ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 79
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жедел және созылмалы пиелонефрит
Просмотреть
Бүйректің анатомиясы мен физиологиясы
Өзектілігі
СП кең тараған аурулардың бірі,мәліметтері бойынша оның кездесу жиілігі жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекциялық ауруларынан кейін екінші орында, ал бүйрек ауруларының арасында- бірінші орында.
Өзектілігі
СП әр он адамның біреуі пиелонефриттен зардап шегеді. Пиелонефрит нефрогенді гипертензияның және созылмалы шамасыздығының басты себебінің бірі.
Латентті ағымға бейімділігінен 20-25 % пиелонефрит алғаш рет аутопсияда анықталады. СП көбіне жедел пиелонефриттің салдарынан дамиды.
Пиелонефрит -анықтамасы
П-бүйректің тостағанша-
түбек жүйесі мен өзекшелерінің
биспецификалық инфекция
әсерінен қабынуы, кейін процесс
бүйрек шумақтары мен
тамырларына тарайды
СП анықтамасы
СП-бүйректің қуыстық жүйесінің және тубулоинтерстициялық аймағының басым зақымдануымен сипатталатын созылмалы бейспецификалық инфекциялық қабыну процесі.
Жедел пиелонефрит анықтамасы
ЖП-бүйректің қуыстық жүйесінің және тубулоинтерстициялық аймағының басым зақымдануымен сипатталатын жедел бейспецификалық инфекциялық қабыну процесі.
ЖП асқынулар-апостематозды нефрит және бүйректің карбункулы.
Бүйрек микропрепараты, жедел серозды пиелонефрит, микроциркуляторлық арнаның гиперемиясы, кеңейген веналар және күңгірт түске боялған эритроциттер байқалады
Бүйрек микропрепараты, жедел іріңді пиелонефрит: лейкоцитарлық инфильтрация анықталады (стрелкамен көрсетілген);
Классификациясы
1.Орнына қарай:
1.Бір жақты пиелонефрит;
2.Екі жақты пиелонефрит
3.Жалпы пиелонефрит
(бүйректі түгел зақымдайды)
4.Сегментарлық пиелонефрит
(бүйрек сегментін не бөлшегін зақымдайды).
Классификациясы
2. Себебіне (туындауына) қарай :
1.Бірінші ретті пиелонефрит
(алдында урологиялық ауру болмайтын пиелонефрит);
2.Екінші ретті пиелонефрит
(несеп бөлу жүйесінің урологиялық
ауруларына қосылатын пиелонефрит).
Классификациясы
3. Аурудың фазасы:
1.Қайталауы а) активті қабынудың қайталауы;
б) бүркемелі қабынудың қайталауы.
2. Саябыр кезі (ремиссия)
Классификациясы
4. Клиникалық түрлері:
1.Жедел пиелонефрит а) сепсистік түрі(бүйрек карбункулы абсцесі);
б) гематуриялық түрі;
в) іш ауыратын (абдоминальдық) түрі.
2. Созылмалы пиелонефрит а) гипертониялық түрі;
б) нефроздық түрі;
в) моносимптомдық түрі;
г) анемиялық түрі.
Классификациясы
5. Даму сатысына қарай:
а) тез үдемелі( активті) даму;
б) бүркемелі (аз симптомды) даму;
в) қайталама даму;
г) саябыр кезі.
6. Созылмалы бүйрек шамасыздығының дәрежесі
Классификациясы (А.Г.Брюховецкий)
Зақымданудың механизмі: біріншілік (гематогенді), екіншілік (уриногенді).
Орналасуы: а) бір жақты, ә) қос жақты, б)жалғыз бүйректін пиелонефриті.
Аурудың фазасы: а) өршу; ә) тұрақсыз ремиссия; б) ремиссия,
Барысы: а)латентті, ә)рецидитеуші, б )үдемелі
Негізгі синдромдары және асқынулары: а)артериялық гипертензия, ә)БСШ б)паранефрит, в)гидронефроз, г)уросепсис , д)анемия, е)дистрофия.
Этиологиясы
Энтерококк
Микоплазма
Жалған протей .
Сирегірек жағдайда –вирустар, саңырауқұлақтар, сальмонелдер.
Стафилококк.
Энтерококк.
Көкшіл ірің таяқшасы.
Этиологиясы
Ішектік аутоинфекция ( ішектің облигаттық флорасы-ішек таяқшалары,энтерококтар;ішектің дисбактериозында пайда болатын факультативтік флора- ішек таяқшасының гемолиздік түрі, протей,клебсиелла,алтын сары стафилококк,көк іріңді таяқшалар);
Этиологиясы
Экзоинфекция-урология,акушерлік-гинекология,реанимация бөлімшелерінде жатқан науқастарға несептік инфекцияның құралдармен жұғуы(көбіне іріңді коктық инфекция);
Этиологиясы
Бактериялардың L-түрлері және микоплазмалар (әдеттегі антибактериялық дәрмектерге төзімді);бактериялардың L-түрлері қолайлы жағдайда әдетті түріне айналып пиелонефритті өршітуі және өрістетуі ықтимал.
Патогенезі
Инфекциялық қабынуға түрткі факторлар: уродинамиканың бұзылуы, несеп жүрудің бұзылуы, патологиялық рефлюкстер.
Несеп бөлу жүйесінің атониясы.
Организмнің иммунологиялық активтігінің төмендеуі .
Гормон алмасудың өзгерістері.
Сенсибилизацияның, аутоиммундық реакцияның дамуы.
Қабыну синдромы: қызба, қалтырап тоңу, ЭТЖ өсуі, лейкоцитоз, фибриногеннің көбеуі.
Ауыру синдромы: белдің тұсының, бір жақтан не екі жақтан бірдей ауыруы.
Несеп синдромы: лейкоцитурия, протеинурия, эритроцитурия.
Дизурия синдромы: сұйық дәретке жиі отыру, зәр бөлу кезінде ашып ауыру, полиурия.
Артериялық гипертензия синдромы.
Созылмалы бүйрек шамасыздығы синдромы: азотемия, гипоизостенурия, никтурия, олигурия.
Улану синдромы: жүрек айну, бас ауыру, шөл, тәбеттің төмендеуі.
Несептік синдром
Лейкоцитурия, микрогематурия, 1 г жетпейтін тәуліктік протеинурия, гипостенурия және бактериурия.
Гипостенурия - бұл белгі несептің концентрациялау процесінің бұзылысынан болады (бүйректің милы қабатында жүретін). Нақты зерттеу үшін Зимницкий сынамасын жасайды.
Несептік синдром
Бактериурия-микробтардың несеппен бөлінуі. Қалыпты жағдайда қуықтағы несеп стерильді. Егерде зәрдің 1 мл микробтардыңсаны 1* 10 5 болса;бұл сенімді бактериурия саналады; бактериялардың 1*104 саны-сенімсіз бактериурия.
Несептік синдром
Протеинурия-пиелонефритте аз мөлшерде, тәулігіне 1-2 г аспайды. Оның себебі-шумақтардан өткен төмен молекулалық белоктардың проксимальді түтікшелерде реабсорбциясының кемістігі (альбуминнің, лизоцимнің және т.б.)
Пиелонефрит диагнозының критерийлері
Дизурия не полиурияның қызу көтерілуімен, бел тұсының ауыруымен және бактериуремиямен қоса кездесуі.
Пальпациялағанда іштің бір немесе екі жағының ауырсынуы.
Бүйректің зәрді қышқылдау қасиетінің төмендеуі.
Зәр шөгіндісінің өзгерісі.
Пиелонефрит диагнозының критерийлері
Бүйректің концентрациялау функциясының нашарлауы.
Бактериурия
Бүйрек тканінің интерстицийіндегі өзгерістер.
Рентгенологиялық өзгерістер: тостағанша – түбекше жүйесінде жергілікті түйілу (спазм) болу, тостағаншалар мен бүйрек түбегіні деформациясы (толу кемістігі).
Клиникалық есеп
Науқас әйел 37 жаста, бел тұсының ауырсынуына, жиі дәретке баруына шағымданады.
Анамнезінде:
5 жылдан бері суықтаған кездерде бел тұсының ауыруы, қызба, дизурия мазалайды.
Қарағанда: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температурасы 370С. Тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ 18 рет 1 мин. Жүре тондары бәсең ырғақты. АҚ 130/80 мм.рт.сын.бағ. ЖСС 84 рет 1 мин. Қағу симптомы екі жақтан оң мәнді. Қанында: лейк – 6,1х10 9 /л, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализ: сал.тығыздығы -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер өте көп, эритроциты – сілтіленген және өзгермеген, к/а 3- 5. Нечипоренко сынамасы: эр – 1000, лейк – 20000, сафронинмен бояғанда –Штернгеймер-Мальбин клеткалары.
Қосымша зерттеудің нәтижелері:
Қанның жалпы анализі. Өршу кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды. Көптен келе жатқан пиелонефритте нормохромдық анемия анықталады.
Несептің анализіндегі өзгерістер: микоропротеинурия, гипостенурия, лейкоцитурия, микрогематурия, бактериурия.
Қосымша зерттеудің нәтижелері:
Экскрециялық урография
Процестің жаңа басталған кезінде зақымданған бүйректен контрасттық зат кешігіп бөлінеді, кейбір тостағаншалардың (көбіне жоғарғылардың) түйілуі байқалады.
Қосымша зерттеудің нәтижелері:
Ультрадыбыстық зерттеуде түбектің, тостағаншалардың деформациясы, бүйрек паренхимасының ошақты тығыздалуы, кейде тастар болуы айқын анықталады. Қажетті жағдайларда радиоизотопты ренография, компьютерлік томографияны жасайды.
Ретроградты пиелограмма. Тубулярлы рефлюкс. Созылмалы пиелонефрит.
Емдеу принциптері
СП емі екі сатыдан тұрады
өршуді басу және рецидивке қарсы ем.
Өршу басу емі ауруханада жүргізіледі.
Диетотерапия
Тәртіп
Кез келген фазасында науқастар суықтаудан аулақ жүруі керек және де физикалық күштемені шектеу керек.
Созылмалы пиелонефриттің жасырын кезеңінде артериалдық қысым қалыпты жағдайда, бүйрек қызметі сақталған кезде тәртіпті шектеу қажет емес.
Аурудың өршуі кезінде тәртіп шектеледі, егер қызбамен және белсенділігі жоғары кезінде төсектік тәртіп тағайындалады. Асханаға және әжетханаға баруға болады. Артериялық гипертензия жоғары болғанда, бүйрек шамасыздығы болғанда қозғалысты шектейді.
Жалпы созылмалы пиелонефрит кезінде тәртіп 4-6 апта бойында сақталады.
Емдік тағам
Пиелонефритпен науқастар 7 емдәмді сақтау қажет. Оның мақсаты бүйректі барынша аялау, қан қысымын ретке келтіру, зәрдің шығуын жақсарту, ісінуді жою.
Тағам құрамында:
Нан өнімдері – тұзсыз нан, жайма, құймақ.
Жануарлар, құс, балық еттері қайнатылып беріледі.
Жұмыртқа – суға қайнатылған, омлет түрінде тәулігіне бір рет.
Жемістер (картоп, сәбіз, капуста, қызылша) және жидектер (алма, алхоры, өрік, жүзім, инжир және басқа).
Кері көрсеткіші болмаса сұйықтықты 2-3 л дейін қолданады (минералды су, витаминді сусындар, соктар, морс, компот, кисел. Шай және итмұрын қайнатпасы.
Сүт өнімдері (сүзбе, ірімшік, айран, қаймақ, простокваша, сливки). Өткір тағамдар және приправалар шектеледі.
1. Созылмалы пиелонефриттің өршуі кезінде тұзды шектейді. 2. Пиелонефриттің кез келген кезеңінде қарбыз, қауын, асқабақты қабылдауға болады (олар зәрдің шығуын жақсартады, зәр жолдарын микробтардан, ұсақ құмдардан жақсы тазартады).
Диспансерлік бақылау
Жылына 2 рет диспансерлік бақылауда болу
Көрсеткіш бойынша уролог, нефролог, терапевтке қаралуы тиіс
Жылына 2-4 рет қанның жалпы анализі, зәрдің жалпы анализін анықтау, қанның биохимиялық анализін жылына 2 рет, зәрді антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау
Артериалдық қысымды бақылау
Артериалдық қысымды бақылау
Жылына 1 рет экскреторлық урография жүргізу
СП кезінде санторлы курортты ем
Өршуден тыс кезеңде минеральді сулармен емделу, ішу, ванна түрінде қабылдау тағайындалады
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет