Файл: Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 2920

Скачиваний: 101

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендіруді қалай түсінесіз?

  2. Белсенді танымдық іс-әрекет ұғымының мәнін ашып көрсетіңіз.

  3. Оқушы тұлғасын танымдық іс-әрекет субъектісі және өзіндік дамуы ретінде қалыптастырудың мазмұнына тоқталыңыз.

  4. Оқушыларда танымдық қызығушылық пен ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастырудың мәнін ашыңыз.

  5. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға мотивациялық дайындығынасипаттама беріңіз.



14 тақырып. МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
14.1. Педагогикалық технология туралы түсінік.Технология ұғымы соңғы жүзжылдықта маңызды ғылыми ұғымдардың бiрiне айналуда. Философиялық көзқарас тұрғысынан технология теория мен практиканың арақатынасын байланыстыратын негізгі тетіктердің бірі.Теория мен практика ұғымдары мәнi жағынан ажыратылғанымен, олар әрқашан өзара тәуелді, өзара тығыз байланыста болып келеді.Бұл әрекеттестiктiң өзгешелiгiн К.Поппер теория мен практиканың бiрлiгiн ажыратпау, екеуінің тұтастығын сақтау деген идеясымен негіздеп көрсетедi. Көп жағдайларда теорияның практикадан ажыратылып кетуінің негiзгi себептерінің бiрi - нақты қолданбалы технология-лардың жоқтығы болып табылады.

Өндiрiс саласында ғана емес, педагогикалық теория мен прак-тикада да тұрақты қолданысқа ие болып келе жатқан «технология» ұғымының шығу тарихына (этимологиясына) қысқаша тоқталып өту маңызды.

Технология сөзi (techne-өнер, шығармашылық, logos-iлiм) грек тiлiнен аударылғанда:

а) өндiрiс үдерісінде шикiзат, материал немесе жартылай фабрикаттың формасын, қасиеттерiн, жағдайын өңдеу, дайындау, өзгерту әдiстерiнiң жиынтығын, мысалы металлдарды өңдеу техноло-гиясы, химиялық технология, құрылыстық жұмыстар технологиясы;

ә) өндiрiстiң сәйкес келетiн құралдарымен шикiзат, материал немесе жартылай фабрикатқа әсер ететiн тәсiлдер туралы ғылым деген мағынаны бiлдiредi.

Ғылым мен техниканың дамуына қарай педагогика саласында технологиялық оқыту тәсілі жақсы өріс ала бастады. Қазіргі ақпарат-тық технологиялар заманында бiлiм берудi технологияландыруға кө-шудiң қажеттiлiгiмен келiспеу мүмкiн емес, себебi әр оқушының жеке тұлғасының дамуы, бiлiм берудi саралау және барлық бiлiм беру жүйесiн iзгiлендiру және демократияландыру үрдістері техноло-гиялық тәсіл арқылы жүзеге асырылмақ.


Сондықтан педагогикалық үдерісті технологияландыру мәселесі бiлiм берушi мен бiлiм алушы тұлғасын өздiгiнен дамытып, олардың ішкі әлеуеттерін барынша толығырақ ашқызу үшін оқыту мен тәр-биелеудi субъектiлiк негiзге ауыстыратын тетік ретінде зерттелуде. Білім беру саласындағы шоғырланып қалған көкейкесті мәселелердің шешімдерін табуда педагогикалық технологиялардың ықпалы зор, себебі жаңа технологиялардың негізгі өзегі – оқушы тұлғасы, оның ішкі интеллектуалдық әлеуетін жан-жақты дамыту.

Көптеген зерттеушiлер жаңа педагогикалық технологияларға терең қызығушылық танытып, бiлiм берудегi технологиялық тәсiлдi дәстүрлi оқыту әдістерінен анағұрлым тиiмдірек деп есептейдi. Технология ұғымына Б.Т. Лихачев, В.П. Беспалько, В.В. Сериков, В.М. Монахов, М.В. Кларин, И.Я. Лернер, П.И. Пидкасистый, В.В.Гузеев, Н.Д.Хмель, Ғ.М.Құсайынов, Ж.А.Қараев, Ж.У.Кобдикова, М.М.Жампеисова т.б. ғалымдар мен зерттеушiлер жан-жақты түсiнiктемелер бере отырып, олардың практикалық тиімділігі туралы құнды пікірлер мен нақты ұсыныстар айтқан.

Педагогика ғылымында «технология» ұғымының зерттелу аясы кеңейіп, әр тұрғыдан анықталуы, оның түрлерiнiң, тұжырымдамалық негiздерi мен сипаттамаларының көптiгi бұл феноменнiң мазмұнын жан-жақты теориялық тұрғыдан талдауға баса назар аударуды қажет етедi.

Педагогикалық лексикадағы теория, әдiстер, әдiстеме, тех-нология, оқыту технологиясы, педагогикалық технология ұғым-дарының арақатынасын дұрыс ажырата білу және практикада дұрыс қолдана білу әр мұғалімнің технологиялық құзыреттілігінің басты көрсеткіші. Практикада кейде «технология» ұғымы «әдiстеме» немесе оқытуды ұйымдастырудың «формасы» ұғымының синонимi ретiнде қолданылып кететіні байқалады. Аталған ұғымдардың барлығы оқыту үдерісінде қолданылатын болғандықтан мақсатты түрде олардың мағыналық ерекшеліктерін салыстыра отырып қарастыру қажет.

Теория ұғымы біркелкі немесе біртұтас құбылыстар және оның элементтерi мен қызметтерiнiң жиынтығын сипаттайтын заңдар, категориялар, ұғымдар, тұжырымдамалар, қағидалар жүйесi ретiнде қарастырылады. Теория өздігінен ешнәрсенi өзгерте алмайды, бірақ адамның практикалық әрекеттерiн реттеуші рөлін атқарады. Теория адамдардың санасы арқылы қабылданады және сол теорияны ақиқатқа айналдыру үшін белгілі дәрежедегі күш пен энергияны жұмсаған жағдайда ғана материалдана алады. Теория үшiн оның ережелерiне кiретiн дәлелдемелер, негiздемелер мiндеттi болып табылады: егер негiздеме болмаса, онда теория да жоқ. Кез келген теорияның көздейтін соңғы мақсаты – оның практикада жүзеге асырылып, сол арқылы оның құндылығының бағалануы.



Оқыту теориясы – оқыту үдерісінің заңдары мен заңдылықтарын зерттейтiн, оқытудың мақсатын, міндеттері мен мазмұнын ашып көрсететiн, оқытуды ұйымдастыру формаларын және әдiстерiн, қағидаларын сипаттайтын педагогиканың құрамдасбөлiгi. Педагогика ғылымында оқыту теориясы «дидактика» ұғымының синонимi ретiнде қолданылады.

Әдiс кең мағынада тұлға әрекетiнiң түрлі формадағы тәсiлдер жиынтығы, бiр нәрсеге жетудiң жолы деп анықталады. Кез келген ғылыми әдiс оның қажеттi алғышарты ретiнде қатысатын, белгiлi бiр теория негiзiнде зерттеледi. Әдiстiң негiзгi қызметi – iс-әрекеттi реттеу және бағдарлау. Әдіс – мақсатқа қол жеткізу тәсілдері.

Оқыту әдiстерi - педагогикалық үдеріске қатысушылардың білімді меңгеруге бағытталған бiрлескен әрекеттерiн ұйымдастырудың тәсiлдер жүйесі. Оқыту әдістері сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, бақылау және өзіндік бақылау әдістеріне жіктелген.

Әдiстеме ұғымы нақты бір іс-әрекетті орындау үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы деп түсіндіріледі. Әдістеме бір істі атқарудағы әдiстер мен тәсiлдердiң кешенiн пайдалану тәртiбiн бiлдiредi.

Оқыту әдiстемесi – пәндi оқытудың ғылыми дәлелденген әдiстер, ережелер, тәсiлдер жүйесi және оқыту теориясын қолдану құралы болып табылады. Мысалы, «интеграл» ұғымын қалыптастыру әдiстемесi математикалық ұғымдарды қалыптастыру теориясының та-лаптарын және «интеграл» ұғымының өзiндiк ерекшелiгiн ескере оты-рып, жете зерттеледi. Сондықтан әдiстемелердiң мақсаты теориялық ережелердi нақты құбылыстар тұрғысына қарай алмастырумен анықталады. Әр педагог оқыту теориясын және оқытудың әдіс-тәсілдер кешенін әртүрлі пайдалануына байланысты, әрқайсысының оқыту әдістемелері әртүрлі сипатта болады.

Оқыту технологиясы – оқыту үдерісінің диагностикалы қойыл-ған мақсаттарына қол жеткізу құралдары, алдын-ала жоспарланған оқыту үдерісінің практикалық түрде жүйелiлiк пен бiрiздiлiк негізінде іске асырылуы. Оқыту технологиялары оқыту үдерісінің байланыстарын реттеуге, оның барлық кезеңдері мен өт-кізілу шарттарын оқушылардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкестен-діруге бағытталған.

Сонымен, жоғарыда қарастырылып отырған ұғымдарды тұжы-рымдайтын болсақ, И.Г.Саранцевтiң пiкiрiнше,оқыту теориясы пәнгеоқытудың әдiстемелiк жүйесiн басқару заңдылықтарын ашып бередi, әдiстемеоны қолдануды қарастырады, ал
технологиябұл жүйенiң моделін жүзеге асыру тәсiлдерiн жете зерттейдi. Осы тұрғыда техно-логиялардың рөлi оқыту мақсаттарын диагностикалауға және оқыту шарттарын айқындауға (әдiстер, формалар, құралдар, тәуелдiлiктер), яғни белгiленген мақсатқа жетуге мүмкiндiк беретін үдерісті жобалауға саяды. Сондықтан технология теория мен әдiстемелерге негізделеді, олардың даму деңгейiне қарай тиімділігі анықталады. Кез-келген оқы-ту технологиясының негiзгi мақсаты соңғы күтілетін нәтиженi анықтау және оның табыстылығын бақылау болып табылады.

Педагогика ғылымында және білім беру ұйымдары тәжірибесінде педагогикалық технологиялар ұғымы жиі қолданылады. В.П. Беспальконың пікірінше педагогикалық технология - белгіленген бiлiм беру мақсаттарын табысты жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тәрбие мен оқыту үдерісін жаңарудың теориялық тұрғыдан негiзделген құралдар мен әдiстер жиынтығы.

В.М. Монаховтың пайымдауынша педагогикалық технология – мұғалiм мен оқушы үшiн жағымды жағдайды қамтамасыз ететiн оқу үдерісін жобалау, ұйымдастыру және өткiзуде барлық бөлшегiне дейiн ойластырылған бiрлескен педагогикалық iс-әрекет үлгiсi. Педагогикалық мiндеттерiн түсiндiре отырып, педагогикалық технологияны жобалаудағы жетекшi қағида – оқушының бiлiмдi меңгеруге iштей дәлелденген, қалыптасқан өзiндiк белсендiлiгi, қызығушылығы мен iскерлiгi, бiлiктiлiгi болуы керек.

Г.К.Селевконың негіздеуінше,педагогикалық технология – көздеген мақсаттарға қол жеткізетін, уақыты мен кеңістік тұрғысынан бағдарламаланған, ғылыми негізде құрылған педагогикалық үрдістің барлық компоненттерінің әрекет ету жүйесі.

Педагогикалық технологияларға алуан тұрғыдан берiлген анықтамаларды талдау нәтижесi көрсеткендей, олардың көпшiлiгiнiң жалпылама түрде берiлгенiн, педагог әрекетiнiң салыстырмалы түрде кейбiр жақтары ғана ашылатынын, бала тұлғасын тұтастай қалыптастыру мәселесi толығымен қарастырылмайтыны байқалуда.

Педагогикалық технологиялар әрбiр баланың даму үдерісін алдын-ала байқауға және болжауға бағытталуы тиiс. Диагностика нәтижесi бойынша педагогикалық үдерістің әрбiр бөлiгiнде дамыту үрдістері жобаланады. Сондықтан керi байланыс мәліметтерін алу және оларды зерттеу - диагностика мен болжауды байланыстыратын үздiксiз үдеріс болып табылады. Бұл үдеріс ғылымда мониторинг деп аталады, оны ағылшын тiлiнен аударғанда, «үздiксiз қадағалау» дегендi бiлдiредi. Педагогикалық мониторинг педагог пен оқушыны педагогикалық үдерісті үздiксiз және ұзақ байқау мен басқару арқылы қажеттi ақпараттармен қамтамасыз етедi.


Педагогикалық технологиялар – оқушылар мен ұстаздардың субъект-субъектілі қарым-қатынастарына негізделген, олардың өз-өз-дерін өзектендіруге, өздерін дамытуға бағытталған, диагностикалық қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі тиімді әдістер мен құралдар жиынтығының үйлесімді әрекеті.

Технологиялардаүдерістік (іс-әрекеттік), сандық және есептiк компоненттер көбiрек ұсынылады. Әдiстемеде мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативтi-бағдарлық жақтарына басымы-рақ мән беріледі. Оқыту әдiстемесiне қарағанда педагогикалық техно-логия өзiнiң басқа мұғалімдердің қолдануға ыңғайлылығымен, нәти-желерінің тұрақтылығымен ерекшеленеді (А.М. Кушнир).

Оқыту әдiстемесi тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлi әдiстерiн қамтиды, бiрақ оларды белгiлi бiр логикалық тiзбек ретінде құрылым-дамайды. Ал технология болса, әрқашан тәсiлдердiң белгiлi бiр алго-ритмiн, логикасын, бiрiздiлiгiн ұсынып, содан күтілетін нәтижені болжай алады.

Ал педагогикалық технология мен оқыту технологиясын са-лыстыратын болсақ, педагогикалық технологияның мазмұны кеңірек, себебі оқыту технологиясы тек оқыту үдерісіне бағытталған болса, пе-дагогикалық технология оқыту, тәрбиелеу, оқушыны әлеуметтен-діру, оны тұлға ретінде қалыптастыру мәселелерін толығымен қамтиды. Сондықтан оқыту мен тәрбиенің егіз ұғымдар екенін ескере отырып, кәсіби тәжірибеде «педагогикалық технологиялар» ұғымын кеңірек пайдаланған жөн.

Мағынасы жағынан ғылыми негiзделген технология әдiстемеге қарағанда кеңірек. Педагогикалық технология педагогикалық үдеріске қатысушылардың субъект-субъектiлi өзара әрекетi арқылы оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға, өзiн-өзi белсендендiруге бағытталған. Оқыту әдiстемесi педагогтың тәжiрибесiне сүйенедi, ол оның шығармашы-лығына, әртiстiлiгiне жақынырақ. Бұл тұрғыда В.Зайцевтiң көзқарасы қызығушылық тудырады: «Педагогикалық технология - әдiстеме емес. Бұл кеңiрек ұғым. Педагогикалық технология 4 құрамды бөліктен тұрады: күтілетін нәтижені бағалау, диагностика (негiзгi факторды бө-лiп көрсету ретiнде), әдiстеме (диагностика нәтижесiн ескерiп құрас-тырылған), оқытуды қарқынды жүргізу құралы».


    1. .Педагогикалық технологиялардың өлшемдері мен атқа-ратын қызметтерi. Кез келген педагогикалық технология ғылыми-әдiснамалық тұжырымдама негiзiнде құрылады. Педагогикалық технологиялардың көпшiлiгi оқушылардың тұлғасын ең жо-ғары құндылық ретiнде бағалауға, оларды қарым-қатынастың тең құқылы субъектісі ретінде қабылдауға және ізгілікті оқу-тәрбиелік ортада әлеуметтендіруге бағытталған.