Файл: Мазмны тосан бойынша жиынты баалауды масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 119

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Информатика» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация
8-сынып



МАЗМҰНЫ


  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТЫ 4

  2. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР 4

  3. «ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР, 8 СЫНЫП 4

  4. ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ 5

  5. ТОҚСАНДАРҒА ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕКСЕРІЛЕТІН МАҚСАТТАРДЫ БӨЛУ 5

  6. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 6

  7. МОДЕРАЦИЯ ЖӘНЕ БАЛЛ ҚОЮ 6

    1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 7

    2. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 12

    3. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 19

    4. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 26
  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты



Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.

  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


5-9 сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған білім мазмұны бойынша негізгі орта білім деңгейіндегі типтік оқу бағдарламасы.

  1. «Информатика» пәні бойынша күтілетін нәтижелер, 8 сынып




Біледі:


-процессор функцияларын қарапайым деңгейде;

-қорғану әдістерін қалай тиімді қолдануды;

-кіріктірілген бағдарламалау ортасының компоненттерін;

-таңдау, қайталау, шартты операторлардың жазылу синтаксисін;

-трассировка кестесі түсінігін.

Түсінеді:


  • түрлі құрылғылардың адам ағзасына әсерін;

  • түрлі типті қайталану операторларының айырмашылығын.



Қолданады:


  • ақпарат көлемін анықтауда алфавитті тәсілді;

  • желінің өткізгіштік қабілетін есептеу дағдыларын;

  • абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді;

  • электронды кестеде есептерді шешу үшін түрлі форматтарды;

  • элекронды кестеде есептерді шешу үшін кірістірілген функцияларды;

  • бағдарлама құруда кіріктірілген ортаның компоненттерін;

  • кіріктірілген бағдарламалау ортасында таңдау және қайталану операторларын;

  • алгоритм трассировкасын.



Талдайды:

  • жүйелік, қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру және бағдарламалау жүйелерінің айырмашылығын;

  • жоба жұмысын әзірлеу кезеңдерін;

  • трассировка кестесін.


Жинақтайды:

  • кіріктірілген бағдарламалау ортасында есептер моделін;

  • ақпараттарды кесте, графика, хабарлама, баяндама, презентация түрінде ұсыну үшін;

  • түрлі әдістерді қолданып есептерді шешуді.


Бағалайды:

  • жобалау әрекетінің нәтижесін.
  1. Ойлау дағдыларының деңгейі





Ойлау дағдыларыны ң деңгейі

Сипаттама

Ұсынылатын тапсырма типі

Білу және түсіну

-қарапайым деңгейде процессордің қызметін және негізгі сипаттамасын біледі;

-түрлі электронды құрылғылардың адам ағзасына әсеріне мысал келтіреді және қорғану әдістерін тиімді қолданады;

-кіріктірілген бағдарламалау ортасының компоненттерін біледі;

Деңгейін тексеру үшін көп нұсқалы тапсырмалар және/немесе қысқа жауап талап ететін тапсырмалар қолдану ұсынылады

Қолдану

  • ақпарат көлемін анықтауда алфавитті тәсілді қолданады;

  • желінің өткізгіштік қабілетін есептеу формуласын қолданады;

  • желі қолданушысының қауіпсіздік ережесін қолдануын қамтамасыз ету (интернеттегі алаяқтық, агрессия);

  • электронды кестелерде абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді және кіріктірілген функцияларды қолданады;

  • электронды кестелерде деректердің типтерін және пішімдерін қолданады;

  • кестеде берілген функциялардың графигін құрады;

  • жоба құру үшін кіріктірілген бағдарламалау ортасының компоненттерін қолданады;

-кіріктірілген бағдарламалау ортасында таңдау және қайталану операторларын қолданады;

  • алгоритм трассировкасын орындайды.

Деңгейін тексеру үшін қысқа жауап талап ететін тапсырмалар және/немесе толық жауапты талап ететін тапсырмалар қолдану ұсынылады

Жоғарғы деңгей дағдылары

- кіріктірілген бағдарламалау ортасында есептердің моделін құру.

Деңгейін тексеру үшін қысқа жауап талап ететін тапсырмалар және/немесе толық жауапты талап ететін тапсырмалар

қолдану ұсынылады




  1.   1   2   3   4   5   6   7

Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу





Четверть

Знание и понимание

Применение

Навыки высокого уровня

I

10%

90%

0%

II

0%

100%

0%

III

20%

80%

0%

IV

0%

50%

50%

Итого

7,5%

80%

12,5%
  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері



Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Есептің шешімі немесе жауабы ұқыпты және түсінікті жазылуы тиіс.


Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
  1. Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
    1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут

Балл саны - 20



Тапсырма түрлері:

КТЖ – Көп таңдауды қажет ететін тапсырмалар; ҚЖ – Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ – Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы



Бұл нұсқада бірнеше жауаптан таңдауды қажет ететін, қысқа және толық жауапты қажет ететін 8 тапсырма бар.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы жауапты сандық мән түрінде, сөз немесе қысқа сөйлем түрінде жазады.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы максималды балл жинау үшін тапсырмадағы тібзекті әрекеттерді орындай отырып, шешімін табады. Оқушының таңдау және математикалық контекст тізбегіндегі математикалық тәсілдерді қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырмаларда бірнеше құрылымдық бөлімдер/сұрақтар болуы мүмкін.

ЖОБА

      1. тоқсандағы жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Бөлім

Тақырып

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсы рма саны*

тапсыр ма*

Тапсырма түрі*

Орындау уақыты, мин*


Балл*

Бөлім бойынш а балл



Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары

Процессор және оның сипаттамалар ы

8.1.1.1 Қарапайым деңгейінде процессордың қызметін және оның негізгі сипаттамасын

түсіндіру



Білу және түсіну



3



1,2,3



ҚЖ/ТЖ



15



9


12

Компьютерлік

желілер

8.1.3.1 Желілің өткізу

қабілетін анықтау

Қолдану

1

4

ТЖ

6

3


Денсаулық және қауіпсіздік

Компьютер пайдаланудың кері аспектілері

8.4.1.1 Адам ағзасына түрлі электронды құрылғылардың әсері туралы мысал келтіру және қорғану

тәсілдерін тиімді қолдану



Қолдану



2



5,6



ҚЖ/ТЖ



10



4



8

Желідегі қауіпсіздік

8.4.2.1 Желі қолданушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтау (интернеттегі алаяқтық пен

агрессия)


Қолдану


2


7,8


ҚЖ/ТЖ


8


4

Барлығы:










8







39 минут

20

20

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер