Файл: 13. Глаукома. Диагностикасы. Глаукома стамасы кезіндегі алашы кмек.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 94
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Герпетикалық баспа (герпангина) – Коксаки вирусымен шақырылатын ауру түрі. Баспаның бұл түрімен жиі балалар ауырады. Герпетикалық баспаның негізгі белгісі – бадамшалар мен ауызда түссіз көпіршіктердің болуы. Науқастарда жылдам дене қызуы 39-400С дейін көтеріледі, бас және мойын аймағында лимфа түйіндері ұлғаяды және қатты ауырсынады. Бас ауруы, жұтқан кезде тамақтың ауыруы, буындардың сырқырауы болады. Балаларда қатты іш өту, жиі құсу байқалады. Герпетикалық баспа өте жұқпалы!
Саңырауқұлақтық баспа (кандидомикоз) Candida саңырауқұлағымен шақырылады. Клиникалық белгілері баспаның басқа да түрлерінің белгілерімен ұқсас болады. Бірақ баспаның бұл түрін басқаша емдеу керек. Сондықтан тамақтан талдауға (бактериологиялық себінді) жағынды тапсыру керек. Саңырауқұлақтық баспа кезінде өңез ақ ірімшік тәрізді болады.
ДИАГНОСТИКАСЫ
«Баспа» («тонзиллит») диагнозы қарап тексеру, дене қызуын өлшеу, тамақтан жағынды алу негізінде қойылады. Визуалды жұмсақ таңдайдың, доғалардың, тілшіктің, бадамшалардың қызаруы мен бадамшалардағы өңез анықталады.
КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ:
Жұту және сөйлеу кезінде қатты ауру сезімі
Әлсіздік, дененің құрысуы, дене қызуының 400С дейін жоғарылауы
Бас ауруы
Бадамшалардың ісінуі (ұлғаюы)
Мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы және ауыруы
Тамақ пен бадамша бездерінің шырышты қабатының қызаруы
Бадамшалардағы өңез.
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Науқас төсек режимін сақтап, дене қызуы мен ауру сезімін басатын дәрілерді қабылдау қажет. Дәрігердің тағайындауына дейін тамақты тұз немесе содамен (1 стақан жылы суға 1 шәй қасық), фурацилинмен шайқау керек.
ЕМІ
Баспаны емдеуде антибиотиктерді (табиғаты бактериалды болғанда) қолданады. Қазақстанда вирусты баспаны емдеуде интерферон жақпасын қолданады. Саңырауқұлақтық баспа кезінде саңырауқұлаққа қарсы препараттар тағайындалады. Сонымен қатар тамақты шаюдың алуан түрі (антисептиктік, шөптік), соратын дәрілер, клиникалық белгілерді жоятын дәрі-дәрмектер міндетті түрде пайдаланылады. Баспа кезінде барлық емдік кешенді тек дәрігер (терапевт немесе отоларинголог) тағайындайды!
Жедел кезеңі аяқталған соң физиоем шаралары (ультракүлгінмен сәулелендіру, лазерлік терапия, фонофорез, диатермия, кварцтеу) ұсынылуы мүмкін.
Емдәм сақтаған пайдалы. Жеңіл, ащы емес, жылы, сұйық немесе езілген күйдегі тамақ болу қажет. Мысалы, сорпалар, ботқалар, езбе және т.б. Көп мөлшерде сұйықтық ішіп, төсек режимін сақтаған жөн. Науқасты отбасының басқа мүшелерінен оңашалайды, себебі бұл ауру жұқпалы болып табылады. Науқасқа арнайы бөлек ыдыс, сүлгі және т.б. беріледі.
Баспаның кейбір түрі, атап айтсақ, абсцесс хирургиялық ота жасауды қажет етеді. Егер қолданылған шаралар көмектеспесе және жұқпаның басқа ағзаларға тарап кету қаупі болса, онда бадамшаларды алып тастайды.
АЛДЫН АЛУЫ:
Иммунитетті жоғарылату
Шынықтыру (салқын суды бүкіл денеге құю, жүзу, кішкентай балаларда — ауа ваннасы)
Дұрыс тамақтану
Созылмалы жұқпаларды, атап айтсақ, тісжегі, гайморит, созылмалы тонзиллитті емдеу.
21.Жедел ларингит. Түрлері. Этилогиясы. Клиникалық белгілері.Емі.
ЛАРИНГИТ (ҚАЗАҚША)
Ларингит — көмейдегі қабыну үрдісі. Көмей — жұтқыншақ пен трахеяны байланыстыратын тыныс алу жүйесінің бөлігі. Көмейде дыбыстар түзіледі, сол себепті ларингитке дыбыс байламдарының қабынуы кіреді. Ларингиттің катаральды, гипертрофиялық, атрофиялық түрлері ажыратылады. Көмейдің қабынуы туберкулез, мерез, күл және басқа да аурулардың симптомы ретінде болады.
Катаральды ларингит кезінде қарлыққандық, тамақтың құрғауы мен жыбырлауы, жөтел болады. Гипертрофиялық ларингит кезінде дауыстың қатты қарлығуы, жөтел және тамақтың жыбырлауы байқалады. Байламдарда кішігірім түйіндер немесе түзілістер пайда болады, дауыс өзгереді (дисфагия). Атрофиялық ларингит кезінде көмейдің шырышты қабаты жұқарады. Қарлығу, ауыздың құрғауы, қатты жөтел және жөтелген кезде қан қақыру болады. Атрофиялық ларингит көп мөлшерде дәмдеуіштерді пайдаланғаннан дамуы мүмкін деп есептеледі.
Жедел ларингит созылмалы түрге ауысуы мүмкін. Бұл жағдай әсіресе темекі шегу, ішімдікті жиі ішкенде, дауыс байламдарына қатты күш түскенде дамиды. Созылмалы ларингит үнемі дауысқа күш салуды қажет ететін мамандықтар иесіне, яғни мұғалімдерге, әншілерге, дәріскерлерге, оқытушыларға тән. Ларингиттің ауыр созылмалы түрлері тамақта патологиялық өзгерістер мен ісіктерге әкелуі мүмкін.
ДИАГНОСТИКАСЫ
Ларингиттің клиникалық белгілеріне жалпы жағдайдың нашарлауы, дене қызуының жоғарылауы, көмейдің шырышты қабатының гиперемиясы жатады. Кейде шырышты қабатында қып-қызыл нүктелерді көруге болады. Қан талдауы қабыну үрдісін көрсетеді. Дәрігер-отоларинголог көмейді қарау үшін ларингоскопты пайдалануы мүмкін.
КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
Ауыз қуысының және тыныс алу жолдарының ауруларынан ларингитті қарлыққандық, қырылдау, дауыстың қарлығуы, дауыс саңылауының ісінуі ажыратады. Ауру сезімі, тамақтың жыбырлауы, тамақтың «тырнауы», үнемі жөтел, әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы, дисфония (дауыс қызметтерінің бұзылыстары), афония (дауыстың жоғалуы) болады, үрмелі жөтел болады.
ЕМІ
Әдетте жылы су ішу, тамақты шаю, ингаляция, тамақты маймен жағу, компресс, дәрілік заттар тағайындалады. Ащы, қышқыл, тұзды, ыстық және салқын тамақтар, дәмдеуіштер тамақтан аластатылуы қажет.
АСҚЫНУЛАРЫ:
Жедел түрінің созылмалы түрге ауысуы
Көмейдің ісінуі
Медиастинит (кеуде қуысының ортаңғы бөлімінің қабынуы)
Мойын флегмонасы
Өкпе абсцесі
Сепсис.
АЛДЫН АЛУЫ
Зиянды факторларды жою, шынықтыру, кезеңдік дыбыстық тыныштық жасау, темекі шегу мен ішімдіктен бас тарту қажет.
СЕБЕПТЕРІ
Ларингиттің жиі себебіне вирустық аурулар (ЖРВИ, грипп, салқын тию), бронхит, аллергия; көмейді әр түрлі заттармен, соның ішінде қышқыл, сілті, у, түтін, дәмдеуіштер, ішімдікпен тітіркендіру немесе зақымдау жатады. Салқын тию, ауыз арқылы демалу, ластанған ауа, темекі шегу, сөйлеу немесе ән айту кезінде дауыс байламдарына артық күш түсіру ларингиттің дамуына әкеледі.
22.Көмей стенозы. Түрлері. Этилогиясы. Клиникалық белгілері.Емі.
Көмей (көмекей) стенозы
Анықтамасы
Көмей тарылуы –дыбыс саңылауы арқылы тез немесе біртіндеп үдемелі түрде ауа өтуінің қиындауына алып келетін көмей саңылауының тарылуы.
Жіктемесі
Даму жылдамдығы жəне этиологиясы бойынша:
-
Қасқағымды. Қысқа уақыт ішінде дамиды: бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін этиология: көмей жарақаты,көмейдегі бөгде заттар. -
Жіті. Ұзағырақ уақыт ішінде дамиды: бірнеше минуттан бір тəулікке дейін. Этиология: ісік – аллергиялық жəне қабыну үрдісі кезінде (эпиглоттит, хондроперихондрит, көмей абсцессі, көмейлік баспа, мойын флегмоносы т.б.) жарақаттар (ОҚ тиген жарақат, термиялық жəне химиялық күйіктер), оперативті жолмен (сртумэктомия кезінде төменгі көмей нервісің зақымдануы), ұзаққа созылған жоғарғы трахеобронхоскопия, эндотрахеальды нархоз кезіндегі жарақаттық интубация.
Улы күйдіретін заттар (мыс: хлор); жедел респираторлы вирустың инф/я кезіндегі ларинготрахеит (ерте балалық жастағы ісіктің ең жиі себебі).
-
Жітілеу. Бірнеше күн ішінде дамиды (1 аптаға дейін) этиология. Көмей дифтериясы, сонымен қатарàкөмейдің жедел тарылуына əкелетін ауру/ры. -
Созылмалы. Бірнеше апта, ай, жəне жылдар ішінде дамиды. Этиология. Балалардағы көмей папилламотоз, көмейдің қатерлі жəне қатерсіз ісіктері, спецификалық инфекциялық гранулемаларгуммозды мерез, туберкулез, склерома; көмейдің хондроперихондрит орны секілді тыртықты өзгерістер, күйіктер, жарақаттың зақымданулар, оң тиген жарақат,екі төменгі көмей нервттың салдануына əкелетін көмейден тыс үрдістер көмейдін туа п.б. жүре п.б. мембраналары жəне кистасы.
Көмей тарылуының сатылары (дəрежелері):
-
Компенсация сатысы – демалу мен дем шығару арасындағы үзілістің қысқаруы, физикалық жүктемеден кейін инспираторлық ентігумен сипаттайды.
-
Толық емес компенсация сатысы – дем алу үшін қатты күшті қажет етеді, тыныс шулы, алыстан естіледі, тері-бозғылт. Науқас мазасыз болады, көзіне елестер көрінеді, мойын жəне кеуде клетканың бұлшық еттері тыныс алу актісіне қатысады, бұғана үсті жəне бұғана асты аралықтың, тыныс алу кезінде эпигастригі аймағы жəне қабырға аралық араларының жиырылуы. Айтылған симптомдар физикалық күштемесіз пайда болады.
-
Декомпенсация сатысы – науқастың жағдайы ауыр, тынысы жиі, беткей, тері жамылғылары бозғылт-көкшіл түсті, алғашында акроцианоз байқалады, содан кейін, жан-жақты (жайылған) цианоз. Науқас мəжбүрлі қалыпта болады: жартылай отырады, басы шалқайған күйде, көмей ең жоғарғы экскурциясын тыныс алғанда жəне тынысты шығарғанда жасайды, тершеңдік, пульс жиі, əлсіз талу.
-
Терминальды сатысы (асфиксия) – науқаста тез шаршағыштық, бəрі бір болады. Тынысы беткей, үздік-үздік (чейна-стоке), терісі бозғылт-сұр түсті, пульс жиі, жіп тəрізді, қарашық кеңейген, содан кейін есінен танады, еріксіз зəр шығады, дефекация жəне өлім.
Диагностика критерийлері
Көмейдің тарылу себебі негізінен анамнез жинағына жəне көмейді қарап тексеру нəтижесіне негізделеді.
Клиникалық симптомдар көмейдің тарылуын дамытатын себептерге жəне даму жылдамдығына байланысты емес:
1. Инспираторлы ентікпе.
2. Мойын, кеуде клеткаларының т.б. бұлшық еттерінің тыныс алу актісіне қатысуы.
3. Қалқанша шеміршек экскурсиясы анықталады-төмен-тыныс алғанда жəне жоғары – тыныс шығарғанда.
4. Тыныстық ритмнің əлсіреуі ( дем алудың əлсіреуі, тыныстық үзілістің қысқаруы).
5. Көмейлік шулардың пайда болуы, дауыстың өзгеруі (сырылды немесе дыбыссыз).
6. Венозды стаз.
7. Пароксизмальды пульс (əлсіреуі немесе жəне тыныс алғанда жоғалуы).
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар жоспары
Негізгі диагностикалық жоспары:
1. Анализ жинағы жəне жалпы терапиялық шағым.
2. Жалпы терапиялық визуалды қарау.
3. Тыныс жиілігін тексеру, өкпе аускультациясы.
4. ҚҚ (АД), пульсті тексеру.
5. Қосымша зерттеу заттарымен (свет, шпотель, айна) жоғары тыныс жолдарын қарау.
Қосымша диагностикалық жоспар:
1. Қанның газдың құрамын тексеру.
2. Реаниматолог кеңесі.
Емі:
Көмей тарылуының І – ІІ дəрежесінде (субкомпенсация):
1. Пациентке эмоциональды жəне психикалық тəртіп.
2. Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қалыпына келтіру, тарылуды азайту əдісі: (ыстық аяқ ваннасы, кеуде клеткасына жəне балтыр бұлшық етіне қыша қағаздар қою). Бұл процедураны гиперемия жəне жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі жоқ науқастарға тағайындайды.
3. Жартылай отыру қалыпы, жылы сусындар.
4. Ылғалды оттегі ингаляциясы.
ІІ-ІІІ дəрежесіəнде (декомпенсация):
Дəрілік ем.
- преднизалон 3% еріт 60-90 мл (3-5 мг нəресте салли), б/е, к/т тез;
- хлоропирамин 2% -1,0 (0,1-1 жас бала);
- димедрол 1%-1,07 седуксен 0,5%-2,0 к/т, б/е.
ІІІ-ІV дəрежесінде:
Кеңірдектің шұғыл интубациясы, қажет болса науқасты ӨЖЖ-не ауыстыру.
Интубация жасалмайтын жағдайда жəне өмірге қауіп төнсе, коникотомия жасалады.
Жедел госпитализацияға көрсеткіштер:
1. Тарылудың ІІІ-ІV дəрежесінде реанимация бөліміне.
2. Тарылудың жеңіл дəрежесінің өршуі кезінде.
3. Дифтериялық крупқа күдіктенгенде.
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі.
1. Ингаляцияға арналған оттегі (медициналық газ).
2. Инекцияға арналған сұйық Преднизолон 30 мг/мл.
3. Инекцияға арналған сұйық Диазепам 5 мг/мл ампула түрінде 2 мл.
4. Инекцияға арналған сұйық Димедрол 10 мг/мл ампула түрінде.
23.Жалған круп. Этилогиясы. Клиникалық белгілері. Ұстама кезіндегі алғашқы көмек
24.Отит. Түрлері. Этилогиясы. Клиникалық белгілері.Емі.
Отит – ол ортаңғы құлақ қуысында жіті іріңді қабыну процесімен жүретін , сонымен қатар дабыл жарғағының гиперемия түріндегі отоскопиялық көрінісімен сипатталатын құлақ ауруыҚоздырғыштары
Стрептококктар
Алтын түсті стафилококктар Staphylococcus aureus
Пневмококк
Аденовирустар
Жіктелуі: Ағымына қарай:
Жіті;
Созылмалы (мезотимпаний, эпитимпанит).
Этиологиясы:
Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары
Құлақ жарақаттары
Таралу жолдары: тубогенді (евстахиева түтігі)
Гематогенді
5 Клиникалық кезеңі бар :