Файл: Химия пнінен Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 10сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 332

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

10.3А «Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы» бөлім бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты

10.2.1.11 Металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін сипаттау: атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, кристалл торы

10.2.1.13 Металдар және бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін түсіндіреді

10.2.1.14 Электрохимиялық кернеу қатарында металдардың орналасу принципін түсіндіреді

10.2.1.15 Металдар және бейметалдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады

10.4.1.1 Кейбір металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін зерделейді


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін периодтық кестедегі орны бойынша сипаттайды

  • Металдар және бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін түсіндіреді

  • Электрохимиялық кернеу қатарында металдардың орналасу принципін ажыратады

  • Металдар және бейметалдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазады

  • Металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


Орындалу уақыты

20 минут


Тапсырмалар
1. Металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін периодттық кестеде сипаттаңыз: (а) атом радиусы; (b) иондану энергиясы; (c) электронтартқыштық; (d) кристалл торы.


2. Төмендегі тұжырымдама картасын кілтті сөздерді пайдалана отырып толтырыңыз.


Осы қасиеттерге ие


Осы қасиеттерге ие

Жарық шағылыстырады

Электрондарды жеңіл тасымалдайды

Соққыда формасы өзгеріске ұшырайды

Жарық шағылыстырмайды

Электр тоғын өткізбейді

Морт сынғыш



Кілт сөздер: сынғыш, өткізгіш, аз шағылысу, оқшаулағыш, металл, бейметалл, жарқын жылтыр, майысқақ


3. A, B, C және D металл үлгілері алынып, төрт түрлі тұз ерітінділеріне батырылды. Нәтижесінде алынған деректер кестеде көрсетілген.





Темір (ІІ) сульфаты

Мыс (ІІ) сульфаты

Цинк (ІІ) сульфаты

Күміс нитраты

A

Реакция жүрмейді

Орын басады







B

Орын басады




Реакция жүрмейді




C

Реакция жүрмейді

Реакция жүрмейді

Реакция жүрмейді

Орын басады

D

Реакция жүрмейді

Реакция жүрмейді

Реакция жүрмейді

Реакция жүрмейді


Кестені пайдалана отырып жауап беріңіз:

(і) Металл үлгілері ішінен белсендісі – _____________________________________
(іі) Егер В металын мыс сульфаты ерітіндісіне салса не байқалады? (реакция жүреді/ жүрмейді) _______________________________________________________
(ііі) A, B, C және D металдарын белсенділігі арту ретімен орналастырыңыз.

_______________________________________________________________________
4. Бір металл және бейметалды үлгі ретінде таңдаңыз және олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырыңыз.


Металл ____

Бейметалл____

оттекпен





жәй заттармен (оттектен басқа)





сумен






5. Кейбір металл, бейметалл және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсері жөнінде жазыңыз.





Шығу көзі

Қоршаған ортаға әсері


Металл немесе қосылысы









Бейметалл немесе қосылысы












Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін периодтық кестедегі орны бойынша сипаттайды.

1 (а)

металдармен бейметалдардың салыстырмалы атом радиусын сипаттайды;

1

бейметалдардың атом радиусын өзара сипаттайды;

1

(b)

металдармен бейметалдардың салыстырмалы иондану энергиясын сипаттайды;

1

(с)

металдардың электронтартқыштық қабілетін сипаттайды;

1

бейметалдардың электронтартқыштық қабілетін сипаттайды;

1

(d)

металдардың кристал торын сипаттайды;

1

бейметалдардың кристал торын сипаттайды;

1

Металдар және бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін түсіндіреді.

2

қасиеттері бойынша металмен бейметалды ажыратады;

1

металдар және бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін дұрыс табады;

3 (әр екі дұрыс жауап үшін 1 балл)

Электрохимиялық кернеу қатарында металдардың орналасу принципін ажыратады.

3

белсенді металды табады;

1

реакцияның түр өзгерісін дұрыс сипаттайды;

1

металдарды белсенділігі арту ретімен орналастырады;

1

Металдар және бейметалдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазады.

4

элементтердің оттекпен теңестірілген реакциясын жазады;

1

элементтердің жәй заттармен теңестірілген реакциясын жазады;

1

элементтердің сумен теңестірілген реакциясын жазады;

1

Металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді.

5

шығу көзін дұрыс сипаттайды;

1

металл және металл қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді;

1

бейметалл және бейметалл қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді.

1

Барлығы

20


10.3A «Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы» бөлім бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін периодтық кестедегі орны бойынша сипаттайды.

М еталдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін сипаттауда қиналады.

М еталдар және бейметалдардың атом радиусын/ иондану энергиясын/ электронтартқыштық қабілетін/ кристалл торын сипаттауда қателіктер жібереді.

М еталдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін дұрыс сипаттайды.

Металдар және бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін түсіндіреді.

М еталдар және бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін түсіндіруде қиналады.

М еталдар/ бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін түсіндіруде қателіктер жібереді.

М еталдар және бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін дұрыс түсіндіреді.

Электрохимиялық кернеу қатарында металдардың орналасу принципін ажыратады.

Э лектрохимиялық кернеу қатарында металдардың орналасу принципін түсіндіруде қиналады.

Б елсенді металды атауда/ реакцияның түр өзгерісін сипаттауда/ металдарды белсенділігі арту ретімен орналастыруда қателіктер жібереді.

Э лектрохимиялық кернеу қатарында металдардың орналасу принципін дұрыс түсіндіреді.

Металдар және бейметалдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазады.

Металдар және бейметалдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын теңестірілген

реакция теңдеулерін жазуда қиналады.

э лементтердің оттекпен теңестірілген реакциясын жазуда/ элементтердің жәй заттармен теңестірілген реакциясын жазуда/ элементтердің сумен теңестірілген реакциясын жазуда қателіктер жібереді.

М еталдар және бейметалдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын теңестірілген реакция теңдеулерін дұрыс жазады.

Металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді.

Металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін түсіндіруде қателеседі.

Металдардың/ бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін түсіндіруде қателіктер жібереді.

Металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін дұрыс түсіндіреді.

10.3В «Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары», 10.3С «Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты

10.2.1.19 s-элементтердің металдық, тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру

10.2.1.23 Калий, натрий, кальций иондарының сапалық реакциясын зерттеу (жалынды бояуы)

10.4.1.5 Судың кермектігін және оны жою әдістерін түсіндіру

10.2.2.1 Металдар мен оның қосылыстарындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасына, зат мөлшеріне есептер шығару

10.2.1.24 Атом құрылысы негізінде d-элементтердің периодтық жүйедегі орнын түсіндіру

10.2.1.29 Fe2+, Fе3+ иондарын тани білу

10.2.3.7 Коррозия түрлерін, коррозияның болу себептерін білу және оның конструкцияларының пайдалану ұзақтығына кері әсерін түсіндіру


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • s-элементтердің металдық, тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстырады және реакция теңдеулерін құрастырады

  • Металл катиондарының жалын түсі бойынша қосылыстың формуласын табады

  • Судың кермектігін және оны жою әдістерін түсіндіреді

  • Металдардың генетикалық байланысы негізінде химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасын, зат мөлшерін есептейді

  • Атом құрылысы негізінде d-элементтердің периодтық жүйедегі орнын түсіндіреді

  • Fe2+, Fе3+ иондарын сапалық реакция арқылы анықтайды

  • Коррозия түрлерін жіктейді және оның конструкцияларының пайдалану ұзақтығына кері әсерін сипаттайды




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


Орындалу уақыты

20 минут

Тапсырмалар


  1. (a) Кестеде І топ элементтері Li, Na, K оттекте жануы, тотықсыздандырғыш қасиеттері сипатталған. Сипатталған құбылыстарды ескере отырып, сәйкес металдарды табыңыз және реакция теңдеуін жазыңыз.




Металл

Оттекте жануы кезінде байқалған құбылыстар

Реакция

Na

Ақ ұнтақ түзе отырып, сары жалынмен тез жанады.

2Na + O2 → Na2O2




Ақ ұнтақ түзе отырып, жарқын ақ жалынмен жанады.







Ақ ұнтақ түзе отырып, күлгін жалынымен өте тез жанады.






(b) Берілген металдардың ішінен ең күшті тотықсыздандарғышты табыңыз________________
2. Катион мен аниондарға сапалық анализ қорытындысы кестеде көрсетілген. Белгісіз қосылыстардың формуласын құрастырыңыз.

Белгісіз қосылыс

Жалын түсі

Күміс нитратын қосқанда түзілетін тұнба түсі

Белгісіз қосылыс формуласы

A

Күлгін

Ақ (СІ -)




B

Кірпіш қызыл

Сары (І -)




C

Сары

Ақшыл сары (Br -)





3. Зерханаға құбыр суы және дистилденген су құйылған белгісіз екі ыдыс (Х және У) әкелінді. Осы белгісіз су құйылған ыдыстарды ажыратудың жеңіл жолы сабын ерітіндісін қосу болып табылады.



(a) Сабын ерітіндісін қосу арқылы құбыр суы мен дистилденген суды қалай ажыратады? ________________________________________________________________________

________________________________________________________________________
(b) Құбыр суы құйылған ыдыс: ________. Өйткені су ___________, құрамында _____ және ____ иондары бар. Оны тазардудың жолы: ________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________
4. Магнийдің генетикалық қатары арқылы 5 г магнийден алынатын магний хлоридінің зат мөлшерін есептеңіз.

Mg –> MgO –> MgCl2 –> Mg(OН)2

5. (a) Элементтердің электрондық конфигурациясын оқи отырып, бірдей қасиетке ие бір жұпты таңдаңыз:

a.1s22s22p63s2

b.1s22s22p3

c.1s22s22p63s23p64s23d8

d.1s22s22p63s23p34s23d6
(b) Таңдаған жұбыңыздың неліктен бірдей қасиетке ие екендігін периодтық кестедегі орны бойынша түсіндіріңіз.

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________
6.Fe2+, Fе3+ иондарын анықтаудың сапалық жолын ұсыныңыз.





Fe2+

Fe3+

Сапалық реагент





Байқалатын құбылыс (түсі)







7. Әр сынауықта байқалатын коррозия өзгерістерді сипаттаңыз.



1 - сынауық:_________________________________________________________
2 - сынауық:_________________________________________________________
3 - сынауық:_________________________________________________________
4 - сынауық:_________________________________________________________





Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

s-элементтердің металдық, тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстырады және реакция теңдеулерін құрастырады.

1 (a)

белгісіз элементтерді анықтайды және теңестірілген реакция теңдеуін құрады;

2 ( әр дұрыс металл және теңестірілген реакция теңдеуі үшін 1 балл )

(b)

ең күшті тотықсыздандырғышты көрсетеді;

1

Металл катиондарының жалын түсі бойынша қоыслыстың формуласын табады.

2

белгісіз қосылыстардың формуласын табады;

3 (әр дұрыс формула үшін 1 балл)

Судың кермектігін және оны жою әдістерін түсіндіреді.

3 (a)

ажырату жолын түсіндіреді;

1

(b)

бос орындарға тиісті сөздерді қояды;

1

тазартудың әдісін ұсынады;

1

Металдардың генетикалық байланысы негізінде химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасын, зат мөлшерін есептейді.

4

бастапқы заттың зат мөлшерін есептейді;

1

теңестірілген реакция теңдеуін жазады;

1

магний хлоридінің зат мөлшерін есептейді.

1

Атом құрылысы негізінде d-элементтердің периодтық жүйедегі орнын түсіндіру.

5(a)

бірдей қасиетке ие бір жұпты таңдайды;

1

(b)

бірдей қасиетке ие болуын периодтық кестедегі орны бойынша түсіндіреді;

1

Fe2+, Fе3+ иондарын сапалық реакция арқылы анықтайды.

6

Fe2+ ионы үшін сапалық реагентті көрсетеді және түсі бойынша өзгерісті сипаттайды;

1

3+ ионы үшін сапалық реагентті көрсетеді және түсі бойынша өзгерісті сипаттайды;

1

Коррозия түрлерін жіктейді және оның конструкцияларының пайдалану ұзақтығына кері әсерін сипаттайды.

7

әр сынауықтағы коррозияға әсер етуші себептерді сипаттайды;

4

Барлығы

20