ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2954
Скачиваний: 101
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақты талдау және өзіндік талдау – басқару объектісінің сапасы туралы жаңа білімді алу әдісі.Сабақтыталдау және бағалау педагогикалық шығармашылықта маңызды элемент больш табылады. Өз жұмысыңды талдау - мамандық деңгейін өсірудің тиімді шарасы. Оның сапасы әр түрлі факторларға, атап айтсақ, мұғалімнің сабақ өткізу дағдыларына байланысты. Талдауды келесі сабаққа дейін неме-се сабақтан кейін жасаған пайдалы. Осы кезде мұғалімсабаққа дайын-далғанда бәрін ескердім бе деп ойлайды.
Педагогикалық әдебиеттерде сабақты әр қырынан талдауға баяндалған. Мұғалімнің сабағын талдау және бағалау тәсілдерінің іші-нен ең қолайлысы Т.А. Ильинаның тәсілін қолдану ұсынылады. Олмұғалімге өз сабағын талдауға баға берудің 10 түрлі өлшемдерінбөліпқарастырады.
-
Сабақтың жалпы құрылымы;
Сабақтың негізгі дидактикалық мақсатын жүзеге асыру;
-
Оқу үдерісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру; -
Сабақ үдерісіндегі тәрбие; -
Дидактиканың негізгі ұстанымдарын орындау; -
Оқыту әдістерін талдау; -
Мұғалімнің сабақтағы жұмысы; -
Сабақтағы оқушының жұмысы; -
Сабақтың гигиеналық жағдайлары; -
Кейбір арнайы тапсырмалар.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
-
Қазіргі сабақтың теориясына тоқталыңыз. -
Сабақтың негізгі компоненттері мен міндеттерін атаңыз. -
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды түзіңіз. -
Сабақтың дидактикалық және әдістемелік құрылымының арақатынасын ашыңыз. -
Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формаларына тоқталыңыз.
11-тақырып. ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
11.1.Оқыту әдісі туралы жалпы түсінік.Мұғалім мен мек-теп жұмысының табысты болуы оқыту әдісіне байланысты бірнеше ондаған жылдар бойы пән теориясы мен жекелеген пәндерді оқыту туралы зерттеулер жүргізіліп келеді. Педагог-ғалымдар мектептегі оқу үдерісін бақылау барысында сабақтағы мұғалім мен оқушыныңәрекеті түрлілігіне назар аударған. Олар мұндай әрекет түрлерін оқыту әдіс-темесі деп атаған. Мысалы, мұғалім жаңа материалды түсіндіреді - ол түсіндіргенді қолданады, оқушылар материалды өз бетінше оқып үйре-неді – бұл жұмыс әдісі; оқушы практикалық тапсырманы орындайды - бұл практикалық жұмыс әдісі, мұғалім сабақта көрнекі материал қолданады - иллюстрация әдісі т.с.с.
Е.И. Перовский, Н.М. Верзилин, Е.Я.Голант оқытудың сөздік, көрнекілік және практикалық әдістерін көрсетсе, М.А.Данилов оқыту әдістерін білім aлy әдісі, білік пен дағдыларын қалыптастыру, білік, дағдысын тексеру, бекіту әдістерін, Е.Я. Голант әдістерінің 2 тобын көрсетуді ұсынды: активті (белсенді) және енжар оқыту әдістері. Тілдік әрекет сипатына қарап, бұл екі әдіс әртүрлі іске асырылуы мүмкін: дидактар мен әдіскерлердің бұл түсінікке түрлі анықтамалар беруіне қарамастан, көптеген авторлар оқыту әдісін оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілі деп қарастыруда.
Оқыту әдісінің мәні мен түсінігі.«Метод» (әдіс) термині - гректің «method» сөзінен шыққан, ол шындыққа жақындау, күтілген межеге жету жолдары деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық практи-када мұғалімнің сабақ беруі мен оқушы әрекетінің тәсілдері бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл ретте мұғалімнің оқу жұмысы және оқушының оқу әрекеті бір-бірімен тығыз байланысады және өзара әрекеттеседі.
Оқыту әдісі үш белгісімен сипатталады: оқыту мақсаты, мең-геру, оқыту субъектілерінің өзара әрекет ету сипаты. Оқыту әдісінің сипаты бойынша:
-
мұғалім әрекетінің оқыту тәсілі мен оқушы әрекетінің оқу әрекеті, олардың өзара байланысы. -
оқытудың түрлі мақсатына жетудегі олардың жұмыс ерекшелігі.
«Оқыту әдісі» түсінігін анықтаудың негізгі тәсілдері. Оқыту әдісі - мұғалім мен оқушының бірлескен оқытудың практикалық міндеттерін шешуге бағытталған әрекет тәсілдері. Оқыту әдісінің бұл анықтамасы оқытудың кейбір мәнді сипаттамаларын көрсетеді. Оқыту әдістерінің логикалық құрылымы оқу материалының мазмұнын және оқушылардың оқу әрекетін құруға бағынышты.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің сипатына қарай оқыту. Түсіндірмелі-иллюстративті әдісмұғалімнің дайын ақпаратты оқушыларға әр түрлі тәсілдермен жеткізуінен, ал оқушылардың оны қабылдап, есте сақтауынан тұрады. Бұл әдіс ақпаратты беруде ең тиімді тәсіл болып табылады. Бірақ бұл әдісті қолданғанда алынған бі-лімді қолдана алуға керек іскерлік пен дағдысы қалыптаспайды. Р
еп-родуктивті әдіс оқушылардың оқытудағы икемділігі мен дағдысын қалыптастыру үшін қолданылады. Оның мәні мұғалімніңтапсырмасы бойынша әрекетті қайталаудан тұрады.
Мұғалімнің әрекеті тәжірибеден және хабарлама үлгісінен тұра-ды, ал оқушының іс-әрекеті үлгі бойынша әрекетгі орындаудан тұрады.
Мәселелік әдістің мәні мұғалім оқушылардың алдына мәселені қойып, өзі соны шешудің жолдарын, қарама-қарсылықтарды аша оты-рып, көрсетуден тұрады. Бұл әдістің бағыты ғылыми танымның үлгісін көрсетумен және ғылыми мәселені шешу мәселесінен тұрады. Оқу-шылардың танымдық мәселелерді өзіндік шешуге бірте-бірте жақын-дауы мақсатында жеке іздестіру әдісі немесе оқытудың эвристикалық әдісі қолданылады. Оның мәні мұғалімнің мәселелі тапсырманы бір-неше бөлікке бөлуінен, оқушылардың оны шешудегі ізденістерінен тұрады.
Оқыту әдістері бір-бірінен оқушылардың материал мазмұнының әр түрлерін игерудегі танымдық іс-әрекеттерінің сипатымен және оқушылардың осы іс-әрекетін ұйымдастырушы мұғалім іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленеді.
Оқыту әдістерін таңдау. Педагогика ғылымында мұғалім тә-жірибесін зерттеу негізінде оқу-тәрбиелеу барысының нақты жағдай-лары мен шарттарының түрлі ұштасуына байланысты оқытудың түрлі әдістерін таңдаудың нақты жақтары қалыптасты.
Оқыту әдістерін таңдау бірнеше жағдайларға байланысты:
- оқу, білім беру, тәрбиелеудің және оқушылардың дамуының жалпы мақсатына және қазіргі дидактиканың алдыңғы қатарлы нұс-қауларынын жалпы бағыттарына;
- осы ғылымның және оқытылатын пәннің, тақырыптарының мазмүнының және әдістерінің ерекшеліктеріне;
- нақты оқу пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін және жалпы дидактикалық әдістерді таңдауға керек ерекше талаптарына;
- нақты сабақ материалының мақсаты, мазмұны мен мін-деттеріне;
- материалды оқып-үйренуге берілген уақытына;
- оқушылардың жас ерекшеліктеріне және олардың нақты, тану мүмкіншіліктеріне;
- оқушылардың дайындық деңгейіне (білімділік, тәрбиелілік және даму);
- оқу мекемесінің материалдық қамтамасыз етілуіне, құрал-жаб-дықтардың, қөрнекі құралдардың, техникалық қүралдардың болуына;
- мұғалімнің ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, практикалық және теориялық дайындығы мен әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Аталған жағдайлардың орындалу кезінде мұғалім бірнеше ше-шімді, яғни: ауызша, көрнекі немесе практикалық нақты әдістер таң-дау, өзіндік жүмысты басқаруының репродуктивтік немесе іздену әдіс-терін ұстану және өзін-өзі ұстау әдістерін қолдану туралы шешім қабылдайды.
11.2.Оқыту әдістерінің жіктемесі. Қазіргі кездегі дидактиканың көкейкесті мәселесінің бірі - оқыту әдістерін жіктеу. Бұл мәселе туралы нақты бір жақты көзқарас жоқ, Дәл қазір жіктеудің негізгі тәсілдері бұрынғы кездегі жіктеу бойынша оқыту әдістерін мұғалімнің жұмыс әдісіне (әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме) және оқушылардың жұ-мыс әдісіне (жаттығулар, оздік жұмыс) т.б. бөлген.
Оқушының білім алу көздеріне қарай оқыту әдістері былайша жіктеледі:
а)сөздік әдіс (білім негізінде ауызша сойлесу немесе басылым сөзі жатады);
в)практикалық әдіс (оқушылар практикалық жұмыстарды орындай отырып білім алады, біліктілігі артады).
Оқытудың сөздік әдісі - оқыту әдістері жүйесінде жетекші орын алады. Бір кездері бұл әдіс білім берудің бірден-бір, яғни сөздік әдістері, тәсілі болған. Прогресшіл педагогтар Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б. ол әдістерді ғана мойындауға қарсы болған, көрнекілік және практикалық әдістермен толықтыру қажеттілігік дәлелдеген. Оларды ескірген, "белсенді емес" деп жиі ай-тып жүр. Сөздік әдіс аз уақытта көлемі жағынан үлкен, көп ақпарат бе-руге мүмкіндік жасайды. Мұғалім сөз арқылы адамзаттың өткені мен келешегі туралы айқын бейнелер арқылы балалардың санасына жет-кізеді. Сөз оқушының ойын, есте сақтау қабілетін, сезімін жандан-дырады.
Сөздік әдістің мынандай түрлері бар: әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме. пікірталас, дәріе, оқулықпен жұмыс.
Әңгіме. Әңгіме әдісі оқу материалының мазмұнын ауызша жет-кізеді. Бұл әдіс мектептегі оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде қол-данылады, тек әңгіме көлемі, сипаты, ұзақтығы жағынан ғана өзгереді.
Түсіндіру. Түсіндіруді оқылатын объектінің, жеке түсініктер мен құбылыстардың маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын ұғыну деп түсіну керек.
Түсіндіру - бұл баяндаудың монологтік формасы. Түсіндіру кө-бінесе түрлі ғылымдардың теориялық материалдарын игеруде, химия-лық, физикалық, математикалық есептерді, теоремаларды шешуде, табиғат пен қоғам өміріндегі құбылыстардың себептері мен салдарын ашуда қолданылады.
Түсіндіру оқытудың әдісі ретінде әр түрлі жастағы балалармен жұмыс істегенде кеңінен қолданылады. Бірақ орта және жоғары мек-теп жасындағыларға оқу материалының күрделілігіне және оқушы-лардың интеллектуалды мүмкіндіктерінің өсуіне байланысты төменгі сынып оқушыларына қарағанда бұл әдісті қолдану анағұрлым тиім-дірек.
Хабарлама - әңгіме (эвристикалық әңгіме) оқушынға өзін жаңа білімді игеру үдерісіне енуіне, білімді алу тәсілдерін іздеуіне, мұғалім-нің қойған сұрағына өзінің жеке жауаптарын қалыптастыруға мүм-кіндік береді. Эвристикалық әңгіме барысында мұғалім білімі мен практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, оларды жаңа білімді игеру мен түсінуге, ережелер мен қорытындыларды қалыптастыруға апарады. Оқушылардың осындай біріккен іс-әрекетінің нәтижесінде өзіндік күш жұмсау мен ойлау арқылы жаңа білімді игереді.
Оқу пікірталасы. Қазіргі заманғы мектептердегі оқытудың сөз-дік әдістерінің ішінде дискуссиялық оқыту ерекше орын алады. Оқыту үдерісіндегі оның ең басты бағыты - оқушыларды нақты немесе басқа да мәселелерді әр түрлі көзқараста белсенді түрде талқылауға тартуда олардың танымдык қызығушылықтарын ынталандыру, бөтеннің және өз бағытының дәлелдеріне әр түрлі көзқарасты ойластыру.
Дәріс. Дәріс - көлемді материалды баяндаудың монологтік тәсілі, ол әдетте жоғары сыныптарда қолданылып, бүкіл сабақты қам-тиды. Дәрістін артықшылығы