ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 8353
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ал жаңашыл ұстаз қандай болуы керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Өмірдің көшінен қалмау, яғни білімі мен біліктілігін әрдайым жетелдіріп, жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп отыруы керек. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді.
Менің оқушыларым менен алған шамшырақтарын ары қарай жаға алатынын,
өмірде пайдалана алатынын, жақындары мен қажет ететіндерге ұсына алатындықтарын білемін. Мүмкін олар ғалым болмайтын шығар, бірақ олар нағыз адам болып шығады. Мен оларға сенемін.
№44 «МАҒАН ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ БӘРІНЕНДЕ ҚЫМБАТ,ӨЙТКЕНІ МҰҒАЛІМ –МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ»ДЕГЕН Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ СӨЗДЕРІНІҢ МАҒЫНАСЫНА ӨЗ КӨЗКАРАСЫҢЫЗДЫ БІЛДІРІҢІЗ
Адамзатты ежелден ойландырып,толғандырып келе жатқан,қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны.Себебі әр адам-қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем.Уақыт озған сайын қоғамдағы саяси-әлеуметтік қарым-қатынас дамыған сайын бүкіл дүние жүзінде ұстаздың қызметі қиындай түсуде.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай,оны дүниежүзілік білім,ақпарат,экономика кеңістігіне шығуға,яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың қолынан келеді.
Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде егемен еліміздің,қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі-білім беру саласы.Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты,маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласына да өз әсерін тигізуде.
Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір дәлелі – “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы” жариялануы болса, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге үлкен мән беріліп отыр.
Қай қоғамда болмасын шешуші фактор-адам және жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру-бүгінгі ұстаздардың басты борышы.
Ел болашағы- білімді ұрпақта.
Сондықтан ұстаздарға жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегімен оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруына, педагогикалық еңбегін қайта құруына тура келеді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымызбен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалауы мүмкін. Өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. А.Байтұрсыновтың: « … Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен, әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халқымыз оңды емес.
Жаңа ғасырға аяқ басқанда ана тіліміз бен төл әдебиетімізді одан әрі дамыту- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қасиетті парызы болып қала береді. Бұндай қадірлі іс бағымызға бұйырған екен, оныабыроймен атқару –біздің ең басты борышымыз. Өйткені, тіл – халықтың асыл мұрасы, сарқылмас байлығы десек, әдебиет көркем шежіресі, тарихы. Сондықтан тіл мен әдебиетті оқытудың мектептердегі алатын орны ерекше.
Біріншіден, ана сүтімен дарыған ана тілін біліп алмайынша, өз ұлтының асыл қасиеттерін, ұлттық болмыс – бітімін бойыңа сіңіру мүмкін емес.Өзіміз айтудан жалықпайтын отансүйгіштік, елжандылық, адамгершілік, имандылық қасиеттерінің жас бойынан табылуының өз ана тіліміз бен, әдебиетіміз бен даритыны ақиқат.Әсіріесе, оқушылардың сезімін оятып, қызығушылығын арттыратын пән әдебиет.Себебі оқулықта берілген әдеби шығармалар мен тақырыптардан оқушылар халқының арманы мен қиялын, өткенні мен бүгінгі өмірін біледі .Сүйікті кейіпкерлерінің арасындағы достығы мен сүйіспеншілі-гінен, патриоттағы мен еңбекқорлығынан , адалдығы мен адамгершілік қасиеттерінен үлгі алады, жақсысына жаны сүйсініп, жаманына жиренеді.Сол тұрғыдан алғанда, әдебиет – білім берудің, түрлі тәрбие дағдыларын қалыптастырудың пәрменді құралы, тіл – оның тірегі.
Екіншіден, ұлт болашағымен ұштасып та, астасып та, бірігіп те, кірігіп те жататын ұлы мұраттардың бірі – ұлттық мүдде мен ұлтжандылық екенін естен шығармауымыз керек.Сондықтан бүгінгі салт – санамыз өзгерген заманымыз түрленген кезеңде, қатпарлы нарықтың қалтарысындағы қалған құндылықтарымыздың кейбірінің кемшін түсе бастауы қазіргі ұстаздар қауымын алаңдатып отыр.Әркімнің өмір – тіршілігіне ықпал етпей қоймайтын түрлі әлуметтік жағдайлар.Оның көлеңке жақтары, теледидардан көрсетіліп жатқан ұлтымызға жат хабарлар т.б. ақпарат ағымдары санамызға сыналып еніп, небір біз күтпеген кешегі тал бесіктен тарайтын тәрбиемізге де өз әсерін тигізуде.
Аталы сөзді тыңдаған, аталы сөзге тоқтаған қазағымыздың аналары бесік жырын айтпайды, әжелеріміз шежіре еді, қазір ертегі де айтып бермейді.Қазақ телидидарында әлі де болса қазақша қойылымдар мен хабарлар сирек.Балаларды қызықытыратын қазақша газет – журналдардың таралымы аз.Болса да оқырманына жетпей қалады.Көбіне басқа тілді дүниелер асып төгіліп жатады.Арзанқол дүние қуған сырта жылтырауық іші қалтырауық қызығатын сөзжұмбақ шешетін, боз сөзді көсейтін, ойлы әдебиет қолына ұстамайтынұрпақ өсіп келетіні жасырын емес. Сондықтан ана тіліміз бен әдебиетті оқыту ұлт болашағына деген жауапты іс болып табалады.Өзінің рухани құндылықтарын сақтап, оны өркениетпен ұштастырып отырған мемлекеттердің үлкен жетістікпен игіліктерге қол жеткізіп отырғанын көзіміз көріп отыр.Сол себепті басқаның бағына бұйыра бермеген бай ауыз әдебиеті бар халқымыздың баға жетпес мұрасына бойлау да үйренуде, үйретуде,оқуда, оқытуда қажет.Жас ұрпақ атадан қалған асыл сөзді, Төле, Қазбек, Әйтеке сөйлеген шешен тілді, Абай, Мұхтар, Мұқағали түрленген тілді танып өссе, маржан сөзді Мағжанды, Сұңқар жырды Сәкенді, поэзия дүлдүлі Ілиясты біліп өссе, рухани сабақтастықтың тамыры тереңдей, ұлт мерейі арта түсері хақ.
Ана тілін ардақтап, төл әдебиетін дәріптеп шәкірт санасына сәуле төгіп, жаухар жырларды жүрегіне жеткізіп, мұхиттай мол мұрамызды оқытуды тәжрибесі мол ұстаздарымыз А. Ташекенов, С.Сыдыхов, А.Бердімұратова, О. Шолахова, О. Сағындықова, З.Қожырақова, Г.Хайруллина, Б.Даулетова, А.Әжікенованы мақтанышпен атауға болады. Бұл мұғалімдер уақытпен бірге аяқ басып, жаңаша педагогикалық технологиялар-дың, тың оқыту үрдістерін қолданып, нәтижелі еңбек етуде.
Иә, бүгінгі күн мұғалімнің көп ізденіп , тынымсыз еңбектенуін, сабақ берудің амал – тәсілдерін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Өйткені, білім мазмұны, оқыту үрдісі өзгерісті талап етуде.Ал ұстаздар алдында шешімін таппай жатқан проблемаларда баршылық.Пәндерге байланысты көрнекі құралдарды жаңарту, көбейту, толықтыру, дидактикалық материалдардың, әдістемелік көмекші құралдардың аздығы оқулықтар мазмұны мен сапасы алаңдатады. Сонымен қатар білім сапасын арттыруда жаңа технологиямен тұрақты жүйелі, нәтижелі жұмыс істеу үшін мұғалім сабағына жан – жақты дайындалуы керек.Ол үшін мұғалімге еркіндік, шығармашылық ізденіс, көп еңбекке қажет, ал ол үшін жағдай керек.
Біріншіден, мұғалімдер қауымына ортақ көкейтесті мәселелерге тұрғын үй, сағат жүктемесін азайту жалақыны біртіндеп көтеру, мұғалімді еңбек етуге құрал – жабдықтармен қамтамасыз еңбек етуге, сыныптағы балалар санын азайту, бағдарлы, кәсіптік, тереңдетілген сыныптарды топқа бөлу (әсіресе ана тілінен) жатады.Егер бұл мәселелер тезірек шешімін тапса – көр нәрседен ұтатынымыз, шешілмесе, ұтылытынымыз сөзсіз.
Алдымен қазіргі кезде жастар мектептерде тұрақтамайды, не басқа жұмысқа ауысып кетеді.Мектепте жұмыс істеп жүргендердің өзі толқу үстінде.Себебі олар үнемі жұмыс басты болып, аз жалақыға жүргісі келмейді.Өйткені әрбір адамның жеке өмірі бар.Сондықтан еңбек жолын енді бастайын деп отырған осы бір қиындығы мен қызығы мол ұстаздық жолдағы болмай қоймайтын қиындықтарға төзе білуге үйретіп, олардың еңбек етуіне жағдай жасап, өз ісіне бейімделуіне барынша қолдау көрсетіп, дұрыс бағыт беріп тәрбиелеуіміз қажет.Әсіресе,бұл – тәжрибесі мол аға буын ұстаздардың міндеті.Яғни, рухани сабақтастық болса нұр үстіне нұр болар еді.Ең бастысы – мұғалімге кәсіптік шеберлігін ұдайы дамытып, өз білімін көтеріп отыру, шығармашылықта, ғылыми – әдістемелік ізденістер қажет.Ал осыған ұстаздарымыздың уақыты бола бермейді.Болса да аз.Осының бәрі мұғалімнің моральдық – психологиялық ахуалына әсер етіп жүргенін неге ойланбаймыз. Мұғалімге айтылар сын мен мін көп.Ал оған қамқор болатын іс аз. Мұғалімдердің жалақысын ғана көтермей, әлуметтік жағынан қорғау керек.Міне, сонда ғана мұғалім мәртебесі өсіп, шабыттанып жұмыс істейтін болады.
Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сирек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі үрдістердің барысын идеялық – адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлілігі мен қабілетін өздігінен еркінен дамуын ұйымдастыра алатын, және ата – аналармен педагогикалық ынтымақтастықты орнатуға бейімі бар әр шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуға тиіс.Ол шәкірт жүрегіне жол табарлық пәнін қызықтырарлық жол іздейді, өз білімін жетілдіреді, жаңа технология пайдаланады.Өйткені шәкірттен терең білімділікті, ұстамдылықты, еңбекқорлықты , мәдениеттілікті талап ету үшін мұғалімнің өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс.Сөйтіп, өмір талабының артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып, сый – құрметіне бөленбек.
«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Сонымен мұғалім өткен тәжрибесін жаңа мен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.
Ең бастысы ұстаз адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі.Ұлағатты шайыры, адам жанының адал бағбаны болған жөн.Ұстаз бойындағы білім мен мінез үйлесімділік тауып, шәкіртке деген ұлы махаббатпен тоғысып жатса, әрбір шәкіртіне жеке тұлға деп қарап, адал жүрегін ұсынса , өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз болмақ.
Жаңа ғасыр мұғалімнің бойында мынандай қасиеттер болуы керек: сергектік, байқағыштық, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау,ілтипаттылық.
Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектердің білім берудің сапасы мен деңгейін жан – жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.
Жаңа ғасыр мұғалімдері талапқа сай болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы тәрбиелік – білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана ұстаздық мақсатына жетеді.