Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2015

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Даулеткереева Н.Ж., Бекетова А.Б., Кенжина А.Х, Қожағалиева А.М.

Қазақ тілі

Әдістемелік нұсқау

для учителей 4 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения

Алматыкітап баспасы 2019

Даулеткереева Н.Ж., и др.

Қазақ тілі: Әдістемелік нұсқау. Для учителей 4 класса общеобразовательной

школы с русским языком обучения. Даулеткереева Н.Ж., Бекетова А.Б., Кенжина А.Х., Қожағалиева А.М. Алматы: Алматыкiтап баспасы. 2019. – 398 с., илл.

Кіріспе

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты қоғамдық ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдылардың негізін қалыптастыру және тілдік нормаларды қолдануға, сауатты жазуға үйрету.

Қойылған мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер шешіледі. Олар:

  1. тілдік дағдыларын (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту;

  2. қазақ тіліндегі сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгерту;

  3. тұрмыста, қоғамдық орындарда, мәдени орталарда қазақ тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

  4. қазақ тілінде меңгерген білім, білік дағдыларын күнделікті өмірде өз бетінше қолдануға дағдыландыру;

  5. шығармашылықпен жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

«Қазақ тілі» пәнінде пәндік білім коммуникативтік дағдылар аясында меңгеріледі. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда оқушылардың бұл қабілеттері әлі де қалыптасып болмағандықтан, тілдік дағдыны қалыптастыруға көбірек орын беріледі. Тілдік құралдар оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, дамыту мақсатына сәйкес
іріктеледі.

Бұл әдістемелік нұсқау орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқыту қазақ тілінде емес 1–4 сыныптары үшін Қазақ тілі оқу бағдарламасына (Астана, 2016 жыл) сәйкес дайындалған 4-сынып оқулығы, жұмыс дәптерлерімен тиімді жұмыс істеуге арналған.

Аталған бағдарламада бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) ескере отырып құрастырылған. Бастауыш сыныпты аяқтағанда қазақ тілін қарапайым А1, А2 (бастапқы) деңгейінде меңгереді.

Пән бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім мен түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішіндегі өзара сабақтастықты айқындайды. Мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.

4-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығының құрамдас бөлігі болып табылатын әдістемелік нұсқау мұғалімдерге жаңа әдістемелік бағыт бойынша қолдау көрсету мақсатымен жазылған. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі бүгінде әлемдік тәжірибелермен толығып, коммуникативті оқыту бағытына, атап айтқанда, белсенді оқыту әдісіне бет бұрды.

Оқыту кешенін дайындау барысында авторлар құрамы мемлекеттік білім беру стандартына сай құрылған пәндік оқу бағдарламасын негізге алып, тілді игертуге қажет грамматикалық білім мен лексикалық қорды (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) оқыту дағдыларымен астастыра меңгертуді жүйелі жоспарлайды.

Бастауыш мектеп оқушылары ұдайы мұғалімнің жетелеуін қажет етеді. Сондықтан оқушының сабаққа

деген қызығушылығын жойып алмайтындай тапсырмалардың түрленіп отыруы және жеңіл болуы мейлінше қамтамасыз етілді.

Грамматика

Бағдарлама бойынша бастауыш сыныптарда грамматикалық білім тек қолданыстық деңгейде үйретілу мақсаты көзделген. Ғылыми тілде терминдер немесе жаттауға міндеттейтін ережелер қолданылмайды. Грамматикалық білім ықшамдалып, түсінікті тілмен арнайы «Есте сақта» айдарымен ұсынылады. Оқулықтың бұл бөлігі мұғалімнің басшылығымен түсіндіріледі. Әр грамматикалық түсінікке сай «Жаттық» айдарымен пысықтау тапсырмасы беріледі. Кей жағдайда өн бойында белгілі бір грамматикалық құрылымдарды жинақтап тұрған оқылым немесе тыңдалым мәтіндері де грамматикалық түсінігін бекітуге септігін тигізіп жатады. Айта кететін жайт, әр

сабақта грамматикалық білім беру міндет емес. Кейде керісінше де бола алады. Бір сабақ толығымен грамматикалық білімді меңгертуге арналады.

Сөздік қор

Мұғалімге арналған нұсқаулықта сөздік қорды дамытуға баса назар аударылады.

Оқушыларға жаңа сөздерді үйретудің түрлі амалдары әр сабақта сөз болады.

Қазақ тілі сабағында аударма тәсілі мүлде қолданылмайды. Мұғалім жаңа сөз мағынасын сурет немесе жест, қимыл арқылы ұғындырады. Сабақ барысында өте қарапайым, қысқа сөйлемдер құрап сөйлейді. Кейбір кездері оқушыларға жаңа сөз мағынасын өздері іздеп табуларына рұқсат беріледі. Өйткені оқушы өз бетімен іздене алатындай дәрежеге жетуі тиіс. Ескеретін жайт, сабақта тек түсіндірме сөздік немесе суретті сөздік қолдану ұсынылады.

Оқулықта ұсынылатын жаңа сөздер бір сабақтың көлемінде бірнеше рет қолданылады. Сондай-ақ, алдағы бірнеше сабақтарда
қайта ұшырасып, оқушы санасында еріксіз жатталады. Лексикалық қордың аумағы оқушыларға сөз тіркестерін немесе дайын сөйлесім үлгілерін (фразалық тіркестер сынды қалыптасқан екі-үш сөзден тұратын синтаксистік оралымдар) берумен айтарлықтай кеңи түспек.

Оқушылардың лексикалық минимумдарды қолданып сөйлеуіне ерекше ден қойған дұрыс. Әрбір үйренген сөз оқушының қолданысына жарайтындай дәрежеде жаттықтырылып барып оның лексикалық қоржынына енеді.

Әлемдік тәжірибе бойынша тілді тиімді меңгеру 4 дағды арқылы жүзеге асырылады. Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары коммуникативтік дағдылар болып табылады. Аталған дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. коммуникативтік дағдыларды басшылыққа ала отырып оқыту функционалды сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Грамматикалық білім тілдік төрт дағдыны қалыптастыру барысында жүзеге асырылып отырады. Оқушының әдеби тіл нормаларын дұрыс және орынды қолдана білуіне үлкен мән беріледі. Ал лексикалық тақырыптар белгілі бір тақырыптар аясында оқушының сөздік қорын байыта отырып, сөздің мағынасын түсінуге, мақсатқа сай қолданылуын жүзеге асырады.


  1. Тыңдалым

Тыңдалым рецептивті дағдылар қатарына жатады. Тыңдалым дегеніміз – тілге сай әрекет ету, яғни тілдің дыбыстық мағынасын түсіну. Ол үшін біз контектіні, тілді және ғалам туралы білімімізді пайдаланамыз. Тыңдалым ауызекі сөйлеу тілін қамтығандықтан, оның тілі жазба тілден өзгеше болып келеді.

Тыңдалымныңтүрлері:

Әңгімелесу (диалог), әңгімелер (оқиға), хабарландыру, әндер, нұсқау, лекция және жарнама

т.б.

Оқулық көлемінде ұсынылған тыңдалым мәтіндері қысқа және ұзақ болып келеді. Оның қысқа

нұсқалары тілді тыңдап тануға немесе жаңа сөздер мен тілдік құрылымдарды таныстыру мақсатында беріледі. Ал ұзақтау болып келетін
диалогтер мен монологтар, өлеңдер мен әндер тыңдалым дағдысын қалыптастыруға және тыңдағанды қаншалықты оқушы түсінгенін бағамдап білуге арналып жазылған.

  1. Оқылым

Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады. Оқылым дағдысы мәтінді жазу, айтудан гөрі жауап қайтару немесе мақсатқа сай әрекет етуді білдіреді, яғни жазба тілдегі мәтінді түсіну.

Аталған кешен интенсивті және экстенсивті оқу материалдарымен молынан қамтылған. Оқулықтағы мәтіндердің басым бөлігі арнайы жеңілдетілген тілмен (адоптированный) жазылған.

Алайда арагідік тілдің табиғи қалпын оқушыға таныту үшін өңделмеген нұсқадағы мәтіндер де мақсатты түрде оқулыққа енгізілген. Оқылымның шолып оқу, нақты мәліметті тауып оқу немесе болжап оқу, мәтін абзацтарын ретімен оқу т.б.

  1. Айтылым

Айтылым – продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс табады.

Айтылым дегеніміз – өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін тілдік бірліктерді қолдану.

Қазіргі заманғы көптеген жаңа тәсілдер ақпараттық-үдерістік модельге негізделеді. Зерттеу көрсеткендей, әр адам өзі туралы ойын білдіргенді ұнатады. Сөйлесім тапсырмасын орындату үшін осы бір жайт қатаң ескерілді. Оған қоса қазақ тілін екінші тіл ретінде оқитын оқушыға үнемі сөйлесім үлгісі ұсынылады. Тіпті оқылықта мұндай нұсқау түрі болмаса да, мұғалім өзі немесе сыныптағы қабілеті жоғары оқушы сыныпқа үлгі көрсете алады. Ерекше атайтын жайт, сөйлесім дағдысы қалыптасу үстіндегі оқушылардың қатесін үнемі түзеу немесе сынып алдында жариялап түзеу әдісін қолданбауды ұсынамыз. Оқушының ынтасын жоймайтындай әдіс-амал қолдану арқылы ғана қатені түзеп көрсетуді жүзеге