ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2933
Скачиваний: 101
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі негізгі рәсімдері білім беру қызметін лицензиялау, Біріңғай ұлттық тестілеу, мамандарды даярлау сапасын арттыру, оқушылардың аралық қорытынды емти-ханы, мемлекеттік аттестаттау, мемлекеттік аккредитациялау, білім алушыларды қорытындымемлекеттік атестаттау және білім беру ұйымдарының рейтингі болып табылады.
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі аттестаттау, аккре-дитациялау, біріңғай ұлттық тестілеу, оқушылардың аралық қоры-тынды емтиханы рәсімдері арқылы бағалау;
-
білім алушылардың оқу жетістіктерін және олардың тұлғалық сапаларының даму деңгейлерін; -
сыныптың, топтың, пән секциясының, бөлімнің, факультеттің, жеке мамандықтың, білім беру ұйымдарының, ауданның, қаланың, өлкенің және жалпы білім жүйесінің оқу жетістіктерін; -
білім беру ұйымдарының әретін сыртқы бақылау арқылы білім сапасына тікелей мониторингтік зерттеу арқылы іске асырылады. -
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі көлемінде білім берудің барлық деңгейлердің сапасына бағалау мен мониторинг енгі-зілді іске асырылады, оларды жүйелі жетілдіріледі және халықаралық практикаға сәйкестендіреді, сонымен қатар өлкелік және мемлекеттік деңгейлерде білім беру ұйымдарының рейтінгі анықталады. -
«Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2011-2020 жыл-дарға дейінгі дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында» білім берудің жаңа нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттіктерін қа-лыптастырудеп белгіленіп отыр. Сондай-ақ құзыреттілікке бағыт-талған Жалпы орта білім беру стандартында орта білім беру мақсаты – «білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерін қалыптастыру арқылы олардың танымдық қабілеттерін, алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ету»,-деп сипатталған. Онда әр білім саласы бойынша түйінді және пәндік құзыреттерді кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді анықтау қажеттігі» және «түйінді құзыреттер әр білім саласының алатын орнына сәйкес пәна-ралық сипаттағы қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы қа-лыптасып, дамитыны»,- атап өтіліп, түйінді құзыреттерге: ақпарат-тық, коммуникативтік, проблемалардың шешімін табуқұзырет-теріжатады делінген.
12.7. Тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігін қалыптас-тыру
. Жобалау арқылы қарым–қатынас белсенділігін арттыруға бола-тыны сөзсіз. Бірақ жобалаудың мәнін тек қана коммуникативтік қаты-настардан құралады деп есептеу оның шеңберін тарылтып, оны оқу-шылардың әңгімелесе білу диалогын ұйымдастыру немесе жазбаша қа-рым–қатынасын дамытумен шектейтін болады. Дәстүрлі оқытуда оқушылардың өз ойларын еркін білдіруге жағдай туғызылуы төмен деңгейде, олардың беретін жауаптары мен күтілетін жауаптарының мазмұны әдетте белгілі болып келеді. Оқушы сол өзінен күтілетін жауапқа ғана даярланады. Оның бір жағынан тиімділігі – оқушының сөйлеу әрекетін құру жүйеленеді, белгілі бір нормаға жауап береді және оны бақылауға және бағалауға болатыны – болса, екінші жағы-нан, кемшілігі – оқушыға өз ойларын жеткізу мүмкіндігі шектеулі, еркін ойлау мен пікір білдіруге жағдай туғызылмайды.
Жасөспірімдердің бір–бірімен қарым–қатынасы осы жаста өзге-ре бастайды, олар үшін қарапайым қатынас жеткіліксіз, өйткені ком-муникация арқылы оларда өздерін көрсетуге, дәлелдеуге қажеттілік пайда болады. Оқушылар білім берудің әрбір кезеңінде өз бетімен ауызша және жазбаша өз ойын білдіре білу дағдыларын меңгеруі қажет және әрбір білім беру ұйымы оны міндетіне алуы тиіс. Бұл – коммуникативтік құзіреттілік деп аталады.
Өзін өзі тексеруге араналған сұрақтар:
-
Оқыту сапасын диагностикалауға талдау жасаңыз. -
Бақылаудың түрлері, оқу жұмыстарын бақылау әдістері мен нәтижелігін бағалау жүйесін ашып көрсетіңіз. -
Тесттік және рейтингтік бақылау, тесттердің типтеріне тоқталыңыз. -
Бағалау үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сипаттаңыз -
Бағалау үдерісіне оқушылардың қатысуы және өзара әрекеттестігі: бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, бағалау пікірі түсініктерін сипаттаңыз.
13-тақырып. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕГІ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІРУ
13.1 Белсенді танымдық іс-әрекет ұғымы. Білімді меңгеру ұзақ уақытты керек ететін күрделі үдеріс. Таным үдерісі туралы тео-риялық түсініктемені таным теориясы береді, онда бейнелеу тео-риясының алатын орны ерекше. Бұл теорияға сай объективті дүниені тану үдерісі адамның сана-сезіміндегі шындық құбылыстар бейнесінің ерекше үлгісі болып табылады.
Таным дегеніміз сыртқы құбылыстардың адам санасында бейне-ленуі. Танымның мақсаты – жеке тұлғаның санасындағы объективтік шындықтың бейнеленуі. Танымдық белсенділік - оқушының іс-әрекетінің, оқу-тәрбие үдерістерінде тұлғаның іс-әрекетінің сапасы.
Г.И.Щукинаның анықтауынша,оқушыныңтанымдық іс-әре-кетін белсендіру – оқу мен оқытудың қалыптасып қалған түрле-ріне деген инерцияны жеңуге, мұғалім мен оқушының тиімді бірлескен танымдық іс-әрекеттеріне бағытталған үдеріс.
Танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.Оқу, білім алу – адам жеке басының танымдық әрекетінің ерекше түрі. Оқи жүріп, білім негіздерін меңгере отырып, олар өздерін қоршаған дүниені таниды.
Мектептің міндеті – оқушыларға құндылықтар жүйесін дары-тудың үдерісі кезінде танымдық іскерлікті оқушының талабына сай қалыптастырып, олардың мектеп қабырғасында ғылыми танымның әдістемелері туралы мағлұмат алуларына жағдай жасап, осы бағытта оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастыру. Егер оқушылар жеке тұлғаның
құндылық бағдарының мәнін, маңыздылығын ұғынса, білсе, жеке тұлғаның құндылық бағдар үдерісінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын, компоненттерінің маңыздылығын, жеке тұлғаның құндылық бағдарын меңгеруге қажетті іс-әрекеттердің маңыздылығын түсініп, соны мең-геруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық іс-әрекеттің тиімділігінің артқаны.
Бұл оқушыларға өздерінің болашағы туралы, болашақ маман-дығы туралы, бастапқы мағлұматтар алып, өз мүмкіндігін пайдалана білуіне, білімнің пайдасы мен маңызын саналы түрде ұғынып, түсі-нуіне көмектеседі. Білімді меңгерудің басты көрсеткіштері оқушы-лардың алған білімдерін жалаң түрде қайталап айтып берулерімен анықталмайды, сол алған мазмұнына орай өз пікірлерін ортаға салып, ойларын ашық білдіруді, жалпы өзінің көзқарасын анық батыл түрде білдіріп, өз бағасын беруі болып табылады.
Мектеп іс-тәжірибесінде білімді формальды түрде, яғни нем-құрайлы меңгеру жиі кездеседі. Оқушы ғылыми фактіні біле тұра, оны саналы түрде түсініп, ұғынбайды, ғылым оқушы үшін бұл жағдайда жеке тұлғалық мәнге ие болмайды, жай құбылыс ретінде қалып қояды. Білім мен оны саналы түрде сезінудің арасындағы мұндай алшақтық білімнің маңыздылығын, яғни құнын түсіреді, білімнің маңыздылығы оның абстрактілі күйде болуының салдарынын пайда болады. Оқушы білімді жай, уақытша қажеттілік деп санаса, онда білімнің маңыздылы-ғы төмендейді. Ал егер де оқу әрекетін басқа іс-әрекеттермен (шығар-машылық, болжамдық, танымдық қырым-қатынас, бағалау) байланыс-тырса, онда «білсем», «маған керек», «маған қажет» сияқты мотив-терге ұласатыны сөзсіз.
13.2. Оқушылардың оқу мотивтері. Оқушыларда танымдық қызығушылық пен ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру.
Ғылым мен техниканың өсуіне қарай адам дамуының жетілуіне қажетті жаңа таным құралдары жасалуда, адамның әлі де танылмаған заттар мен құбылыстар дүниесін меңгеруін жеңілдететін зерттеудің барынша жетілген әдістері жасалуда.
Таным қызметінің мотивтеріндегі айырмашылық ғылыми және оқушы танымдарының салыстырмалылығына барынша елеулі ықпал жасайды. Ғылыми танымның міндеттері өмірден алынып, қоғам да-муының талаптарының туындайтыны белгілі. Мектеп оқушыларының таным мотивтері серпінді болуға тиіс. Білім шәкірттіктанымға айналу үшін оқушының оқуға, білім алуға деген құштарлығы болуы керек.
Оқушылардың құндылық бағдарының қалыптасуының жоғары деңгейден көрінуі олардың құндылық бағдарды қалыптастыруға, құн-дылық бағдарды анықтайтын білімдерді саналы түрде меңгеріп, ұғы-нуына байланысты. Сайып келгенде, мұндағы ең басты нәрсе білім болып табылады.
Құндылықтар жүйесінің танымдық саласының мәні.Жеке тұлғаның құндылық бағдарының танымдық саласы жеке тұлғаның қо-ғамдық болмыс, еңбек пен мәдениет құндылықтары туралы білімдерді саналы түрде ұғынып, меңгеруімен анықталады. Ал бұл үдеріс адам-ның санасы, зейінімен анықталады.
Сол сияқты айта кетерлік жайт, жеке тұлғаның құндылық іс-әрекет саласы жеке тұлғаның құндылық бағдарын, үдерісін, педаго-гикалық диагностикасын және жеке тұлғаның құндылық бағдар үде-рісінің ғылыми-әдістемелік жүйесін қалыптастыруға қажетті іскерлік пен дағдылардың оқушылардың бойынан көрініс табуымен анық-талады.
Ал жеке тұлға дамуының мотивация саласы жеке тұлғаның құндылық бағдарын, жеке тұлғаның құндылық бағдар үдерісін, жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасын және жеке тұлғаның құндылық бағдар үдерісінің ғылыми-әдістемелік жүйе-сін меңгеруге қалыптастыруға деген ынта-ықылас пен қызығушы-лықтың пайда болуымен анықталады.
Адам психикасының айрықша ерекшелігі адам санасымен тіке-лей байланысты. Сана адамға тән нәрсе. Сана деп еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа және басқа адамдарға мақсатты түрде қалыптасуында орын алатын психикалық әрекетті айтады. Адам санасы арқылы айналасындағы дүниеден ажырата біліп, сол дүниеге және өзінен басқа адамдарға қарым-қатынасын анықтап, өзінің кім екенін саналы түрде ажырата білуі керек. Сана әлеуметтік тұрмыстың, тарихи қоғам дамуының жемісі.
Адам белгілі нақты қоғамдық жағдайларда өмір сүріп, тіршілік еткендіктен, оның санасы қоғам тұрмысының ықпалында болып, сол тұрмысты сәулелендіріп отырады.
Қоғамдық тәжірибенің өзгеруімен бірге адамның санасы да өзгеріп отырады. Сананы меңгеруші және оның иесі – жеке адам, жеке тұлға.
Оқу жұмысы мен белгілі бір білімдер жүйесін меңгеруде сана мен зейіннің маңызы өте зор. Оқушылар әрекетінің басты, жетекші түрі – оқудағы еңбек. Мұның өзі көп уақытты алып, зор ақыл-оймен ерік-жігерді талап етеді.
Оқу еңбегі, негізінен, интеллектуалды еңбек, ол оқу қызметіне қажетті рухани және моральдық қасиеттерді, мінез-құлықтың әдеттері мен дағдыларын қалыптастыруға елеулі әсер етеді. Оқу арқылы қоғам оқушыларға өзінің ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жеткіншек білім жүйелерін меңге-реді, сөйтіп, өзін практикалық іс-әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді, оларды жан-жақты біле түсуге мүмкіндік алады.
Оқушыларғылымитанымнынәдістерінигеріп, зерттеуіс-әрекетініңтәжірибесінқалыптастырады. Оқыту әдістерініңәртүрлі-лерінқолданғанда, мұғалімменоқушыныңәрекеті - танымдықәрекеттіңдеңгейлерібойыншажіктепжалпытүрдекөрсетугеболады. Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәсе-лесі В.Н.Максимова, А.С.Роботова, Г.И.Щукинаның дидактикалық зерттеулерінде қарастырылған. Г.И.Щукина танымдық қызығушылық мәселесін тұтастық тұғырымен талдай келе, «танымдық қызығушылық – тұлғаның таңдаулы бағыттылығы, тіршілігіне, белгілі әлеуметтік жағдайларда қалыптасқан тұлғаның маңызды білімді меңгеруі»,- деп анықтаған. Ғалым сабақты, танымдық қызығушылықты оқушының тұрақты танымына айналдыратын сабақтан тыс уақыттың орнын ерекше бағалап, оған мән береді.
1960-жылдардың ортасынан бастап дидактиканың даму барысы-на жасалған талдау педагогика ғылымының бұл саласында едәуір алға жылжушылық үдерісін байқатты. Бұл ең алдымен оқу-тәрбие үдерісін зерделеуге тұтастық тұғырын қолданудан, оның қозғаушы күштерін анықтауымен, оқушыларды оқыту мен үйретудің заңдылықтарын ашу-ға ұмтылудан көрінеді.