ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 224
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
БАИШЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
Ф. П 201.12-02| КЕЛІСІЛДІ _____________________ _____________________ _____________________ «_____» ___________ 202__ ж. | БЕКІТЕМІН Академиялық жұмыс жөнінде проректор _______________Калаганова Н.К. «_____» _____________ 202__ ж. |
БАҒДАРЛАМАСЫ
Білім беру бағдарламасы 6В01211-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеуКафедра отырысында қаралды және мақұлданды «Педагогика, психология және пәндік технологиялар» Хаттама № ____ «_____»___________20____ж. Кафедра меңгерушісі____________________________Тойбазарова Н.А. (қолы) Актобе, 202_ ж. Кәсіби практика бағдарламасы «6В01211-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған. Құрастырушы(лар): Даулетбаева Ж.К. – магистр, оқытушы Рецензенттер: Токжанова Айгүл Максатқызы – Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, п.ғ.к., психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасының доценті Кульбаева Бакит Сагындыковна – п.ғ.к., доцент, Баишев университеті БАҒДАРЛАМА АННОТАЦИЯСЫКәсіби практика «6В01211-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша білім дайындау бағытында білім беру бағдарламасынның негізгі бөлімі болып табылады. Практиканы өткізу орындары − мектепке дейінгі ұйым.Кәсіби практика педагог қызметкерлердің әртүрлі деңгейдегі басқару қызметі туралы, кәсіби біліктіліктің дамуы, жеке тұлғалық сапалардың мүмкіндіктерін қалыптастыруды көздейді. Кәсіби практика практик-студенттерден ғылыми және практикалық дайындық деңгейін талап етеді, сонымен қатар өз бетінше мектепке дейінгі ұйымдағы жас топтарының күн тәртібін әзірлеу; әрбір баланың жан-жақты дамуы мен әлеуетін ашуға қолайлы жағдайлар жасау; балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін әлеуметтік – психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасау, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасау; баланың даярлығы мен субъективтік қолдауға бағытталған дамытушы заттық-кеңестік ортаны, оның ішінде арнайы ортаны құру; балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін тәрбиелеу – білім беру процесін ұйымдастыра білу. Практика оқу процесін ұйымдастырудың практикалық жұмыстар нысандарын көздейді.Кафедра практиканың оқу-әдістемелік дайындығын жүзеге асырады, басқарушы-оқытушыларды тағайындайды, практиканың басталуы алдында студенттердің ұйымдастыру жиналысын өткізеді және қажетті құжаттармен (бағдарлама, күнделік, практикаға жолдама және т.б.) қамтамасыз етеді.Практиканың қорытындысы бойынша өтетін аттестация бекітілген талаптарға сәйкес жазылған жазбаша түрдегі есеп пен практика басшының пікірі негізінде жүргізіледі. Практика қорытындысы бойынша баға (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық) қойылады.Тәжірибе бағдарламасында: практикалық жұмыстар қарастырылған.
-
ПРАКТИКАДАН ӨТУДІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ
-
Мектепке дейінгі ұйымды басқару жөніндегі білімін толықтыру; -
Студенттердің теориялық білімдерін шығармашылықпен қолдану біліктілігін бекіту және көрсету; -
Тәрбиешінің қызметін іске асыруға қажетті біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру: ұйымдастырушылық, білім беру, тәрбиелеу, зерттеушілік, бағалаушылық және т.б.; -
Педагогикалық рефлексия, мамандықты жетілдіру, дамыту, шығармашылық ізденіске деген талпынысын қолдап отыру; -
Жеке тұлғалық кәсіби маңызды, мәнді қасиеттерді: тиянақтылық, жинақтылық, мейірімділік, өзіне сын көзбен қарауға және қателіктерді болдырмау және т.б тәрбиелеу; -
Баламен жеке тұлғалық бағыттаушылық қарым-қатынасты қамтамасыз ететін әдістер мен тактиканы үйрену; -
Студенттердің бала жасына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен технологияларды таңдап алу қабілеттерін дамытып, осы кезеңдегі тәрбиенің басым міндеттерін және мектеп жасына дейінгі баланың нақты, жеке ерекшелігін білу; -
Студенттерге педагогикалық рефлексияны қалыптастыру; -
Студенттерді өзіндік педагогикалық мәнер қалыптастыруға бағыттау.
-
ЖББ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ПРАКТИКА ОРНЫ
-
ТӘЖІРИБЕНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
-
1.Тәжірибе мазмұны
-
Практиканың базасымен таныстыру; -
Практиканы өту барысында түрлі зерттеу әдістерін пайдалану; -
Мектепке дейінгі ұйымның аға тәрбиешісінің қызметін меңгеру; -
Практиканы қорытындылау.
3.2. Кәсіби практикасында орындалатын жұмыс жоспары
1-2 апта:
-
Практика базасымен танысу; -
Студенттерді топтарға бөлу; -
Мектепке дейінгі ұйымды басқару, меңгерушінің іс-әрекеті, аға тәрбиешінің және басқа қызметкерлердің құжаттарымен танысу; -
Тәрбиешінің жұмысымен танысу; -
Жеке жұмыс жоспарын құру; -
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысу және талдау; -
Топ және бір тәрбиеленушіні педагогикалық-психологиялық тұрғыдан зерттеуге алу; -
Практика барысын күнделікке түсіру
-
апта:
-
Аға тәрбиеші өткізген әдістемелік көмекті бақылау (кеңес беру, семинар, семинар-практикумдар және т.б.); -
Әдістемелік, топ бөлмесін жабдықтау мен оны толықтыруға көмектесу; -
Көрнекі құралдар дайындау; -
Практика барысын күнделікке түсіру
-
Ата-аналармен жұмыстың бір түрін дайындап өткізу; (конференция, жалпы жиналыс, отбасылық ойындар және т.б.); -
Мектепалды топ тәрбиешілерінің жұмысымен танысу; -
Топ балаларына арналған ойын құралдарын дайындау; -
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізіп, оны талдауға қатысу; -
Балалармен әртүрлі іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру; -
Студенттердің өзіндік педагогикалық жұмыстарын ұжыммен талдау;
-
Әдістемелік жұмыс түрлерін ұйымдастырып өткізу (семинар-практикумы, семинар, дөңгелек үстел, тренинг, іскерлік ойындар және т.б.); -
Ата-аналармен, тәрбиешілермен жүргізілетін педагогикалық әдістерін үйрену; -
Перспективалық жоспар, циклограмма толтыру; -
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа техникалық құралдарды пайдалану; -
Практика барысын күнделікке түсіру.
-
апта:
-
Педагогикалық кеңесті даярлап өткізу; -
Тиісті құжаттарды рәсімдеу; -
Қорытынды конференция өткізу.
3.3.Студент-практиканттың міндеттері:
-
Практика барысында өзінің іс-әрекетін жоспарлауға; -
Жеке жұмыс жоспарына сәйкес іс-әрекетін ұйымдастыруға; -
Әдістемелік әдебиеттермен жұмыс жасауға; -
Бала тәрбиесі бойынша озат тәрбиені зерттеуге және талдауға; -
Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және кәсіптік санитария ережелерін қатаң сақтауға; -
Балабақша тәртібін сақтауға және оны орындауға міндетті.
4.БАҚЫЛАУ НЫСАНДАРЫ
Білім алушылардың мекемелердегі педагогикалық практикасын ұйымдастыру мен оқу-әдістемелік басқаруда университет жағынан кафедра жүзеге асырады. Кафедра практиканың оқу-әдістемелік дайындығын жүзеге асырады, басқарушы-оқытушыларды тағайындайды, практиканың басталуы алдында студенттердің ұйымдастыру жиналысын өткізеді және қажетті құжаттармен (бағдарлама, күнделік, практикаға жолдама және т.б.) қамтамасыз етеді. Практикадан өтуді бақылау СМЖ Е 201.12 – 2021 «Білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыру туралы ереже» сәйкес жүргізіледі. Білім алуышыларды ағымдағы аттестаттауды практика жетекшісі жүргізеді: білім алушының сабаққа қатысуын тіркеу; жеке тапсырмаларды/ практикалық жұмыстарды орындауы; студенттің жеке қасиеттерін бағалауы (ұқыптылық, ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамашылық және т. б.) Практиканың қорытындысы бойынша өтетін аттестация бекітілген талаптарға сәйкес жазылған жазбаша түрдегі есеп пен практика басшының пікірі негізінде жүргізіледі. Практика қорытындысы бойынша баға (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық) қойылады. 5. ПРАКТИКАНЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ| № | Әдебиет | Саны |
| а) Негізгі әдебиет | ||
| 1 | Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі : оқулық / Д. Х. Шунк. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 608 бет | 1 |
| 2 | Балалар психологиясы. (Туылғаннан мектепке дейінгі кезең): оқу құралы / Ұ.И. Ауталипова, Х.Т. Шерьязданова, Д.Е. Абдраманова, А.К. Құлымбаева.- Алматы: Отан, 2016.- 142бет. | 35 |
| 3 | Ауталипова Ұ.И. Жас ерекшелік психологиясы: Оқу құралы. –Алматы: Отан, 2016.-185 б. | 40 |
| 4 | Голованова Н.Ф. Педагогика: учебник и практикум для вузов / Н.Ф. Голованова.- 2-е изд., пер. и доп.- М.: Юрайт, 2018.- 377с. | 10 |
| 5 |
| 50 |
| 6 | Меңдаяхова Қ., Педагогика тарихы. (Жалпы және мектепке дейінгі) Оқулық / Қ. Меңдаяхова, Л.Р. Тайтелиева.- Алматы: Отан, 2016.- 158бет. | 30 |
| 7 | Бұзаубақова, К.Ж.Мектепке дейінгі білім инновациясы : Оқу құралы / К.Ж. Бұзаубақова, С.Н. Жиенбаева.- Алматы: "Отан" баспасы, 2016.- 326б. | 10 |
| 8 | Жиенбаева, С.Н. Мектепке дейінгі ұйым әдіскері жұмысы [Мәтін]: Оқу құралы / С.Н. Жиенбаева, К.Ж. Бұзаубақова.- Алматы: Отан, 2016.- 308 б. 10 | 10 |
| б) Қосымша әдебиеттер | ||
| 1 | Дүйсенбаев А.Қ. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқулық / А.Қ. Дүйсенбаев.- Алматы: Отан, 2018.- 257 б. | 10 |
| 2 | Загвязинский, В.И. Теория обучения и воспитания: учебник и практикум для академического бакалавриата / В.И. Загвязинский, И.Н. Емельянова.- 2-е издание, перераб. и доп.- Москва: Издательство Юрайт, 2018.- 230 с. | 10 |
| 3 | Бұлақбаева М.К., Педагогикалық шеберлік негіздері: оқу құралы. – Алматы: «Отан» баспасы, 2016. – 126 б. | 10 |
| 4 | Медиа этика.Жас мамандардың тәжірибесінен. : оқулық / Э. П. Ли, С. Р. Гай. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 304 бет. | 1 |
| в) Бағдарламалық қамтамасыз ету және Интернет-ресурстар | ||
| Балажанова Ж.Б., Ташкенбаева С.М. Мектепке дейінгі педагогика. Шымкент: ОҚМПИ, 2016. - 129 бет(электронды нұсқа) | ||
| http://www.mailcleanerplus.com/profit/elbib/obrlib.php – электронды кітапхана «Педагогика жəне білім беру» | ||
| №319-ІІІ ҚРЗ. www.edu.gov.kz. (04.07.2018ж. енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен) | ||
| www.livejournal.ru/communities/23 - «Педагогика жəне тəрбие» журналы | ||