Файл: Алпысов А.. Математиканы оыту дістемесі оу ралы Павлодар, 2012.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 1753
Скачиваний: 140
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
1. Математиканы оқыту әдістемесі пәні
2. Математиканы оқытудың мақсаттары мен мазмұны
Математиканы оқытудың қағидалары
Математиканы оқытудың әдістері
5. Математикалық ұғымдар, сөйлемдер және оларды үйренудің әдістемесі
6. Математиканы есептер арқылы оқыту әдістемесі
Математикадан сыныптан тыс жұмыстар, оны өткізу әдістері
9. Педагогикалық практика туралы
Математиканы оқыту әдістемесіне тығыз байланысты ғылымдардың бірі – математика тарихы. Бұл мектеп математикасының жекелеген тарауларын оқытқанда оның даму жолы мен заңдылықтарын, математиканың бізді қоршаған ортамен байланысын нақты фактілермен көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан математика сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда математика тарихына қысқаша шолу жасау оқушылардың пәнге ынтасын, қызығушылығын арттырумен қатар, бұл ғылымның тарихи төркінін, практикалық құндылығын жете түсінуге де баулиды. Математиканы оқыту әдістемесінде математика курсын дамытуға, оның мазмұнын жаңартуға дидактика тікелей қолғабыс жасайды. Математиканы оқыту әдістемесі
дидактиканың заңдары мен қағидаларына сәйкес дамиды. Математиканы оқыту әдістерінің жүйесі мен оған қойылатын талаптар оқыту әдістерінің дидактикалық сарапталуымен басты-басты қағидалары жүзеге асырылады.
Математиканы оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып есептелетін жалпы және жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланыста болады. Оқыту және тәрбиелеу процесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілгенде ғана нәтиже бермек. Сондықтан балалардың психологиясының заңдылықтарын жете білу, оқыту мен тәрбиелеудің неғұрлым тиімді түрлері мен жолдарын табуға көмектеседі.
Математиканы оқыту әдістемесінің дамуына Л.С. Выгодский, П.П. Гальперин, Н.А. Менчинская, Е.Н. Кабанова-Меллер, В.А. Крутецкий, Н.Ф. Талызина сияқты ірі психологтардың ілімдері мен теориялары елеулі ықпал көрсетуде. Олардың зерттеулерінде әдістемелер жас ұрпақтың ерекшеліктеріне байланысты білімді қабылдау заңдылықтарына сүйенгенде нәтиже беретіндігі пайымдалған.
Басқа ғылымдар сияқты математиканы оқыту әдістемесі диалектика заңдары бойынша дамиды. Диалектикалық материализм оқу-тәрбие процесінің негізгі заңдылықтарын ашуға және оны ұйымдастыру формаларын тағайындауға жағдай жасайды. Диалектика заңдарын меңгеру оқу-тәрбие үрдісінің тұтастығы мен қайшылықтарын түсінуге, кездейсоқ әдістемелік қателіктерге жол бермеуге көмектеседі.
Математика әдістемесінің пән және ғылым ретінде дамуына логиканың әсері мол. Логиканың заңдары математика ұғымдарының жүйесін құру кезінде, оқыту құралдары жүйесін жасағанда кеңінен қолданылады. Білім тарихын зерттеушілер «логика» сөзін алғаш енгізген адам – ол ежелгі грек ғалымы Демокрит (б.з.б. 460-370) болған деп көрсетеді. Демокрит «Ойлау ережелері» деген ғылыми еңбегін жазған. Осы тарихи шығарманың айдарлық тақырыбына «логика» пәнінің аты келіп шықты. Өзіндік зерттегіш әдісі және зерттеу нәрсесі бар «логика» пәнінің негізін алғаш рет қалаған әлемнің бірінші ұстазы атанған әйгілі грек данагері Аристотель (б.з.б. 384-322). Әбу Насыр Әл-Фараби: «Логика - интеллектінің кемеліне келуіне жағдай туғызатын, интеллекция объектілерін танудың барлық жағдайларында адамды ақиқат жолға бағдарлайтын заңдар жиынтығын үйрететін пән» деген
болатын.
Математика әдістемесі педагогикалық әдіс ретінде өнерге де өте жақын келеді. Әдістеме тәжірибесінде сөйлеуді, сөзді, дауыс ырғағын, жүріс-қимыл т.б. сыртқы факторларды ұтымды пайдаланудың мәні зор. Сондықтан да кейде «әдістеме – жартылай ғылым, жартылай өнер» дейді.
Математика адамдардың білімге құмар- лығын қанағаттандыратын, ..., кәсібін жеңілдететін және еңбегін оңайлататын аса қуатты өнертабыс болыптабылады.
Декарт Р.
2. Математиканы оқытудың мақсаттары мен мазмұны
-
Математиканы оқытудың мақсаттары.
-
Математиканы оқыту мазмұнының негізгікомпоненттері. -
Дамытутенденциясы.
-
Жеке тұлғаны тәрбиелеудің қажеттілігі мен қазіргі кезеңдегі математикалық білімінің рөлі мектепте математиканы оқытудың мақсатын анықтайды. Математиканы оқыту мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі демократиялық қоғамның жан-жақты дамыған белсенді құрылысшысын қалыптастыру, білімнің дүниеге ғылыми көзқарас пен практиканың арасындағы байланыс жайындағы ілім болып табылады. Қазіргі таңда жалпы білім беретін орта мектепке қойылатын жалпы талаптар: мектеп оқушыларының бойына Отанға сүйіспеншілік, үлкендерді, ата-аналар мен мұғалімдерді сыйлау сезімін дарытуға, жеткіншек ұрпақты оқу мен еңбектің сапасы үшін, өздерінің мінез-құлқы үшін жоғары жауапкершілік рухында тәрбиелеуге, оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуға, экономиканы басқаруы сол арқылы өзін де, қоғамды да байлыққа кеңелтуі керек. Бұл тұжырым математикалық білім берудің басты мақсатын анықтайды.
«Математикамен бала күнінен айналысқан адамдар өзінің ілтипатын дамытады, миы мен еркін жаттықтырады, көздеген мақсатына жеткізетін жігер мен табандылықты қалыптастырады» деген болатын А.И. Маркушевич. Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары: білім беру, тәрбиелеу,
тәжірибелік, дамытушылық болып табылады.
-
Математиканы оқытудың білім берумақсаты:
а) барлық оқушылар математикалық білімнің барлық жүйесін терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету;
б) математикалық тілді меңгеруге үйрету;
в) оқушыларды бізді қоршаған ақиқат болмысты танып білудің математикалық әдістерін игеруге жәрдемдесу;
г) оқушыларды математикадан алған білім мен іскерліктерін оқуға және өз бетімен білім алу барысында белсенді түрде пайдалана білуге үйрету;
д) оқушыларды ғылым негізімен таныстыру;
е) оқушыларды математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне үйрету.
-
Математиканы оқытудың тәрбиелікмақсаты:
а) математиканың қоғамдағы алатын орны туралы және оның қоғамның, техниканың, ғылымның басқа салаларының дамуына байланысты дамитыны туралы мағлұматтарды қалыптастыру;
б) оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, математикалық мәдениетке тәрбиелеу және оқушылардың математикаға деген тиянақтылығын қамтамасыз ету;
в) оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
г) оқушыларға адамгершілік пен эстетикалық тәрбие беру (еңбек сүйгіштік, патриоттық сезім, әдемілікті сезіну);
д) математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды саналы тәртіпке, белсенділікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге, жауапкершілікке т.б. адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
е) оқушыларды математикалық құбылыстарды дұрыс талдауға бағыттау;
ж) оқушыларды математика ғылымына, математик ғалымдарға сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
-
Математиканы оқытудың тәжірибелікмақсаты:
а) оқушыларды алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге, практикалық (экономикалық, қоршаған ортаға байланысты) есептерді шығаруға;
б) математиканы физикаға, химияға, информатика, т.б. жаратылыстану пәндерінде қолдана білуге үйрету;
в) математикалық құралдар мен аспаптарды пайдалануға баулу;
г) оқушылардың өз бетінше білім алуына көмектесу (оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен жұмыс).
-
Математиканы оқытудың дамытушылықмақсаты:
а) оқушылардың математикада логикалық қабілеттерін дамыту;
б) математикаға ықыласын, өз бетімен нәтижелі ойлау интеллектісін дамыту;
в) математикалық есте сақтау және ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
г) математикалық объектілерді, қатынастарды, амалдарды тез және кеңінен қорытындылай білу қабілетіне баулу;
д) сандық және кеңістік қатынастар сферасында логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Л.С. Выготский өз зерттеулерінде дамудың жақын теориясын ұсынды. Бала қандай да бір іс-әрекетті өз бетімен орындай алмайды және ол әрекетті әуелі ересектердің жәрдемімен орындайды, содан соң барып өз бетінше орындай алады, өзекті даму деңгейіне көшеді.
Қазіргі кезеңде жер бетінде білім берудің құндылығы қайта қаралып өзгеріп жатқан тұста, дамытуды тек ойлауды немесе жалпы психиканы дамыту деп қарау жеткіліксіз. Қазіргі кезде дамытуда оқушы тұлғасын біртұтас дамыту ретінде түсіну керек. Ол оқушылар үшін олардың қабілеттерін, қызығушылықтарын, бейімділіктерін жан-жақты және үйлесімділік дамыту, ол мәдениетті, жоғары адамгершілікті,
белсенді шығармашылықты және әлеуметтік кемелденген тұлға қалыптастыруды бағамдайды.
-
Орта мектептің математика курсының мазмұны осы заманғы орта мектеп бағдарламасының негізі:
-
Сандар жүйесі. -
Шамалар. -
Теңдеулер мен теңсіздіктер. -
Математикалық өрнектерді теңбе - тең түрлендіру. -
Координаталар әдісі. -
Функциялар. -
Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері. Геометриялық шамаларды өлшеу. Геометриялық түрлендірулер. -
Векторлар. -
Математикалық анализ бастамалары. -
Информатика мен есептеу техникасының негіздері.
Бұл мәселелерді шешу жас ерекшелік кезеңінде, қандай сыныпта, қандай терең білім беруде, қанша сағат санымен үйрену қажеттігі орта мектепке арналған бағдарламада анықталады. Бұл тарауларды үйрену математиканы оқытудың арнайы әдістемесінде толық қарастырылады. Мысалы “сандар жүйесі” бөлімі оқытудың барлық курстарында үйретіледі. Сандар жүйесі мектеп бағдарламасына бұдан көп бұрын енгізілген. Уақыт өткен сайын барынша төменгі жастағы балалар оқитын болды. Математиканы оқытудағы тақырыптардың мазмұны кеңейіп, баяндалу тереңдігі көбейді. Қазіргі кезде осы тарауды қорытындылайтын кешен сандары орта мектепте оқыту мүмкіндіктері іздестірілуде. Оқушылар есептер шешкенде, әсіресе математикамен жаратылыстану, техникалық бағыттағы пәндермен байланысты өрнектейтін есептердің бәрінде әртүрлі шамалар мен амалдар орындайды. Математиканы оқытудың мазмұнының айтарлықтай бөлігі теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге жұмсалады.
Теңдеулер мен теңсіздіктерге байланысты материалдар мектеп курсы математикасының мазмұнының түрлі салаларында және маңызды қолданбалы есептерді шығаруда кең қолданыс табады. Сондықтан да оқушыларды теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесінің қолданбалық, теориялық- математикалық және математика курсының басқа да мазмұндық байланысын құру бағыттарын игерту мәселен теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге үйрету материалдарын талдау мен синтездеу деңгейінде сапалы игерту мәселесімен тығыз байланысты. А. Эйнштейн: «Маған біраз уақытымды саясатқа, тағы біразын теңдеулерге бөлуге тура келеді. Алайда, менің ойымша, саясаттан гөрі теңдеулер әлдеқайда маңызды, өйткені саясат тек өз тұсында ғана, ал теңдеулер мәңгі-бақи бола береді» деп тұжырымдаған болатын.
Математиканы оқыту мазмұнының негізгі компоненттерін оқушыларға саналы да, сапалы меңгерту мәселесі математика мұғалімдерінің математикалық білімдерінің тереңдігіне, әдістемелік шеберлігіне,