Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2018

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
асыруға болады.

  1. Жазылым

Жазылым продуктивті дағдылар қатарына жатады. Продуктивті дағды дегеніміз тілді қолданып сөйлеу немесе жазу. Жазылым хабарды қағаз бетіне түсіруді қамтамсыз етеді. Біз жазу арқылы коммуникацияға түсу үшін әріптер мен сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырамыз. Ал сөйлемдерді топтастыру арқылы өз ойымызды жеткізе аламыз.

Оқулық пен жұмыс дәптерінде жазылымға арналған тапсырма түрлері көптеп беріледі. Осы орайда жызылым сабақтың мақсатына орай «қатаң қадағаланатын» және «еркін жазуға арналған» болып бөлінеді. Оған қоса, жазылымның дайын шаблонды толтыру формасы да ұшырасып отырады.

Қайталау

Әр тарау бойынша екі сабақ қайталауға арналады. Бұл орайда мұғалімге нақ осы қайталауға ұсынылған тапсырмаларды оқушыларға орындату міндеті қойылмайды. Мұғалім өз қалауынша тапсырманы таңдап, іріктеп алуына болады. Сыныптың қабілеті мен тараудағы білімді игеру қарқыны ескеріледі.

Қалыптастырушы бағалау үдерісі

Қалыптастырушы бағалау оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында кері байланысты қамтамасыз ететін үдеріс.

Оқыту мен оқуды тиімді түрде ұйымдастыру үшін әр оқушының ілгерілеуі мен ағымдағы түсіну деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Бұл қалыптастырушы бағалау барысында жүргізіліп, оқушының оқу жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау – барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру барысында жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі. Қалыптастырушы бағалау барысында балл мен
баға қойылмайды, мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыс әрекеті арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға, сабақты әрі қарай жоспарлауға ықпал етеді.

Қалыптастырушы бағалау – оқыту мен оқудың біртұтас құрамдас бөлігі. Қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерден тұрады:

-Оқушыларды анықталған оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

-Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын дәлелдемелердің көрсеткіші бола алатын тиімді орта тудыру немесе олардың басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру.

-Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріп отыру.

-Оқушыларды бір-біріне өзара оқыту көзі бола алатындай етіп ынтымақтастыру.

-Оқушы өз оқуы барысында өзін «жасаушы/құрушы» ретінде қабылдау.


Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

-әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы керек. Пән бойынша оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін ұсынылатын жаттығулар берілген.

Бағалау үдерісін тиімді түрде өткізу үшін мұғалімге:

-оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру;

-тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және дескрипторларын анықтау;

-оқушыларға тиімді кері байланыс орнату ұсынылады.

Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны ғана бағалайды. Мұғалім бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына сәйкестендіріп, нақтылап дайындауы маңызды.
Тілдік дағдыларды дамытуға арналған стратегиялар
«ҮШ ҚАДАМДЫ СҰХБАТ»

Әр топ тақырыпқа байланысты бір-біріне тыңдалған мәтін бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды. Негізгі ақпаратты анықтайды. (Тыңдай отыра оқушы өз пікірін айтуға, ойын дәлелдеп сөйлеуге дағдыланады)
«ӘДЕБИ ШЕҢБЕР»

  1. Талқы себепшісі – тақырып бойынша 5 сұрақ құрастырады. (Кейіпкерлері, сюжет, қарым-қатынас, автор позициясы бойынша)

  2. Белгілеуші тақырыптың қай бөлімі ең маңызды екенін дәлелдейді.

  3. Байланыстырушы тақырыпты өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.

  4. Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды (тыңдалған материал бойынша топтық жұмыста қолдану өте тиімді, әр оқушыда жауапкершілік пайда болады).


«КУБИЗМ» түрі)


Қажетті жабдықтар: әр қырына тапсырма жазылған «ойын тасы».

Жаттығуды орындау барысы: оқушылар екі топқа бөлінеді, әр топ оқушыларына әр қырына тапсырма жазылған «ойын тасы» беріледі. Топтың әр мүшесі «ойын тасын» лақтырады. Ойын тасындағы нөмірге сәйкес шығарманың «деталін» айтады.

Талқылауға берілетін шығарма нысандары:

Сюжет Кейіпкер Оқиға Мекен

Тақырып

Әдеби көркемдегіш құралдар

(Тиімділігі: «Кубизм» белсенді оқыту түрін әдеби көркем шығарманы талдауға, өткен сабақты қорытындылауға өте тиімді).

(ІІ түрі)

Бұл тәсілдің негізінде оқушы:

  • Берілген мәтінді жан-жақты қарастырады;

  • Мәтінмен терең танысып, әртүрлі ойлау дағдыларын жүзеге асырады;

  • Мәтін бойынша рефлексия жасай алады;

  • Ұсынылған өзекті мәселе бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан жеткізе біледі;

  • Таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынас шеберлігі артады.

Әдісті жүзегеасыруқадамдары:

  1. қадам: тақырыппен танысу

  2. қадам: №1, №2, №3, №4, №5, №6 топтарға бөліну. Текшенің көмегімен төмендегі тапсырмаларды бөлу:

СУРЕТТЕҢІЗ (Түсі, пішіні, өлшемі) САЛЫСТЫРЫҢЫЗ (Неге ұқсатасыз? Ерекшелігі неде?)

БАЙЛАНЫСТЫРЫҢЫЗ (Ассоциация) (Сіз не туралы ойладыңыз?) ТАЛДАҢЫЗ (Қалай жасалған? Қандай бөліктерден тұрады?)

ҚОЛДАНЫҢЫЗ (Бұнымен не жасауға болады? Қалай қолдануға болады?)

РАСТАЙТЫН НЕМЕСЕ ЖОҚҚА ШЫҒАРАТЫН ДӘЛЕЛДЕР КЕЛТІРІҢІЗ (иә/жоқ,

келісемін/келіспеймін, маңызды/маңызды емес, дұрыс/бұрыс, пайдалы/зиян).
«АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ»

«Ақ қалпақ» киген оқушы қажетті ақпаратты анықтап сөйлейді.

«Сары қалпақ»
киген оқушы тақырыптың тиімділігін сендіре айтады.

«Қызыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша болжам жасайды.

«Жасыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша креативті, жаңа идеялар айтады.

«Көк қалпақ» киген оқушы тақырыпқа сараптама жасайды.
«ДӘСТҮРЛІ ӘҢГІМЕ»

Оқушылар қысқа әңгімеден кейіпкерлер мен олардың іс-әрекеттерін анықтайды. Олар кейіпкерлердің іс-әрекетін саралап, бағалайды. Олар, сондай-ақ, басқа топқа әңгіменің мазмұны бойынша 5 сұрақ құраулары керек. Әр топ әңгіме мазмұны мен кейіпкерлер туралы идеяларымен алмасады (әңгіме мазмұнын тексергенде тиімді әдіс).
«ПОПС» формуласы

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша ...»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»

Айтылған пікір қайталанбауы керек, дәлелмен сөйлей білу керек. Ойын тұжырымдап, нақты жеткізуге бағыттайды.
«ПИРАМИДАЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУ»

Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап, ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып, ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.
«ФИШБОУН» (Балық қаңқасы)

Пайдаланатын мақсаты: мәселені/тақырыпты талқылауға арналған жаттығу.