Файл: С. Д. Асфендияров атындаЫ аза лтты медицина университеті.pptx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 70
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
ШОК СИМПТОМДАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ (ТИПТІ ТҮРІ):
- тері жабындысының түсі өзгереді (тері қызаруы немесе бозғылдық, цианоз);
- қабақ, бет, мұрын шырышының ісінуі;
- түшкіру, жөтел, қышу сезімі;
- аяқ-қолдың клоникалық тырысулары ( кейде тырысулық құлау);
- еріксіз зəр, нəжіс, газ бөлінуі.
ОБЪЕКТИВТІ КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДЕ АНЫҚТАЛАДЫ:
- жиі жіп тəрізді пульс ( перифериялық қан тамырларда);
- тахикардия (сирек брадикардия, аритмия);
- тыныс бұзылысы (ентігу, қиындаған сырылды тыныс, ауыздан көбік ағу);
- қарашық кеңейген жəне жарыққа реакция жоқ.
НЕГІЗГІ ЖƏНЕ ҚОСЫМША ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР ТІЗІМІ:
Бронх демікпесінің базисті терапиясы :
Бронх демікпесі – негізінде бронхтардың созылмалы аллергиялық қабынуы мен гиперреактивтілігі жататын,қиындалған дем алу ұстамаларымен көрініс беретін ауру.Дем алудың қиындауы / әсіресе тыныс шығарғанда / диффузды обструкцияның нәтижесінде болады.Оған себеп бронхтардың бірыңғай салалы бұлшық етінің спазмы, шырыштың гиперсекрециясы және бронх қабырғасының ісінуі
Клиникалық көрінісі
Науқастардың көбінде бронх демікпесі созылмалы ағымда кездеседі және физикалық күш түскенде үдейтін, тұрақты қиналдыратын ысқырықты тыныс және ентігумен сипатталады. Кезеңді түрде өршу тұншығу ұстамасының туындауымен байқалады. Аз мөлшерде ашық түсті, қою, кілегейлі қақырықты жөтел пайда болады. Көбіне ауырудың өршуі мен тұншығу ұстамасының туындауындағы маңызды рольді тыныс алу мүшелеріндегі инфекциялық – қабыну (жіті респираторлы-вирусты инфекциялар, созылмалы бронхиттің өрлеуі) үдерістері алады.
Бронх демікпесінің базисті терапиясы :
Гипоаллергенді диета, режим.
Аллерген-спецификалық иммунотерапия
Кромонды дәрілер: натрий кромогликаты(интал), натрий недокромил (тайлед)
Ингаляциялық глюкокортикостероидтар: флунизолид (ингакорт), белометазона дипропионат (бекотид, беклазон, беклокорт, альдецин), будесонид (пульмикорт), флютиказон (фликсотид)
Пролонгирленген В2-адреномиметиктер: сальметерол (серевент), формотерол (форадил)
Антилейкотриенді препараттар: монтелукаст, зафирлукаст
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
*Бекламетазон аэрозоль 200 доза.
*Ипратропий бромиді аэрозоль 100 доза.
* Кромоглиций қышқылы дозаланған аэрозоль 5 мг; капсула 20 мг.
*Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; капсула 2 мг, 8 мг; небулайзер үшін ерітінді 20 мл.
*Теофиллин таблетка 100 мг, 200 мг, 300 мг; капсула 100 мг; 200 мг; 300 мг; капсула ретард 350 мг.
*Фенотерол аэрозоль 200 доза.
*Амброксол таблетка 30 мг; сироп 30 мг/5 мл. *Преднизолон, таблетка 5 мг; инъекция үшін ерітінді 30мг/1 мл.
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Операциялық араласу немесе контрастық заттарды қолданумен рентгенологиялық зерттеу алдында анамнез жинау әдістемесі: · этиологиялық маңызы бар аллергендерді қамтитын дәрілік заттарды, тағам өнімдерін алып тастау мақсатымен аллергологиялық анамнезді жинау; · фармакологиялық анамнезді жинау (премедикация мәселесін және тағайындаудан және пайдаланудан алып тастау керек болатын препараттар немесе олардың туындалары, айқасқан реакция беретін қасиеттері бар препараттар туралы ақпарат жинау мәселесін шешу мақсатымен); · ауырлаған аллергологиялық анамнез кезінде келесі деректерді нақтылау қажет: қай препаратқа реакция дамыды; препаратты енгізу жолы; препарат не үшін қолданылды; препарат қандай мөлшерде қолданылды; реакцияның клиникалық көрінуі; дәрілік затты қабылдағаннан кейін қандай уақыт аралығында реакция туды; реакция немен тоқтатылды; бұрын дәрілік заттарға реакциялар болды ма; реакциядан кейін осы топтағы препараттар қолданды ма; қандай препараттарды қабылдайды және жақсы көтереді.
Тері тесттерін қолдану қағидалары: · анамнезде дәріні көтере алмаушылыққа нұсқаулар болмаған кезіндегі дәрілік препараттармен тері тесттері ақпараты жоқ және көрсетілмеген; · себептік маңызы бар аллергенді нақтылауға бағытталған барынша егжей-тегжейлі аллергиялық зерттеуді жіті реакцияны тоқтатқаннан кейін және қасарыс (рефрактерлік) кезеңі аяқталғаннан соң өткізеді, диагностикалаудың зертханалық әдістерін пайдаланған дұрысырақ болады; · оң фармакологиялық анамнез кезінде дәрілік аллергия диагнозын нақтылау үшін күдікті препаратпен провокациялық тесттер: тері, тіласты және толық терапевтік мөлшердегі тесттер жоспарланған тәртіпте, тек қана көрсетімдер бойынша, реанимация және қарқынды терапия блоктарына жақындатылған жағдайларда аллерголог–иммунолог дәрігермен өткізіледі, өйткені анафилаксиялық шоктың даму мүмкіндігі жоққа шығарылмаған.
Медициналық кабинеттерді жарақтандыруға қойылатын талаптардың сақталуы: · шокқа қарсы жинақтың және анафилаксия дамуы кезінде алғашқы көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықтың тек емшара бөлмелерінде ғана емес, гистамин бөлінуін ынталандырушы әсерге ие препараттарды қолданумен диаггностикалық зерттеулер (мысалы, рентгенді-контрастық зерттеулер) жүргізілетін кабинеттерде де, стоматологиялық кабинеттерде де міндетті түрде болуы. Фармакотерапия қағидаларын сақтау: · полипрагмазиядан сақтану; · ДЗ тек көрсетімдер бойынша ғана тағайындау; · ДЗ енгізгеннен кейін пациентті кемінде 30 минут бойына бақылау;
ҚОРЫТЫНДЫ
Жедел жағдайлар кезінде уақытылы дұрыс көмек көрсетпесе, ем қолданбаса ол қайтымсыз өзгерістерге, тіпті өлімге де душар етуі мүмкін. Стоматолог-дәрігерлер практикасында ондай жағдайлар көп кездеседі. Сондықтан да алғашқы жедел көмек көрсету шараларын әр дәрігер білуі тиіс.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қ.М.Тұрланов “Жедел медициналық жәрдем” 2-басылым, Алматы,2011ж (127-134б.)
ҚР денсаулык сақтау министірлігінің протоколы H-T-001
Биртанов Е.А., Новиков С.В., Акшалова Д.З. Разработка клинических руководств и протоколов диагностики и лечения с учетом современных требования. Методические рекомендации. Алматы, 2006, 44 с.
https://diseases.medelement.com/disease/12993
https://stud.kz/referat/show/43790#&gid=1&pid=6
https://kazmedic.org/archives/4456