ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 44
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Хаттама көшірмесі № 5
Қатысқандар:
-
Ауылдық учаскелік полиция қызметкері Е.Оралбаев -
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Ожаубаева -
Педагог ұйымдастырушы Б.Ахметова -
Мектеп психологы К.Калидолдина
5..Сынып жетекшілер
Күн тәртібінде:
Қаралатын мәселелер:
-
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен құқықтық жауапкершілік» -
Оқушылардың психикасы -
Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауылдық учаскелік полиция қызметкері«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен құқықтық жауапкершілік» тақырыбында хабарлама жасады. Өз хабарламасында жасөспірмідер арасындағы құқық бұзушылық пен құқықтық жауапкершілік туралы тоқталып өтті.
Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы ҚР ҚК бөлімі, қылмыс жасалған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдардың кәмелетке толмағандар деп танылатындығын анықтайтын, 78 бапты ескертеді. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар туралы істеді қарау кезінде, сот кәмелетке толмағанның жасын дәл анықтау үшін шаралар қолданады.
1997 жылды жаңа ҚК қылмыстық жаупкершіліктің пайда болуының екі жастық деңгейін белгілейді. Жалпы ереже бойынша, көптеген қылмыстардың жасалуына қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Қоғамдық қауіптілігі және заңға қарсылығы , он төрт жасқа жеткен жеткен жеткіншектер үшін де айқын болатын кейбір қылмыстар үшін ғана, осы жасқа жетуіне қарай қылмыстық жауапкершілігі мәселелерін шешу кезінде, тергеу органдарының және кәмелетке толмағандардың кейбір қылмыстық жауакершіліктер туындайды. ҚР ҚК 15 бабының 2 бөлімінде қылмыстар тізілімі толыққанды және кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауакершлігі мәселелерін шешу кезінде, тергеу органдарының және соттардың басталатын кейбір қылмыстардың жасаупкершліік 14 жастан басталатын басқа қылмыстардың элементінен тұратынын есекеру қажетдеп айтып өтті. Өкінішке орай, кәмелетке толмағандар көбіне, өздерінің қай жастан бастап және қандай қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын біле бермейді. Мәліметтер бойынша кәмелетке толмағандардың 30 пайызға жуығы қылмыстық жауапкершілік тек 18 жастан басталады деп ойлайды. Тіпті 16-17 жастағы жасөспірмідердің өзі ұрлық, бұзақылық, денеге зақым келтіргендігі үшін, олардың жасында қылмсытық жауапкершілік туындамайды деп ойлайды. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі жас шекараларын анықтай отырып, заң шығарушы, көптеген жағдайларды ескереді, алайда осы жастағы кәмелетке толмағандарға тән психологиялық ерекшеліктерге, олардың нақты түрдегі қылмысты құрайтын қоғамдық қауіпті әрекеттерді сезіну қабілеті мен мүмкіншілік дәрежелеріне шешуші рөл беріледі. Тек кәмелеттік жасқа толмағандарына байланысты оларды жәбірленуші кешіргендіктен ғана, олар қылмыстық жауапкершіліктен құтылады. Алайда бұл жағдай, мүмкін құтылып кетермін дегенді ғана емес, тек жәбірленушінің еркін мәлімдейді, сондықтан да бір нәрсені істер алдында, әрқашанда оның зардаптары жайлы және оның ата-анаға келтіретін зияны жайлы ойлану керек.
Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндіегі орынбасары К.Ожаубаева өз сөзінде кейбір кездері кәмелетке толмағандардың сол немесе басқа жастағы топтарының күнделікті қылықтарынан немесе мінез-құлқынан олардың психикалық жағынан жетілмегендігі байқалады. Алайда солай болғанмен де, әрекеттегі қылықтарды емес, қылмыс болып есептелетін шектен шыққан ерекше әрекеттер жасаған жағдайда, олардың психикалық жағынан жетілмегендігі байқалады. Алайда солай болғанмен де, әрекеттегі қылықтарды емес, қылмыс болып есептелетін шектен шыққан ерекше әрекеттер жасаған жағдайда, олар қылмыстық жауапкершіліктен бұлтара алмайды.
Жасөспірімдердің қылмыстық жауапқа тартылуы туралы оқушыларға толық мағлұмат берілді.
Хатшы: Б.Ахметова
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі» кмм-сі
2021 жылдың 06 қазанында өткізілген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жанындағы отырысының
Хаттама көшірмесі № 2
Қатысқандар:
-
Алакөл аудандық полиция бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар инспекторы, полиция капитаны О.Мұратұлы -
Мектеп психологі Р.Токпаев -
Мектеп медбикесі И.Бахтиярова -
Сынып жетекшілер
Күн тәртібінде:
Қаралатын мәселелер:
-
Оқушылардың қоғамдық орындарда, мектеп ішіндегі жүріс тұрысы, тәртібі.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Г.Курмангалиева: Бүгін міне біздің мектебімізде өте жақсы кездесу ұйымдастырылып отыр. "Жасөспірімдер арасында мектеп ережесін , мектеп формасының жолға қою"-туралы қыркүйек айының 1-нен бастап айтып келе жатырмыз. Қазір біздің мектебімізде мектеп формасы бір қалыпты. ЮПБ-нің инспекторы полиция капитаны О.Мұратұлы қыркүйек айынан бастап біздің мектепке келіп, жұмыс жасап келеді. Біздің мектепте тәртіпке бағынбайтын, тәрбиеленуі қиын бөтен әрекеттерге баратын оқушы жоқ, дегенмен де әлі де алдағы уақытта оқушылармен жеке әңгімелер жүргізіліп, жұмыс жалғасады. Қазіргі уақытта әр адамның құқығын қорғайтын Ата Заңымыз бар. Осы бағытта жасөспірімдердің құқықбұзушылық туралы, әр түрлі бағытта жұмыс жасайтындығын айтты. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылатындығын өз сөзінде айта өтті. Сабақтан себепсіз қалу және кешігу, сабақ үстінде телефонмен сөйлесу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және ойын сауық орындарында болуында құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылатынын алға тартты. Балалар мен жасөспірімдердің құқықтық танымын арттыру және тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруда қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.
Шешім:
1. Мектеп оқушыларының мектеп ережесіне бағынуы, олардың арасында құқық бұзушылықты болдырмау және құқық бұзушылыққа жол бермеу оның алдын- алу шараларын жолға қойып, басшылыққа алу.
Төрағасы: Г.Курмангалиева
Хатшы: И.Мусатаева
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі» кмм-сі
2021 жылдың 24 қарашасында өткізілген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жанындағы отырысының
Хаттама көшірмесі № 3
Қатысқандар:
-
Алакөл аудандық білім бөлімінің бас маманы Б.Аманбеков -
Алакөл аудандық полиция бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар инспекторы, полиция инспекторы О.Мұратаұлы.Мектеп психологі Р.Токпаев -
Мектеп медбикесі И.Бахтиярова -
Сынып жетекшілер
Күн тәртібінде:
Қаралатын мәселелер:
1. Баяндама «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу – басты міндет» . ДТІЖО И.Мусатаева
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ДТІЖО И.Мусатаева «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу – басты міндет» тақырыбында баяндама оқыды. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетсем. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды. Әр ай сайын кеңес отырысы болып өтеді. Кеңңес құрамында 6 адам бар. Кеңес төрайымы мектеп директоры және әкімшіліктен құралған. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында мектебімізде «Полицияға Жәрдемдесу Жедел Тобы» құрылды. Мектепте наркологиялық бекеттер жұмыс істейді. Сонымен бірге, бүгінде мектебімізде
спорттық үйірмелер жұмыс істеп отыр. Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру. Сонымен қатар мектепте оқушы сабақтан тыс қосымша біліммен қамтылып отыр.
Бүгінгі күні қалалық ішкі істер бөлімінде биылғы жылы тіркеуде 5 бала бар. Мектеп іші тіркеуінде -7 оқушы.
Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады. Сондықтан тәртібі нашар, ішкі істер органдарында есепте тұрған оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізуден жалықпау керек сияқты.
Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан жақты сезіну керек» .Азаматтың міндеті -заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындауЗаңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Осыған байланысты тәрбие орынбасары И.Мусатаева баптарға тоқталып, таныстырып өтті.
Шешім:
1. «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу – басты міндет» тақырыбында оқылған баяндама назарға алынсын.
Төрағасы: Г.Курмангалиева
Хатшы: И.Мусатаева
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі» кмм-сі
2021 жылдың 23 желтоқсанында өткізілген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жанындағы отырысының
Хаттама көшірмесі № 4
Қатысқандар:
-
Алакөл аудандық білім бөлімінің бас маманы Б.Аманбеков -
Алакөл аудандық полиция бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар инспекторы, полиция инспекторы О.Мұратұлы -
Мектеп психологі Р.Токпаев -
Мектеп медбикесі И.Бахтиярова -
Сынып жетекшілер
Күн тәртібінде:
Қаралатын мәселелер:
1.Құқық бұзушылықтың І жарты жылдықта атқарылған жұмыстар қорытындысы
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ДТІЖО И.Мусатаева мектеп директорының № 153 03.09.2021 ж. бұйрығымен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары негізінде жұмыстар жүйелі жүргізіліп, құқық қорғау органдарымен бірлескен жоспар бойынша іске асырылуда. Жоспарланған құқықтық тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, кездесулер, сауалнамалар уақытылы жүргізілді. Сынып жетекшілері өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауда. 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айынан бастап аудандық есепте тіркелген оқушы болмады, мектепішілік есепке тіркелген оқушы Ғ.Нұрғали 8 сынып оқушысы.
Мектепішілік есепке тіркелген оқушымен жеке жұмыс жоспары құрылып, әрдайым мектепішілік іс-шараларға тартылады. Мектепішілік бақылауға алынған. Оқушының сабаққа деген ынтасы төмен, оқу үлгерімі нашар. Барлық оқушылардың сабаққа қатысуы күнделікті қадағаланады. Мектеп психологі оқушылармен әрдайым жұмыс жүргізеді. Оқушылардың ата-аналарымен сынып жетекшілері тығыз байланыста. Оқушыларға күнделікті «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. «Мектепке жол» Республикалық акция бойынша Атчабарова Валерия мен Амантайұлы Өнердге киім-кешек берілді. Оқушылар сабақтан бос уақыттарында үйірме, факультатив сабақтарына қатыстырылып, әрбір спорттық және мерекелік іс-шараларға тартылады.
Шешім:
1. Құқық бұзушылықтың І жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша қорытындысы қанағаттанарлық деп танылсын.
Төрағасы: Г.Курмангалиева
Хатшы: И.Мусатаев
«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі» кмм-сі
2022 жылдың 14 қаңтарында өткізілген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жанындағы отырысының
Хаттама көшірмесі № 5
Қатысқандар:
-
Алакөл аудандық білім бөлімінің бас маманы Б.Аманбеков -
Алакөл аудандық полиция бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар инспекторы, полиция инспекторы О.Мұратұлы -
Мектеп психологі Р.Токпаев -
Мектеп медбикесі И.Бахтиярова -
Сынып жетекшілер
Күн тәртібінде:
Қаралатын мәселелер:
1. Баяндама «Бала құқықтары мен міндеттері». Тарих пәнінің мұғалімі С.Нуриханова
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тарих пәнінің мұғалімі С.Нуриханова: Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.