Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2072

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сабақтың тақырыбы

Қайталау. (1-тоқсан, 2-тарау)

32-сабақ

Дағды

Айтылым, грамматика

Оқыту мақсаттары

4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру

4.4.1.1 Шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/ презентацияны

сөйлемдермен толықтыру

Лексикалық минимум




Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

Алдыңғы білім

Мысық, әтеш, түлкі

Сабақтың барысы




С.кезең


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе бөлім

Мұғалім сабақтың басында оқушыларға бүгінгі сабақтың қайталауға арналған сабақ екенін, өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарды қайталайтындығын түсіндіріп, сабақ барысында ауызша және жазбаша жұмыс істейтіндіктерінен хабардар етеді. Оқушылардың назары өтілген тақырыптарды пысықтауға арналған тапсырмаларға аударылады. Қайталауға арналған тапсырмаларды мұғалім өз шеберлігіне қарай түрлендіріп, дамытып отыруына болады. Кез келген қайталауға арналған тапсырма оқушылардың айтылым дағдыларын дамытуға, тілдік бағдар бойынша сауатты жаза және айта білуге негізделген. Бөлім бойынша қайталау тапсырмалары арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттері артады, алған білімдері бекиді және қолдану аясы кеңейеді.

«Сөйлем құрай аламын» тапсырмасын орындауда оқушыларға сөйлемнің бірінші бөлігі беріледі, оқушылар екінші бөлігін өздері ойларынан құрастырып жазуы керек. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың сөйлемдердегі ойды дұрыс жеткізе білу дағдысы дамиды. Оқушылар ауызша сөйлем құрастырып, сондай-ақ сөйлемді аяқтау арқылы сөздік қорлары молаяды. Тапсырма ауызша орындалады. Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған парақшаларды таратып береді, оқушылар өздеріне берілген сөйлемді оқи отырып, мағынасына қарай жалғастыру керек екенін үлгі ретінде көрсетеді.

Мысалы: Інім тәтті сұраса, ......

5 мин

Мұғалім-сынып

Үлестірмелі қима қағаздар, түрлі түсті маркелер

Негізгі бөлім

«Болып өткен оқиға туралы жаза аламын және айта аламын» айдарындағы тапсырмада оқушылар өтіп кеткен оқиға туралы айтады немесе жазбаша орындайды. Тапсырманың қалай орындалатындығы мұғалімнің шеберлігіне, сыныптың білім деңгейіне, уақытты тиімді пайдалануына байланысты. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар өткен шақтың жұрнақтарын қолданыстық тұрғыда қайталайды, тілдік бағдар бойынша алған білімдерін бекітіп, естеріне түсіреді. Сондай-ақ оқушылар біршама қимылды білдіретін сөздерді меңгереді, лексикалық тақырып арқылы грамматиканы қайталайды. Оқушылар бір-бірін «басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды, қателерін оқушылардың өздеріне

түзеттіруге әрекет жасайды.

5 мин

Жеке жұмыс











«Ертегі құрап жаз» тапсырмасын орындау арқылы оқушылардың қиялы, ойлауы, дүниетанымы дамиды. Оқушыларға бірнеше тірек сөздер беріледі. Тірек сөздерді пайдалана отырып оқушылар ертегі құрастырады. Топтық жұмыс ұйымдастыруда әр топқа әртүрлі ертегі беруге болады. Әр ертегінің мазмұнына сәйкес тірек сөздер ұсынуға болады. Немесе оқушылардың барлығына бірдей ертегі беріп, ертегіні қалай аяқтағысы келсе, солай аятатып түрлендіруге болады. Оқушыларға ертегі құрастыру үшін тірек сөздер жазылған А3 парағын, суреттер, сызбалар таратуға болады. Оқушылар өз ертегілерін құрастырып болған соң, сыныпта қорғайды. Оқушылар топтарды мұқият тыңдайды. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. Тапсырма жазбаша орындалады.

Осы тапсырманы орындау барысында 4.5.1.5 сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру,

4.4.1.1 шағын сюжетті комикс /буклет/ коллаж /жарнама/презентацияны сөйлемдермен толықтыру мақсаттары жүзеге

асырылады.

10 мин

оқушы

А3 парағы, қажетті суреттер, түрлі түсті маркерлер

«Сөздің және сөйлемнің болымды мағынасын болымсыз мағынаға өзгерте аламын» тапсырмасын орындауда оқушыларға қимылды білдіретін бірнеше сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздерді болымсыз мағынада өзгертіп жазады. Уақытты үнемдеу мақсатында тапсырманы ауызша орындатуға да болады. Бұл тапсырманы орындау үшін «Кім жылдам?» ойынын жүргізуге болады. Оқушыларға бірнеше сөздер беріледі. Белгіленген уақыт ішінде оқушылар жылдам сөздерді болымсыз мағынада айтуы/жазуы керек. Оқушылар бір-бірін

«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

Мысалы: шаршаймын-шаршамаймын, ойнаймын-ойнамаймын.

5 мин




Болымсыз етістіктің

жұрнақтары

«Сөйлемдердің мағынасын болымсыз мағынада жаз» тапсырмасын орындауда оқушыларға болымды сөйлемдер беріледі. Оқушылар сөйлемнің екінші жартысын болымсыз мағынада жазады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар болымды/болымсыз мағынаны түсінеді, болымсыз етістіктің жұрнақтары туралы білімдері бекиді. Тапсырма жазбаша, жеке орындалады.

Мұғалімнің кері байланысы: тапсырманы орындауда «Не қиын болды? Не оңай болды?»

5 мин

Жеке тапсырма



1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   139








«Әртүрлі қасиеттерді сипаттай аламын» тапсырмасы сабақты қорытындылау үшін беріледі. Оқушылар адамның жағымды қасиеттерін сөзжұмбақты шешу арқылы орындайды. Оқушыларға сөзжұмбақтың сұрақтары беріледі. Оқушылар тігінен және көлденеңінен сөздерді дұрыс жазу арқылы адамның жақсы қасиеттерін сипаттап береді. Сөзжұмбақты шешу арқылы оқушылардың логикалық ойлауы дамиды.

Сөзжұмбақтың жауабы:
Көлденеңінен:

  1. Жауапты

  2. Мейірімді

  3. Ақылды Тігінен:

  1. Өнерлі

  2. Білімді

  3. Жомарт

  4. Адал

Оқушыларға үй жұмысы ретінде өздерінің сөзжұмбақтарын құрастырып келуге тапсырма беруге болады.

Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі.

10 мин

Мұғалім-сынып

«Бес саусақ»

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс

орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру

  2. Шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/ презентацияны сөйлемдермен толықтыру

Дескриптор:

  • Ертегі құрастырып жазады.

  • Презентация жасай біледі.

Презентацияны сөйлемдермен толықтырады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?


ІІІ. Мәдени мұра

Сабақтың тақырыбы

Қаладан келеміз. (2-тоқсан, 3-тарау)

33-сабақ

Дағды

Айтылым және тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.2.4.1 Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық

байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау

Лексикалық минимум

Өріс,жайлау,маңдайынаниіскеужаңа сөздерін меңгерту.

«Қайдан?» сұрағына сәйкесінше жауап бере білуге үйрету.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Алдыңғы білім

(жаңа бөлімнің алғашқы сабағы)

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Көрсетейік және айтайық» айдарымен берілген тапсырма ең алдымен орындалады. Мұғалім оқушыларға кіріспе әңгіме арқылы сабақ тақырыбын ұғындырады. Мұғалім, алдымен, оқушылардың назарын осы тараудың алғашқы бетіндегі коллажбен берілген суретке аудартып, төмендегі сұрақтарды қояды:

  • Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

  • Балалар қайдан келеді?

  • Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?

Оқушылар жалпы білетіндерін жеке сөздермен не сөз тіркестерімен айтады. Осылайша мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын ашады. Мұғалім жаңа сөздерді меңгеру үшін суреттегі іс-әрекеттер туралы не білетіндерін сұрайды. Бұл әдіс оқушылардың сурет арқылы көру, еске түсіру белсенділігін байқауға толықтай мүмкіндік береді. Оқушылар сурет арқылы өз білгендерін айтады. Мұғалім мен оқушы арасындағы талқылау, ой бөлісу диалогтерінде шығыс септігінің жалғаулары қолданыстық дәрежеде жиі, мақсатты түрде қолданыс табады. Сондай-ақ таныс емес сөздердің мағынасын жеткізу де параллель іске асып отырады. «Қарапайым анықтама беру» әдісі арқылы, мысалы, «өріс» деген сөзді меңгерту керек болса, «ол жерге мал жайылады», «мал шөп жейді» деп түсіндіріп, мысалдар арқылы сөйлемде қолданылуын көрсеткен дұрыс. Бұл тұста оқушылар жаңа сөздерге айрықша фокус жасамағанымен, құлақтары үйреніп алдағы таныстырылымға дайын болады.

Бұл тапсырма да оқылымға жатады. Суретті, графиканы түсініп оқуға болады.

5-7 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

Суретті коллаждар




Оқулықтың алғашқы тапсырмасынан грамматикалық ереже шығарып, мұғалім «Есте сақтайық!» айдарына ауысады.

Мұғалім жалғаулармен мысалдар жазылған кестені тақтада көрсетіп түсіндіреді. Оқушылар алдымен жекелеген сөздерге жалғау жалғауды үйренеді. Осы орайда мұғалім оқушылардың жалғауды жалғай алуы жоғарғы деңгейге жеткенге дейін түрлі амалдарды қолданып жұмыс істеуіне тура келеді. Оқушларға грамматикалық білім алуда түрлі ойындар ұйымдастыру өте тиімді болып табылады. Мәселен, бұлтшаларға жазылған жалғаулар мен сөздер шатастырылып беріліп, қайтоптезсәйкестендіріпбереаладыдеген тілек тастауға болады

немесе жалғауы қате жазылған сөздерді тап деген тапсырма беруге болады.

5-7 мин

Топтық жұмыс

Интербелсенді тақта

Негізгі бөлім

Оқулықтағы ұсынылған «Жаттығайық» айдарымен берілген тапсырма алда орындалған тапсырманың логикалық жалғасы болып табылады.

«Сұраққа жауап бер» әдісі арқылы «Қайдан келесің?» сұрағына алдыңғы грамматикалық тапсырманы еске түсіру арқылы қосымшаны жалғап диалогті орындайды.

Диалогтің дұрыс нұсқасы мынадай болып келеді.

  • Бип,бип,жолданбылайтұрыңдар.

  • О,балалар,қайданкелесіңдер?

  • Қаладанкелеміз.

  • Сендерменбіргеұшсамболама?

  • Әрине, отыр. Ал, кеттік, бип, бип.Жерден көтерілеміз. Мұғалім ауызша комментарий береді. Оқушылардың берген жауаптары бойынша қолдау көрсетіп, «Жақсы! Тамаша! Керемет!» деп жігерлендіру сөздерін айтады.

6 мин

Жұптық ұмыс

Оқулық

Кестеде

берілген

қосымшалар

Келесі оқулықта берілген «Жаңа сөз үйренейік» айдарымен берілген

6 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

суретті сөздіктермен жұмыс істейді. «Суретті сөздік» тәсілі бойынша

жаңа сөздердің мағынасын анықтау үшін өріс, қуаттандыру,

Суреттер

маңдайынан иіскеу сөздерін меңгертеді. Мұғалім суретті көрсетіп,




оқушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік береді. Содан кейін




оқушыларды мәтінге бағыттау үшін жетекші сұрақтар қояды.



1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   139








«Тыңдайық және жауап берейік» айдарында ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың тыңдау арқылы есте сақтауын және оқылым дағдысын жетілдіруге арналған. Оқушылар мәтінді алдымен түсіну үшін тыңдайды, мәтіннің жалпы мазмұнын айтады, қандай таныс сөздердің есінде қалғандығын атап айтады. Кейін тиісті орынға қажетті сөздерді қойып толықтыру үшін қайталап тыңдайды.

«Бірлесіп оқу» әдісімен оқиды. Бірлесе тексереді.

Тыңдалымныңдұрысжауабыосытұстатұрукерек.

Кемел мен Нұрәлі қаладанертешықты. Оларжерденбаяукөтерілді.«Керемет!» –деді Кемел. Жоғарыданбәрі көрінеді.

Балалар жолшыбайөзенненбалық аулады. Ол жерден Жанаркөлікке отырды. Ол жерден Жанар көлікке отырды. Біраз ұшқан соңолар өріске жетті. Балалар жайлаудан қой алды. Ол жерден Жиһанкөлікке отырды. Жолшыбай балалар ауылданкөліктіқуаттандырды.Балаларбіргежайлауға келді.КиізүйденНұрәлімен

Кемелдің әжесі шықты. «Қош келдіңдер, балаларым!» – деп барлығынмаңдайынаниіскеп,құшағына қысты.

7 мин

Мұғалім-топты сынып

Аудиодиск

Оқулық

Келесі «Ойнайық » айдарымен берілген оқулық тапсырмасы орындалады. Оқушылар әр кейіпкер туралы мәліметті естеріне сақтағаны бойынша рөлдік ойынға қатысып, диалогке түседі.

Сөйлесім барысында осы сабақта үйренген жаңа сөздерін қолданады.

5 мин

Топтық жұмыс




Қо

Мұғалім әр топтың өздеріне тиесілі мәтіндегі ақпараттарды Кубизм

2 мин

Сынып-мұғалім




ры

стратегиясымен талдатады. Оқушылар қорапшаның алты жағына

ты

мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Топтар кезектесіп жауап

нд

береді. Бір-бірін «Басбармақ» арқылы бағалайды.

ы




бө




лім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  • Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

  • Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын

(кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау

Дескриптор:

  • Мәтіннен негізгі ақпаратты табады.

  • Сұрақтар құрастырады.

  • -нан/-нен/-дан/-ден/-тан/-тен септік жалғауларын қолдана біледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?