Файл: Орындаан Курмашев Бахтияр Банк тарихы.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Орындаған: Курмашев Бахтияр

Банк тарихы

  • «Заман-Банк «Ислам банкі» АҚ 1991 жылы 6 маусымда Алматы қаласында «Заман» Жеке банк ретінде құрылды. Қазақ КСР ұлттық мемлекеттік банкпен 1991 жылы 6 маусымда банк ашуға №11 лицензия берілді.
  • 1996 жылы қыркүйек айында Банк ашық акционерлік қоғам болды және «Заман-Банк» Ашық Акционерлік Қоғам атауын алды.
  • 1998 жылы «Заман-Банк» ААҚ акционерлерінің ауысуы болды. Жаңа акционерлер Банк орынын Алматы қаласынан Павлодар облысы Екібастұз қаласына ауыстыру туралы шешім қабылдады.
  • 2003 жылы «Заман-Банк» ААҚ Алматы қаласында филиалы ашылды.
  • 2004 жылы 27 тамызда «Заман-Банк» ААҚ заңнама талаптарына сәйкес «Заман-Банк» АҚ акционерлік қоғамы болып өзгертілді.
  • 2013 жылы Банк дәстүрлі «Заман-Банк» АҚ ислам банкіне ауысу процедурасын бастады.
  • 2013 жылдың соңында ауқымды халықаралық қаржылай институт - Жеке секторды дамыту бойынша Ислам корпорациясын (ICD) стратегиялық серіктес ретінде тарту іске асырылды.
  • 2014 жылы «Заман-Банк» АҚ, «Al Maali» Исламдық қаржылық консалтингтік компаниямен (БАӘ) және «Zicolaw» қорғаушылар және заң кеңесшілері компаниясымен (Малайзия) бірлесе қызмет етуде «Заман-Банк» АҚ толық құқықты ислам банкіне ауыстыру тәртібін және механизмін жетілдірді.
  • «Заман-Банк» АҚ 2016 жылы 1 қаңтарда күшіне енген, дәстүрлі банктерге ислам банкіне ауысу мүмкіндігін беретін, заңнамаға түзетулер енгізуде бастаушы болды.
  • 2016 жылы 13 шілдеде Банк ислам банкіне ауысу формасында өз қалауы бойынша банкті қайта ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің рұқсатын алды.
  • 2017 жылдың басында Банкте Исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша кеңес құрылды, оған 12 аса елдерде қатысуымен, атап айтқанда АҚШ, Еуропада, Африкада, Азияда және Парсы шығанағы елдерінде, Шариғат нормалары және қағидаттары бойынша кеңес ұсыну бойынша жетекші әлемдік компания болып табылатын «Shariyah Review Bureau» өкілдері мүше болды.
  • 2017 жылы 17 тамызда «Заман-Банк» АҚ ислам банкінің банктік операцияларын және басқа да операцияларды іске асыруға лицензия алды және «Заман-Банк «Ислам банкі» АҚ болып атауы өзгертілді.
  • 2017 жылы Банк Bursa Malaysia Малайзиялық тауарлық биржасының толық құқықты мүшесі болды, бұл Мурабаха банктік өнімдерін дамыту бойынша жаңа мүмкіншіліктерді ашады.
  • 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында «Астана» Халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) өкілдік ашылды.
  • Банк 1991 жылы 6 маусымда құрылды және Қазақстанның ең көне банктерінің бестігіне енеді.
  • Банктің жоғары өтімділігі, тұрақты қаржылай мығым клиенттері, іскерлік беделі, Банкке деген сенімділіктің артуы, клиенттердің сұраныстарына жеке көңіл бөлу, заңдарды, нормативтерді, технологияларды және т.б. – сыртқы ортаны өзгертуге деген икемділік – Бұл Банктің негізгі артықшылықтары.
  • «Заман-Банк «Ислам банкі» АҚ банктік қызметтің 27 жылдық өтілі бар және жоғары кәсіби кадрлық құрамы келесіні қамтамасыз етеді:
  • шапшаңдық – клиенттің қажеттілігіне қысқа мерзімде жауап беру қабілеті;
  • клиенттердің сұранысына жеке көңіл бөлу;
  • Исламдық қаржыландыру бойынша халықаралық мекемелерге консультациялық көмек көрсету;
  • стратегиялық шешімдер қабылдау жеделдігі.
  • Көп қырлы мекеме болып табылатын және Ислам банкін дамыту тобының мүшесі (IDB), Жеке секторды дамыту бойынша Ислам корпорациясы (ICD) Банк акционерлерінің құрамына кіреді.
  • Банк Шариғат нормалары және қағидаттары бойынша кеңес ұсыну бойынша «Shariyah Review Bureau» жетекші әлемдік компанияның серіктесі болып табылады.
  • «Заман-Банк «Ислам банкі» АҚ ШОБ субъекттерімен және жеке тұлғалармен жұмыс істеуге бағытталған еліміздегі жалғыз ислам банкі болып табылады.

  • Қазіргі уақытта әлемнің 90-нан аса елінде 700-ге жуық исламдық қаржы институттары жұмыс жасайды. Исламдық қаржыландыру ғаламдық қаржы жүйесіндегі ең жылдам өсетін сектор болып отыр: ол жыл сайын 15-20 % өседі Исламдық банкингтің негізгі қағидаттары Исламдық қағидаларға негізделген. Сол себепті Исламдық банктерде исламдық құқықтану және қаржы жөніндегі ғалымдардан, сарапшылардан тұратын арнайы орган – Исламдық Қаржыландыру жөніндегі Кеңес қызмет етеді, ол исламдық қаржыландыру қағидаттарын сақтауды бақылайды және тыйым салынған салаларды қаржыландыруға жол бермейді.
  • Келесі салалармен байланысты кез келген қызметті қаржыландыруға қатаң тыйым салынады:
  • шошқа өсіру шаруашылығы;
  • ішімдік, темекі, есірткі өндіру;
  • құмар ойындар;
  • өсімқорлық кредит беру;
  • қару-жарақ;
  • тыйым салынған ойын-сауық индустриясы.
  • Исламдық қаржыландыру жүйесінің негізгі тыйымдары:
  • 1) Риба – қарыз пайызы, яғни ақшаны пайызға беруге не қабылдауға тыйым салынған. Қарыз пайызының орнына Банк клиентпен ұсынылатын заем қаражаттарынан түсетін түсім (үстеме баға) мен комиссиялық табыс алады. Ал салымшылар Исламдық банк кірісінің үлесін алады, бірақ пайыздар емес;
  • 2) Гарар – алып-сатарлық, шарттың мәні мен талаптарына қатысты белгісіздік. Мәмілелер мәміле жасалған кезге дейін анық, айқын және өзгермейтін болуы тиіс
  • 3) Майсир – кездейсоқ жағдайлардың тоғысуынан туындаған түсім (яғни құмар ойындар, мәмілелер, бәс);
  • 4) Харам – исламдық қағидаларға сәйкес белгілі бір экономика секторларын қаржыландыруға тыйым салу.

Иджара (Лизинг)

Иджара (Лизинг)

  • “Иджара” сөзі араб тілінен аударғанда “жалға беру” дегенді білдіреді. Ислам құқығына сәйкес “Иджара” термині келесіні білдіреді:
  • 1) белгілі бір қызметтерді жасату үшін келісілген төлемге қандай да бір маманды жалдау. Жалдаушыны “Мустаджир”, ал маманды “Аджир” деп атайды, ал еңбекақы “Уджра” деп аталады;
  • 2) жалгерлік ақыға айырбас ретінде мүлікті басқа адамның пайдалануына беру. Бұл ретте лизинг беруші “Муджир”, ал жалдаушы “Мустаджир” деп аталады және лизинг берушіге төленетін жалгерлік ақы “Уджра” деп аталады.
  • Мысал: көлік қызметтерін көрсету үшін Клиент құны 10.000.000 теңге тұратын HOWO жүк автомобилін лизингке алу туралы шешім қабылдап, Исламдық Банкке жүгінді. Тараптар Банк Тауар берушіден автокөлікті сатып алады және Клиентке 3 жыл мерзімге жалға тапсырады деген келісімге келді. Банк Клиентпен келісу бойынша жалгерлік кірістің мөлшерін белгілейді, мысалы 2.000.000 теңге. 
  • Осылайша, шартқа сәйкес 36 ай бойы Клиент ай сайын 333.333 теңге төлеп отырады. 36 айға төлемдерді төлеп болғаннан кейін және Банк алдында Клиенттің қандай да бір міндеттемелері болмаса, Банк Клиентке қалдық (атаулы) құны бойынша автокөліктің меншік құқығын береді.

Жеке клиенттерге Агенттік депозит «Вакала»

  • Вакала – агенттік келісім, Клиент (Муваккиль) өзінің қаражатын Банкке (Вакиль) инвестициялауға тапсырады, ал ол тараптардың келісімі бойынша, кез келген шариғатқа сәйкес бизнес-жобаға қаражатты инвестициялау жолымен пайда табу үшін бар күшін салады.
  • Муваккиль өзінің ақшалай қаражатын ұсынады, ол Вакильдің сенімді басқаруында және иелік етуінде болады. Вакаладағы істерді тек Вакиль инвестициялық агенттік депозиті туралы шартта көрсетілген міндеттемелер шегінде ғана жүргізуі керек.
  • Инвестициялық жобадан алынған пайда Вакильден Муваккильге келісілген есептелген пайда мөлшерінде бағытталуы керек. Егер жалпы пайда асып кеткен жағдайда, Вакиль есептелген пайда төленгеннен кейін қалдық мөлшерінде Вакиль сыйлықақысын алуға құқылы. Сонымен қатар Вакиль, кез келген жағдайда алдын-ала шарттың әрекет ете бастауында, агенттік сыйақы ретінде келісілген комиссияны алады.
  • Муваккил Вакала аясында қаржылық шығындарды толығымен өтейді, егер Вакилдің алаяқтық, немқұрайлылық немесе әдейі орындамағаны үшін кінәсі дәлелденбесе. Муваккилдің міндеттері, егер Вакала келісімінде өзгеше көзделмесе, оның инвестицияларымен шектеледі.
  • Мысалы: Клиент А Вакала негізінде инвестициялық агенттік депозитін ашты, 12 айға 5 000 000 теңге орналастырды, депозит бойынша күтілетін табыс - 10 % немесе 500. 000 теңге. Сонымен қатар, Клиент Банкке алдын-ала 300.000 теңге көлемінде агенттік комиссияны төледі.
  • Келісім мерзімі аяқталғаннан кейін, Банк инвестицияларының нәтижелерін талдай отырып, жоба бойынша пайда 1.200.000 теңгені құрады, бұл күтілетін кірістен асады деген қорытындыға келді. Вакала бойынша келісім ерекшеліктерін ескере отырып, күтілетін пайда асып кеткен жағдайда Сыйлықақы қарастырылған: Банк 500.000 теңгені (күтілетін пайданы) Клиентке аударады.
  • Осылайша, Клиент 5.500.000 (5.000.000+500.000) теңге алады. Банк сондай-ақ 300.000 агенттік сыйақы және 700.000 Вакала сыйлықақысынан тұратын, 1.000.000 теңге көлемінде кіріс алады.
  • Банк Вакала агенттік депозитінің екі түрін ұсынады – Стандарт және Амин. Депозиттер арасындағы негізгі айырмашылықтар: салым валютасы, жеделділік, пайда нормасы, ішінара алу мүмкіндігі.
  • Вакала Стандарт агенттігінің келісіміне сәйкес клиент Банкке жобаларды және инвестициялау әдістерін таңдауда шектеу қоймайды. Вакала Амин шарты белгіленген кірістілігі жоғары өтімді мәмілелерге инвестициялауды қарастырады.


Өнімнің атауы

Вакала Стандарт

Салым валютасы

KZT (тенге), USD (доллары США), EUR (евро)

Салымның минималды сомасы

1 000 KZT / 100 USD / 100 EUR

Салымның максималды сомасы

шектеусіз

Орналастыру мерзімі

12 ай

Күтілетін табыс

Салымның валютасына байланысты

Пайданы төлеудің кезеңділігі

Ай сайын және мерзім соңында

Қосымша салым

Рұқсат етіледі

Ішінара алу

Рұқсат етіледі

Төмендетілмейтін қалдық

Бастапқы жарнаның ең төменгі сомасына тең

Салым мерзімі

Салым бойынша күтілетін табыс

(жылдық %-бен)

Теңгеде

USD/EUR - да

12 ай

10%

2,5%

Өнімнің атауы

Вакала Амин

Салым валютасы

KZT (теңге)

Салымның минималды сомасы

30 000 KZT

Салымның максималды сомасы

шектеусіз

Орналастыру мерзімі

14 күн

Пайда нормасы

Жылдық 5%

Пайданы төлеудің кезеңділігі

Мерзім соңында

Қосымша салым

Рұқсат етіледі

Ішінара алу

Рұқсат етіледі

Төмендетілмейтін қалдық

Бастапқы жарнаның ең төменгі сомасына тең

Бизнес клиенттерге Инвестициялық депозит «Мудараба»

  • Мудараба – инвестициялық депозит болып табылады, бұнда Салымшы (Раббуль Маль), өзінің ақшасын банкке береді, ол Басқарушы ретінде әрекет етеді (Мудариб), және ақшалай қаражатты тәуекелділік деңгейі әртүрлі инвестициялық жобаларға инвестициялайды.
  • Пайда Банк және Салымшы арасында алдын-ала келісілген пропорцияға сәйкес бөлінеді.
  • Барлық Ислам депозитінің басқа түрлері сияқты, сыйақы тікелей немесе жанама түрде кепілдендірілмейді, өйткені инвестициялық қызметтің нәтижесі белгісіз және алынған пайда осы факт бойынша бөлінеді.
  • Барлық Ислам депозитінің басқа түрлері сияқты, сыйақы тікелей немесе жанама түрде кепілдендірілмейді, өйткені инвестициялық қызметтің нәтижесі белгісіз және алынған пайда осы факт бойынша бөлінеді.
  • Осылайша, бұл клиенттің белгілі бір мерзімге банкке олардың номиналды түрде қайтарылуын қамтамасыз етусіз, аударылған ақшаны пайдалану нәтижелеріне байланысты кірісті төлеу шартымен аударған ақшасы. Депозиттің бұл түрі, қандай да бір жинаған ақшасы бар және тәуекелдерді қабылдауға дайын адамдарға қызықты. Инвестициялық депозиттің ерекшелігі - салымның ең аз мөлшері мен мерзімі бойынша шегі бар.
  • Мысалы: Клиент Мудараба негізінде инвестициялық депозит ашып, 5.000.000 теңге мөлшеріндегі соманы салып, пайдасын бөлу келісімі: 70/30 ескере отырып, клиентке және Банкке сәйкесінше орналастырды. Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, Банк өзінің инвестициялық қызметінің нәтижелерін қорытындылай келе, осы жоба бойынша жалпы пайда 2.400.000 теңгені құрады деген қорытындыға келді. Пайданы бөлу туралы шартты ескере отырып Клиент 1.680.000 теңге (2.400.000-70%) алады, ал Банк 720.000 теңге (2.400.000-30%) алады.
  • Осыған байланысты, осы инвестициялық жобаға сәйкес, минималды комиссияны, әкімшілік және басқа да шығындарды алып тастағанда, Клиент барлығы 6.680.000 теңге алады. Банк инвестициялық жобадан 720.000 теңге, сондай-ақ қызмет көрсеткені үшін комиссия алады.


Өнімнің атауы

Мудараба Стандарт

Салым валютасы

KZT (тенге), USD (доллары США), EUR (евро)

Салымның минималды сомасы

1 000 000 KZT / 3 000 USD / 3 000 EUR

Салымның максималды сомасы

шектеусіз

Орналастыру мерзімі

1/3/6/12/24/36 ай

Пайда нормасы

Салымның мерзімі және валютасына байланысты

Пайданы төлеудің кезеңділігі

Мерзім соңында

Қосымша салым

Рұқсат етіледі

Ішінара алу

Рұқсат етіледі

Ерекше талаптар

мерзімінен бұрын толықтай алынған жағдайда салым бойынша пайда төленбейді

Салым мерзімі

Пайданы бөлу коэффициенті (Клиент/Банк)

теңгеде

USD/EUR – да

1 ай

20/80

5/95

3 ай

30/70

10/90

6 ай

45/55

15/85

12 ай

50/50

20/80

24 ай

55/45

25/75

36 ай

60/40

30/70