Файл: 1. Сз, сйлем, дыбыс, ріп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 49

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
бастауыш дейміз. Мысалы: Сәуле тоқыды.

  1. Баяндауыш (тұрлаулы мүше)


Бастауыштың ісін қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға қойылады.Мысалы: Сара жазды.


  1. Бастауыш та баяндауыш та зат есімнен жасалса бастауыштан кейін (-) қойылады. Мысалы: Әмір- күйші. Алматы –сәулетті қала.

Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейді.


  1. Тұрлаусыз мүшелер

Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер дейміз.

Оларға: қандай? кімге? неге? нені? қашан? қайда? т.б. сұрақтар қойылады.

  1. Сөйлем мүшелері маңынасына қарай өзара байланысып айтылады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.



  1. Жалаң және жайылма сөйлем

Жай сөйлем жалаң, жайылма болып екіге бөлінеді.

Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Мысалы: Әсет оқыды.

Тұралаулы мүшелерден басқа тұралаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

Мысалы: Әсет жақсы оқыды.

  1. Қаратпа сөз


Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай сөздерді қаратпа сөз дейді.

Мысалы: -Ия, балам, оқып жүрсің бе?

  1. Сөз таптары: зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, шылау, одағай.





  1. Зат есім: негізгі және туынды зат есім

Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз.

Мысалы: ана, жер, көз.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз. Мысалы: іскер, байлық, кезекші, т.б.

  1. Жалқы есім


Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға

қойылған аттаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есім әр уақытта бас әріппен жазылады.

Мысалы: Сәуле, Асқар, Шымкент, Көксерек.

61.Жалпы есім


Жалқы есімнен басқа зат есімдер жалпы есім болады. Олар кіші әріппен жазылады.
  1. Зат есімнің тәуелденуі


Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғаулары дейміз.

Тәуелдік жалғаулары үш жақта жекеше және көпше түрде айтылады.

Жекеше көпше

Менің дәптерім Біздің дәптеріміз

Сенің дәптерің Сендердің дәптерлерің

Сіздің дәптеріңіз Сіздердің дәптерлеріңіз

Оның дәптері олардың дәптерлері

  1. Зат есімнің септелуі


Сөйлемдегі сөздерді бір –бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп аталады.

Қазақ тілінде 7 септік бар:


Атау септік Кім? Не? ұста.

Ілік септік Кімнің ? Ненің? ұстаның Барыс септік Кімге? Неге? ұстаға


Табыс септік Кімді? Нені? ұстаны Жатыс септік Кімде? Неде? ұстада Шығыс септік Кімнен? Неден? ұстадан Көмектес септік Кіммен? Немен? ұстамен
64.Зат есімнің жіктелуі

Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда оған І, ІІ, ІІІ жақта

жіктік жалғанады.

Жіктік жалғаулар баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жекеше, көпше, түрде жалғанады.

Жекеше: Көпше.

І-жақ бишімін бишіміз


ІІ-жақ бишісің бишісіңдер

ІІІ- жақ биші биші



  1. Етістік. Негізгі және туынды етістік

Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік дейміз: Мысалы: оқы, көр, т. б.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті туынды етістік дейміз.

Мысалы: шегеле, ақылдас, өрнекте, сабында, т. б.

  1. Болымды және болымсыз етістік


Етістік болымды және болымсыз болып бөлінеді.

Болымды етістік: сөйле, сыз, жүр, т.б

Болымсыз етістік: сөйлеме, сызба, жүрме, т.б
  1. Дара және күрделі етістік


Етістіктің дара етістігі бір сөзден тұрады.

Мысалы: келді, оқыды, барды.

Күрделі етістік екі-үш сөзден құралады.

Мысалы: оқып отыр, келе жатыр.

  1. Етістіктің жіктелуі


Етістікке жіктік жалғау жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі дейміз.

Мен оқыдым Біз оқимыз

Сен оқыдың Сендер оқисыңдар

Ол оқыды Олар оқиды

69.Етістіктің шақтары


Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін (уақытын) білдіреді. Соған орай етістіктің үш шағы болады.

Осы шақ, өткен шақ, келер шақ.

Осы шақ: Ойлап отырмын.

Өткен шақ: Ауылға келді. Келер шақ: Ол көмектеседі.

  1. Сын есім. Негізгі және туынды сын есім


Түбір сөзден болған сын есімді
негізгі сын есім дейміз. Мысалы: әдемі, таза.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім туынды сын есім дейміз.

Мысалы: өнерлі, күшті,ақылды,үлгілі, сөйлегіш т.б.

  1. Қарсы мәндес сын есім


Мағыналары бір-біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз.

Мысалы: қалың-жұқа, ақ-қара, биік-аласа,жуан-жіңішке т.б.

  1. Дара және күрделі сын есім


Дара сын есім бір сөздер тұрады. Мысалы: көк, сұйық, т.б.
Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады. Мысалы: ақ сары, қара ала, қара сұр, т.б.

Күрделі сын есінің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады.


  1. Сан есім. Есептік және реттік сан есім


Қанша? Неше? сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді есептік сан есім дейміз. Мысалы: Екі, үш, жеті, т.б.

Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есімдерді реттік сан есім дейміз.Мысалы: бірінші, бесінші отызыншы, т.б.


  1. Дара және күрделі сан есім

Дара сан есім бір сөзден болады. Мысалы: елу, жүз, мың, екі, т.б.

Күрделі сан есім екі немесе оданда көп сөзден болады.


Мысалы: елу тоғыз, жетпіс жеті, жиырма бес, он екі, т.б.

  1. Буын үндестігі


Сөздегі дауысты дыбыстар бірыңғай жуан не бірыңғай

жіңішке болып келеді. Оның себебі қосымшалар түбір
сөздің соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғасады.

Мысалы: карандаш – тар – ды, сіңлі –лер - ім.
  1. Дыбыс үндестігі


Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуын дыбыс үндестігі деп атайды.

Мысалы: ертеңгіні, үлкендерден, қайықтарға, т.б.


  1. Сөз тіркесі


Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер тобын сөз тіркесі дейміз.

Мысалы: жасыл жайлау, көк аспан.

  1. Қыстырма сөз


Өздері сөйлем мүшесі болмайтын,бірақ сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін сөздер болады. Ондай сөздерді қыстырма сөздер дейді.

Мысалы: Әйтеуір кешікпесеңдер болды.

Қыстырма сөздер бір сөзден де бірнеше сөзден де жасала береді.

Мысалы: бәсе,сірә, әуелі,т.б.

Амал қанша, өкінішке орай, т.б.

Ұмытып барады екен, неге екенін кім білсін,т.б