Файл: Физика пнінен тосанды жиынты баалауды тест спецификациясы 10сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 713
Скачиваний: 24
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Физика» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалаудың тест спецификациясы
10-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
БҰЛ ТБЖБ ВК @10synypbjb группасынан алынган!!!
Тіркел!!! vk.com/10synypbjb
Тіркел!!! vk.com/10synypbjb
Тіркел!!! vk.com/10synypbjb
ББЖБ ТБЖБ ЖАУАПТАРЫ БАР!!!
↓↓↓
МАЗМҰНЫ
1.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3.Күтілетін нәтижелер 3
4.Ойлау дағдыларының деңгейі 4
5.Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5
6.Жиынтық бағалауды өткізу ережелері 5
7.Модерация және балл қою 6
1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6
2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 16
3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 25
4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 35
-
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
-
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11сыныптары үшін «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
-
Күтілетін нәтижелер
Білім алушы: Білу:
-
механиканың, молекулалық физика мен термодинамиканың, электромагнетизмнің физикалық шамалары мен ұғымдарын; -
бастапқы физикалық ұғымдарды; -
практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін; -
физикалық шамалардың өлшем бірліктерін; -
механика, молекулалық физика мен термодинамика, электромагнетизм бөлімдеріндегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды; -
физикалық құбылыстарды; Түсіну: -
шамалардың физикалық мағынасын, механиканың, молекулалық физика мен термодинамиканың, электромагнетизмнің негізгі терминдері мен заңдарын; -
физикалық құбылыстардың маңыздылығын; Қолдану: -
процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді; -
тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін; -
қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын; -
нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді; -
өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін; -
алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;
Талдау:
-
эксперимент нәтижесінде алынған деректерді; -
графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты; -
заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін;
Жинақтау:
-
кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; -
гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми моделдерді және дәлелдемелерді; -
эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;
Бағалау:
-
жасалған эксперименттің нәтижелерін бағалайды.
-
Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Сипаттама
Ұсынылатын тапсырмалар түрлері
Білу және түсіну
Білу:-
сәйкес бөлімдердегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды; -
физикалық шамалардың өлшем бірліктерін; - физикалық құбылыстарды; Түсіну: -
шамалардың физикалық мағынасын, механиканың, молекулалық физика мен термодинамиканың, электромагнетизмнің негізгі терминдері мен заңдарын; -
физикалық құбылыстардың маңыздылығын.
Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар
(КТБ) және/немесе Қысқа жауапты
(ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану
ұсынылады
Қолдану
Қолдану:-
процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді; -
қолданбалы және оқу тапсырмаларын орындау, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен
формулаларын;-
нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді; -
өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін; - алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;
Деңгейді тексеру үшін Қысқа
жауапты
(ҚЖ)қажет ететін тапсырмалардыжән е/немесе толық
жауапты (ТЖ) қажет
ететін
тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
Жоғары деңгей дағдылары
(талдау, жинақтау, бағалау)
Талдау:-
эксперимент нәтижесінде алынған деректерді, - графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты. Жинақтау: -
кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды, -
гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді, -
эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын. Бағалау: -
жасалған эксперименттің нәтижелерін.
Деңгейді тексеру үшін Қысқа
жауапты (ҚЖ) қажет ететін
тапсырмаларды
және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін
тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
-
- 1 2 3 4 5 6
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан | Білу және түсіну % | Қолдану % | Жоғары деңгей дағдылары % |
I | 0% | 87% | 13% |
II | 0% | 100% | 0% |
III | 0% | 100% | 0% |
IV | 0% | 78% | 22,2% |
Барлығы | 0% | 91% | 9% |
Жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
-
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
-
-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1 - тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30 балл
Тапсырма түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқажауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ – толықжауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларға білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Білім алушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім | Тексерілетін мақсат | Ойлау дағдыларының деңгейі | Тапсыр ма саны* | № тапсыр ма* | Тапсырма түрі* | Орындау уақыты, мин* | Балл* | Бөлім бойынша балл |
1.1 Кинематика | 10.1.1.6 - сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану | Қолдану | 2 | 2 | ҚЖ | 4 | 3 | 7 |
10.1.1.10 - көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау | Қолдану | 4 | ҚЖ | 6 | 4 | |||
1.2 Динамика | 10.1.2.1 - бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру | Қолдану | 2 | 5 | ТЖ | 4 | 4 | 10 |
10.1.2.3 - материалдық нүктенің | | | | | | |||
| гравитациялық өріс кернеулігі мен потенциалының қашықтыққа тәуелділік графигін түсіндіру | Жоғары деңгей дағдылары | | 8 | ТЖ | 7 | 6 | |
1.3 Статика | 10.1.3.2 - әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру кезінде себеп-салдар байланысын орнату | Қолдану | 1 | 3 | КТБ | 4 | 3 | 3 |
1.4 Сақталу заңдары | 10.1.4.1 - сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану | Қолдану | 1 | 6 | ҚЖ | 5 | 5 | 5 |
1.5 Сұйықтар мен газдардың механикасы | 10.1.5.2 - үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану | Қолдану | 2 | 7 | ТЖ | 5 | 4 | 5 |
10.1.5.3 - Торричелли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану | Қолдану | 1 | КТБ | 2 | 1 | |||
Барлығы: | | | | | 40 | 30 | 30 | |
Ескерту:* - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер | | | | | | | |
7
«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
-
К онтейнерге толтырылған судың биіктігі 15 м. Төменнен 10 м биікте орналасқан түтікше суретте көрсетілгендей ашылады. Су түтікшеден қандай жылдамдықпен ағып шығады? (g = 9,8 м/с2)
-
9,9 м/с -
14,1 м/с -
15,0 м/с -
17,3 м/с
[1]
-
Тыныштықта тұрған доп вертикаль төмен құлайды. 1 с-тан соң горизонталь жазықтықтан серпіледі және қайтадан жоғары көтерілгенше бастапқы мезеттен 1,5 с уақыт өтеді.
-
Графикті пайдаланып, доп жылдамдығының өзгерісін сипаттаңыз.
[1]
-
Доп бастапқы орнымен салыстырғанда 1,5 с ішінде қандай орын ауыстыру жасағанын есептеңіз.
[2]
-
Ұзындығы L= 3 м біртекті сырықтың бір ұшынан d=1 м қашықтықта тірек қойылған.
Осы шетінен салмағы W=25 Н жүк ілінгенде сырық тепе-теңдікте болады.
-
Сырықтың тепе-теңдік шартын жазыңыз.
[1]
-
Сырықтың массасын анықтаңыз.
[2]
-
Биік төбеден горизонталь бағытта 8,2 м/с жылдамдықпен лақтырылған доптың траекториясы суретте берілген (ауа кедергісі ескерілмеген).-
Доп жылдамдығы Р нүктесінде горизонтпен 60º бұрыш жасайды. Осы кезде оның жылдамдығы қандай болады?
-
[2]
-
Суретте бастапқы горизонталь жылдамдығы келесі мәндерге ие болған жағдайлар үшін доп траекториясын сызыңыз:
-
ж ылдамдығы 8,2 м/с-тан үлкен және ауа кедергісі ескерілмейді. Бұл траекторияны В әрпімен
белгілеңіз;
[1]
-
жылдамдығы 8,2 м/с-ке тең және ауа кедергісі ескеріледі. Бұл жағдайда траекторияны С әрпімен белгілеңіз.
[1]
-
Жіпке байланған тас горизонталь жазықтықта 5.1-суретте көрсетілгендей тұрақты жылдамдықпен шеңбер бойымен қозғалады.
-
Тас қозғалысының бірқалыпты не үдемелі болатындығы туралы қорытынды жасап, түсіндіріңіз.
-