Файл: Жаратылыстану пнінен тосанды жиынты баалау спецификациясы 5сынып.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 435

Скачиваний: 32

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Жаратылыстану» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
5-сынып

Мазмұны





1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

3. Күтілетін нәтижелер 3

4. Ойлау дағдыларының деңгейі 3

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін оқу мақсатытарды бөлу 4

6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері 5

7. Модерация және балл қою 5

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 13

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 20

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 57


1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты



Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар



Жаратылыстану пәні бойынша қазақ тіліндегі негізгі орта білім деңгейіндегі (5-6 сынып) оқу бағдарламасы

3. Күтілетін нәтижелер


Білу:


  • заманауи өмірдегі жаратылыстану ғылымының рөлін;

  • энергия көздерін, оның түрлерін және қолданылу салаларын;

  • химиялық және физикалық құбылыстарды;

  • заттардың жіктелуін біледі.


Түсіну:

  • физикалық және химиялық құбылыстардың адам өміріндегі маңыздылығын;

  • жердегі биокөптүрлілікті сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін түсінеді.


Қолдану:

  • тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін


негізгі физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық ұғымдар мен терминдерді;

  • тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін қолданады.


Талдау:


  • ғылыми-жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді талдайды.


Жинақтау:

  • эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын жинақтайды.


Бағалау:

  • жасалған эксперименттің нәтижелерін бағалайды.



4. Ойлау дағдыларының деңгейі





Ойлау

Сипаттамасы

Тапсырмалар түрлері

дағдыларының







деңгейі







Білу және

түсіну

- қоршаған әлемнің көп қырлылығын,

табиғи құбылыстар мен үдерістердің

өзара байланысын біледі.

- өлі және тірі табиғатта болып жатқан

кейбір табиғи құбылыстар мен

үдерістердің себептерін;

көптүрлі табиғат құбылыстары мен

нысандарын жүйелеу принциптерін;

жаратылыстану бағытындағы білімнің

адамның көптеген іс-әрекет түрлері

үшін маңыздылығын түсінеді.

КТБ – Көп таңдауы бар

тапсырмалар

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет

ететін тапсырмалар

Қолдану

- қоршаған әлемнің түрлі құбылыстары

мен нысандары жайлы білімнің

жинақталуына және күнделікті өмірде

алуан түрлі практикалық және зерттеу

әрекеттері арқылы алынған білімнің

байланысын қолданады.

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет

ететін тапсырмалар

ТЖ - Толық жауапты қажет

ететін тапсырмалар

Жоғары

дағдылар

деңгейі

- гипотеза құру және оларды

тексерудің жолдарын ұсынады,

эксперименттер арқылы алынған

мәліметтер негізінде қорытынды

жасайды;

- зерттеу мәселелерін дұрыс алады,

зерттеу жұмысының жоспарын

құрады, бақылаулар мен

эксперименттер нәтижелерін

бағалайды және сипаттайды,

қорытынды шығарады;

- іздеу әдістерін игереді;

- зерттеу қорытындыларын түрлі

формада ұсынады.

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет

ететін тапсырмалар

ТЖ - Толық жауапты қажет

ететін тапсырмалар




5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін оқу мақсатытарды бөлу





Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

I

30%

30%

40%













II

14%

86%

-













III

45%

33%

22%

IV

45%

33%

22%

Барлығы

34%

45%

21%

6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері



Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

7. Модерация және балл қою



Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы– 40 минут

Балл саны - 20
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар;

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін
сұрақтарды қамтитын 11 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырамаларынан білім алушылар берілген жауап нұсқаларының ішінен дұрыс бір жауапты таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы жоғарғы ұпай алу үшін, есепті шешудің толық тізбегін ашып көрсетуі қажет. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

1 – тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім




Тексерілетін оқу мақсаты

Ойлау

дағдыларының

деңгейі

Тапсырма

саны*

Тапсыр

ма №*

Тапсырманың

түрі*

Орындалу

уақыты,

мин*

Балл*

Бөлімге

берілетін

балл

саны













5.1А

Ғылым

әлемі




5.1.2.1 зерттеу сұрағы мен

болжамды тұжырымдау

Қолдану

2

2

(a,b)

ТЖ

3

2

7













5.1.3.1 зерттеу жоспарын

құрастыру

Жоғары деңгей

дағдылары

1

2

(c)

ТЖ

3

2










Білу және

түсіну




5.1.4.1 нысандар параметрлерін

өлшем бірліктермен анықтау

1

1

КТБ

2

1
















5.1.6.1 зерттеу сұрағы бойынша

қорытынды тұжырымдау

Жоғары деңгей

дағдылары

1

2

(d)

ТЖ

3

2










5.1В Адам.

Жер. Ғалам




5.2.2.2 Жердің құрылысы мен

құрамын атау

Білу және

түсіну

1

3

ТЖ

2

1

13













5.2.3.1 Жер қабықтарын және

олардың құрамдас бөліктерін

сипаттау

Қолдану

1

4

(а,b)

КТБ

4

2



















5.2.5.2 шартты белгілерді

қолданып, жергілікті жердің

планын оқу

Қолдану

1

5

КТБ

4

2
















5.2.6.1 материктер мен дүние

бөліктерін игеру және зерттеу

тарихын сипаттау

Білу және

түсіну

1

6

ҚЖ

2

1



















7

(a,b,c,d)




5.2.7.2 нәсілдік белгілердің

қалыптасу факторларын анықтау

Жоғары деңгей

дағдылары

1

КТБ

6

4










1




5.2.7.3 нәсілдер теңдігін дәлелдеу

Жоғары деңгей

дағдылары

8

(а,b)

КТБ

7

3










БАРЛЫҒЫ:






















20

20

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
























«Жаратылыстану» пәнінен 1-тоқсанға арналған

жиынтық бағалаудың тапсырмалары


  1. Суретте берілген құралды қолдану мақсаты мен анықталатын параметр және оның өлшем бірлігі дұрыс берілген нұсқаны таңдаңыз.







Аспап

Анықталатын

параметр

Параметрдің өлшем

бірлігі

A




Масса

Градус (0С)

B




Уақыт

Секунд (с)

C




Сұйықтықтың көлемі

Миллилитр (мл)

D




Температура

Килограмм (кг)




[1]


  1. Оқушы май шамның жануын зерттеу үшін тәжірибе жасады. Тәжірибе сұлбасы суретте берілген. Суретпен танысып, тапсырмаларды орындаңыз.




  1. Оқушы тәжірибесінің мақсатын тұжырымдаңыз.

___________________________________________________________________________ [1]


  1. Тәжірибеден күтілетін нәтижені болжаңыз.

___________________________________________________________________________ [1]


  1. Оқушының зерттеу жоспарының орындалу барысын сипаттаңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [2]


  1. Суреттегі екі жағдайды салыстырып, тәжірибе қорытындысы қандай болғанын жазыңыз.


___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [2]


  1. Жердің ішкі құрылымы бірдей емес.


Жер құрылымындағы жазылмай қалған қабатын көрсетіп оның құрамын жазыңыз.