Файл: Мазмны 1 Блім кмелетке томаандар арасында ы бзушылыты алдын алу бойынша жмысты йымдастыру.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 269

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

,

Мазмұны

1 БӨЛІМ

Кәмелетке томағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру

Жасөспірімдер мен балалардың психологиялық ерекшеліктері.........................6

Құқықтық күндер күнтізбесі..................................................................................7

Құқықтық нормативтік қамтамасыз ету................................................................8

Жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор, директордың тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары, психолог, әлеуметтік педагогтің бірлескен жұмысы....................9

Мектептің «қиын балалармен» өткізілетін іс-шаралар тізімі...........................9

2 БӨЛІМ

Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі қызметін ұйымдастыру

Қажетті құжаттар тізімі.........................................................................................10

Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі туралы Ереже..................................11

Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстары...........................................................................................14

Құқық бұзушылық алдын алу Кеңесіне шақырылған оқушы туралы ақпарат....................................................................................................................16

Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі хаттамалары үлгілері....................16

Рейд жүргізу карточкаларын толтыру үлгісі….................................................18

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың жай-күйі туралы ақпарат мониторингі................................................................................20

Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі мамандарының функционалдық міндеттері ..............................................................…............................................21

Құқықбұзушылықтың алдын алу Кеңесінде қарауға ұсынылатын тақырыптар.............................................................................................................24

Оқушыларды мектепішілік есепке қою немесе мектепшілік есептен шығару туралы ережелер....................................................................................................24

Жасөспірімді жеке зерттеу картасы.....................................................................30

Мектепшілік есепке қою немесе есептен шығару туралы ата-анаға жіберілетін ескертпе-хабарламалар үлгісі..........................................................31

МІЕ тұрған оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыс түрлері...........................31

ІІД Әкімшілік полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің мектепішілік есепте тұрған оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсынған материалдары.........................32


Жасөспірімдердің отбасылық тұрмыс – жағдайын зерттеу актісі...................35

Мектепішілік есепте тұрған оқушының мінездемесі.........................................36

Мектепішілік есепте тұрған оқушының жеке ісі................................................37

Кәмелетке толмағандар арасындағы қаңғыбастық пен қараусыздықтың алдын алу бойынша рейдтерді өткізу ережесі...................................................38

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қараусыздықтың алдын алу Кеңесінің отырыстар кестесі........................................................................40

Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің жұмыс жоспары......................41

Білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының жоспары ................................................................................................................44

3 БӨЛІМ

Білім беру ұйымдарында жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру

Білім беру ұйымдарында жалпы құқықтық білім беру туралы Ереже............48

Полициямен бірлескен Отрядтың қызметі туралы ереже............................50

4 БӨЛІМ

білім беру ұйымдарында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмысын тексеру бойынша жадынама................................................................................................................52

ІІД Әкімшілік полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің оқушылар үшін ұсынған материалдары..........................................53

Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс ережелері................................................................................................................55

5 БӨЛІМ

Білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу Кеңесінің қызметін нормативті-құқықтық қамтамасыз ету......................................................................................................56

Оқыту және тәрбиелеу міндеттеріне сәйкес келмейтін ақпараттар тарататын ғаламтор желісінің ресурстарын оқушыларға қолжетімсіз ету мақсатында білім беру ұйымдарында жасауға ұсынылатын шаралар.................................65

6 БӨЛІМ

Полицияның учаскелік инспекторлары жұмысын ұйымдастыру

Глоссарий .............................................................................................................65

Ұсынылған әдебиеттер тізімі..............................................................................73

Қысқартулар тізімі ..............................................................................................73
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды қалыптастыруда бастысы азаматтық пен құқықтық мәдениетті дамыту болып табылады. Бұл азаматтардың қоғам, ел өміріне сапалы түрде және өз бетімен қатысуын көздейді.



Оқушыларға құқықтық тәрбие беруді қамтамасыз ету мазмұнындағы құқықтық тәрбие, білім беру жүйесінің заманауи бөлігі және басым бағыты болып табылады.

Құқықтық білім беруді қалыптастырудың маңыздылығы қоғамда болып жатқан әлеуметтік үдерістердің жоғары динамизмі мен әлеуметтік – техникалық қажеттіліктердің жоғарылауымен ғана емес, ғылыми-техникалық өркендеу талаптарының жоғарылауымен де тығыз байланысты. Саяси өмірдің әртүрлі мәселелерін кәсіби, терең түрде түсіну үшін, заманауи қоғамның барлық салаларындағы динамикалық өзгерістерді анықтау үшін жақсы ойлау қабілеті, дүниетанымдық көзқарасқа сенімділік және жүйелі құқықтық ұстаным болуы қажет.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылдың 22 сәуіріндегі № 227 бұйрығы негізінде бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес тәрбие жұмысының басты бағыттарының бірі жас жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері

Құқықтық тәрбие беру орта және жоғары сынып оқушылары үшін өте маңызды. Жасөспірімдік кезең – бұл құқықтық тәрбиеге қалыптастырудың ең қолайлы кезеңі. Осы жастағы оқушылар құқық, еркіндік жөніндегі ақпараттарды және заңды толық түсіне алады. Құқықтық тәрбиенің мақсаты-мемлекеттің заңын құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу. Құқықтық тәрбиенің бастамасы оқушыларға терминдер мен ұғымдарды түсіндіру. Терминдік түсініктерді еркін меңгеру арқылы оқушы жауапкершілікті сезініп, іс -әрекеттің құқықтық жағын саралайтын болады.

Жасөспірімдік кезең – есею, жетілу, мүмкіншілік кезеңі. Бұл кезеңде өзгерістер, әсіресе өзара қарым – қатынастағы өзгерістер жедел түрде болады.

10 жас- балалардың алтын уақыты, бұл жастағы балалар өмірді жеңіл қабылдайды, сенгіш, ата- аналарына бірдей қарайды, өз түр – тұлғасына аса көп мән бермейді.

11 жастағы балаларда ағзаның қалыптасу кезеңі басталады, бала импульсивті болады, қарсылық әрекеттері байқалады, көңіл – күйі жиі ауысып тұрады, қатарлас балалармен келіспеушіліктер, ата –аналарына қарсы шығу байқалады.

12 жаста балалардың өмірге деген көзқарасы жақсарады, олай болмаған жағдайда тәртібі нашарлайды, отбасында өзін – өзі билеуі артады, достарының әсері көп болады. Жасөспірім өзіне түр – тұлғасына мән бере бастайды. Ұлдардың немесе қыздардың мәселеріне қызығушылық таныта
бастайды. (Еркіндік іздейді, қатарластарымен және қыздар ұлдармен, ал ұлдар қыздармен қарым – қатынасты іздейді)


13 жаста ішкі ойлары пайда бола бастайды, өзінен мін іздеу, сынау пайда болып, сынға келгенде сезімтал болады, психологияға қызыға бастайды, ата – аналарына сыни көзқараспен қарайды, араласатын достарын да таңдайды (Жалғыздық тақырыбы, ішкі келіспеушіліктер, ата – аналарымен келіспеушіліктер, өзін басқалардан бөлек сезіну, жаңа ортада өзін жайсыз сезінуі).

14 жаста – интроверсия экстраверсияға ауысады, жасөспірім экспансивті болады, адамдармен жақсы қарым – қатынаста болуға ұмтылады, көпшіл болады, өзіне деген сенімділігі, адамдарға деген қызығушылығы артады, олардың әр түрлілігі қызықтырады. (Барлығына сыйластықпен қарайды, өзіне де, өзгеге де сыйластықпен қарауға талпынады)

15 жас- жаңа жоғары даму кезеңі:

- еркіндік сезімінің жоғарылауымен байланысты отбасында, мектепте жасөспірімнің күйгелектігі байқалады. Ең жағымдысы, өз еркімен жүруге талпыныс өзін-өзі басқарумен үндеседі және жасөспірімнің өзін – өзі тәрбиелеу санасының оянуы басты болып табылады. Бұл жасөспірімнің зиянды әсерлерге тез бейімделіп кету сезімталдығының күшеюіне, жаман әдеттерге үйір болуына алып келеді. Топтық қажеттілік пен топтық идентификасия мөлшері артады (ең үлкен мәселелер: еркіндік іздеу, ата- аналарымен келіспеушіліктер, өзін іздеу, жалғыздық, жаман әдеттердің әсері, сәнге айналған дәстүрлі емес топтарға қатысу).

Жоғары сыныптағы жасөспірімдердің ар – намыс сезімдері алда тұрады, парыз, серіктестік, ғашықтық сезімдерге бой алу басым болады. Жасөспірімдер бір – біріне жоғары моральдік талаптар қояды. Бір-бірімен дос болуда сабақты жақсы оқу қасиеттері аса маңызды болмайды, тек адамгершілік қасиеттеріне көп мән береді: жолдастарын батылдығы, ерлігі, қиын сәттерде көмек көрсету т.б қасиеттеріне қарап бағалайды. Достық қарым-қатынас орнату қажеттілігі тән болады, яғни, достарымен әңгімелескенді ұнатады, достықты жоғары бағалайды және келіспеушіліктер болса соған қатты алаңдайды.

Жасөспірім жеке тұлға болып толық қалыптаспағандықтан және әлі қоғамдық ортада өз орнын таппағандықтан, осы кезеңде оқушыларға отбасы тарапынан, мектептен, қоғамнан әлеуметтік бақылауды күшейту керек. Өйткені, жасөспірімге ата – аналардың ықпалынан гөрі араласатын ортасының, топтардың ықпалы басымырақ болады және бұл- жасөспірімдерде қоғамға қарсы жат әрекеттерге бейім болу қылықтарының көбеюіне бірден-бір себеп болушы фактор.

Құқықтық күнтізбелік күндер

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

4 маусым - Халықаралық агрессия құрбандарының

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
20 қараша – Бүкіл әлемдік балаларды қорғау күні

10 желтоқсан – Адам құқықтары күні

Құқықтық нормативтік қамтамасыз ету
Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі қызметінің нормативтік базасын Қазақстан Республикасының төмендегідей стратегиялық құжаттары құрайды:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданды, өзгертулер мен толықтырулар 2011 ж. 2 ақпанында енгізілді;

2. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы кодексі № 518-IV 2011ж. 26 желтоқсан (өзгертулер мен толықтырулар 2014 ж. 17 қарашасында енгізілді);

3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы № 319-III 2007 жылдың 27 шілдесінен (өзгертулер мен толықтырулар 13.11.2015 енгізілді);

4. «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы № 345-II 2002 ж. 8 тамыз, (өзгертулер мен толықтырулар 2014 ж. 29 желтоқсанында енгізілді);

5. «Діни қызмет пен діни бірлестіктер» туралы Қазақстан Республикасының № 483-IV ЗРК 2011 ж. 11 қарашасындағы заңы;

6. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 2010 ж. 7 желтоқсанында ҚР Президентінің № 1118 жарлығымен бекітілген. (өзгертулер мен толықтырулар 2014 ж. 12 тамызында енгізілді);

7. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің

2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген ;

8. «Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы

9. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылдың 22 сәуіріндегі №227 бұйрығы негізіндегі «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері»;

10. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекет - тік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 Қаулысымен мақұлданған;

11.Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 Бұйрығымен бекітілген;