Файл: 1 лтты білім беру моделі мені кзарасыммен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 8351

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқу барысында білім алушылар Бағдарламаның барлық бөлімдерімен танысып, оқу қағидаттары және табысты мұғалімге қажетті әдіс-тәсілдер мен дағдылар жан-жақты зерделенеді.
Оқытудың конструктивистік теориясы мұғалімнің алдына нақты міндеттер қояды: оқушы тұлғасына бағыттаушы, әсер етуші және сезімтал болу. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың оқуды алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуын көздейтін тұжырымдамаға негізделген. Біліктілікті арттыру курсы барысындағы кері байланыс ұсынып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беретін топтық жұмыс пен бірлескен тәсіл мұғалімдерге кәсіби құзыреттіліктің және/ немесе жетілдірудің кез келген саласын түсінуге көмектеседі.
Мұғалім көшбасшылығын дамытудағы көзге көрінерлік тәсілдердің бірі кәсіби даму (Муйжс пен Харрис, 2004; Столл және басқалары, 2006; Подгорский мен Фишер, 2007). Көшбасшы мұғалімдерді зерттегенде олардың жұмысы туралы мынадай түсініктер пайда болады:
Көшбасшы мұғалімдер өз тәжірибесін ішінен зерттей отырып, сол арқылы оқу, оқыту және өмір бойы білім алуды модельдеу туралы өз ойларын білдіреді.
Көшбасшы мұғалімдер оқушылар, оқыту мен оқу туралы өз түсініктерін «қоғамға тарата» отырып, басқа мұғалімдер мен мектеп мәдениетіне әсерін тигізеді.
Көшбасшы мұғалімдер оқыту тәжірибесімен байланыс орнату және оны жалғастыру жолдарын табады және ойлап шығарады.
Көшбасшы мұғалімдер серіктестікті жетілдіретін және тәуекелге барып, эксперимент жасауға қолдау көрсететін практик мамандар қоғамдастығы аясында көшбасшылық етуге үйренеді.
Көшбасшы мұғалімдер еңбек жолын жаңа бастаған және ардагер мұғалімдермен жұмыс істегенде практик мамандар қоғамдастығын құрып, кәсіби дамуға қолайлы жайлы орта қалыптастырады.
Көшбасшы мұғалімдер мәнмәтін мен мәдениетке сезімтал келеді, олар түрлі жағдайлар мен адамдар түрлі әдіс-тәсілдерді талап ететінін біледі. Оқытуда дәл солай, барлығын бір жолмен оқыта берген жарамайды.
Мұғалімдер көшбасшылық еткенде олар бүкіл мектеп қауымына және мұғалімдер мен оқушыларға бірдей әсер ететін оқуға арналған орта қалыптастыруға көмектеседі.
Бұл көшбасшы мұғалім болу оңай немесе мұғалім көшбасшылығы оқыту мәдениетіне толықтай біріктірілген деген сөз емес. Бұл ретте біз мұғалім ұғымының мағынасын өзгертуге ұмтылатын мамандарды күтіп тұрған қиындықтарды ескерусіз қалдыра алмаймыз. Өзгеріс болған жерде келіспеушілік, теңсіздік, жаңылыстық орын алады. Түбегейлі өзгерістер орын алып, есептілік пен стандарттау үстемдік алып жатқан қазіргі заманда кәсіби қоғамдастықтарды дамытып, мұғалім көшбасшылығын жаңғыртуды көздейтін өзгеріске қол жеткізу және оны ұстап тұру оңай болмас. Осының бәріне қарамастан, мұғалім көшбасшылығына жүргізген зерттеуіміз бізге үміт отын жақты. Олар болашақта демократиялық, тиімділігі жоғары мектептер болады деп ойлауға көмектеседі. Біз білген көшбасшы мұғалімдер ұзақ мерзімге міндет алған. Олар оқушыларын немесе бір-бірін тастап кетпейді. Олар өздерінің және әріптестерінің тәжірибесін тереңдетуге жауапкершілігін жалғастыруды жоспарлаған. Олардың мұғалімдер өз оқушылары мен өздері үшін жаңа мүмкіндіктерді ойлап шығаруға жетекші болатын сәулетті кәсіби орта орнату туралы шешімі мығым.

Адамгершілік мақсаттармен қозғалатын мұғалімдер өз әріптестеріне және қоршаған ортаға әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді.
Көшбасшылық, оқыту сияқты, тұрақты дамуға итермелейтін адамның негізгі қабілеті болып табылады. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, жетекші рөлсіз немесе айқын жоғары жағдайсыз мұғалім қоршаған ортаға әсер ету және өзгерістерге бастамашылық жасау үшін, сондай-ақ – тактикалық дағдыларды жетілдіру және стратегиялық ойлауды дамыту үшін кәсіби және адамгершілік сенімдерді пайдалана алады [4].
Бір күнде көшбасшы болуға болмайды – бұл күнделікті күш-жігерді талап ететін ұзақ процесс. Көшбасшылық қасиеттерді дамыту көшбасшылық заңдарды меңгерумен және олардың қалай жұмыс істейтінін түсінумен қамтамасыз етіледі. Бірақ теоретик болу және адамдарға шын мәнінде әсер ету – бұл екі түрлі нәрсе. Көшбасшылар өз сипатының ерекшеліктерінің арқасында тиімділікке қол жеткізеді.
Тек көшбасшылар сияқты емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде мінезді нығайту және жан-жақты дамыту – бұл біздің дамуымыздың негізгі шарты.
1.Мінез – бұл жай сөзден артық. Кез келген адам тұтас сипатқа және терең тәртіпке ие деп айта алады, бірақ шынайы индикаторы тек әрекет болып табылады. Бұл, өз кезегінде, қоршаған әлемді қалай қабылдайтыныңызды анықтайды. Адамдардың қоршаған дүниеге  қарым-қатынас нормасы негізінде өз-өзіне көзқарасы қалыптасады. Адам мінезі қарым-қатынас жасау барысында көрініс береді.
Білім беру мазмұнының компонентетері – білім, білік, дағды бірімен-бірі тығыз шартты байланысты. Білімсіз іскерлік те, дағды да қалыптаспайды, яғни олар бір-бірімен кері байланыста қарастырылады.
Шығармашылық іс-әрекет те білім мен іскерліктің тәжірибесінен, ал қарым-қатынас білімділік іс-әрекет тәжірибесінен көрінеді. Әлеуметтік тәжірибеде оқу мазмұнын игеру барысында адам қоғамда өздігінен істей алатын және оны өзгерте де алатын дәрежеде болуы шарт. Сондықтан да оқу орнында алған білімін жиынтығын өмірде қолдана алулары қажет. Жалпы білім мазмұны, бір жағынан, оқу-танымдық іс-әрекет жағдайының, екінші жағынан, іс-әрекетті игерудің құралы болып табылады. Білім беру мазмұнын қалаптастырудың негізгі көзі мәдениет пен  әлеуметтік тәжірибе болып саналады.
Адам іс-әрекетінің түрлері қоғамдық сана формалары, қоғамдық қатынас тәжірибелері, рухани құндылығы, материалдық жағдайы, оқу барысындағы танымдық, коммуникативтік, бағдарлы-құндылық, көркемдік іс-әрекетімен сипатталады [3].


Мінез адамдармен қарым-қатынаста табыс әкеледі.  Шынайы көшбасшылық әрқашан басқа адамдарға әсер етуді білдіреді.
Педагог қарым-қатынасқа әсер ете отырып, оқушыны ынталандыруы, оның болмысына мәдени әсер беруі керек. Мұның жолдары әр түрлі.
Үлгі есебінде педагог пен оқушы арасында болған мына диалогті алуға болады.
Педагог:- Өзінді қалай сезінесің?
Оқушы:- Мен орнымдамын.
Педагог:- Кешір, түсінбедім. Орнында шкаф, чемодан, қағаз болады…
Оқушы:- Мен өзімді жақсы сезінемін.Педагог:- Рахмет, – деп диалогті аяқтайды.
2.Талант – бұл сый, ал мінез – бұл сіздің өз таңдауыңыз. Өмірде біз билік етпейтін көптеген нәрселер бар. Біз таланттарымыздың тізімін толтыра алмаймыз немесе өз интеллектуалығымызды арттыра алмаймыз ( IQ). Бірақ біз мінезді шын мәнінде өзіміз таңдаймыз. Шын мәнінде, біз таңдау жасаған кезде оны жасаймыз – қиын жағдаймен күресу немесе одан жылжып кету, шындық алдында бүгу немесе оның ауырлығына төзу, жеңіл ақша табу немесе толық құнын төлеу. Өмір сүріп және күн сайын өз таңдауыңызды жасай отырып, сіз өз мінезіңізді жасайсыз. Көшбасшы болу үшін әркім өзінің дамуына, жұмыстағы құлшынысына көңіл бөлу керек. Өз бойындағы қабілетін байқаған сәттен бастап дамытуға талпыну керек.
«ХХІ ғасырдың мектебі мен мұғалімі ол қандай болу керек?» негізгі сұраққа жауапты Астана қаласындағы Евразия гуманитарлық институтының бір топ ғылымдары тапқан секілді. Мұғалімдерді даярлау барлық кезеңдерде мәнін жоймайтын мәселелер қатарына жатады, себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері өзгеріске ұшырап отырады, өскелең ұрпақты өмірге даярлауға талаптар күшейді, ал мұның бәрі педагог кадрлардың мамандар даярлау жүйесіндегі көзқарастарды байыта қарауға жетелейді.
Қазақ халқының белгілі ағартушы-педагогі, тұңғыш «Педагогика» оқулығын жазған Мағжан Жұмабаев мұғалім туралы: «Қазақтың қаны бар, жаны бар жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі», деп, қазақ мұғалімдерінің рөлін ерекше бағалады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мұғалімге өз қызметінде 200-дей жұмыс түрін атқаруға тура келеді екен.
Табысты көшбасшының қасиеттері

«Мектептегі табысты көшбасшы үнемі ашық, басқадан үйренуге даяр; негізгі құндылықтар жүйесінің аясындағы ойларын бір-беткей деуден ғөрі, көнбіс деуге келеді; табанды (мәселен, жоғары талап үдесінен шығуға, қызметкерлерін уәждеуге ұмтылысында; іске берілгендігінде; барлығын оқытып, жоғары деңгейге қол жеткізуге ұмтылысында), жайдары, оптимист» (Лейтвуд, 2006).
«Табыс өз мектебінде көшбасшылық тәжірибесін тиісті дәрежеде қолдана алу қабілетіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, тиімді басшылар, әдетте, физикалық орта мен мінез-құлыққа басты көңіл бөледі, содан соң көшбасшылық міндетті бөлу мен деректерді пайдалану, тек соңында ғана жеке басы мен оқу бағдарламасын жақсартуға назар аударады» (Дэй және басқалар, 2009) .
Көшбасшылық
Көшбасшылықты мен қажетті нәтижеге қол жеткізу мақсатында басқалардың әрекетіне ықпал ету қабілеті деп танимын. Көшбасшылар – басқалардың мақсаты, уәжі мен әрекетін қалыптастыратын адамдар. Бекітілген және жаңа мақсатқа қол жеткізу үшін олар түрлі өзгерістерді енгізуге бастама жасайды. Көшбасшылық шығармашылық, қуат пен біліктілік дегенді білдіреді.
Табысты мектеп көрсеткіштері  алты түрлі көзқарасқа байланысты болуы Ұлыбритания тәжірибесінен  (оқушы, мұғалім, ата-аналар, басшылық, оқу-көмекші персонал, жоғары басшылық/ білім беру басқармалары (бөлімдері)).
Мұғалім
ұжымның барлық мүшелері арасында жақсы ақпараттық қарым-қатынас орнаған;
қызметкерлердің кәсіби дамуына және жұмыстан қол үзбей біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік берілген;
жұмыс істеуге жағдай жасалған (ғимарат, жөндеу жұмыстары, көрнекі құралдар);
оқушылар бақытты және уәждері мықты;
барлық оқушыларға өздерінің қабілеттеріне қарай жетістікке жетуге көмектеседі.
Даму жөніндегі жұмыс процесі басқаларды ынтымақтастыққа, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға тартуға арналған тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіледі, мысалы: әріптестермен пікірталас жүргізу, желіде орналастырылған есептерін оқу, оқушылардың тәжірибесі туралы пікірлерін жинау, бақылау немесе жоспарлау мақсатында басқа сыныптарға әріптестерінің сабақтарына қатысу. Команда көшбасшысы жалпы мақсатпен біріктірілген  білімді және уәжделген (мотивированных) адамдардың әрекеттерін үйрететін және үйлестіретін көмекші болуы тиіс. Іс-әрекеттердің үйлесімділігіне және іскерлігін жетілдіруге баса назар аударылады. Әр адамның есінде өздерінің үлкен жетістіктерге жеткен кездері жақсы сақталып қалады.

Көшбасшылық – екінің бірінде бола бермейтін қасиет. Оны дамытпасаң ол өшеді. Кез келген мұғалім алдымен өз көшбасшылығын жетілдіріп, үнемі ізденісте болуы керек. Көшбасшысы бар жерде іс те нәтижесін береді.

47 ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ?СІЗДІҢ КӨЗҚАРАСЫҢЫЗ!

Педагог мамандығының беделін көтеру. Білім беру сапасы, бірінші кезекте, сапалы даярлығы бар оқушылармен айқындалады. Дамыған елу елдің қатарында болу-еліміздің даму стратегиясының басты саясаты. Ғылым мен техниканың дамыған заманы, экономикамыздың өсуі, Білімді көтеру, яғни мұғалімнің мәртебесін көтеру дегенге келеді. Қала, ауыл барлық жерлерде мұғалім аты- мәртебелі зиялы адам болып саналады. Шахтер, дәрігер, космонавт барлығы мұғалім алдында тік тұрады. Әр адамның жас кезінде еліктеп, ұқсағысы келетіні ол әрине мұғалім.Тіпті мұғалім болуды армандады. Қазір мұғалім сол мәртебесінен, ата- абыройынан айырылып қалды деуге болады. Айта кетсек дәлелі көп-ақ , мұғалімнің айтқанын жүре бара тыңдап, ескерткендерін пікірге салып, тіпті ол мұғалімдермен айтысып, одан қалды соттасып жататындар аз емес. Соңғы уақыттарда әкімшіліктердің тегін жұмыстарына, науқандық жұмыстардың барлығы мұғалімдердің белсенділігімен атқарылады. Мысалы: алаңдағы митингілер мен залдардағы жиналыстардың еріксіз тыңдарманы мен көрермендеріне айналуы, сайлау немесе тағы да саяси науқандардың насихаттаушысы сияқты қоғамдық жұмыстардың қандайы болсын мұғалімді іздеп табады. Мектеп ішіндегі қағаз бастылықтың көптігі, сабақ өткізу, тәрбие жұмыстарын жүргізуіне күші жете ме? Мұғалімнің сынаушылары өте көп. Білім басқармасы мен аудандық білім бөлімдерін, мектептің өз басшыларын айтпағанның өзінде ата-аналар мен оқушылардың өзі білімі мен тәрбиесіндегі кемшілікті мұғалімнен іздегісі келетіні жасырын емес. Баладан ештеңе жасыра алмайсың, әділ сыншы балалар дейді ғой. Бұрынғыша мұғалімге құдыреттей табынып, ұстазын ұлы әкесіндей сыйлап отыратын оқушылар болмаса да демократиялық көзқарас тұрғысынан қазіргі қоғамдағы мұғалімдердің мәртебесі жөніндегі қоғамдық пікірдің алғашқысын мектеп оқушыларынан білмекші болдық. Мектебіміздің 9-11 класс аралығында 45 оқушыдан сауалнама өткізген болатынмын. Мұғалім мамандығын бағалаймын деген сұраққа 43-і оң көзқарас білдірді. Мұғалім беделді мамандыққа айналуы керек. Еліміздегі әр мамандыққа жақсы жағдай жасалынуы керек. Сырт көзге қарағанда мұғалімдерге қызығыпта па қызғанып қарайды. Өзге мемлекеттерде мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесі мен еңбекақылары жоғары. Ең жоғарғы сұранысқа ие. Жоғары мәртебеде отырып, оңай олжа тапқаннан гөрі, еліміздің болашағына білім беріп жүрген ұстаздарына көңіл бөлінсе екен. Кейбір адамдар мұғалімдерді құрметтемейді? - неге десеңіз, бұл сұраққа жауапты айтуға қиналамын. Мектепте алдыңда отырған 30 баланың білімі мен қаупсіздігіне жауап бересің. Елде қызмет еткен жақсы, бірақ жақсы бағаланса. Мұғалім мамандығы қиын. Біздің екінші анамыз деседе болады. Мұғалім мәртебесі мен үшін өте жоғары. Сауалнаманың келесі сұрағына оқушылардан алған жауаптарым. Мұғалім болу-мен үшін – 42-і ешқашан мұғалім болғылары келмейтінін атап өтті. Қоғамдағы мұғалімнің мәртебесі жайында - 44 оқушы айтуға қиналады. Мұғалімдердің мәртебесін көтеретін, деген сауалнамаға - 43 оқушы, жан-жақты жағдайы жақсарса деп жауап берді. Қосымша өз ойым деген пікірге ашық жазғысы келетіндерге мүмкіндік берілген болатын.