ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2968
Скачиваний: 101
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дидактика – бұл оқытуды теориялық деңгейде зерттейтін педа-гогикалық ғылыми пән.Дидактиканы кез келген педагог білуі қажет, өйткені ол теориялық білімге сүйене отырып, соған сәйкес практи-калық мәселені ойдағыдай шеше алады. Сондықтан мұғалімге практикалық әрекет теориясы, яғни оқыту әрекетінің теориясы қажет.
Дидактиканың объектісі мен пәні.Оқыту дидактің де, әдіс-кердің де, психологтың да, ақпарат теориясы маманының да, кибер-нетиктің де зерттеу нысаны бола алады. Бірақ әрқайсысы бұл нысанды зерттеуде өздерінің мақсаты мен зерттеу нәтижелерін нақтылайды. Демек, дидактиканың пәні - үйрету мен үйренудің тұтастығы, өйткен ол оқыту үдерісіндегі педагог пен оқушылардыі әркетін таным теория-сы арқылы сипаттайды.
Дидактика пәнін анықтаудың келесі қадамы - оқытудың педа-гогикалық мәнін ашу. Дидактика теориялық ғылым ретінде оқытудың әдіснамалық және әдістемелік негіздерін ашып көрсетеді. Дидактика пәнінің келесі сипаттамасы – оқытуды тәрбиемен біріктіре қарас-тыруы.
Сонымен, дидактиканың зерттеу пәні - оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен ұстанымдары.
Дидактиканың қызметтері: оқыту үдерісін және оның орын-далу шарттарын сипаттау және түсіндіру; оқыту үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастыру, жаңа оқыту жүйелерін, жаңа оқыту техноло-гияларын құрастыру.
Бұл қызметтер, дидактика пәнін анықтауда басшылыққа алы-нады: оқыту сипаттау, түсіндіру, құрастыру және зерттеу нысаны ретінде қарастырылды. Оқыту – дидактика педагогиканың ғылыми-теориялық қызметін орындаған уақытта зерттеу нысаны ретінде алынады.
Құрастырушылық-техникалық қызметтің негізіне ғылыми-теориялық қызметтің орындалуының нәтижелері алынады. Өзінің қызметтерінің орындалуында дидактика басқа ғылымдардың, дәлірек айтсақ: философияның, жалпы психологияның, жас ерекшілік психо-логиясының, кибернетиканың жетістіктерін қолданады.
Дидактиканың міндеттері:
- білім беру мақсатын ғылыми негіздеу, білім беру мазмұнын құрылымын анықтау, білім беру мазмұнының оқытудың әрбір дең-гейіндегі көлемін нақтылау;
- оқыту үдерісінің теориялық модельдерін ойластыру және оны практикада тексеру;
- оқыту үдерісін ұйымдастырудың неғұрлым жетілген жаңа жүйесін, оқытудың жаңа технологияларын жасау.
Бүгін дидактика білім беру және оқыту туралы ғылым ретінде танылып отыр.
Я.А. Коменскийдің педагогикалық теориясы
.«Дидактика» термині грек тілінен шыққан, яғни «didaktikos»-үйренуші, ал «didasko»-зерттеуші деген мағынаны білдірген. «Дидактика» түсінігі мазмұнын толық түсіну үшін, бұл ғылыми пәннің дамуына қысқаша тарихи шолу берген жөн. Тарихта ұзақ уақыттар бойы «педагогика» терминімен қатар «дидактика» термині бір мағынада қолданылып келген. Ең алғаш рет оны ғылымға неміс педагогі В. Ратке (1571-1635 жж.) енгізген және өзінің лекция курсына «Дидактикадан қысқаша ғана есеп нәтижесі немесе Ратихияның оқыту шеберлігі» деп атаған. Коменский Ян Амос (1592– 1670 жж. ) - чех педагогы, қоғам қайраткері.
Онан соң 1657 ж. Амстердамда өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегін бастырып шығарды. Коменскийдің педагогикалық көзқарастары – гуманизм мен демократияға негізделген. Ол ортағасырлық жаттамалы оқуға, баланы жазалап оқытуға қарсы болды. Я.А. Коменский дидак-тиканы «бәрін бәріне оқыту өнері» ретінде қарастырды Дидактиканың құрамында ол «жан-жақты моральдікке бағытталған ойлардың қалып-тасуы» туралы оқыту мен тәрбиелеу сұрақтарын қарастырды. Мектеп баланың «адамгершілік, сүйіспеншлік шеберханасы» болуы керек де-ген көқарасты насихаттады. Коменский адам танымының үш сатысын анықтады. Олар: 1) эмпирикалық; 2) теориялық; 3) практикалық. Коменский тәрбиені адамның табиғатына сәйкес жүргізу керек деп есептеді. Ол оқытудың жеті түрлі принципін анықтады: білім беру үдерісін көрініп тұран заттан бастап, біртіндеп абстрактылыққа кө-шіру, жеңілден ауырға қарай жылжу, көрнекілікке басакөңіл бөлу, білімнің жүйелі түрде меңгерілуі, білім сатыларының бір- бірімен байланысты берілуі, теорияның пратикалық өмірмен тығыз байланыс-ты болуы, баланың жас және жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып білімді меңгеру.
Коменский бірыңғай білім беру жүйесін ұсынды: ана мектебі (6-12 жас аралығы), ана тілі мектебі (12-18 жас), академия (18-24 жас). Ол оқу жылын тоқсанға жіктеу, оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі - сынып-сабақ жйесін педагогика тарихында алғаш рет ұсынды. Коменский оқулықтарға талаптарды да анықтады. Оның педагогика-лық талабы бойынша, оқулық жүйелі, ғылыми негізге сүйенген, теория мен тәжірибенің байланысын іске асыруға талпыныс жасауы қажет.
Коменскийдің дидактикалық принциптер әлемнің педагог-ғалым-дары ұдайы қағида тұтып, басшылыққа алып келеді.
7.2. Педагогика тарихындағы дидактикалық теориялардың дамуы. Дидактиканың бірнеше ғасырлық бай тарихы бар және қазір де қарқынды даму үстінде, оның даму тарихы отандық және ғаламдық ғылым жетістіктерімен қатар әлемдік көрнекті педагогтардың еңбек-терімен тығыз байланысты.
Педагогика ғылымының дамуы барысында дидактика білім беру мен оқытуға көңіл аудара бастайды. Әлемдік дидактиканың дамуына Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841 жж.), И.Г. Песталоцци (1746-1827 жж.), А. Дистерверг (1790-1816 жж.), К.Д.Ушинский (1824-1870 жж.), Д.Дьюи (1859-1952 жж.), Г.Кершенштейнер (1854-1932 жж.), В.Лай (1862-1926 жж.) және т.б. үлкен еңбек сіңірді.
Швейцария педагогы И.Г. Песталоцци бастауыш білім беру ди-дактикасының негізін қалаушы. Ол оқытудың мақсаты баланың ақыл-ойын белсенділікке бағыттау, танымдық қабілетін дамыту, логикалық ойлауын және түсінгенінің мәнін қысқаша айтып беруге дағдыландыру деп есептеді.
Белгілі неміс педагогы және философы И.Ф. Гербарт (1776-1841) Я.А. Коменскийден кейін дидактиканың тәрбиелей отырып оқытудың біртұтас теориясы ретінде теориялық негізін салып, педаго-гиканың бөлімі ретінде қарастырды. Бұл көзқарас көптеген отандық және шетелдік педагогтардың еңбектерінде көрініс тапты. И.Ф. Гербарттың дидактикаға қосқан басты үлесі - оқытуды сатылау. Оның құрылымы: айқындық – ассоциация – жүйе әдіс. Оқу үдерісі елесте-туден ұғымға және ұғымнан теориялық білікке өтеді. Бұл құрылымда практика болмайды. Бұл формальдық деңгейлер оқытудың мазмұнына тәуелді емес, барлық пән үшін барлық сабақта оқу үдерісінің жүрісін анықтайды. Гербарттың ізбасарлары (В. Рейн, Т.Ц иллер, Ф. Дерпфельд) бұл теорияны оның біржақтылығынан және формальды-лығынан құтылуға ұмтылып, дамытып, жаңартты.
XIX-XX ғғ. аралығында дидактиканың дамуына П.Ф. Каптерев, С.Т. Шацкий, П.П. Блонский, А.К. Гастев, А.П. Пинкевич, М.М. Пистрак және т.б. үлес ққосты. Әсіресе КСРО кезінде отандық дидактикада П.Н. Груздев, М.А. Данилов, Ш.И. Ганелин, Е.Я. Голант, Л.В. Занков, Б.П. Есипов, М.Н. Скаткин және т.б. табысты жұмыс істеді. Оқытудың ғылыми негіздемесін жасауға, дидактиканың нысаны мен пәнін анықтауға, педагогикалық ғылымдармен, сондай-ақ басқа ғылымдармен байланысын табуға, дидактикалық зерттеудің әдіснама-сын нақтылауға, оқыту әдістерін жетілдіруге В.С. Ильин, В.И. Загвязинский, В.В. Краевский, И.Я. Лернер, М.М. Махмутов, П.И. Пидкасистый және т.б. зор үлес қосты. Аталмыш ғалымдардың дидак-тикаға үлесі қазіргі уақыттағы педагогикада туындайтын өзекті мәсе-лелерді шешуде іргелі негіз болып отыр.
Қазақстанда педагогикалық теориялардың дамуы. Қазақстан топырағынан шыққан ұлы ойшыл ғұламалар Әбу-Насыр Әл-Фараби, Ибн - Сина, Қожа -Ахмет Иассауи, Әл - Хорезми, Махмут Қашқари, Жүсіп Баласағұни қазақ жерінде дидактиканың философия-лық-әдіснамалық заңдылықтары, өзіндік ерекшеліктері туралы өз ең-бектерінде жазып, кейінгі ұрпаққа бай мұра қалдырды.
Әлемдік мәдениет пен ғылымның дамуына зор үлес қосқан, данышпан – ғалым әл-Фараби адамды тек оқу-білім арқылы жаңар-туға, жетілдіре түсуге болады, мұның өзі барша халыққа бірдей ортақ нәрсе деп түсінді. Оның трактаттары ғылымның барлық дерлік саласын қамтыды. Ұлы ойшыл еңбектерінде педагогика мен психологияның, математика мен оны оқыту әдістемесінің мәселелері де үлкен орын алды. Әсіресе, «Ғылымдардың классификациясы» деген еңбегінде сол кезеңдегі белгілі ғылымдардың әрқайсысын жеке–жеке саралап, олардың мазмұнын толық баяндады.
Ж. Баласағұни «Құтты білік» атты еңбегінде ғылым мен білім-нің адам өмірінде шешуші рөл атқаратындығын айқындай отырып, өмірмен байланысты білімнің өлшеусіз байлық, мол мұра екенін тұжырымдаған.
Қазақтың ұлы ақын-ойшылдары А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, этнограф – ғалым Ш. Уалиханов, ағартушылар Ы. Алтынсарин, С. Көбеев, С. Торайғыров өздерінің философиялық еңбектеріндегі қазақ халқының дүниетанымын қалыптастыру, ағарту, сауат ашу, білім беру, мәдениетке үйрету, өзге елдердің озық мәде-ниетінен үйрену туралы айтқан құнды пікірлері осы заманғы білім беру ісімен үндесіп тұрған өзекті мәселе екені аңғарылады.
Одан бергі кезде ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов, С Қожахметов т.б. білім беру мен оқыту үдерісін жетілдіру, оқулықтар даярлау, білім мазмұнын іріктеу, оқушылардың таным әрекетін белсенділендіру мәселелерін тереңінен зерттеп, дидактиканы одан әрі дамытуға өз үлестерін қосты.
Дидактика тарихын зерттеугеР.Б. Вендеровская, Ш.А. Ганелин, С.Ф. Егоров, З.И. Равкин, Л.А. Степашко, И. Мадин, Қ.Б. Сейталиев, Е.Ү. Жұматаева, Б.К. Әбдіғұлова, А.Е. Дайрабаева өз еңбектерін арнады.
Кеңес дәуірінде таңда Қазақстан ғалымдары педагогиканың жалпы мәселелерімен қатар дидактикалық мәселелерді де зерттеді. Республика мектептерінің практика материалдарына сүйене оты-рып, жалпы педагогикалық, дидактикалық маңызы бар түрлі жастағы оқушылармен жұмыс істеу ерекшеліктері, оқытудың дамуына бай-ланысты мектептерді политехникаландыру, мектеп жағдайындағы оқыту, білім беру үдерісінің ерекшеліктері сияқты тақырыптар бойын-ша көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Солардың бірі профессор Р.Г. Лемберг болды.
60–жылдардың ортасынан бастап дидактикада едәуір алға жыл-жушылық үдерісін байқатты. Бұл ең алдымен оқу-тәрбие үдерісін зер-делеуге тұтастық тұғырын қолданудан, оның қозғаушы күштерін анықтаудан, оқушыларды оқыту мен үйретудің заңдылықтарын ашу-ға ұмтылудан көрінеді. Осы негізде оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру мәселелеріне көңіл аудару күшейе түсті және бұл үдерістің мазмұнын ашып көрсетуде белгілі бір жетістіктерге қол жетті.
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйеде оқыту мен оқу өзара бір-лікте жүреді. Дидактикалық тұжырымдама шеңберінде бағдарламалап оқыту, проблемалық оқыту, дамыта оқыту, гуманистік психология, когнитивтік психология, педагогикалық технология және педагогика-лық ынтымақтастық т.б. сияқты әртүрлі бағыттар жұмыс істейді.
7.3 Оқытудың әдіснамалық негізі. Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде оқыту үдерісіне қатысты іс-әрекет, амал жүйесін құрып, бірқатар «индукция», «дедукция», «талдау», «жинақ-тау» т.б. сияқты терминдердің мәнін ашып көрсеткен еді.
XX ғасырдың 40-шы жылдары кеңестік педагогика оқыту тео-риясы мен таным теориясының ара қатынасын зерттеу мәселесін алға қойды. И.Ф. Свадковский оқыту заңдылықтарын тікелей таным үдері-сінен шығарды. Бұл көзқарасқа қарсылық білдірген М.А.Данилов «оқытуды тек таным логикасы деп қарастыру тенденциясы дұрыс емес, өйткені оқыту үдерісі өзінің бай мазмұнынан айырылады» - деп жазды.
Педагогикада оқыту теориясы мен таным теориясының ара қатынасын зерттеу мәселесіне өз еңбектерінде назар аударғандар И.Т.Огородников, П.Н.Шимбиров, Р.Г.Лемберг, И.Н.Казанцев, М.А.Данилов және т.б. Олар оқыту үдерісі мен таным үдерістерінің ортақтығын (оқыту үдерісі таным элементтерін қамтиды) атай оты-рып, олардың мәнді ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Философиялық әдебиеттегі таным және ғылыми таным теория-ларындағы келесі қағидаттар басшылыққа алынды: таным теориясы (немесе гносеология, таным философиясы) - таным табиғаты және оның мүмкіндіктерін, танымның шынайы және нақтылығын қарас-тыратын философияның бір бөлімі, гносеология – адамның танымдық әрекеттерінің жалпыға ортақ сипаттамасын қарастырады; танымның негізгі ұстанымдары: болмыстың және ойлаудың тепе-теңдігі (дүниені тану ұстанымдары), таным үдерісінің диалектикасы, қоғамдық тәжі-рибе - танымның негізгі қорғаушы күші, шынайылық өлшемі, таным мақсаты; гносеологияның негізгі бөлімдері: адамның объективті дү-ниені тануы туралы білім; таным түсінігінің табиғаты: а) үдерістің классикалық сызбасы: таным нысаны - таным субъектісі; б) таным үдерісінің ғылыми сызбасы: таным объектісі - таным құралы - таным субъектісі.
Оқытудың заңдылықтары және қағидалары. Заң, филосо-фияда- заттардың, құбылыстардың, үдерістердің, т.б. өзара табиғи және қайталамалы жалпы байланысының, яғни заңдылыңтардың мәнін түсіндіретін философиялық категория.