Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 2975

Скачиваний: 101

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1960-1970 жылдарыоқыту үдерісінің заңдылықтарын тәрбие мен білім беру мақсатына сәйкес, оқыту заңдылықтарын қолдану мәселесі көтерілді. М.А.Данилов өзара байланысты жүйе жағдайында жетекші принцип туралы айта келіп, дидактикаға принциптер сәй-кестігі туралы түсінік ендірді. Ол принциптерді белгілі жүйеде қарас-тырып мынадайсәйкестік принциптерін ұсынды: оқытудағы ғылыми-лық пен түсініктілік; жүйелі оқытудағы теория мен практиканың байланысы; білімді игерудің беріктігі және оқушының танымдық күшін жан-жақты дамыту; фронтальдық, ұжымдық және даралап оқытудың оңтайлы сәйкестігі.

М.А.Данилов, Б.П.Есипов, И.Т.Огородников, Т.А.Ильина, В.И.Загвязинский және т.б. оқыту принциптерінің өзара байланысы мен өзара себептестігін бірқатар жылдар бойы зерттеді. Л.В.Занковтың «дидактикалық жүйе» түсінігін енгізуіне байланысты, басқа да педагогтардың «дидактикалық жүйе» түсінігін қайта зерттеуі мен оны құрастыруы, дидактикалық принциптерге жаңа түсініктеме беруді қажетсінді. Мәселен, Л.В. Занков түсініктілік принципіне: «Бұл принципті қайтадан сын тұрғысынан қарастырып, оқыту үдерісін құ-руда оқушының жас ерекшеліктерін ескеру керек»,- деп көрсетті. Л.В.Занков оқыту жүйесін құрастыруда, үнемі оқушылардың таным-дық қабілетін мейілінше дамыту қажет деген мәселені ұсынды. Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин ғылымилық принципіне жа-ңаша түсініктеме беріп, оларды нақты игерту үшін қорытындылау арқылы, теориялық білім беру қажеттігіне тоқталды. Проблемалық оқытудың теориясы мен практикасының дамуына қарай оқытуды белсендіру, оның түрлі деңгейі негізінде шығармашылықты дамыту және саналылық принциптерінің мағынасы қайта толықтырылды.

Оқыту заңдылықтары деп – оқыту үдерісінің құрамдық бөлік-терінің арасындағы объективті, мәнді, тұрақты, қайталанатын байла-ныстарды атайды. Бұл байланыстардың оқыту үдерісі бөліктеріне бай-ланысты айрықша ықтималды-статистикалық сипаты дидактикада «заңдылықтар» ұғымының ерекшелігі болып табылады. Үдеріске қа-тысушылардың істері мен үдерістің шарттарына тәуелсіз, олардың бір бөлігі әрдайым іс барысында, мысалы оқыту мақсаты мен мазмұны қо-ғамның, жеке адамның білім деңгейінің талабына байланысты. Заңды-лықтардың көп бөлігі тенденция үрдіс ретінде көрінеді, демек әрбір бөлек жағдайда емес, көп жағдайда статистикалық қатарда болады. Бұл бар-лық қоғамдық үдерістерге тән, оқыту үдерісіне де тән; өйткені ол саналы түрдегі мұғалім мен оқушының әрекетіне, мәдени, материал-дық шарттарына және т.б. көптеген факторларға тәуелді.


Көптеген оқыту заңдылықтары тәжірибелі, эмпирикалық жол-мен табылады, демек оқыту тәжірибе негізінде құрыла алады. Алайда, нәтижелі оқыту жүйесін құру, оқыту үдерісіне жаңа дидактикалық құ-ралдарын енгізумен қиындату оқыту үдерісіндегі заңдар туралы тео-риялық білімді қажет етеді. Оқыту үдерісінің ішкі және сыртқы заңды-лықтары ерекшеленеді. Алғашқылары оқытудың қоғамдық үдерістер мен жағдайларына: әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайға, мәдени деңгейге, қоғамның белгілі түрдегі жеке адам типіне және оның білім деңгейінің мұқтаждылығына тәуелділігін сипаттайды.

Оқыту үдерісінің ішкі заңдылықтарына оның өз бөліктерінің арасындағы, яғни, мақсаттарының, мазмұндарының, тәсілдерінің, әдіс-терінің, формаларының арасындағы байланыстар жатады. Басқаша сөз-бен айтқанда, бұл сабақ берудің, оқыту және оқытылатын материал-дың арасындағы тәуелділік. Педагогика ғылымында мұндай заңдылық-тар өте көп белгіленген, айтылып кеткендей, олардың көпшілігі оқыту-дың міндетті шарттарын орындағанда ғана іске асырылады.

Осы кезеңдегі дидактикада оқыту үдерісі біртұтасқұбылыс ре-тінде зерттеліп, оның заңдылықтары мен негізгі сипаттары ашылды. Олар:

  1. оқытудыңқоғамныңмұқтаждығынажәнежағдайынабайла-ныстызаңдылығы.Неғұрлымқоғамныңэкономикалықмүмкіншілігіғылыми-техникалықүдеугесәйкесдамыпотырса, солғұрлыммектеп-тіңоқу-материалдықжағдайыжақсарады, педагогикалықүдерістиімдіұйымдастырылып, жекеадамныңдамуынаигіәсеретеді.

  2. оқыту, білімберу, дамудыңөзарабайланысзаңдылығы. Л.С.Выготскийбылайдеген: «Оқытудамудыңалдынашығыпотырса, олбаладамуына «еңтаяудамузонасын» жасайды, баланыізденугеталаптандырадыжәнедамудыңбірнешеішкіүдерістерінқозғалысқакелтіреді».

  3. оқытуүдерісіндеоқушылардыңжасжәнедараерекше-ліктерінескеру.

  4. оқытуүдерісініңміндеттерінің, мазмұнының, формалары-ның, әдістерініңөзарабайланысы, олардыңжаңарып, толықтырылуы.

5. жекезаңдылықтароқытужүйесініңнақты, жекебөліктерінқамтиды.

Оқыту үдерісінің заңдылықтары оқыту принциптері арқылы жү-зеге асырылады. «Принцип» (лат.) – негізгі, бастапқы, қағида, ұста-нымдар деген мағынаны білдіреді. Оқушыларды терең және мықты ғылым негіздерімен қаруландыру ғалымдардың дидактикалық прин-циптерді анықтауды талап етті. Ол принциптер мектептің жалпы мақ-сатына сай –қоғамға білімді, өзіндік бастамасы бар, іскер құрылыс-шыларын дайындау болды. Негізгі принциптер: ғылым негіздерін жүйелі және саналы игеру, теорияның практикамен байланысы, оқыту әдістерінің алуан түрлілігі, оқытуды өндірістік еңбекпен байланыс-тыру, оқушыларды өндірістің жалпы ғылыми принциптерімен таныс-тыру, балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.



Л.В. Занков дидактика мәселелерін зерттеуші ғалым. «Дидак-тика және өмір» атты еңбегінде мектептің оқушыны дамытуына ба-са назар аударып, эксперименттік оқыту принциптерін, осы бағытта-ғы мектеп тәжірибесінің нәтижелерін ашып көрсетті. Л.В. Занков 1963-1967 жылдар аралығында төрт жыл бойы эксперимент жүргізілді. Оның нәтижесінде бастауыш сыныптырда оқытудың мынадай прин-циптері, яғни ұстанымдар анықталды:

Оқытудағыжоғары деңгейдегі қиындық принципі, «орташа қа-лыптағы» қиындықты белгілі бір мөлшерге дейін арттыруды сипат-тамайды, ол ең алдымен оқушының рухани күшін ашып, оның дамуын өрістетіп, бағыт береді. Бұл жерде, тек қарапайым түрде оқушының «ақыл-ой күшін біраз арттыруды» емес, дидактикада оны біртіндеп күрделендіруді білдіреді (М.А. Данилов пен Б.П. Есипов). Бұл прин-ципте кез келген қиындық емес, зерттелетін құбылыстың танымдық мәні, байланыстары, өзара тәуелділіктері, оқушыларды әдебиет пен өнердің шынайы құндылықтарын меңгертуге бағыттайды. Бұл прин-цип оқушылардың оқу әрекет нысанынсипаттайды. Сонымен бір-ге бұл принцип оқушының оқу материалдарын меңгерудегі психика-лық қызметінің өзіне тән үдерістерін жинақтайды.

Жоғары деңгейде оқыту принципі күрделілік мөлшерін қадаға-лайды.

Жаңа жүйенің келесі дидактикалық принципі – теориялық бі-лімнің жетекші рөлі. Көрсетілген принцип оқытудың танымдық қы-рын алға шығаратын, баланы дамытатын ең үлкен күш және біліктер мен дағдыны іске асыратын сенімді негіз саналады. Теориялық білімді алға шығарудың қорқынышы кіші жастағы оқушылардың ойлауы нақ-ты деп, психологтардың еңбектерінде негізделген еді.

Эксперименттік жүйенің келесі принципі – оқу үдерісін саналы меңгеру. Бұл принципті жүзеге асыру оқытудағы саналылық принципі негізінде жүзеге асырылады. Оқытуда маңызды орын алатын принцип-тің бірі – барлықбалаларды дамыту, соның ішінде білімі нашар оқу-шыға байланысты болады.

Сонымен, оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін – оқыту үдерісінің принциптері деп атайды.

Оқыту үдерісінде кез-келген мұғалім дидактиканың принцип-терін басшылыққа ала отырып, оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижеге жет-кізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдап, оқы-туды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз. Оқушыларға ойдағыдай теориялық білім, практикалық дағды, қабілет және тәрбие беру міндеттерін толық жүзеге асыру үшін оқытушы әр-бір сабағын мынандай
дидактикалық принциптер негізінде өткізуі қа-жет: оқу материалы, оның орналасуы мен оқытылуы ғылыми негізде жүйелі болуы; оқу материалы және оны түсіндіріп айту, көрнекті, ұғы-нықты болуы; теория мен практиканың тығыз байланыстылығын ашып көрсете білуі; оқушылар оқу материалын саналы және белсенді ұғынуы; оқушылардың алған білімі мен дағдылары берік болуы.

Принциптерден педагогикалық ережелер туындайды. Педагоги-калық ереже– жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық әрекеттің бейнеленуі. Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды, мұғалімге нақты жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады.

Ережелер принципке сүйенеді, ал принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қа-лыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін іске асырады.

Дидактиканың ұстанымдары туралы тұжырымдарды қорыта келе, ғалымдарға мынадай сипаттама беруге болады.

Әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отан-дық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап,тәжірибеге енгізді.Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Ди-дактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидак-тикалық принциптерге негізделеді. Ол прнциптер:

1) оқытудың ғылымилығы. Оқытудың басты мақсаты – білім беру. Оқушылар пәндер арқылы ғылымның негіздерін үйренеді;

2) оқытудың тәрбиелілігі. Оқу үдерісінде оқушылардың білім алуымен қатар, олардың дүниеге көзқарасы, адамгершілігі қалып-тасып, ақыл–ойы дамиды;

3) оқытудың көрнекілігі. Көрнекілік – білудің, танудың, ұғынудың басты құралы;

4) оқудағы саналылық мен белсенділік – оқушылардың оқуға ықыласпен, шығармашылықпен қарауы, оқу материалын өмірде қолдана білуі;

5) оқытудағы жүйелілік пен сабақтастық. Оқу материалы оқушылардың жас ерешеліктеріне, дүниетаным қабілеттеріне лайықты бір–бірімен сабақтас, бірте – бірте күрделендіру принципімен құры-лады. Бұл принциптер оқу бағдарламасын жасау жүйесін, оқушы-лардың тиісті іс–әрекеттерін айқындайды;

6) оқытудың түсініктілігі. Оқу материалы оқушылардың қабілетіне, ұғынуына лайықты болуы тиіс;


7) оқушылардың білімді терең және тиянақты меңгеруі – оқу үдерісінде оқушылардың алған білімін одан әрі дамытып, же-тілдіруі;

8) жеке оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес қарым–қаты-нас. Жеке адамдардыңөздеріне тән ерекшеліктері оқушылармен дер-бес қарымқатынас жүргізуді талап етеді.

Дидактикалық принциптер оқу–тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқытуда табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады.
7.4. Дидактиканың негізгі категориялары.Категориялар – (грекше kategoria – түйіп айту). Философияда – шындық көріністері мен танымның маңызды, жалпыға ортақ қасиеттері мен қатынастарын бейнелейтін, мейлінше жалпылама және іргелі ұғымдар олар адам ой-лайының жалпы заңдылықтарын білдіреді.

Оқыту – тәжірибелі ұстаз бен оқушының арасындағы нәти-жесінде белгілі білімдер, іскерліктер, дағдылар тәжірибені және өз мінез-құлқын, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бір мақсатқа бағытталған белсенді өзара әрекет үдерісі. Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, оқу, оқыту ұстанымдары, оқыту үдерісі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, нәтижесі.

Дидактика – жеке әдістеменің негізі. Әдістеме – педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.

Мектепте оқылатын әр пәннің әдістемесі-барлық пәнді оқытудың ортақ әдістемесі.

Айталық, бастауыштағы бірнеше пәнді бір мұғалім оқытады, сондықтан ол барлық сабақтың әдістемесін, яғни бастауыш оқытудың дидакти-касын меңгеруі керек.

Оқыту үдерісінің мәні. Оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Оқытудың педагогикалық әдебиеттердегі анықтамаларына жа-салған талдау олардың педагогика ғылымның нысаны ретіндегі құ-былысты қамтуға жеткіліксіз екенін көрсетті. Оларда оқыту жеке субъектілер – оқушы мен мұғалімнің әрекеті ретінде көрсетілген: «Оқыту – оқушы мен мұғалім жүзеге асыратын екі жақты үдеріс»; «Оқыту үдерісі мұғалімнің, сол сияқты оқушының да әрекеті»; «Оқы-туда барлық уақытта екі жағы: оқыту мен оқу айқын көрінеді. Оқыту – мұғалімнің материалды балаға түсіндірудегі, пәнді оқыту барысын-дағы оқушының әрекетін бақылаудағы, оқушының материалды оқып–үйренуі мен алған білімдерін қолдана білуіне басшылық жасаудағы, олардың білімдері, біліктері мен дағдыларын тексерудегі іс- әрекеті. Оқу (үйрену) – оқушылардың белгілі бір пәнді және оқытушының түсіндіргендерін қабылдаудағы, өтіліп отырған фактілер мен құбылыс-тарды, олардың арасындағы байланыстарды ойға тоқудағы, білімді бе-кіту мен қолданудағы мұғалім басшылығымен жасайтын саналы әрекеті». Оқыту үдерісі мұғалімнің оқушылардың білім, білік және дағды жүйесін меңгеруге бағдарланған іс-әрекетіне басшылық бағытындағы жүйелі қызметінің жиынтығы.