттың практикасы, оның заттылығы объективті-субъективті табиғатқа ие болады. Пән, ақиқат, оқытудағы сезімталдық – бұлар жәй ғана пайымдаудың объектісі мен формасы ғана емес, сондай-ақ, сезімді-адамгершілікті, субъективті-танымдық практика болып табылады.
Оқу әрекетінің құрылымы, оның құрамына қарағанда мазмұн-дық, мақсаттық және жүйелік бөліктерден тұруы керек. Оқу тапсыр-маларын шешуші әрекет ретіндегі үдерістің құрылымында әрекетті жүзеге асырудағы кезектілікті айқындайтын, бір-бірімен байланысты келесі құрылымдар бөлініп көрсетіледі: міндеттерді талдау, оқу мін-деттерін қабылдау; бар білімді өзекті ету; міндетті шешу, тапсырманы шешу жоспарын құру, сол жоспарды жүзеге асыру; міндеттерді шешудегі бақылау мен бағалау, оқы міндеттерін шешу үдерісінде орын табатын әрекет әдістерін түсіну.
Оқытудағы құзіреттілік тәсіл. Құзыреттілік тәсілдің мақсаты дәстүрлі емес және типтік жағдаяттарда шешім қабылдау және іс-әре-кет жасау, өз мақсатын анықтай алу дағдыларын меңгеру болып табылады.
Құзыреттілік тәсілінің басты міндеті білім алушылардың баста-машылдығы мен өз бетінше жұмыс істей алатынын көрсетуге деген ынтасы болып табылады. Ол білім алушылардың жеке әрекет ете алуына, өз қабілеті мен қызығушылығын ұйымдастыруына мүмкіндік береді.
Құзыреттілік тәсілі білім алушылардың білім, білік дағдыларын кешенді түрде меңгертуді жобалайды.
Тұлғаның түйінді құзыреттіліктері - оқытудың нәтижесі.
Түйінді құзыреттіліктер: ақпараттық, коммуникативтік және өзіндік менеджмент. Бұлар жайлы осы бөлімнің бірінші тақырыбында толық мазмұндалған.
7.6.12-жылдық мектептегі оқытудың өзіндік ерекшеліктері.
Қазіргі кезде Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының көлемін дамыған Еуропа елдерінің деңгейімен салыстыруға болады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес 12 жылдық оқытуға есептелген жалпы орта білім беру бағдарламасын оқушыларымыз 11 жыл меңгереді. Республиканың 11 жылдық жалпы орта білім беретін мектебінде қай кезде де оқушылардың артық оқу жүктемесі байқалып келеді.
Білім реформалары әлемнің көптеген дамыған елдерінде жүріп жатыр. Оларда бейіндік оқыту мәселесіне көп көңіл бөлінеді. 12 жылдық мектеп жағдайында бейіндік оқыту мәселесін дұрыс шешуге мүмкіндік бар.
Бейіндік (міндетті) оқу бағдарламалары шығармашылық (те-реңдетіп оқыту) және қолданбалы деңгейлерде болуы мүмкін.