ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2955
Скачиваний: 101
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
М.И. Махмутов ұсынған сабақ құрылымысабақты ұйымдасты-ру, жалпы дидактикалық мақсатына және оқылатын материалдардың мазмұнының сипаты мен оқушылардың меңгерген деңгейіне қарай бө-лінеді. Осы тәсілге сәйкес сабақ бес типке бөлінеді: 1-тип - жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы; 2- тип - білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды жетілдіру сабақтары, қабілеті мен дағдыларын қолдану сабақтары; 3-тип - білімді қорыту және жүйелеу сабақтары; 4-тип - аралас сабақтар; 5-тип - білімді, іскерлікті, дағдыны бақылау және түзету сабақтары. Бұл жіктеудің түрін көптеген теоретиктер мойын-дамаған күннің өзінде де, оның болашағы бар деп айтуға болады.
Сабақ құрылымы мен оқу жұмысының ұйымдастыру формасы-на қазіргі заманғы сабақтың теориясы мен практикасының негізгі түсі-ніктері жатады. Себебі, ол белгілі дәрежеде оқытудың тиімділігі мен оның нәтижелілігін анықтайды. Сабақтың қандай элементтері және бө-ліктері құрылымдық деп есептелінеді, қайсысы есептелінбейді? Бірақ та бүгінгі таңда педагогика ғылымында бұған бірыңғай көзқарас жоқ. Кейбірі сабақ практикада жиі кездесетін элементтерді бөліп көрсетеді. 1) жаңа материалды меңгеру, 2) өткенді бекіту, 3) оқушылардың бі-лімін тексеру мен бағалау, 4) үй тапсырмасы, 5) білімдерді қорыту мен жүйелеу. Басқалары - сабақтың мақсаты оқу материалының мазмұны, оқытудың әдістері мен тәсілдері, оқу әрекетін ұйымдастыру әдістері деп қарастырады.
10.3. Сабақтың логикалық-психологиялық, дидактикалық және әдістемелік құрылымының арақатынасы.Сабақтың құры-лымдық бөліктерінің өзара әрекеті - ақиқат нәрсе. Оқыту үдерісі мұға-лім әрбір бөлікті жеке алғанда және оның сабақтың басқа бөліктерімен өзара әрекеттесу қызметінің бірлігін түсінгенде ғана тиімді болады. Жаңа білімдердің қалыптасуы тек бұрынғы бар білімдерге сүйенгенде, ал дағдылар мен іскерліктерді жаттықтыру жаңаны меңгергенде ғана мүмкін болады. Бұл жағдайда олардың реті әр сабақта әр түрлі. Бұл жөнінде М.И. Махмутовтың еңбегінде толығымен айтылған. Сабақтың дидактикалық құрылымы бұрынғы материалды қайталауда емес, мұға-лімнің түсіндіруі немесе мәселелік жағдаят жасау, бұрынғы мәселе-лерді шешу болжамын ұсыну барысында
жаңатүсінікті енгізуден бас-талуы мүмкін. Ұсынылған болжамды дәлелдеуде сабақтың басында алдыңғы сабакта оқылған білімді қолдануға қажет өзектендіру жүруі мүмкін.
Аралас сабақты өткізудің реті - ұйымдастыру сәті, үй тап-сырмасын тексерту, өткен материалды оқушыдан сұрау, жаңа материалды оқып-үйрену, оны бекіту және үйге тапсырма берумен аяқталады.
10.4.Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру-дың топтық, дербес, фронтальды формалары.Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың жаппай түрі деп - мұғалім мен мен оқу-шылардың сыныптағы әрекетін, яғни оқушылардың бірдей тапсырма-ны барлығы бірге талдап, бірдей орындауы және қорытындыларын са-лыстыруын айтамыз. Мұғалім жұмысын бір уақытта барлық сыныппен жүргізеді, ол яғни оқушылармен тікелей байланыста болып, түсіндіру, көрсету, айту кезінде, оқушыларды осы тақырыпты қызықты етіп тал-қылауға баулиды. Осындай әдіс нәтижесінде мұғалім мен оқушылар арасында, оқушылар мен оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас-тар орнатуға мүмкіндік береді, балаларды ұжымшылдыққа тәрбие-лейді, оқушылар талдау мен пікір таластыру барысында сыныптастары-ның және өз қателерін түзеп үйренеді, бұл олардың әрекеттерінің бел-сенді болуына көмек береді.Оқытуды ұйымдастырудың жаппай фор-масы әртүрлі сұрақтарды көтеру, ақпараттық және түсіндірмелі шығар-ма, репродуктивті, шығармашылық тапсырмалар арқылы да жүзеге асуы мүмкін. Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушының жұмысқа деген белсенділігін көтеруге болады. Мұғалім тапсырмалар-ды әр оқушының дара мүмкіншіліктеріне қарай бөліп, оқушы мен мұ-ғалім арасында сыйластық қатынас орнатып, сыныпты біріктіре оты-рып табысқа жетуге баулу керек.
10.5. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысын ұйым-дастырудың дара түрі.Бұл әр оқушы өзінің дайындығы мен оқу мүмкіншілігіне сәйкес арнайы таңдалған тапсырманы өз бетімен орың-дайды дегенді білдіреді. Ондай тапсырмалар ретінде кітаппен, басқа да ғылыми әдебиетпен, әр түрлі білім көздерімен жұмыс, есеп шығару, мысалдар қарау, шығарма жазу, мазмұндама, реферат, баяндама даяр-лау болуы мүмкін. Дара жұмыс бағдарланған оқытуда кең қолда-нылады.
Педагогикалық әдебиетте оқытуды ұйымдастырудың даралық түрінің дара және дараланған екі жолы ерекшеленеді. Алғашқысы - жалпы сыныпқа арналған тапсырманы оқушының басқа оқушылармен араласпай отырып бір қалыпты орындауы, екіншісі - оқушылардың оқу-танымдық әрекетінде арнайы тапсырмаларды орындауы болып та-былады. Ол әрбір оқушының оқу қарқынын реттеуге оның даярлы-ғына, оқу мүмкіндіктеріне сәйкес мүмкіндік береді.
Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы. Оқушылардың сабақтағы топтық жұмысының негізгі белгілері:
-
сынып оқушылары сабақ барысында нақты тапсырмаларды орындау үшін топтарға бөлінеді; -
әр топ өздеріне арналған тапсырманы алып, оны топ басы немесе мұғілімнің басқаруымен шешеді. -
топтардағы тапсырмалар топтың әр мүшесінің жеке үлесін да-ра бағалайтындай етіп орындалады, топтың әр мүшесінің оқу мүм-кіндіктері ескеріледі.
Топ құрамы бір қалыпты емес, топтың мүшелерінің оқу мүм-кіндіктерін тиімді жүзеге асыруына сай топтың құрамы әртүрлі. Ол 3-6 адамнан құралады. Топ құрамы тұрақты емес. Ол келешек жұмыстың мазмұны мен сипатына байланысты өзгеріп отырады. Бұл жерде топ-тың жартысы дара жұмыспен айналыса алатын оқушылар болуы керек.
Топтардың жетекшілері және топтар құрамы түрлі оқу пәнде-рінде түрлі болуы мүмкін және олар оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері бірін - бірі толтырып отыратындай оқыту деңгейі әртүрлі оқушылардын құралады, осы пәннен олардың сабақтан тыс уақытта ақпаратты білуі, оқушылардың бір-бірімен бірігіп жұмыс істей алуы есепке алынады. Топта бірін-бірі ұнатпайтындар болмау керек.
Оқушыларды өзара оқыту, ұжымдық танымдық іс-әрекет, оларды мұғалімнің басқару ерекшеліктері нақтыланады.
Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары: «авторлық сабақтар», конференция-сабақ, пікірталас-сабақ, брифинг-сабақ, семи-нар-сабақ, бинарлы сабақ, сипаттау сабағы, ойландыру сабағы, пікірсайыс сабақ, ойын сабағы, зерттеу сабағы және т.б.
10.6.Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі.Мұғалімнің сабаққа дайындалуы өзара байланысты екі кезеңнен түрады: сабақ жүйесін та-қырып бойынша жоспарлау және осы жоспарды әрбір сабаққа нақты-лап ойластыру, басқа да жеке сабақтардың жоспарын құру.
Тақы-рыптық жоспарлау. Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының "белгілі бір бөлімінде, оқу-тәрбие үдерісінің сабақ жүйесінде білім жетілдіруді анықтаудың ең қолайлы тәсілі. Бұл жүйеге дидактикалық негізгі мақсатқа байланысты, әр түрлі сабақтар, сонымен қатар оқушы-лармен сабақта және сабақтан тыс жұмыс жасауды ұйымдастыру кіре алады. Тақырыптық жоспарлаудың сәтті болуы мұғалімнің оқушыға берілетін білім қаншалықты дәрежеде, олар не меңгеріп, үйренуі ке-ректігін нақты анықтауына байланысты. Сол себепті де тақырыптық жоспарлау мұғалімнің белгілі бір тақырыпты қамтып, мұқият дайын-далуынан басталады. «Оқушылардың тәрбиесі, дамуының нәтижесі са-бақта бірден байқалмаса, бұл мәселелерді ұзағырақ уақытқа жоспарлау қажет. Тек осындай алдын ала жүргізілетін жұмыстың нәтижесінде тақырыптың жоспардағы "пайда болған" сабағын көруге болады.Тақырыптық жос-парлау жүйесін барынша сәтті, ғылыми тұрғыда ұсынған педагог М.И. Махмутов болды.
Тақырып және сабақ бойынша жоспарлау. Сабақ жоспары – бұл шығармашылық ізденістің басы, сабақты әсерлі өткізудің құралы, дарындылықтың іргетасы және таланттың көрінісі.
Сабақтыңмақсаты - бағдарлама материалының мазмұнына, мектепте материалдық базасына, оқушылардың оқу материалы мен жұмысының сипатына сүйене отырып анықталады. Мұғалім оқушы-лардың түсініктермен жұмыс барысында белсенділігін оятатын мате-риалды іріктейді, қорытынды сұрақтар, мәселелік міндеттер арқылы бағыт-бағдар береді, сабақ құрылымын айқындайды. Сабақ жоспарын-да сабақ тақырыбы мен сабақ өткізілетін сынып, сабақтың дидакти-калық міндеттері, нақтыланған мақсаты, материалдың қысқаша маз-мұны көрініс табады, оқушылардың танымдық әрекетін, әдістерін, оқу құралдарын ұйымдастыру формалары анықталады. Бұл жұмысты орындағанда бұрынғы меңгерілген тірек білімдер өзектендіріледі, жа-ңа білімдер мен әрекет тәсілдері қалыптасады, оқытудың түрлі жағдай-лары оларды қолданудың дағдылары, оқушылардың оқу әрекетін ба-қылау және түзету, білмеуден білуге карай жылжуда қажет танымдық және практикалық іскерлікті сабақ үстіндегі оқу-танымдық және прак-тикалық міндеттерді шешуде дамыту керек. Оқу жүйесінде оқушының келесі сабаққа дайындалуы былай анықталады:
-
оқушыларды тақырып бойынша құрылған жоспармен таныстыру; -
оқушыларды оқулықтың жекелеген бөлімдерінен хабардар ету, ғылыми және көркем әдебиет оқыту, жаңа материалды меңгертуге ықпал ететін пайдалы тәжірибелерді қолданып, бақылау өткізу.