Файл: Семей аласыны Д. алматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шж кмк таырыбы Ревматизм. Мейіргерлік рдісті йымдастыру.pptx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 57
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі ШЖҚ КМК
Тақырыбы: Ревматизм.Мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру.
Ревматизмнің басты белгісі -кардит.
Жүректен тыс белгілердің ең жиі байқалатындары: полиартрит және полиартралгия.
Полисерозит — перикардит, пленрит, перитонитпен білінеді.
Ревматизмнің диагностикалық критерийлері
Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі ШЖҚ КМК
Тақырыбы: Ревматизм.Мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру.
2020ж
Студент білуі керек.
Ревматизм ауруының анықтамасын, жіктемесін, этиологиясын есте сақтау, патогенезін түсіну, клиникалық көрінісін суреттеу, ағымын түсіндіру, диагностикасын таңдау, асқынуларын есте сақтау, емін, алдын-алу шараларын жоспарлау.
Кіріспе
Ревматизм (ревматизмдік қызба)-осы ауруға бейім адамдарда, көбіне жасөспірімдер мен балаларда А топты В гемолиздеуші стрептококтың әсерінен дамитын және жүрек-тамыр жүйесін басым зақымдайтын дәнекерлік тіннің жүйелі инфекциялық-аллергиялық ауруы.
Ревматизм көбіне балалық және жасөспірім шақта, шамамен 7-15 жас аралығында басталады.
Жедел ревматиздік қызба
Бұл ауру туралы тұңғыш зерттеген ғалым Гален. Бұл аурудың негізіне негізгі үш синдроммен жүреді.
Полиартрит, кіші хорея және жүректің қақпалық аурулары.
Этиологиясы
Ревматизмнің дамуы және рецидивтері А топты β гемолиздеуші стрептококктық инфекциямен тығыз байланысты. Стрептококктық инфекцияның күмәндігін дәлелдейтін мәліметтер:
ревматизммен ауыратын адамдардың көмейінен срептококтың табылуы, қанында стрептококтық антигендердің болуы және стрептококтық антиденелер титрінің биіктігі.
осы аурудың, адамның стрептококтық инфекцияға ең жиі шалдығатын кезінде басталуы
Ревматизм не болмаса оның рецедивтері көмекей , жұтқыншақ , мұрын қуыстарының қайталанған баспа , фарингит , синусит , жоғары тыныс жолдарының стрептококктік қатарынан кейін , 2- 4 апта өткенде басталады.
Патогенезі
Стрептококтық
инфекция
Антиденелердің
түзілуі
Гранулемалар мен склероздың дамуы
Гиперсезімталды лықтың
баяулауы
Ферменттер
Токсиндер
Стрептококқа қарсы антиденлердің
түзілуі
Иммундық
комплекстердің
түзілуі
Иммундық
қабыну
Ревматизм көрінісінің
белгілері
Ревматизм «шабуылының» кезеңдері (ревматизмдік қызба)
Стрептококкты инфекция
Клиникалық көрінісі
2-3 апта интервал
Дене t 37,5-38,5, полиартрит, кардит, т.б.
Ревматизмнің негізгі синдромдары
Буын синдромы - 75%
Кардит - 90%
Тері зақымдалуы (ревм.түйіндер, сақиналы эритема) – 1-3%
Ішкі ағзалар зақымдануы – бүйрек, өкпе сирек, нерв жүйесі – кіші хорея – 12-17%
Қабыну көрсеткіштері – СРБ, сиал қышқылы, лейкоцитоз, қызба.
Клиникасы
Буындардың зақымдануы: ревматикалық полиартрит, тізе, сирақ, табан, кәрі жілік, білезік және шынтық буындарының зақымдануы
Жүрек зақымданулары: ревмакардит ЖРҚ басты синдромы.
Ауруға тән клиникасы: кіші хорея, бос миының зақымдануы, сақина тәрізді эритема
Ревматизммен мектеп жасындағы балалар жиі ауырады.Аурудың 1- ші шабуылы көбінесе қатты түрде басталады , әлсіздік пен селқостық , дене қызуының жоғарлауы , интоксикация болады.Аурудың осындай жалпы белгілері шығуымен қатар , буын ісу белгілері – полиартрит не артралгиялар пайда болады.
Клиникалық көрінісі
Сақиналық
Қол-аяқ проксималды бөлігінде, кеудеде (бетте болмайды) бозғылт-қызғылт сақина тәрізді бөртпелер
Тері қышуы болмайды
Өзінен кейін із қалдырмайды
Сирек кездеседі – 4-17%
Клиникалық көріністері
Үлкен критерилері:
Кардит
Полиартрит
Эндокардит
Вальвулит
Хорея
Плеврит
Ревматизмдік түйіндер
Перитонит
Сақина тәрізді эритема
Теріастылық
Кіші критерилері:
Клиникасы: артралгия, қызбаРевматизмнің басты белгісі -кардит.
Ревматизмде жүрек-тамыр жүйесі зақымдануын екі топқа бөледі: жүректік және жүректен тыс.
Жүректен тыс белгілер көбіне ревматизмнің алғашқы шабуылында (балалық кездегі) жиі және айқын түрде білінеді.
Ересек жастағы науқастарда басым кездесетіні — жүректің зақымдану белгілері.
Ревмокардитте көбіне миокардтың бір өзі немесе 80-100% миокард пен эндокард бірге, ал 5-15% панкардит түрінде зақымданады.
Ревматизмде ең бірінші зақымданатын митральді қақпақ. Жармалардың бүрісіп қысқаруы аддымен митральды шамасыздыққа әкеледі. Шабуылдан 1-2 жылдан кейін митральді шамасыздыққа стеноздың біртіндеп баяу дамыған көріністері қосылады.
Митральді стеноз дамығаннан кейін қолқа шамасыздығы мен стенозы қалыптасады.
Жүректен тыс белгілердің ең жиі байқалатындары: полиартрит және полиартралгия.
Ревматизмдік полиартриттің ерекшеліктері:
ірі буындарды симметриялы түрде зақымдауы;
қабынуға қарсы емнен тез жойылуы
;
буындардың қайтымсыз өзгерістерінің болмауы.
Полисерозит — перикардит, пленрит, перитонитпен білінеді.
Бүйрек зақымдануы.
Өкпенің зақымдануы
Орталық нерв жүйесінің зақымдануы
Терінің зақымдануы
Ревматизмнің негізгі асқынулары
митральді ақаудан дамитын жыбыр аритмиясы
жүрек шамасыздығы
тромбоэмболиялар (жүрек шамасыздығымен қатар ревматизмнен болатын өлімнің негізгі себебі).
Диагностикасы
Лабораториялық көрсеткіштері: қанда стрептококк антигендерінің табылуы, антиденелер титрінің, ЭТЖ ның серомукоидтың жоғарылауы, диспротеинемияның, C реактивті белоктың пайда болуы.
Жалпы қан анализі және жалпы зәр анализі.
Қаннның биохимиялық анализі: жалпы белок фрацияларының пайда болуы, фибриногеннің жоғарылауы.
Иммунологиялық зерттеу: В және Т лимфоциттерді
ЭКГ
ЭхоКГ
Жүректің рентгеногрфиясы
Ревматизмнің диагностикасы?
Жалпы қан анализі (сол жаққа ығысқан лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарылауы)
Қанның б\х анализі(диспротеинемия,С-реактивті белок, стрептококкқа қарсы АД титрінің өсуі)
Аңқадан А тобы стрептокогына жағынды алу
Ревматизмнің диагностикалық критерийлері
Белгілері | ||
Үлкен | Кіші | |
Клиникалық | Лабораториялық | |
Кардит Полиартрит Хорея Сақиналық эритема Теріастылық түйіндер | Болып өткен ревматизмдік қызба немесе жүректің ревматизмдік ақауы. Артралгиялар. Қызба. | Жедел фазалық реакциялар -ЭТЖ-ның биіктеуі, лейкоцитоз, СРБ-ның пайда болуы, ЭКГ-да үзарған Р(2 аралығы + Болып өткен стрептококтык инфекцияның делелдемелері (АСЛ-0 немесе өзге стрептококгық антиденелер титрінің биіктеуі; көмекейден А топты стрептококтың табылуы; жақында болып өткен скарлатина). |
.
Ревматизмнің емі
Қабыну үрдісінің белсенділігін тежеу
Кардитпен ауырған науқастарда ЖРА туындауын алдын алу.
Медикаментозды ем:
Этиотропты ем: пенициллин, бициллин. Пенициллинге аллергия болса, эритромицин немесе цефалоспориндер қолданылады.
Макролидтер:
Қабынуға қарсы препараттар: стеройдтық қабынуға қарсы дәрмектер мен глюкокартикоидтар ( преднизалон ) қолданылады.Стероидтық қабынуға қарсы дәрмектер (Индометацин , Вольтарен , Делагил , Напрасен , Нимулид )
Глюкокортикоидтарды қолдану.
Ең жиі қолданылатьш преднизолон төулігіне 20-30 мг 2 ай (емдік өсері білінгенше), содан кейін дозасын 2,5 мг-нан таблеткадан) әр 5-7 күн сайын азайтады. Ем курсы — 1,5-2 ай.
Преднизолонды тоқтатқаннан кейін емді стероидтық емес қабынуға қарсы дөрмектермен жалғастырады.
Стационарлық ем. Стационарға түскенде міндетті түрде көмекей микрофлорасын , стрептококтық антиденелер титрін және жедел фазалық көрсеткіштерді анықтайды, сонымен бірге кеуде рентгенографиясы мен электрокардиографияны жасайды.Инфекциялық эндокардиттің бар жоғын анықтауға қанның бактериялық анализін алу керек.
Тәртіп. Тәртіптің түрі ревмокардиттің бар жоғына және оның активтілік дәрежесіне тәуелді.Кеселдің жеңіл барысында алғашқы 7-10 күн бойы жартылай төсек тәртібі ұсталады.Кардиттің едәуір ауырлығында қатаң төсек тәртібі 2-3 апта қолданылады.
Екіншілік алдын алу шаралары
Екіншілік алдын алудың ең басты шарасы - ревматизммен ауырған адамға антибиотикті үнемі енгізу.
Оның негізгі мақсаты — жоғарғы тыныс жолдарына А топты стрептококк түсетін болса, оны жойып отыру арқылы ревматизм шабуылының алдын алу.
Екіншілік алдын-алу ревматизмнің рецидивтерін едәуір азайтады.
Ең тиімдісі - ұзақ әсерлі
бициллин-5 - 1 500 000 Б «бұлшық етке 3 аптада 1 рет енгізу.
Қорытынды:
Қорыта келгенде ревматикалық қызба ауруы, қазіргі кезде өлім көрсеткіші жағынан бірінші орында деугеде болады.Ол мүгедектікпен де аяқталады.Көбінесе адамдардың қиыншылық кезеңімен бітеді.Көп жағдайда ревматизмді клиникалық жағдай қиындығына қарап диагнозын қоямыз және белсенділігіне баға береміз.Осы аурудың әсерінен жастайынан тез қартаю болуы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Внутренние болезни. В.И.Маколкин, С.И.Овчаренко Москва “ Медицина“ 1999
Внутренние болезни. С.Л. Касенова
Алматы, 2005
Учебно – методическое пособие Машкунова О.В. Алматы 2008
Ішкі аурулар I том Б.ҚалимұрзинаИнтернет: www.google.ru