Файл: 5 сынып оушысы Рысбекова Еркежан Таырыбы Компьютерді пайдасы мен зияны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 63
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жеке компьютерлерде (ДК) жұмыс істеу пайдаланушыға бірқатар ыңғайсыз жағдайларды тудырады. Бұл шаршау, көздің ауыруы және қызаруы, бас ауруы, қол мен дененің бұлшық еттерінде аурулар пайда болуы. Бұл салдарға жауапты бірнеше факторлар бар. Өздеріңіз білетіндей, катодты сәулелік түтіктер негізінде жасалған дисплейлер, жұмсақ рентген, ультракүлгін, инфрақызыл, көрінетін, радиожиілік, жоғары және төмен жиілікті электромагниттік сәулеленудің көзі болып табылады. Сондықтан, балаға компьютер сатып алғанда, ешқандай жағдайда мониторды алуда үнемдеуге болмайды. Тегіс немесе сұйық кристалды экраны бар мониторды таңдаған дұрыс. Монитордың артқы және бүйірлеріндегі сәулелену қабырғаға түсетін етіп компьютерді бұрышқа қойса жақсы болады.
2. Компьютерді дұрыс қолдану жолдары
Бұл тұрғыда мамандар жоғары сапалы мониторды пайдалануға кеңес беріледі. Бұл зиянды сәулелерді азайтады және көзге жақсы әсер етеді; ыңғайлы орындықта отырған дұрыс, ол арқаның бұлшықеттеріне түскен жүктемені кемітеді; кейде жаңа монитор орнатқаннан кейін, көздің қысымы және бастын ауырсынуы пайда болады. Бұндай жағдайда монитордың параметрлерін өзгерту қажет; компьютермен жұмыс істегенде, монитор көзден 70 см қашықтықта болуы керек, сонымен қатар арқа түзу, ал аяқтар еденде ыңғайлы түрде орнығуы қажет; егер сіз ұзақ уақыт бойы компьютердің алдында отырсаңыз, денсаулыққа зиян тиуі мүмкін. Әр сағат сайын үзіліс жасаңыз; күнделікті серуендер туралы ұмытпаңыз, олар тек пайда әкеледі; балаларды монитордын алдында күніне кемінде бір сағатқа ғана отырғызыңыз. Өйткені, компьютерден шығатын сәулелер олардың денсаулығына пайдалы емес. Компьютер адамдарға зиян әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар пайда да әкеледі. Онсыз өмірді елестету қиын. Ол барлық технологиялық процестерде қолданылады. Бұл ақпараттың сарқылмас қоймасы. Әрине, монитордың алдында барлық уақытын жұмсап отыру дұрыс емес. Бұл жақсылыққа әкелмейді.
| Дұрыс отыру үлгісі |
| Құралдардың дұрыс қойылу ережесі |
2.1 Қолдану барысындағы симптомдар
Ғалымдар ауру мен интернетке тәуелділіктің тұжырымдамасына келгенде әрқилы пікірде болғанмен, интернетке тәуелделектің симптомдарына қатысты бір ауыздан төмендегідей мәлімет берген:
-
Интернетте жиі әрі бас алмай (ішіне кіріп кеткендей) отыру; -
Бақылауды жоғалту (белгілеген уақытынан көп отыру); -
Айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасының бұзылуы (оларды елемеу, байланысын үзу); -
Жұмысын қысқартып, оны тастап, интернетке ұмтылып тұру; -
Интернетте отыруды әдетке айналдыру; -
Интернетті пайдалануға кедергі туа қалғанда жүйкесінің қозуы; -
Көп рет интернет пайдалануды қоямын деп қоя алмау;
Сондай-ақ, компьютердің алдында шамадан тыс көп отыру төмендегідей зиян шектіреді:
-
Отырғанда денені дұрыс ұстамау омыртқа мен мойынға күш түсіреді; -
Ұзақ әрі үзіліссіз отыру көздің көру қабілетін нашарлатады; -
Интернетте көп отыру бас ауруы мен биоритмнің бұзылуына алып келіп соғады; -
Кейбір адамдарда қан айналым жүйесі мен салмаққа қатысты қиындықтар тууы мүмкін.
Сонымен қатар мынандай кері әсерлері болуы да ғажап емес:
-
Интернет қызметіне төленетін ақының көбеюі; -
Шынайы өмірден алшақтап кету; -
Іс-әректі мен мінезінің құбылуы; -
Әлеуметтік ортадан оқшаулану (үйдегі адамдар, достары); -
Практикалық бөлім
1) Сауалнама арқылы зерттеу
Менің зерттеуімнің мақсаты: балалар компьютердің денсаулық әсері туралы біле ме, балалар компьютерді қаншалықты жиі қолданады, күніне қанша уақыт жұмсайды және компьютерді қандай мақсатта пайдаланады (ойындар, танымдық материалдар, әлеуметтік желілер).
Бұл сұрақтарға жауап алу үшін оқушылар арасында сауалнама жүргіздім.
Зерттеудің бірінші кезеңінде барлық сынып оқушыларының үйінде компьютердің бар-жоғын білеміз.
1.Сауалнаманың сұрағы: "Компьютерді қандай мақсатта қолданасың?"- мынадай жауаптар алды:
Қорытынды: графиктен барлық оқушылардың"Компьютерді қандай мақсатта қолданасың?"- көруге болады.
2.Сауалнама сұрағы: "Үй жұмысын орындаған кезде компьютер қолданасыз ба ? келесі жауаптар алды:
Қорытынды: Оқушылар негізінен компьютердің денсаулыққа әсерін біле тұра оны әлі де қолдана бергісі келетініне көз жеткізуге болады.
Алынған сауалнаманың нәтижесінен біздің мектептің 5-11 сынып аралығындағы оқушылар,ата-аналар,ұстаздардың нәтижесін көруге болады.
Қорытынды: Сауалнамадан оқушылар мен ата аналардың 85% мектеп материалын дайындау үшін компьютерді қолданатындығын көруге болады
4. Сауалнаманың келесі сұрағына " Компьютерде қанша уақыт өткізесіз?"
Қорытынды: осы сауалнамадан оқушылардың көпшілігі компьютерде 1 сағаттан аз уақыт өткізетінін көруге болады. Демек, бұл оқушылар компьютердің көру қабілетіне тигізетін зияны туралы біледі деп қорытынды жасауға болады.
Қорытынды
Компьютер адамдарға зиян әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар пайда да әкеледі. Онсыз өмірді елестету қиын. Ол барлық технологиялық процестерде қолданылады. Бұл ақпараттың сарқылмас қоймасы. Әрине, монитордың алдында барлық уақытын жұмсап отыру дұрыс емес. Бұл жақсылыққа әкелмейді. Келген ғасыр — ақпараттық технологиялар заманы. Біздерді, балаларды компьютерден аластату қолдан келмейді. Ғалымдардың айтуынша, компьютермен жұмыс істеген баланың қабілеті дамиды, шапшаң шешім қабылдауға және экранда керек емес нәрселер шығып жатқанда, компьютер өшіп қалғанда сасқалақтамай, абдырамай қиын есептерді шығарады, қиындықтан оңай шығады.Баланың денсаулығын компьютерлік зияндардан қорғауға болады, егер де оны қадағалап отырса,үлкендердің істейтін қателіктерін қайталамау керек.
Біздің зерттеулердің нәтижелері көрсетеді: компьютердің зиянымен қоса пайдасы бар. Соңғы кезде біз әрдайым компьютердің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы естиміз.Соңғы зерттеулер көрсетеді: тек компьютерден ағзаға зиянды ықпал ететіні, адамның қате орналасуы, демалуы мен жұмысындағы ережелерді сақтамауы. Компьютер мүмкіндіктері әлдеқайда көп. Компьютерлік программалармен мен жұмыс істеу өте қызықты.Компьютер программасының негізгі құралдарымен, әртүрлі әрекеттермен таныстым.
Сондықтан ХХІ ғасырда біз ұстанатын қағида «Білім бүкіл өмір бойыңа» болуы шарт.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Информатика әлеміне саяхат оқулығы. -
Балапанов.Е.Қ, Бөрібаев.Б, Даулетқұлов.А.В «Жаңа информациялық
технологиялар: Информатикадан 30 сабақ».
-
Ғаламтор беттері: Bilimtime.kz, ustaz.kz, google.kz -
Любимский Э.З., Мартынюк В.В., Трифонов Н.П., Программирование, М., 1980; -
Ахметов қаласының, Есептеу техникасы және программалау, А., 1996. Ә. Қазанғапов -
Жоғарыға көтеріліңіз Қазақ Энциклопедиясы, 1 том
Мектебі: «Жаңа Ертіс орта мектебі» КММ
«Компьютердің пайдасы мен зияны» атты ғылыми зерттеу жұмысы жайлы
К Ү Н Д Е Л І Г І
(2023 жыл)
№ | Атқаратын жұмыс тізімі | Мерзімі | Нәтижесі |
1 | Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу | 2023 ж. Қаңтар | «Компютердің пайдасы мен зияны» зерттеудің тақырыбы болып бекітілді. |
2 | Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу. | 2023 ж Ақпан | Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау барысы туралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді. |
3 | Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін іріктеу | Наурыз | Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым. |
4 | Ғылыми жетекшіден кеңес алу | Сәуір | Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім. |