Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2056

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

  2. Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі

/жазбаша тілде қолдану

Дескрипторы

  • Таныс сөздерге сүйеніп тыңдалым мазмұнын толық меңгереді.

  • Болымсыз етістіктің жұрнақтарын қолдана біледі.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




Сабақтың тақырыбы

Үлгілі оқушы. (1-тоқсан, 2-тарау)

20-сабақ

Дағды

Айтылым және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

4.4.1.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын

сақтап, бір сызықта көркем жазу

Лексикалық минимум

Сабырлы

Алдыңғы білім

Әдепті бала

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы

С.кезең


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары





Кіріспе

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға «Миға шабуыл» әдісі бойынша «Оқушы қандай болу керек?» постерін құрастыруға тапсырма беріледі. Әр топ өз бетінше постер құрастырады. Оқушылар постерлерін қорғайды, оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз – бір тілек» әдісімен бағалайды.

«Жаңа сөз үйренейік» айдарындағы тапсырмада оқушыларға жаңа сөздер ұсынылады. Және ол сөздердің сипаттамасы беріледі. Оқушылар «Сәйкестендіру» әдісі арқылы мұғалімнің көмегімен сөздерді мағыналарымен сәйкестендіреді. Мұғалім жаңа сөздерді бірнеше рет қайталатады, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыртады.

4 мин

Мұғалім-сынып

Оқушы сұлбасы

Негізгі бөлім

Мұғалім «Ойланайық» айдарындағы тапсырманы орындау үшін оқушылардың назарын оқулыққа аударады. Оқушылар оқулықтағы суретке қарап, астындағы «Досыма кеңес» тапсырмасындағы сөйлемдерге қажетті сөздерді қояды. Тапсырманы бүкіл сыныппен орындайды. Тапсырма ауызша орындалады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың

айтылым дағдылары дамиды.

5 мин

Жеке жұмыс

Оқулық

«Есте сақтайық!» айдарындағы тапсырмада мұғалім «Ешкімнің жолын кеспеу» дегеннің мағынасын түсіндіреді. Ешкімнің жолын кеспеу дегеніміз – ешкімге жамандық жасамау, адал өмір сүру. Мұғалім оқушыларға ешкімнің жолын кеспей, адал өмір сүру керектігін түсіндіріп айтады.

5 мин

Мұғалім - сынып




«Оқиық және жауап берейік» тапсырмасында оқушыларға сөздер ретсіз беріледі. Оқушылар сөздерді орын тәртібімен орналастырып, сөйлемдер құрастырып оқиды. Тапсырма жеке

орындалады.

3 мин

Жеке жұмыс

Ретсіз берілген сөздер




«Ойнайық» айдарымен берген 4-тапсырманы орындауда оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне кеңес айтып, қолындағы допты ұсынады. Допты алған оқушы келесі оқушыға өз кеңесін айтып, добын береді. Осылайша ойын мұғалім тоқтатқанға дейін жалғасады. Осы тұста мұғалім оқушыларға «Еске сақтайық» деп, сөздердің орын тәртібі туралы түсіндіреді. Сипаттайтын сөз зат атауының алдында тұрады. Мысалы: жомарт адам, адал дос, кең

дала, биік тау т.б.

5 мин

Топпен жұмыс

Оқулық








«Жазайық» тапсырмасы оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Мұғалім оқушыларға постерді безендіру тапсырмасын береді. Оқушылар постерге өз досына көркем етіп кеңес жазады. Оқушылар постерді өз қалаулары бойынша

безендіріп, постер құрастырады. Тапсырма жұпта орындалады. Әр жұп бір постер құрастырады. Мұғалім оқушыларға үлгі ұсынады.

Оқушылар осы үлгіні басшылыққа ала отырып, өз постерлерін жасайды. Мұғалім постерге бүгінгі сабақта өткен жаңа сөздерді қолдану керектігін түсіндіреді.

Үлгі:

Сыныптасым, сабағыңды

жақсы оқы. Сыныптасым, сабаққа ерте

кел. Сабырлы, тәртіпті бол. Шыншыл және адал бол. Ешқашан сабақта телефон Ешқашан өтірік айтпа! ұстама. Өз ісіңе жауапты бол!


Оқушылар постерлерін қорғайды. Оқушылардың постерлері смайликтер арқылы бағаланады. Оқушыларға постерлерді

безендіру үшін түрлі түсті маркерлер, суреттер, жапсырма гүлдер, желім, қайшы, түрлі түсті қағаздар ұсынуға болады.

«Жасыл» смайлик – «Өте жақсы!», «Тамаша!» (талапқа сай)

«Сарғыш » смайлик «Жақсы!».

«Қызыл» смайлик «Орташа!» (толықтыруларды қажет етеді немесе қателері бар)



15 мин




Постер жасауға қажетті флипчарт, түрлі түсті маркер- лер

Қор. бөлім

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар «Бір минутта» әдісі бойынша бүгінгі сабақта не өткендерін 1 инут ішінде айтып шығулары керек. Бұл әдіс оқушыларды жылдамдыққа, айтылым дағдысын дамытуға, есте сақтауды жақсартуға, өз ойын еркін жеткізуге негізделген.

Рефлексия. «Білім қоржыны» – оқушылар қоржынға өздеріне не ұнағанын және не үйренгісі келетінін жазып салады.



3 мин

Сынып-мұғалім

«Білім қоржыны»
Түрлі түсті

стикерлер

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

1. Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу

Дескрипторы

  • Нақты тақырып көлемінде өз пікірін білдіреді.




барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

2. Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

  • Көркем жазады.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   139



Сабақтың тақырыбы

Анамның тапсырмасы. (1-тоқсан, 2-тарау)

21-сабақ

Дағды

Оқылым және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу

4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын

сақтап, бір сызықта көркем жазу

Лексикалық минимум

Міндет, міндетті түрде

Алдыңғы білім

Үлгілі оқушы

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Сабақтың барысы

С.кезең


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға «Миға шабуыл» әдісі бойынша жетелеу сұрақтарын қояды.

«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар сқрақтарды көршілерімен талқылайды.

  1. Үйде атқаратын міндеттерің бар ма?

  2. Үйде не істейсің?

  3. Анаңа қалай көмектесесің?

  4. Сендер аналарыңа қалай көмектесесіңдер?

Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға негізделген. Оқушылар өз жауаптарын айтады. Мұғалім оқушыларды тыңдайды.

3 мин

Мұғалім-сынып







Негізгі бөлім

Мұғалім оқулықтағы хатты оқытпас бұрын интерактивті тақтадан хатқалталарды көрсетеді. Оқушыларға сұрақ қояды.

Бұл не?

Хатты кім жазады? Хатқа не жазады?

Қазіргі уақытта хаттар қалай жазылады?

Мұғалім сабақты шынайы өмірмен байланыстырады. Қазіргі уақытта хаттардың электронды түрде жазылатынын түсіндіреді. Хат жазу үшін де адам сауатты, білімді болу керектігін оқушыларға

айтады.

5 мин

Жеке жұмыс

Хатқалта

Мұғалім «Оқиық» айдарындағы тапсырманы орындау үшін оқушылардың назарын оқулыққа аударады. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға, мәтіннің мазмұнын түсінуге бағытталған. Оқушылар мұқият тыңдап отырады, мұғалім дауыстап хатты оқиды. Мұғалімнен кейін хатты тағы 2-3 оқушы дауыстап оқиды.

Хатты оқып болған соң мұғалім оқушыларға хаттың мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды.

  1. Хатты кім жазды?

  2. Хатты кімге жазды?

  3. Хат не туралы?

  4. Сендерге аналарың хат жазып қалдыра ма?

7 мин







«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушыларға хат мазмұнына сәйкес суреттер ретсіз шашыраңқы түрде беріледі. Оқушылар «Мозайка» әдісімен суреттердегі әріптермен хаттың мазмұнына сәйкес ретімен орналастырады. Суреттерін мұғалімге көрсетеді. Мұғалім тексеріп, оқушыларды

«Шапалақ» әдісімен бағалайды. Оқушыларға А4 парақтары беріледі. Оқушылар қағазға хаттағы міндеттерді ретімен жазады. Тапсырма жазбаша орындалады. Тапсырма топта орындалады. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, бір-бірімен қағаздарын алмастырады. Бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Оқушылардың жұмыстарын оқулықтағы мәтінмен салыстыра отырып тексереді. Қателері болса айтып, бір-бірінің жұмыстары бойынша кері байланыс орнатады.



Осы тапсырманы орындау барысында 4.3.1.1 мәтіндііштей

түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу мақсаты жүзеге асады.

8 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер

А4 парағы,

түрлі түсті маркерлер