Файл: Программа рылымы шін мселені алыптасттыруды маыздылыын тжырымдайды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 23
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Қысқа мерзімді жоспары | |||
Бөлім: | 5-бөлім. Практикалық программалау | |||
Педагогтің аты - жөні | Г.І.Есбосынова | |||
Күні: | 05.04.2023 | |||
Сынып: 8А | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Мәселе қою (қалыптастыру) | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 8.3.1.1 Python программалау тілінде тапсырма модельдерін жасау | |||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы: Программалау кезінде мәселенің қойылымын анықтау; Көпшілік оқушылар: Программалауда мәселені дұрыс қойып программа кодын жазу; Кейбір оқушылар: Программа құрылымы үшін мәселені қалыптасттырудың маңыздылығын тұжырымдайды. | |||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың кезеңі | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі/5мин Сыныпта көңілді ахуал орнату: Топқа біріктіру/2мин Қызығушылы қты ояту Өткен сабақты пысықтау/ 5мин Миға шабуыл/2мин | Сәлемдесу, түгенде «Сөзсіз» әдісі. «Топтасқан сандар» әдісі «Тірек сөздер» әдісін қолданып өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыра отырып қызу оқу жұмысына қызығушылықта рын ояту. Мұғалім тірек сөздер береді. Миға шабуыл стратегиясы арқылы проблеманы бірге шешу | Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі Оқушылар айтылған сөзді қимылмен көрсетеді. «Үзіліске қоңырау соғылды», «Еріген балмұздақ», «Жарылған доңғалақ», «Қураған гүл» Мақсаты: Оқушылар бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Оқушылар санау арқылы топтарға бірігеді Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Оқушылар берілген сұрақ туралы пікірлерін еркін жеткізеді. ✔ Циклдер жайлы не білесің? ✔ Бұл ұғымның біздің өмірімізге қандай байланысы бар? ✔ Табиғатта және адам өмірінде циклдердің маңызы қандай? Мысалдар ✔ келтір. ✔ Прогаммалау кезінде мәселенің қойылу кезеңін дұрыс анықту, тұжырымдау қаншалықты маңызды? Есіңе түсір. | Қошемет көрсету Фигурал ар арқылы ҚБ | Сандар Оқытудың белсенді әдістері NIS. Астана 2013 |
Сабақтың ортасы Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс:/5мин Саралау тапсырмалары Топтық жұмыс/3мин Жеке жұмыс/12мин Жұптық жұмыс 5мин | Оқулықтағы ақпаратты оқушылармен бірге талдайды, слайд материалын демонстрациялайды. 1-тапсырма жалпы тапсырма. Мұғалімнің көмегімен орындайды «Бірге ойлаймыз» әдісі 2-тапсырма көлемі үлкен тапсырма. Алдымен мұғалімнің көмегімен, содан кейін өз беттерінше орындайды. 3-тапсырма шығармашылық тапсырма. Өз беттерінше орындауын қадағалайды | Оқушылар оқулықтағы ақпаратпен танысады. Визуалды ақпарат алады. Мұғаліммен бірге талдайды. 1-тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды. Математика, физика және информатикада есептер шешу кезеңдерін салыстырыңдар. Ұқсастық және айырмашылықтарын анықтаңдар. Дескриптор - Мәселенің қойылуын анықтайды Оқушылар мұғалімнің нұсқауы бойынша өз беттерінше тапсырмаларды орындайды. 1)«Қарапайым есеп» А, В сандары және олармен орындалуы керек амалдың таңбасы берілген. Мысалы, +,-,/,* . Берілген амал түріне қарап А , В сандарымен осы амалдардың бірін орындайтын программа құр. Дескрипторлар: - Мәселенің қойылуын анықтайды; - Есептің математикалық формасын жазады; - Есептің алгоритмін жазады; - Программа коды мен трассировкасын анықтайды. 2)«Ағаш отырғызу» Жыл сайын мектеп оқушылары көктемде ағаш отырғызу жұмыстарына белсенді араласады. Биылда 8-сынып оқушылары N бригадаға бөлініп, ағаш отырғызу жұмыстарына белсенді кірісті (1≤N≤20). Әр бригаданың отырғызған ағаштарының саны белгілі болса, ағаш отырғызуда жеңімпаз бригаданың нөмерін анықтайтын программа жаз. Дескриптор - Мәселенің қойылуын анықтайды; - Есептің математикалық формасын жазады; - Есептің алгоритмін жазады; - Программа коды мен трассировкасын анықтайды. 3) «Баскетбол ойыны» Баскетбол ойыны 4 кезеңнен тұрады. Енгізу мәліметі ретінде әр кезеңде командалар жинаған ұпай санын көрсететін a және b бүтін сандары берілген (0 ≤ a,b ≤ 100). Екі команда арасындағы ойынның нәтижесіне қарай ойын жеңімпазын анықтайтын программа құраңдар. Ойын нәтижесі ретінде «1 - komanda », «2 - komanda» немесе «ten oyin» сөздері жауапқа беріледі. Дескриптор - Мәселенің қойылуын анықтайды; - Есептің математикалық формасын жазады; - Есептің алгоритмін жазады; - Программа коды мен трассировкасын анықтайды. 3-тапсырманы өз беттерінше орындайды. Математикадан өздеріңе таныс есептердің бірін таңдаңдар. Таңдағандарың бойынша есеп шешу кезеңдерін пайдаланып, программа жобасын құрастырып, оны ұсыныңдар. Жобаға атау беріңдер. Дескриптор - Есеп шешуде мәселе қоюдың маңыздылығын сипаттайды | 2 балл 6 балл 2 балл | Презентация Электронды қосымша Компьютер, презентация, Электронды қосымша |
Сабақтың соңы Ой толғаныс Жаңа сабақты бекіту/5мин | «Крестиктер- нөлдіктер» әдісін қолдану | Ереже 1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды. 2.Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды. 3.Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды. 4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады. Сұрақтар: 1.Программалау ортасында берілген есепті орындау қандай кезеңдерден тұрады? 2.Жобаның компонентін таңдауда қандай мәселелерге назар аудару керек деп ойлайсыңдар? 3.Есептің тестін құрастыруда және тестілеу барысында қандай жағдайларды назарда ұстау керек? 4.Есептерді компьютерде шешеудің қандай өзіндік ерекшеліктерін атай аласыңдар? Мысалдар келтіріңдер. | Өзара бағалау | А4 парағы Оқытудың белсенді әдістері NIS. Астана 2013 |
Кері байланыс/1мин | «Басбармақ» әдісі. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін басбармақ арқылы көрсетеді. | | |