Файл: 1 лтты білім беру моделі мені кзарасыммен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 8340

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бүгінгі таңда күнбе-күнгі өмірде «технология» деген ұғымды да көп пайдаланып жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде «техника» мен «технология» ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібін айтамыз. Олай болса, алғашқы «шеберлік» деген мағынаға тағы да қайтып келдік. Жоғарғы дәрежедегі технологияның негізінде жасалып шығарылған заттың сапасы биік болады.

Бүгінгі таңда дамыған елдерде көп өндіріс ошақтарында автоматтандырылған цехтар жиі кездеседі. Мысалы, автомобильдерді шығаратын зауыттарда, машина қорабын жасау, оны бояу, т.с.с. жұмыс түрлері автоматтар мен роботтарға берілген.

Солай келе компьютерлік техника дамып, көп жағдайда бүгінгі таңда олар ақпаратты таңдап алу, оларды бір жүйеге келтіру, түр-түрге бөлу, т.с.с істермен айналысып, өндірістегі шешімдерге келуге, оларды іске асыруға көмектеседі.

Сонымен тарихи адамның негізгі еңбек функциялары бірте-бірте машиналарға беріліп, олар қоғам өмірінде елеулі рөлге ие болды.
Соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың дамуы «үлкен жарылысты» еске түсіреді. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық зауыттар, бүкіл дүние жүзін қамтыған интернет жүйесі, теледидар, үялы телефондар, 2,5 дыбыс жылдамдығына жеткен ұшақтар (Конкорд), Ғарышта орналасқан станциялар мен жер серіктері т.с.с. қазіргі ғылым жетістіктеріне негізделген.

Осы жетістіктерге таңырқап, сүйсіне қараған ойшылдар болашақта адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген көзқарас ұстады. Мұны біз сциентистік (scientia — лат. сөзі, ғылым), я болмаса техно — оптимистік көзқарас дейміз.

Техника философиясы – бүгінгі әлемдегі техника феноменінің философиялық методологиялық және дүниетанымдық мәселелерін арнайы зерттейтін бағыт. Оның негізгі мақсаты – техниканы, оның дамуын біртұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, техникалық іс - әрекеттің мәнін ашу, техникалық мәдениетпен, саясатпен, адам іс - әрекетінің басқа да түрлерімен байланысын анықтау.


Техника адам өмірін жеңілдету және кеңейту, дамыту қажеттілігінен пайда болды.

Техника болмысы туралы білім XIX ғасырда қалыптасты. Техника философиясының техника – болмыс қатынасын арнайы зерттейтін бөлімі техника онтологиясы, ал техника – адам қатынастарын қарастыратын бөлімі техника антропологиясы деп аталады.


Техникалық білімнің негізгі ерекшелігі – оның нысаны табиғи емес, жасанды сипатта болуы. Техникалық құрылымдар адамның қолымен жасалынады, бұл процессте оның жан – жақты мүмкіндіктері кеңінен қолданыс табады. Бір адам техникалық құрылымның жобасын сызады, екіншісі оны өндірудің технологиясын жасайды, үшіншісі оны өндіреді. Ал төртіншісі онымен тікелей жұмыс жасайды. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір саладағы арнайы білімді игерген адамдар. Физика, химия, механика, технологиялық білімдер болмаса техниканың дүниеге келуі мүмкін емес. Бұған техникалық білімнің жақында ғана қалыптасуының өзі айқын дәлел бола алады.

Ғылыми – техникалық революция ұғымы ғылым мен техникада пайда болған сапалық өзгерістерді білдіреді. Оның басталуы XX ғасырдың 40 жылдарына сай келеді.

Ғылыми – техникалық революция еңбектің сипатын мағынасын, өндіргіш күштердің құрылымын, қоғамның кәсіптік және салалық құрылымын өзгертеді, еңбектің өнімділігін арттырады, қоғамның барлық жағына әсер етеді.

XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап ғылыми – зерттеулерде, өндірісте, басқару, ұйымдастыру саласында электронды – есептегіш машиналар кеңінен қолданыла бастады. Информатиканың, есептеу техниканың, микро процессорлар мен работотехниканың дамуы өндіріс пен басқарудың кешенді автоматтандандырылуына жол ашты.

Ғылым дамуының қазіргі кезеңдегі философиясы — дүниетанымдық базасы диалектикалық-логикалық тұжырымдама болып табылады.

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.

16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, .Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды.




58 АДАМ МЕН ТАБИҒАТ-БӨЛШЕК ЖӘНЕ ТҰТАСТЫҚ

Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты. Адам табиғатты  аялап, қамқорлап, туған жерге сүйіспеншілікпен қарауы тиіс.

  Адам табиғат сұлулығынан,  әдемілігінен, әсемдігінен бойына  қуат, көңіліне шуақ алып, аса  зор іңкәрлік сезімге бөленеді.

Өзін – өзі тану сабақтарын табиғат аясында ұйымдастыру  ерекшеліктері,табиғат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

адам мен табиғаттың үйлесімдігі, табиғаттың тылсым құдіреті, оның адам тіршілігіне әсер-ықпалы туралы ұғымдарын кеңейту.

Табиғат тылсымына бір  сәт көңіл аударып, оған мән беретін  болсақ, өзара үйлесім тапқан алуан  түрлі құбылыстардың біртұтастығын  байқайсың. Табиғат тылсымын түсiнген адам қоршаған әлемдi құрметтеуге, сырын  ұғуға құштар болады.

Табиғаттағы арайлап атқан  таң, қызарып батқан күн, жүйткіген  бұйра бұлттар, сан құбылған сағым, жарқыраған құйрықты жұлдыз, барқыт түндегі  елестер, әнші құм, биші қайың тәрізді  құпия сырлы тылсым дүниеге толы болып келеді. Осынау таңғажайып құбылыстар – табиғаттың ең тамаша сыйы. Табиғат  суреттері адам жанын нәзік сезімге  бөлеп, бүкіл өмірді көз алдыңа жайып  салады.

Тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп, оны аялау, қорғау және көркейту –  әрбір адамның міндеті әрі  борышы. Себебі, табиғат пен адам – егіз ұғым.Табиғаттың  осындай  бүкіл  сұлулығы мен  байлығын  болашақ  ұрпақ  үшін  сақтау – Жер бетінде  өмір сүріп  жатқан  адамдардың  міндеті.Балалар  әрқашан да және  барлық  жерде  табиғатпен   қандай  да  болсын  белгілі бір  қарым-қатынаста  болады. Орманда, көгалда, өзеннің  немесе  көлдің  жағасында   ойнау, саңырауқұлақтар, жидектер,  гүлдер  теру, жануарлар  мен  өсімдіктерді  күту  және бақылау  балаларға  шексіз қуаныш  әкеледі.Табиғатқа  үңіле  қараудан, балалар  ойнайтын  орындарға  құштарлықтан  өз  өлкесіне,  туған  табиғатына, Отанына  деген  сүйіспеншілігі пайда  болып, жетіле  түседі, патриоттық  сезімге  тәрбиеленеді. Табиғаты  шын мәнінде  қандай  болса, сол қалпында  көріп,  еститін  бала кездегі ептілік- балалардың  оған  деген  қызығушылығын  арттырады, білімін  кеңейтеді, мінез - құлқын, ынта - ықыласын қалыптастыруға  ықпал  етеді. 

Табиғат пен адам, егіз әлем ретінде, бірін-бірі күтуге, аялауға  міндетті. Олар бір-біріне сый, құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген пейілі.

Адам – табиғат перзенті. Ол суға, жерге, айға т.б. оларды жаратқан тәңірге табынады, жалбарынады. Жазушы А.Байтанаевтың: «Жұлдызды қайдан ұстауға  болады?» деген әңгімесіндегі  кішкентай Беріктің атасының сөзіне назар айдарайық.


«Е, жаратқан, сен көктесің, құдіретсің, ешкім саған шек келтіре  алмайды. Жердегі пенделеріңе шарапатшы  бол! Шаршағанды демей гөр, ашыққанды  жебей гөр, теріс жолдағының санасына сәуле түсір! Жақсы ойлының тілегін  оңғар! Пенде атаулының бейәдеп  қылығы болса, кеше гөр, тәңірі, сен  мейірімдісің ғой! Шарапат-шапағатыңнан ешкімді тыс қалдырма, хақ тағала! Әумин!».

Адамзат баласы өзінің ғана емес, бүкіл ғаламның аман-саулығы  үшін жаратылыс алдында өзін борыштар сезінері хақ.

Тіршілікте төрт құдірет  – Күн–ана, Жер–ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. «Жері байдың – елі  бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс – ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар» деген мақалдар осы төрт құдіретті  қадірлеуден туған. «Табиғаттың  бізге жұмбақ сырлары көп таңданар»  деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, тісімен құс тістеген ақындар  мен шешендер бүкіл қазына-байлықтың  қымбаттысы – табиғат күйін ғибрат сөздеріне, толғау-термелеріне арқау  еткен. Олар табиғат күйін адамның  көңіл күйіне салғастыра жырға қосқан.

Рухани байлық табиғатқа  деген сыйластықпен жасалмақ. Жас  ұрпақтың бойына оны сіңіру, олардың  қоршаған ортаға қарым-қатынасын, сол  арқылы өмірге деген көзқарасын ояту, соған сай мінез-құлқын қалыптастыру – аға ұрпақтың міндеті. Қазақ  халқының атадан балаға қалдырған даналығы –  «көкті жұлма», «шөпті таптама» – табиғат көріністеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы, туған жер табиғатының бұрынғыдан да жайнап, гүлденуіне ықпал жасауды мақсат еткені. Артына «Шипагерлік баян» атты ғылыми еңбек қалдырған Өтебойдақ Тілеуқабылұлы адамның өз ғұмырында міндетті түрде орындауға тиісті жеті шартты көрсеткен, оның төртеуі табиғатқа байланысты болған. Олар – «көктеп келе жатқан өскінге тиіспеу, көбеймелі жорғамалдарға тиіспеу, қарлығаштарға тиіспеу, көз ашпаған шикілікке тиіспеу». Бұл – табиғатты аялап сақтаудың да үлкен адамгершілік екендігін көрсеткен баба өсиеті. Көшпелі өмір, осылайша, қазақты табиғатпен етене байланыстырған. Өмір озған сайын адам табиғаттың тылсым күшіне, заңдылықтарына тереңдеп бойлаған.

Табиғатты ұмыту – өз басымызды ұмыту деген сөз. Имандылық  пен мейірбандылық – өркениеттің  белгісі. Жас бала табиғат тіршілігін тамашалай отырып, оны сүю барысында  үлкен адамгершілік сезімге ие болады, өзін табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде  сезінеді.

Мен тимеймін, жасқанба,

Дос болайық, көбелек!