Файл: Кн тртібінде аралатын мселелер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 43

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген. 


Балалар құқығының» заңдары. 
- Бала деп кімді айтамыз? 
- Баланың қандай құқығы бар? 
- Еңбек етуге; 
- Өз пікірін білдіруге; 
- Баланың өз атын, әкесінің атын алуға; 
- Мүлікке ие болу; 
- Қорғалуға; 
- Отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге; 
- Ұлтын таңдауға; 
- Дем алуға; 
- Денсаулығын сақтауға құқылы. 
«Бала құқығының» заңдарынан баптарды ұсыну. 
1 – бап 
Бала сипаттамасы. 
18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін. 
2 - бап 
Дискриминацияны, яғни зорлық – зомбылықты болдырмау. 
Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті. 
3 – бап 
Бала құқығын анағұрлым толық қамтамасыз ету. 
Балаға қатысты жасалатын барлық іс - әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата – ана немесе басқа тұлға балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс. 
4 - бап 
Құқықты іске асыру. 
Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек. 
5 – бап 
Отбасындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы. 
Мемлекет баланың жан – жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата – аналар мен кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс. 
6 - бап 
Өсу мен даму. 
Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті. 
7 – бап 
Есім мен азаматтық. 
Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай - ақ азаматтық алуға, мүмкіндігі барынша өз ата – анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы. 

8 - бап 
Жеке тұлғалықты сақтау. 
Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады. 
9 – бап 
Ата – анадан ажырау. 
Бала өз мүддесіне қарама – қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата – анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай – ақ бала ата – анасының екеуінен немесе біреуінен ажыраған жағдай да олармен байланыс жасап тұруға құқылы. 
10 - бап 
Отбасының қосылуы. 
Бала мен ата – ана отбасын біріктіру немесе өзара қарым – қатынастарын нығайту мақсатында кез – келген елден шығын өз еліне келуге құқылы. 
11 – бап 
Заңсыз орын алмастыру және оралмау. 
Мемлекет ата – ананың немесе үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті. 
12 - бап 
Баланың көзқарасы. 
Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лайық. 
13 – бап 
Пікір айту еркіндігі. 
Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай – ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы. 
14 - бап 
Ой, ар – намыс және дін бостандығы. 
Ата - ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар – ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті. 
15 – бап 
Ассоциация бостандығы. 
Бала басқа адамдармен кездесуге және ассоциаларға кіруге болмаса оны құруға құқылы. 
16 - бап 
Жеке өмір сүру құқығын сақтау. 
Балалар өздерінің жеке, жанұялық және отбасылық өміріне қол сұғушылар еттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады. 
Шешім:
  1. «Бала құқықтары мен міндеттері» тақырыбында оқылған баяндама назарға алынсын.




Төрағасы: Г.Курмангалиева

Хатшы: И.Мусатаева

«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі» кмм-сі

2022 жылдың 25 ақпанында өткізілген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жанындағы отырысының

Хаттама көшірмесі № 6

Қатысқандар:



  1. Алакөл аудандық білім бөлімінің бас маманы Б.Аманбеков

  2. Алакөл аудандық полиция бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар инспекторы, полиция капитаны Кульбеков А.Ж.

  3. Мектеп психологі Р.Токпаев

  4. Мектеп медбикесі И.Бахтиярова

  5. Сынып жетекшілер



Күн тәртібінде:

Қаралатын мәселелер:

1. Баяндама «Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер» Алакөл аудандық полиция бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар инспекторы, полиция инспекторы О.Мұратұлы




Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Алакөл аудандық полиция бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар инспекторы, полиция О.Мұратұлы: Бас бостандығынан айрылғандар қатарында кәмелеттік жасқа толмағандардың көбеюі біздің қоғамды алаңдатпауы мүмкін емес. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі. Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру,адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлататын мән-жайларда көлікті айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қаруды ұрлау немесе жарылғыш заттар мен басқа да құрылғылар, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық, тағылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды ұрлау немесе қорқытып алу,ауырлатылған мән-жайларда мәйтті немесе олардық көмілген жерлерін қорлау,көлік құралын немесе теміржолдарын қасақана жарамсыздық жағдайға келтіргені үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сот тәжірибесі көрсеткендей, кәмелетке толмағандар көбінесе ұрлық, тонау секілді қылмыстар жасайды. Сонғы кезде аталған қылмыстар ішінде ұялы телефондарды ұрлау жиі орын алуда. Мұндай қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер құқық бұзушылардан жасы кіші, әлсіздеу, кәмелеттік жасқа толмағандар болып табылады. Келешек ұрпақтың осындай құқыққа қайшы әрекеттер жасауға жол бермеу үшін оқушылар мен ата-аналар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру керек. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 116 «2009-2011 жылдарға арналған азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, құқықты түсіндіру жұмысы бойынша бағдарламалар туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының құқықтық саяси концепцияларының ережелерін іске асыру.

Құқықтық жалпы оқытудың мақсаты - оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың саяси белсенділіктерін және жалпы құықықтық мәдениеттерін арттыру; Мемлекет Басшысының 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауын түсіндіру және насихаттау.


1-4 сынып оқушылары үшін:

- Қазақстан Республикасының Заңы туралы, Конституциясы туралы бастапқы білімін қалыптастыру, рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге, мінез-құлық этикаларын қалыптастыруға көмектесу;

5-9 сынып оқушылары үшін:

- құқықтық білімдерін жүйелеу, заңгерлік сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тәртіп ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге оқушыларды дағдыландыру;

10-11 сынып оқушылары үшін:

- тереңдетілген құықтық білімдерді меңгеруге мүмкіндік туғызу және лайықты өмір салты дағдыларын қалыптастыру: құқықтар мен міндеттер тұтастығы ұстанымын оқушылардың санасына жеткізу.

Құқықтық жалпы оқыту қоғамдық пән мұғалімдерінің жетекшілігімен ақпараттық- насихаттық лекторлық топтарымен жүзеге асырылады.

Шешім:

1. «Бала құқықтары мен міндеттері» тақырыбында оқылған баяндама назарға алынсын.


Төрағасы: Г.Курмангалиева

Хатшы: И.Мусатаева