ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 193
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жедел және созылмалы пиелонефрит
Просмотреть Бүйректің анатомиясы мен физиологиясыӨзектілігі
СП кең тараған аурулардың бірі,мәліметтері бойынша оның кездесу жиілігі жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекциялық ауруларынан кейін екінші орында, ал бүйрек ауруларының арасында- бірінші орында.Өзектілігі
СП әр он адамның біреуі пиелонефриттен зардап шегеді. Пиелонефрит нефрогенді гипертензияның және созылмалы шамасыздығының басты себебінің бірі. Латентті ағымға бейімділігінен 20-25 % пиелонефрит алғаш рет аутопсияда анықталады. СП көбіне жедел пиелонефриттің салдарынан дамиды.Пиелонефрит -анықтамасы
П-бүйректің тостағанша-түбек жүйесі мен өзекшелерінің биспецификалық инфекция әсерінен қабынуы, кейін процессбүйрек шумақтары мен тамырларына тарайдыСП анықтамасы
СП-бүйректің қуыстық жүйесінің және тубулоинтерстициялық аймағының басым зақымдануымен сипатталатын созылмалы бейспецификалық инфекциялық қабыну процесі.Жедел пиелонефрит анықтамасы
ЖП-бүйректің қуыстық жүйесінің және тубулоинтерстициялық аймағының басым зақымдануымен сипатталатын жедел бейспецификалық инфекциялық қабыну процесі. ЖП асқынулар-апостематозды нефрит және бүйректің карбункулы. Бүйрек микропрепараты, жедел серозды пиелонефрит, микроциркуляторлық арнаның гиперемиясы, кеңейген веналар және күңгірт түске боялған эритроциттер байқаладыБүйрек микропрепараты, жедел іріңді пиелонефрит: лейкоцитарлық инфильтрация анықталады (стрелкамен көрсетілген);Классификациясы
1.Орнына қарай: 1.Бір жақты пиелонефрит; 2.Екі жақты пиелонефрит 3.Жалпы пиелонефрит (бүйректі түгел зақымдайды) 4.Сегментарлық пиелонефрит (бүйрек сегментін не бөлшегін зақымдайды).Классификациясы
2. Себебіне (туындауына) қарай : 1.Бірінші ретті пиелонефрит (алдында урологиялық ауру болмайтын пиелонефрит);2.Екінші ретті пиелонефрит (несеп бөлу жүйесінің урологиялық ауруларына қосылатын пиелонефрит).
Классификациясы
3. Аурудың фазасы: 1.Қайталауы а) активті қабынудың қайталауы; б) бүркемелі қабынудың қайталауы. 2. Саябыр кезі (ремиссия)Классификациясы
4. Клиникалық түрлері: 1.Жедел пиелонефрит а) сепсистік түрі(бүйрек карбункулы абсцесі); б) гематуриялық түрі; в) іш ауыратын (абдоминальдық) түрі. 2. Созылмалы пиелонефрит а) гипертониялық түрі; б) нефроздық түрі; в) моносимптомдық түрі; г) анемиялық түрі.Классификациясы
5. Даму сатысына қарай: а) тез үдемелі( активті) даму; б) бүркемелі (аз симптомды) даму; в) қайталама даму; г) саябыр кезі. 6. Созылмалы бүйрек шамасыздығының дәрежесіКлассификациясы (А.Г.Брюховецкий)
Зақымданудың механизмі: біріншілік (гематогенді), екіншілік (уриногенді).Орналасуы: а) бір жақты, ә) қос жақты, б)жалғыз бүйректін пиелонефриті.Аурудың фазасы: а) өршу; ә) тұрақсыз ремиссия; б) ремиссия,Барысы: а)латентті, ә)рецидитеуші, б )үдемеліНегізгі синдромдары және асқынулары: а)артериялық гипертензия, ә)БСШ б)паранефрит, в)гидронефроз, г)уросепсис , д)анемия, е)дистрофия.Этиологиясы
Энтерококк Микоплазма Жалған протей . Сирегірек жағдайда –вирустар, саңырауқұлақтар, сальмонелдер. Стафилококк. Энтерококк. Көкшіл ірің таяқшасы.Этиологиясы
Ішектік аутоинфекция ( ішектің облигаттық флорасы-ішек таяқшалары,энтерококтар;ішектің дисбактериозында пайда болатын факультативтік флора- ішек таяқшасының гемолиздік түрі, протей,клебсиелла,алтын сары стафилококк,көк іріңді таяқшалар);Этиологиясы
Экзоинфекция-урология,акушерлік-гинекология,реанимация бөлімшелерінде жатқан науқастарға несептік инфекцияның құралдармен жұғуы(көбіне іріңді коктық инфекция);Этиологиясы
Бактериялардың L-түрлері және микоплазмалар (әдеттегі антибактериялық дәрмектерге төзімді);бактериялардың L-түрлері қолайлы жағдайда әдетті түріне айналып пиелонефритті өршітуі және өрістетуі ықтимал.Патогенезі
Инфекциялық қабынуға түрткі факторлар: уродинамиканың бұзылуы, несеп жүрудің бұзылуы, патологиялық рефлюкстер. Несеп бөлу жүйесінің атониясы. Организмнің иммунологиялық активтігінің төмендеуі . Гормон алмасудың өзгерістері. Сенсибилизацияның, аутоиммундық реакцияның дамуы. Қабыну синдромы: қызба, қалтырап тоңу, ЭТЖ өсуі, лейкоцитоз, фибриногеннің көбеуі. Ауыру синдромы: белдің тұсының, бір жақтан не екі жақтан бірдей ауыруы. Несеп синдромы: лейкоцитурия, протеинурия, эритроцитурия. Дизурия синдромы: сұйық дәретке жиі отыру, зәр бөлу кезінде ашып ауыру, полиурия. Артериялық гипертензия синдромы. Созылмалы бүйрек шамасыздығы синдромы: азотемия, гипоизостенурия, никтурия, олигурия. Улану синдромы: жүрек айну, бас ауыру, шөл, тәбеттің төмендеуі.Несептік синдром
Лейкоцитурия, микрогематурия, 1 г жетпейтін тәуліктік протеинурия, гипостенурия және бактериурия.Гипостенурия - бұл белгі несептің концентрациялау процесінің бұзылысынан болады (бүйректің милы қабатында жүретін). Нақты зерттеу үшін Зимницкий сынамасын жасайды.Несептік синдром
Бактериурия-микробтардың несеппен бөлінуі. Қалыпты жағдайда қуықтағы несеп стерильді. Егерде зәрдің 1 мл микробтардыңсаны 1* 10 5 болса;бұл сенімді бактериурия саналады; бактериялардың 1*104 саны-сенімсіз бактериурия.Несептік синдром
Протеинурия-пиелонефритте аз мөлшерде, тәулігіне 1-2 г аспайды. Оның себебі-шумақтардан өткен төмен молекулалық белоктардың проксимальді түтікшелерде реабсорбциясының кемістігі (альбуминнің, лизоцимнің және т.б.)Пиелонефрит диагнозының критерийлері
Дизурия не полиурияның қызу көтерілуімен, бел тұсының ауыруымен және бактериуремиямен қоса кездесуі. Пальпациялағанда іштің бір немесе екі жағының ауырсынуы. Бүйректің зәрді қышқылдау қасиетінің төмендеуі. Зәр шөгіндісінің өзгерісі.Пиелонефрит диагнозының критерийлері
Бүйректің концентрациялау функциясының нашарлауы. Бактериурия Бүйрек тканінің интерстицийіндегі өзгерістер. Рентгенологиялық өзгерістер: тостағанша – түбекше жүйесінде жергілікті түйілу (спазм) болу, тостағаншалар мен бүйрек түбегіні деформациясы (толу кемістігі).Клиникалық есеп
Науқас әйел 37 жаста, бел тұсының ауырсынуына, жиі дәретке баруына шағымданады. Анамнезінде: 5 жылдан бері суықтаған кездерде бел тұсының ауыруы, қызба, дизурия мазалайды.
Қарағанда: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температурасы 370С. Тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ 18 рет 1 мин. Жүре тондары бәсең ырғақты. АҚ 130/80 мм.рт.сын.бағ. ЖСС 84 рет 1 мин. Қағу симптомы екі жақтан оң мәнді. Қанында: лейк – 6,1х10 9 /л, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализ: сал.тығыздығы -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер өте көп, эритроциты – сілтіленген және өзгермеген, к/а 3- 5. Нечипоренко сынамасы: эр – 1000, лейк – 20000, сафронинмен бояғанда –Штернгеймер-Мальбин клеткалары.