Файл: 13. Глаукома. Диагностикасы. Глаукома стамасы кезіндегі алашы кмек.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 95

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жіті евстахиит кезеңі патологиялық процесс тек евстахиева түтігінде болады. Науқас шағымдары: құлақтағы шу және құлақтың бітелуі. Аутофония дамыйды.

Аутофония-өз дауысын «құдықтан шыққан сияқты» есту сезімі;

Құлақтағы бөгде шу мен су сезімі;

Есту қабілетінің орташа төмендеуі.

Отоскопиялық мəліметтер: дабыл жарғағының тартылуы, балғашықтың қысқаруы. Жіті катаралды қабыну кезеңі патологиялық процесс дабыл жарғағында дамыйды. Науқас шағымдары: құлақтағы шудың күшеюі. Естудің төмендеуі, құлақта ауырсыну сезімі пайда болады; Жалпы жағдайы нашарлайды, температурасы жоғарлайды субфебрильді

Отоскопиялық мəліметтер: дабыл жарғағының гиперемиясы, ісінулер, экссудат дамыйды.

Іріңді перфоративке дейінгі кезең ортаңғы құлақта экссудатқа толады, ауырсыну өте қатты болады иррадиациямен (көзге, төменгі жаққа, мойынға) Ауырсыну ең басты белгісі осы кезеңде. Ауырсыну күшейеді түшкіргенде, жөтелгенде, өйткені дабыл жарғағындағы қысым күшейеді. Құлақтағы шу күшейеді, есту қабілеті төмендейді. Іріңді перфоративке дейінгі кезең аса қауіпті , өйткені асқынулар дамыйды.

Мастоидит- емізікше тәрізді өсіндінің қабынуы

Менингит

Ми абсцессі

Постперфоративті отит кезеңі дабыл жарғағының перфорациясы дамыйды, іріңді процесс сыртқы құлаққа қарай ағып шығады.Науқас шағымдар: оторея (іріңді бөліністердің сыртқа қарай ағуы), ауырсыну әлсірейді, есту қабілеті төмендейді.

Тыртықтану кезеңі жалпы жағдайдын жақсарады. Шағымдары: құлақтың бітелуі, шу болуына.

Диагностика: Отоскопия құлақты — сыртқы құлақ арнасын, дабыл жарғағын және тимпаникалық қуысты тексеру әдісі.

Парацентез-отоларингологиядағы инвазивті манипуляция, ортаңғы құлақтан патологиялық сұйықтықтың ағуын жасау үшін тимпаникалық мембрананы тесу.

1. Дабыл жарғағында парацентез.

2. Самай сүйегінің рентгенологиялық зерттеу.

3. Құлақтағы бөліністерді бактериологиялық зерттеу.

4. Аудиограмма.

Лабораторлық зерттеулер:

ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ-ң жоғарлауы.

Емі: Отиттің бірінші кезеңінде фармакотерапия жүргізіледі

  1. Мұрын, жұтқыншақтың санациясы

  2. Евстахиева түтігін катетеризациялау (кортикостероид дәрілер құю.)

  3. Ультра жоғары жиілікті терапия

  4. Антибиотикалық терапия

  5. Асқынулар кезінде хирургиялық ем қолданылады.

25.Мастоидит. Этилогиясы. Клиникалық белгілері.Емі

Мастоидит (грек. Mastoeides – емзік тәрізді) – ми сауытының самай бөлігінің қабынуы. Көбіне мастоидит ортаңғы құлақтың қабынып, іріңденуінен болады. Сондай-ақ, туберкулез, мерез, сепсис ауруы кезінде инфекцияның қан айналым жүйесімен жарақаттанған органға өтуі де мастоидитке шалдықтырады. Аурудың белгісі: құлақтың самай бөлігін қолмен басқанда қатты ауырады.


Себептері

Көбінесе, мастоидит ортаңғы құлақтың қабынуының емделмеуінен болатын асқыну (жіті ортаңғы отиттің). Инфекция ортаңғы құлақтан самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісіне таралуы мүмкін. Самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісінің ұяшықтары инфекцияға толып, оның бұзылысына апарады. Симптомдары

• құлақтан бөлінділер (сыртқы есту түтігінен)

• құлақтағы ауырсыну немесе жайсыздық (жағымсыз сезіну)

- қызбалы жағдай, температура жоғары болуы немесе күрт артуы мүмкін

Бас ауыруы

Естуді жоғалту

- құлақ аумағындағы немесе артындағы қызару

• құлақ қалқанының ісінуден қалқайып тұруы. Аурудың белгісі: құлақтың самай бөлігін қолмен басқанда қатты ауырады.

Диагностика

Басты қарағанда мастоидиттің белгілерін көруге болады. Келесі тексерулер самай сүйегінің емшек тәрізді өсіндісінің бұзылыстарын анықтауы мүмкін: Құлақтың компьютерлік томографиясы (КТ)

Бастың жалпы компьютерлік томографиясы

Құлақтың бөліндісінен бактериологиялық себу алу – бактерияны анықтау үшінЕмдеу

Мастоидитті емдеу дәрілік препараттардың емізік тәрізді өсіндіге терең ене алмауынан қиындауы мүмкін. Сондықтан үзақ, немесе қайта емдеу қажет

Болады. Антибиотиктерді қабылдау алдымен инъекция, одан кейін таблетка түрінде тағайындалады.

Егер антибиотикпен емдеу тиімді болмаса, хирургиялық араласу қажет болады, емізік тәрізді өсіндінің зақымданған тұстарын ішінара алып тастау үшін (мастоидэктомия).

Ортаңғы құлақтың қабынуында хирургиялық араласу дыбысжарғақ арқылы жасалады (мирингэктомия).

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:

1. *Цефуроксим инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ флаконда 750 мг

2. Тикарциллин + клавулонды қышқыл, иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған лиофилиздаған ұнтақ 3000 мг/200 мг

3. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл флаконда 500 мл/100 мг, 1000 мг/200 мг дайындауға арналған ұнтақ

4. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ

Созылмалы мастоидит -3 айдан артық ауысуымен сипатталады. Біріншілік мастоидит- жарақат немесе

Сепсистен кейін жеке бір ауру ретінде дамиды.

Екішілік мастоидит- ортаңғы іріңді отиттің асқынуынан пайда болады.

Симптомдары

Құлақтың самай бөлігін қолмен басқанда қатты ауырады.

• құлақтан бөлінділер (сыртқы есту түтігінен) • құлақтағы ауырсыну немесе жайсыздық (жағымсыз сезіну)

• қызбалы жағдай, температура жоғары болуы немесе күрт артуы мүмкін

•бас ауыруы



• естуді жоғалту

• құлақ аумағындағы немесе артындағы қызару

• құлақ қалқанының ісінуден қалқайып тұруы.

Диагностика

Тоскопия;

Рентгенография ;

MPT:

Құлақтың ішінен бөлініп тұрған сұйықтықты антибиотиктерге және микрофлораға сезімталдығын анықтау.

Емдеу

Мастоидитті емдеу дәрілік препараттардың емізік тәрізді өсіндіге терең ене алмауынан қиындауы мүмкін. Сондықтан ұзақ, немесе қайта емдеу қажет болады.

Антибиотиктерді қабылдау алдымен инъекция, одан кейін таблетка түрінде тағайындалады сосын гипосенсибилизациялық және дезинтоксикалық терапия жүргізеді.

Егер антибиотикпен емдеу тиімді болмаса, хирургиялық араласу қажет болады, емізік тәрізді өсіндінің зақымданған тұстарын ішінара алып тастау