Файл: 1 лтты білім беру моделі мені кзарасыммен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 8344

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әртүрлі тамақтың ағзамызға түрлі дәрумендерді бергені сияқты түрлі жанрдағы электрон ойындары да өзіне тән әсер ету күшіне ие. Компьютер ойындар тарихындағы ең танымал ойындардың бірі – Марио атымен белгілі кейіпкердің қызықты саяхаттары. Кейіпкер шаршау дегенді білмей, баспалдақтан баспалдаққа мініп түсе береді, платформадан платформаға секіріп ұпай мен түрлі сыйлықтарды жинайды. Мұндай ойындарды платформерлер деп атайды. Осы ойынды ойнаған балаларда елгезектік, стратегиялық жоспар құру қасиеттері күшейген екен.
52 БІЗ БАЛАЛАРМЕН ЕРТЕ ЖАСТАН БАСТАП ЕСІРТКІ ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСУІМІЗ КЕРЕК ПЕ?

Нашақорлық қазақ қоғамында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық орта да, табиғат та таза, тұнық болатын. Ластықтан жиіркенетін едік. Ал қазіргі халіміз мүлде басқа болып барады. Жүрегіміз жақсы мен жаманды ажырату қасиетінен айырыла бастаған ба, қалай өзі? Абай заманында «тәйт» десе тыйылатын тәрбиеден де мақрұм болып бара жатқан сияқтымыз. Әйтпесе, жасөспірімдер арасында жылдан-жылға белең алып бара жатқан нашақорлыққа әуестікті қалай түсіндіруге болады?

Жасөспірімдер есірткіге әуес. Неге? Бүгіндері нашақорлардың саны көбейіп барады. Статистика бойынша қазіргі кезде есірткіні қабылдайтындардың көпшілігі жастар болып отыр. Мәселен, елімізде 5 мыңға жуық жасөспірім есірткі тұтынады. Оның ішінде ең жасы 7 жаста. Иә, нашақорлықты әліппемен танысатын жастан бастап қолданатын болса, тартар жүгіміз ауыр екен. Бесіктен жаңа шыққан баланың есірткіге әуес болуына не себеп болып отыр? Бұл жағдайдың мамандар психологиялық астары бар екенін айтуда. Әсіресе, отбасындағы психологиялық ахуал, қарым-қатынастың төмен болуы, бала тәрбиесіндегі кемшіліктер көбіне жасөспірімдерді назардан тыс басқа әрекеттерге апарып соқтыруда. Нарық заманы келгелі бала тәрбиесінің де басқа сипат алғаны аян. Балаға тәрбиені қара жәшік, я болмаса көше беруде. «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» деп хакім Абай айтқандай, азғындықты насихаттайтын шектен тыс ақпарат арнасымен балалар күнде бетпе-бет келеді. Бірінің-бірі аузына түкіріп қойғандай ішімдікті, нашақорлықты және т.б. азғындықты насихаттайтын арзан кинолар легі молайған үстіне молая түсті. Міне, осындай мәдени ақпараттық агрессия жасөспірімдер мен жастар санасын құрықтап, олардың арасында нашақорлықты, ішімдікті және зорлық-зомбылығы басым қатыгез сананы орнықтыруда. Есірткіге әуес жасөспірімдердің көбін қалалықтар құрайтын болып шықты. Қаладағы ойын-сауық түрлерінің және түнгі клубтардың көптігі балалардың зерігу ортасына айналып барады. Бұдан бөлек жасөспірімдер еліктегіш келеді. Яғни анашаға алғаш әуестену оның бар өмірін қыршыннан қиятынын білмейді көбі. Мамандардың айтуынша, бұрынғыдай апиын емес, қазiр жасөспiрiмдер көбінесе күштi психотроптық дәрі-дәрмектерді, синтетикалық есірткілерді, героиндi пайдаланады. Жүректе қайраттың жоқтығы, ұйықтаған ойды түртуге өзіндік мұршаның болмауы, ақыр аяғында талай жастың ерте жастан мүгедек болуына немесе ұзақ уақыт бойы емделуге апарып соқтыруда. Осы тұрғыда бала тәрбиесіне қатысты бірнеше психолог мамандарды әңгімеге тартқан едік. Мәселен, балалар психологы Гауһар Шажияева былай дейді: «Расында, жасөспірімдер арасында белең алып отырған есірткіге әуестіктің бірнеше психологиялық себептері бар. Мәселен, жасөспірімдер мен жастардың психологиялық ерекшеліктеріне келсек, 11 және 15 жас арасындағы балалар түрлі әлеуметтік рөлдерді тәжірибелеуге бейім, басқа сөзбен айтқанда, «өзін тексеріп көргісі» келеді, мінез-құлықтары жиі қайшылықта, тез шамданғыш болады. Бұл жас кезеңде балалар басқалардың қатесі арқылы үйренгісі келмейді, бір жағынан олар бәрін өздері көріп-білуі тиіс деп есептейді, ал екінші жағынан, олар әлеуметтік топтың, құрдастарының ықпалына тез түседі. Жасөспірім тезірек ересек болғысы, бәрін көріп-білгісі келеді және достарының арасында өзін кемелді сезініп, «модадан» қалғысы келмейді. Сонымен қатар ол басқалардан артық болғысы келеді. Жастар жиі әділетсіздікке шыдай алмайды. Әртүрлі жағдайлар оның жанын жаралайды. Осындай себептермен жастар есірткіге тезірек беріледі». Ал Алматы қаласындағы №172 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Ғабит Дайыновтың пікірінше: «Бүгінде Дүниежүзі бойынша өзіне-өзі қол жұмсау, нашақорлық секілді жаман әдеттер күрт өсіп барады. Өзге елдерді былай қойғанда, өзіміздің Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы нашақорлық қарқынды түрде дамып бара жатқанын көзімізбен көріп жүрміз. Кейбір ресми мәліметтерге қарағанда, 1991-2001 жылдар аралығында ғана Қазақстанда есепке алынған нашақорлар саны 19 есе, ал есірткіден көз жұмғандар 12 есе, оның ішінде кәмелетке толмағандар саны 42 есеге артқан көрінеді. Жалпы, бұл мәселелердің барлығы жасөспірімдер бойындағы рухани құндылықтардың аздығынан болып отыр десек, артық айтқандық емес. Жасөспірімдер тұрмақ, ересектердің өздерінде батыстық жат мінездер мен әдеттерге тойтарыс беретін рухани күшінің кемдігі анық байқалады. Сол себепті дәстүрлі бала тәрбиесіне қайта оралмай, балалардың есірткіден тыс басқа да рухани дерттерге бойұсынатыны анық». Яғни нашақорлық сияқты індеттерден жасөспірімдерді арашалаудың бір жолы мектептерде кешенді түрде бала тәрбиесіне оң әсерін беретін рухани сабақтар шоғырын көбейту керек деп отыр. Иә, осы айтылған пікірлермен келіспеуге болмас. Себебі бұл жағдайға бүгін барлығымыз жабыла жауап қатпасақ, ертең кеш болуы мүмкін. Айтылған жерден аулақ, әрине! Есірткімен жастық шағын улаған Наталья есімді қыз бастан кешкен соңғы 3 жылын былай баяндады: «Қазір мен жиырма екі жастамын. Балалық шағым мен жастық шағым жұрттың бәрінікі сияқты дұрыс өтті. Жалғыз ғана кемістік, мен ерке-тотай болып өсіппін. Менде жаныңа не қажеттің бәрі, тіпті басқалардың қолы жете бермейтін дүниенің бәрі болды. Мүмкін нақ осы жағдай менің он тоғыз жаста есірткімен әуестенуіме себеп болған шығар. Әлі есімде, ол кезде сән агенттігінде жап-жақсы жұмыс істеп жүргенмін. Табысым да жаман емес еді. Жұмысым өзіме ұнайтын. Біраз уақыттан кейін қыздар «кокаин» қабылдауды ұсынды. Мен оны татып көруге бекіндім. Шынымды айтайын, бастапқыда бұл маған ұнады. Бүкіл өне бойың рахаттана жылынып, басың шайдай ашылғандай күн кешесің. Бірте-бірте әлгі «сиқырлы ұнтаққа» тәуелді бола бастағанымды өзім де сезбей қалдым. Содан пәленің бәрі басталды ғой. Бір «доза» үшін біреуді өлтіруге дайын едім. Өйткені ағза есірткіні жиі-жиі талап етеді. Кейін ақшам таусылып, «қайыршылар азығы» дейтін героинге көштім. Ал менің мұңдастарыма келетін болсақ, олардың бірінің де өмірі оңбады, тағдыр соққысын көрді. Біреуі түрмеге түссе, енді біреуі өлді, тағы бірі сал болып қалды. Ендеше, қорытындыны өздеріңіз жасаңыздар, бұл істен еш жақсылық көргенім жоқ. Ал бұдан ары не болары тек бір Құдайға ғана мәлім». Есірткі – әлемдік бизнес Есірткі саудасы мен тасымал жолдарына тосқауыл қойылып жатқанымен, әлемдегі нашақорлық деңгейі бәлендей төмендей қойған жоқ. БҰҰ-ның мәліметіне сүйенсек, жер бетіндегі нашаға тым тәуелді адамдардың саны 30 миллионнан артқан. Соңғы кездері есірткінің синтетикалық жолмен жасалатын түріне сұраныс көбейіп барады. Бұған жалпы саны 50 миллиондай адам құмартады екен. Есірткінің әлемге барынша кең тараған түрі марихуана болып есептеледі. Оны әлемде 150 миллионнан астам адам пайдаланады. Ал кокаин мен апиынға 20 миллиондай адамның жаны құмар. Есірткі тұтыну жағынан Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америка, Кариб бассейні аймақтарының адамдары алда тұр. Ал оны өндіруші әрі тасымалдаушы аймақ ретінде Орталық Азия елдері ерекше аталады. Кейбір деректерге сүйенсек, Ауғанстан әлемдегі наша өндірісінің 90 пайызын бір өзі қамтиды. Халықаралық мамандардың бағалауы бойынша соңғы жылдары Ауғанстандағы апиын-шикiзат өндiрiсi 3 есеге жуық өскен (2002 жылғы 3-4 мың тоннадан 2008 жылы 10 мың тоннаға дейiн). Әйткенмен, Ауғанстандағы есірткі өндірісіне қажетті синтетикалық материалдар осы аймақтан және Еуропадан жеткізіледі. Наша саудасында әр жылы 300-500 млрд. долларға дейін ақша айналады. Енді мұны әлемдік бизнес секторында алдыңғы орындардың бірін алмайды деп көріңіз. Мысалы, өзімізбен көршілес жатқан Ресейде 11 мен 25 аралығындағы жастар есірткі сатып алу үшін 2000 жылы 1,7 млрд. доллар көлемінде қаржы жұмсаса, арада үш жыл өткеннен кейін аталған сома 2,7 млрд. долларға жеткен. Жағаңды ұстауға мәжбүр ететін уәждер. Қазір әлемнің барлық елдерінде есірткі бизнесіне қарсы тиісті заңдар қабылданғанын да білеміз. Мысалы, Сингапур, Малайзия сияқты елдерде есірткі таратушыларға өлім жазасы қарастырылған. Бұл бағытта елімізде тиісті бағдарламалар қабылдап, әрекет етіп жатқаны бар. Бірақ біз көбіне себеп-салдармен ғана күресудеміз. Бізге алдын алу жұмыстарын жасаған жөн. Ол тек мемлекет болып бітіретін шаруа емес. Ол – барша қазақ елінің азаматының бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып әрекет жасайтын жұмысы. Түйін Нашақорлықпен күрес — баршамыздың алдымызда тұрған басты міндеттердің бірі. Бір өкініштісі, нашақорлардың саны жылдан-жылға өсумен бірге, есірткіні жас балалардың, яғни 14-15 жастағылардың қолдануы жиілей түсуде. Әрине, бұл – бүкіл қоғамды, халықты алаңдататын қасірет. Нашақор адамның болашағы жоқ. Себебі мұндай жаман жолға түскен кісі өзіне де, қоғамға да пайда келтірмейді. Адамдық бейнесінен айырылады. Ұрпақ саулығы, ұлт амандығы қазіргі таңда онсыз да саны аз қазақ халқы үшін аса маңызды. Сол себепті саламатты ұрпақ тәрбиелеуге атсалысу баршаға ортақ міндет болып отыр.


53 СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНСІЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МҮМКІН ЕМЕС?

Сөйлеу этикеті сөйлеу тәртібі ережелерінен және сыпайы қарым-қатынастың тұрақты формулаларынан тұрады. Бұл ережелерді білу адамның өзіне деген сенімділігін арттырады, оның әлеуметтік мәртебесін арттырады, басқалармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Сөйлеу этикеті іскерлік қарым-қатынаста маңызды рөл атқарады, мұнда сәттілік серіктестердің бір-біріне жасайтын әсеріне байланысты.

Сөйлеу этикетінің негізгі принциптері қандай екенін анықтайық.

Сөйлеу этикетінің негізгі принциптері қандай?

Барлық өркениетті халықтар үшін сөйлеу этикетінің негізгі қағидалары – әдептілік, сыпайылық, мейірімділік. Сонымен қатар әртүрлі мәдениеттерде қарым-қатынастың ұлттық және діни ерекшеліктері бар.

Әдептілік - бұл әңгімелесушіні түсіну, оған жағымсыз болуы мүмкін тақырыптарды талқылаудан бас тарту және оның тарапынан әдепсіз мәлімдемелер мен сұрақтарға сабырлы реакция.

Әдептілік қарым-қатынаста белгілі бір сөйлеу формулаларын қолдануды, қорлайтын сөздер мен сөз тіркестерін болдырмауды талап етеді. Сондай-ақ әңгімелесушіні мұқият тыңдаңыз, оның сөзін бөлмеңіз, қойылған сұрақтарға жауап беріңіз, оның сөздерін қатаң сынға алмаңыз.

Ізгі ниет әңгімелесушінің көзқарасын құрметтеуден және жағымды, достық қарым-қатынасқа деген көңіл-күйден тұрады. Ол сөз таңдауда, интонацияда, мимикада, ым-ишарада көрінеді.

Біз әңгімелесіп отырған адамның жасы, жынысы және мәртебесі ескерілуі керек. Бастықпен және баламен қарым-қатынас нормалары әртүрлі, бірақ әрқашан сөйлеу этикетінің принциптеріне негізделеді.

Сөйлеу этикетіне мыналар кіреді:

Әдептілік формулалары (сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту, сұрау т.б. сөздер);

Апелляция нысандары;

Табу – тыйым салынған сөздер мен сөз тіркестерін қолданбау;

Ғылыми тілдегі сыпайылық формулалары коммуникациялар немесе салыстырмалылық деп аталады. Олар сөйлеуде қарапайым сөйлемдер сияқты ақпаратты жеткізу үшін емес, басқа адамның жағдайларына немесе сөздеріне реакция болып табылады. Бұл терминдердің мағынасы (ағылшын тілінде communicate – «қосылу» және relate – «байланысты болу») адамдардың қарым-қатынасындағы және қарым-қатынасындағы «цементтеу» қызметін көрсетеді.

Коммуникациялар адам қоғамымен бірге дамыды. Олар әртүрлі тілдерде әртүрлі, бірақ олар барлық халықтарда және өркениеттің барлық түрлерінде бар.



Сөйлеу этикеті

Сөйлеу этикеті сәлемдесуге сәлемдесу арқылы жауап беруді талап етеді. Жауаптың болмауы әңгімелесушіні құрметтемеуді және этикеттің анық бұзылуын білдіреді.

Адамдар бір-бірін танитын болса ғана емес, бейтаныс адамға өтініш, сұрақ, ұсыныс айтқан кезде де амандасады.

Қоштасу кезінде бірдей ережелер қолданылады. Қоштаспастан әңгімені қалдыру немесе үзу – әдепті бұзу.

«Өтінемін» сөзін қосу - сұраудың ең қарапайым және кең таралған түрі.

Ризашылыққа жауап ретінде тамақ туралы болмаса, «Өтінемін» деп айту керек. Бұл жағдайда жауап: «Денсаулыққа».

Дастархан басынан тұрған кез келген адам қалғандарға тамақ пісіруге еш қатысы болмаса да: «Рахмет» дейді. Бұл «Компания үшін рахмет» дегенді білдіреді. Барлығы бір уақытта дастарханнан шыққанда, мысалы, мейрамханада немесе қабылдауда, көршілерге алғыс айту әдетке жатпайды.

«Алғыс айтуға тұрарлық емес» және «Ештеңе үшін емес» деген тіркестерді қолдану ұсынылмайды, өйткені олар әңгімелесушінің ризашылық сезімін ішінара төмендетеді.

«Бәрекелді!» деген тілек адам түшкіргенде жиі айтылады. Бұл жағдайда түшкіруші алғыс айтуы керек. Дегенмен, этикет, керісінше, басқа біреудің түшкіруін «байқамауға» және оған ешқандай реакция жасамауға кеңес береді. Бұл ереже бәріне таныс емес, егер сіз оған денсаулық тілемесеңіз, әңгімелесуші ренжітуі мүмкін. Шығудың ықтимал жолы – ресми және зайырлы жағдайда (іскерлік келіссөздерде, қабылдауда және т.б.) этикет ережелерін сақтау және «Бәрекелді!» деп айту. күнделікті қарым-қатынас жағдайында: үйде, кеңседе, достарымен кездесуде.
№54 АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ КЕЛІСПЕУШІЛІК:КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ ПА?ӘЛДЕ БОЛМАЙ ҚАЛАТЫН ҚҰБЫЛЫС ПА?

Кез-келген кішкентай нәрсе аға және жас буын арасында түсінбеушілік тудыруы мүмкін, бірақ кейде ауыр жағдайлар да туындайды. Кез-келген жағдайда сіз жағдайды дұрыс бағалап, өз позицияңызды қарсы жаққа жеткізіп, олардың дәлелдерін тыңдауыңыз керек.

Қарым-қатынас проблемаларының көпшілігі тежелулерден туындайды. Аға буын жастарды тілектерімен, іс-әрекеттерімен және құралдарымен шектейді. Неғұрлым көп тәжірибе болса, олар жастардың іс-әрекеті перспективалық емес, нақты емес, тіпті өмір мен денсаулыққа қауіпті емес екенін түсінеді. Әрине, екі жақ та қателесуі мүмкін, бірақ тәжірибе өте көп екенін түсінуіңіз керек.

Егер ата-аналар бір нәрсеге келісім бермесе, сіз неге бұлай болып жатқанын талдауыңыз керек. Мүмкін, олар мұны зияннан жасағандай болып көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде мұнда одан да көп себептер бар. Мысалы, олар белгілі бір әрекеттердің қауіпті екенін түсінеді. Кейде олар энергияның, ақшаның босқа жұмсалатынын және бір нәрсеге қол жеткізе алмайтынын түсінеді, ал кейде қиындықты күтеді. Өзіңізді олардың орнында елестетіп көріңіз, оларды не итермелейтінін талдаңыз. Қандай қорқыныш немесе шектеулер оларды қайшылыққа итермелейтінін біліп алыңыз.


Сіз анам мен әкемнен сізге олардың қанағаттанбауының себебін түсіндіріп беруін сұрай аласыз, бірақ оларды тыныш тыңдауға дайын болыңыз, айқайлап немесе ренжімеңіз. Әдетте олар егжей-тегжейлі жауап беруге дайын, бірақ әр бала оны естіп, түсіне алмайды. Бірақ дәл осы білім ымыраға келуге көмектеседі.

Жанжалды шешудің ең алғашқы және тиімді әдісі - бұл сіздің қателескеніңізді мойындау. Сіз олай ойламасаңыз да, бәрібір дауыстап айтыңыз. Кейде бұрын тым көп айтқан болсаңыз, кешірім сұрағаныңыз орынды шығар. Мұны істеу ересектерге сіздің дәлелдеріңізді тыңдауға мәжбүр етеді. Оларға не қалайтыныңызды, олардың талаптарын неге орындамайтыныңызды және қандай нәтиже күтетініңізді ақылға қонымды түрде түсіндіре бастаңыз. Егер қақтығыс тазалаудың болмауына байланысты болса, онда сіз өзіңізді ақтайтын себептерді таба алмайсыз және мойындағаннан кейін сіз тәртіпті сақтауыңыз керек. Егер сіз бір жерге барғыңыз келсе, бірақ сізге баруға рұқсат етілмеген болса, сізге сапардың қандай түрі, кіммен бірге екеніңізді айтуыңыз керек, бұл сіздің қауіпсіздігіңізге кепілдік береді.

Ата-аналардың талаптарын білетіндіктен, сіз оларды естідіңіз, сіздің барлық сөздеріңіз олардың мазасыздығын азайтуға, мазасыздықты азайтуға бағытталған. Олардың барлық мәселелеріне сылтау табыңыз. Сенімді болыңыз және дауысыңызды көтермеңіз. Бұл мәселені шешу сіздің өзін-өзі бағалауыңызға, өмірдегі жетістігіңізге және достарыңызбен қарым-қатынасыңызға қалай әсер ететіндігі туралы әңгімелестік. Бірақ аяушылықты баса бермей, фактілерді айтыңыз.

Тыныш және ақылға қонымды әңгіме - бұл ересектермен қарым-қатынастың белгісі. Ата-аналар сіздің осындай қарым-қатынасқа қабілетті екеніңізді, сіздің сөзіңіз үшін жауап бере алатыныңызды, сіздің мінез-құлқыңызды басқаратындығыңызды көреді және бұл мәселені шешуге көмектеседі.

Ата-аналар мен балалар арасындағы жанжалды шешудің екінші конструктивті емес тәсілі - «Тек бала ғана жеңеді»: Бұл жолмен не қақтығыстардан қорқатын («кез-келген жағдайда тыныштық») немесе үнемі «баланың игілігі үшін» өздерін құрбан етуге дайын ата-аналар жүреді, немесе екеуі де. Бұл жағдайда балалар өзімшіл болып өседі, тәртіпке үйренбеген, өзін-өзі ұйымдастыра алмайды.

Мұның бәрі отбасылық «әмбебап сәйкестік» шеңберінде онша байқалмауы мүмкін, бірақ олар үйдің есігінен шыға салысымен және қандай да бір ортақ іске араласқаннан кейін, олар үлкен қиындықтарды бастайды. Мектепте, жұмыста, кез-келген компанияда енді ешкім оларды қызықтырғысы келмейді.


Мұндай отбасында ата-аналар өз баласына және олардың тағдырына деген саңырауды жинайды. Қартайған кезде мұндай «мәңгі бағынатын» ересектер көбіне жалғыз және тастанды болады. Тек содан кейін эпифания пайда болады: олар өздерін жұмсақтық пен жауапсыз берілгендік үшін кешіре алмайды.