Файл: Жмысты масаты Зерттеу айма бойынша растыратын карта растыру дістерін талдау Жмысты мазмны.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 123

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Тақырыбы: Карта құрастыру үшін ақпарат көздерін жинау.

Тақырыбы: Картографияланатын құбылыстардың

аймақтық ерекшеліктерін зерттеу

(мысалы ретінде – Алматы облысының жер бедері картасын құрастыру)

Жұмыстың мақсаты: Карта жинақтауын (компоновкасын) құрастыру

Жұмыстың мақсаты: Карта мазмұнын құрастыру (зерттеу аймақтың карта негізін құрастыру).

Жұмыстың мақсаты: Құрастыратын картаның шартты белгілерін құрастыру (зерттеу аймақ бойынша)

Жұмыстың мақсаты: Зерттеу аймағы картасының алғашқы түпнұсқасын құрастыру

Тапсыратын материалдар: Зерттеу аймағы картасының алғашқы түпнұсқасы

Жұмыстың мақсаты: Картаның түпнұсқасын безендіру

Жұмыстың мақсаты: Редакциялық жұмыстардың түрлері мен міндеттері сипаттау

Жұмыстың мақсаты: Көпбетті және тақырыптық карталарды редактілеу жұмысын сипаттау

Тапсыратын материалдар: Көпбетті және тақырыптық карталарды редактілеу жұмысын сипаттамасы

Жұмыстың мақсаты: Тақырыптық карталарды редакциялау жұмысын сипаттау

Тапсыратын материалдар: Көпбетті және тақырыптық карталарды редакциялау жұмысын сипаттамасы


1 Семинарлық сабақ
Тақырыбы: Карта құрастыру әдістерін талдау
Жұмыстың мақсаты: Зерттеу аймақ бойынша құрастыратын карта құрастыру әдістерін талдау

Жұмыстың мазмұны:

Картографиялау дегеніміз – жаңа карталарды құрастыру үрдісі. Оның екі түрі бар: шынайы түрдегіні суретке түсіру (натура); картаны лабораториялық жағдайда жасау.

Суретке түсіру немесе түсірім (далалық картографиялау) жергілікті жердің қартографиялық құбылысын зерттеу. Әр түрлі құралдарды қолданып зерттеуші түсірім кезінде нақты фактілерді жинайды, графикалық түрде олардың кеністіктегі орнын анықтайды, сонымен қатар оларды өндеп бір жүйеге әкеледі. Ол үшін арнайы белгілерді пайдаланады, сосын жаңа географиялық картаны құрастырады. Мысалы, топограф жер бедерінің кейбір нүктелерідің биіктігін өлшейді, сосын интерполяция арқылы арасындағы нүктелерді тауып, көрсеткіштерімен белгілейді де горизонтальдар туралы түсініктіні пайдаланып, сосын жер бедерінің суретін шығарады. Сол сияқты, басқа да карталарды сол әдіспен шығарады.

Лабораториялық жағдайда картаны дайындау - жиналған мәліметтердің өнделу негізінде немесе бұрыңғы карталардың қайта өнделуіне және жаңартылыуына негізделеді.

Сонымен, географиялық карталардың лабораториялық дайындау үрдісі және әдістің құрастыру мен зерттеуі – курстың пәні болып сналады. Бұл жерде карталардың түпнұсқасын дайындау туралы айтылады немесе алғашқы экземпляры алынады да, сол арқылы карталар көбейтіледі.
Тапсыратын материалдар: зерттеу аймақ бойынша құрастыратын карта әдістерінің сипаттамасы

2 Семинарлық сабақ
Тақырыбы: Картаның бағдарламасын құрастыру
Жұмыстың мақсаты: Зерттеу аймақ бойынша құрастыратын карта бағдарламасын құрастыру.
Жұмыстың мазмұны:

Картографиялау дегеніміз – жаңа карталарды құрастыру үрдісі. Әр түрлі құралдарды қолданып зерттеуші түсірім кезінде нақты фактілерді жинайды, графикалық түрде олардың кеністіктегі орнын анықтайды, сонымен қатар оларды өндеп бір жүйеге әкеледі. Ол үшін арнайы белгілерді пайдаланады, сосын жаңа географиялық картаны құрастырады. Шынай түрде, карталар кеңістіктегі құбылыстардың образын көрсетеді, сол арқылы білім береді. Карталар арқылы олар жақсы көрінеді. Жергілікті жер туралы карталар арқылы көптеген мәліметтер алуға болады. Картаны дұрыс құрастыру екі жағдайға байланысты:


  1. картаның мақсаты негізінде оның міндеттерін дұрыс анықтау және онда көрсетілетін құбылыстар мен үрдістерді жақсы түсіну керек;

  2. картографиялық ғылым принциптері , тәртібі және нормасы бойынша үлгі құрастыру.

Картаның бағдарламасы дегеніміз – бұл картаның мақсатын, түрін, типін, оның математикалық негізін, мазмұнын, бажалау принципін, графикалық белгілерді көрсету тәсілін және жүйесін, пайдалану тәртібін, сондай-ақ, картаның дайындау технологиясын белгілейтін құжат. Ал, техникалық және экономикалық есептермен, сметалармен т.б. толықтырылған бағдарлама – картаның жобасын құрайды.

Бағдарламаны картаның түп нұсқасын дайындау мен оны баспаға шығару технологиясының тәртібін анықтайтын технологиялық бөлім аяқтайды. Сөйтіп бағдарлама схемасы 6 бөлімнен тұрады: 1 – карта атауы, оның мақсаты және оған қойылатын талаптар; 2 – картаның математикалық негізі; 3 – карта мазмұны; 4 – картографиялық көздер және оларды қолданудағы нұсқаулар; 5 – географиялық сипаттамалар және бажайлау бойынша нұсқаулар; 6 – карта дайындаудың технологиясы;
Тапсыратын материалдар: зерттеу аймақ бойынша құрастыратын картаның бағдарламасы.


3 Семинарлық сабақ

Тақырыбы: Карта құрастыру үшін ақпарат көздерін жинау.



Жұмыстың мақсаты: Карта құрастыру үшін мәліметтерді жинау, таңдау, талдау.
Жұмыстың мазмұны:

Көздерді дұрыс жинау деген – бұл карта құрастырудағы толық, нақты және мүмкін болса пайдалануға ыңғайлы қазіргі уақытты ақпарат көздерін алдын-ала жинау. Қандай болсын көздер үшіноларды кеңістіктік байланыстыру керек.

Көздерді алдын-ала жинау деген – оның бағдарлама құрастырудағы толық бітуі. Егерде қосымша көздер қосылса, онда карта түпнұсқасын құрастыру кезінде оны түзету немесе қайтадан жасау керек болады. Сондықтан, бұл жұмыстар карта дайындау мерзімін ұзартады, бағасы өседі және түпнұсқаның графикалық сапасын төмендетеді.

Сонымен, көздерді дұрыс жинау үшін, келесі мәліметтерді жақсы білу қажет:

  1. жобаланатын карта мазмұны сәйкес келетін күндері мен мерзімін;

  2. мазмұнының барлық компоненттерін және оларға қажет толықтығын, нақтылығын және көрсеткіштерін;

  3. өндеуге ыңғай болу үшін көздердің жеңіл түрі мен формасын.


Тапсыратын материалдар:

1. Пайдаланатын көздердің тізімін тапсыру.

4 Семинарлық сабақ

Тақырыбы: Картографияланатын құбылыстардың


аймақтық ерекшеліктерін зерттеу

(мысалы ретінде – Алматы облысының жер бедері картасын құрастыру)



Жұмыстың мақсаты: Алматы облысының жер бедерінің аймақтық ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың мазмұны:

Картаның бағдарламасын жақсы құрастыру және жалпылауды сапалы жұргізу жұмысы картографияланатын құбылыстың аймақтық ерекшелігін дұрыс түсінуге байланысты. Ол үшін картографияланатын ауданмен жақсы танысу керек. Картографияланатын ауданды зерттеу барысында келесі жағдайлар анықталады: құбылыстардың аймақтық ерекшеліктері, олардың таралу заңдылықтары, байланыстары және даму тенденцилары – бір сөзбен айтқанда, құрастыратын картаның мақсаты, тақырыбы және масштабына сәйкес келетін барлық жағдайы. Сонымен, картаның мақсаты, тақырыбы, масштабы және аймақтық ерекшелігі зерттеудің бағыты мен нақтылығын анықтайды. Зерттеу әдісі сонымен бірге қолдағы бар және жеткілікті ақпарат көздеріне де байланысты. Осыған байланысты берілген аймақтың

  1. Жер бедерінің типтерін анықтау, оған сипаттама беру

  2. Құрастыратын картаның масштабына байланысты жер бедерінің жергілікті ерекшеліктерін. Мысалы, ірі масштабта өзен террасаларын көрсету керек болса, ұсақ масштабта олар қажет емес, себебі, көрінбейді.

  3. Картаның бағыты мен нақтылығына әсер етуші фактолар: ішік жергілікті ерекшеліктер (даму үрдістері-тау алдында эрозионды-жыралы үрдістерді зерттеу)

  4. Зерттеу әдістері: лабораториялық және далалық

  5. Зерттеу нәтижелері.


Тапсыратын материалдар: Алматы облысының жер бедері картасындағы аймақтық ерекшеліктерінің сипаттамасы.

5 Семинарлық сабақ

Тақырыбы: Картаның масштабын таңдау және талдау
Жұмыстың мақсаты: Зерттеу аймағының құрастыратын картасының масштабын таңдау

Жұмыстың мазмұны:

Картаның математикалық негізін өңдеуге картаның масштабқа негізделуі, таңдалуы, оның проекциясы, координаталық торлары, компоновкасы, егер керек болса беттерге бөлу жүйесі жатады. Масштаб кеңістіктік үлгінің өлшемін анықтайды. Картадағы өзгерістердің мүмкіндігі тікелей оның мазмұнының толықтылығына және нақтылығына байланысты.

Картаны белгілеуді басшылыққа ала отырып, масштабты таңдау кезінде карта өлшемінің нақтылығына деген талап нысанның жаратылысын толық және оның бейнесін анығырақ беруі керек, әр біреуіне қойылған талапты орындау үшін (минимальді) масштбты анықтаймыз. Егер де қойылған талаптары бірдей, бірақ масштабтары бір-біріне сәйкес келмей қалса, таңдауды ірірек масштабта тоқтатуымызға тура келеді. Онда бұл масштабтың айтарлықтай ірілігі басқа талаптарға байланысты (мысалы, геометриялық дәлдік кезінде) бағдарламаның басқа да орындарында ескерілуі мүмкін (Мысалы, геометриялық жалпылау кезінде нысанның пландық сызбасын генерализация кезінде рұқсат етілген үлкейту арқылы жүзеге асыруға болады).


Карта масштабын таңдау кезінде жиі шешімді мағана беру үшін белгілі аумақтың толық бейнесін беру шарт, ол- рамкада берілген дүние жүзінің, елдің, облыстың және тағы басқа карталар болуы мүмкін еді, мәселен, атластың белгілі форматында бекітілген немесе бар үлкендігінше жасалған қабырға карталары. Масштабты таңдау кезінде көрсетілген факторлардан басқа сонымен қатар ескеретін жағдайлар: масштабтардың біртектілігін немесе еселігін сақтап тұру үшін немесе карталарды жинаған кезде масштабтар арасындағы айырмашылықты азайту үшін жобаланатын карталар және мазмұндас карталар арасындағы қатынас мысалға, географиялық атласта стандартты өлшемдегі картографиялық қағаздарды тиімді пайдалану үшін (қалдықсыз), офсетті баспа машинасын барынша толық қолдану үшін, көп бетті карта минимальді қолдану үшін экономикалық жағынан тиімді пайдалану керек.

Тапсыратын материалдар: Зерттеу аймағының құрастыратын масштабты


6 Семинарлық сабақ
Тақырыбы: Карта жинақтауын (компоновкасын) құрастыру

Жұмыстың мақсаты: Карта жинақтауын (компоновкасын) құрастыру


Жұмыстың мазмұны:

Картаның жинақтауына келесі жағдай кіреді:

  1. картографияланатын аймақтың шекарасын және оның рамкаға қатысты орналасуын анықтау

  2. рамканың ішінде және картаның жиегінде картаның атауы, масштабы, шартты белгілері, мәліметтер, (керек болса) қосымша карталар, графиктер, орналастыру.

  3. жинақтауды карта бетін тиімді пайдалану деп түсінуге болады. Картаның негізгі мақсатымен бірге орнықтыруда картаның ыңғайлы пайдалануын, эстетикалық талаптарын және техникалық жағдайларын (картографиялық қағаздың стандартты көлемін, басып шығаратын машинаның тиімді ауданын, т.б.) ескеру керек.

  4. жинақтау жобасы беттің көлемін, карта рамкасын, картографияланатын аймақтың орналасуын, сонымен қатар картаның атауын, масштабын, легендасын және қосымша мәліметтерін көрсететін (картаны дайындаған адамның аты-жөні, жері, шыққан жылы, т.б.) орнықтыру макеті ретінде орындалады.

Бұл міндеттердің шешілуі келесі карталарында көрсетіп, сипаттаңда:

  • бірбетті карталар.

  • көпбетті карталар.

  • атлас карталары.


Тапсыратын материалдар: Зерттеу аймағы бойынша карта жинақтауын тапсыру.

7 Семинарлық сабақ
Тақырыбы: Картаның мазмұнын құрастыру

Жұмыстың мақсаты: Карта мазмұнын құрастыру (зерттеу аймақтың карта негізін құрастыру).




Жұмыстың мазмұны:

Карта мазмұнын анықтау картаны жобалаудың негізгі сатысы болып келеді . бұл мазмұны элемент тізімі олардың топтастыруы сипаттамасы және көрсеткіштері бейнелеу әдістері мен географиялық символдардың жүйесі жалпылау көрсеткішінің шектеулі параметірлерін анықтау сондай-ақ географиялық аудандастыру.

Карта мазмұнының негізі екі бағыт құрайды:

1) географиялық картаны кеңістік модель ретінде түсіндіру.

2) картаны түсіндіру жіне құрастыруда жүйелі түрде қарастыру

Карталар нысандардың орналасуы мен кеңістікте байланыстарын, олардың ерекше қасиеттерін, жағдайын, ерекшеліктерін және уақытша өзгерілуін немесе бір сөзбен айтқанда – “мазмұнының мағынасын” көрсетеді (ашады). Картографияланатын құбылыстардың ерекшеліктерін көрсету таңдаған топтастырылудан (классификациядан), сипаттамалардан және көрсеткіштерден тұрады.

Топтастырылу геожүйе ретінде қарастырылатын картографияланатын құбылыстың біртіндеп бөлшектенуінен тұрады. (жүйеше, жүйеше-жүйеше, (подсистемы) т.б.). Ол бір тұтас жүйе ішінде әрбір жүйенің орнын және оған тән қасиеттерін көрсетеді
Тапсыратын материалдар: Құрастыратын картаның мазмұнын аяқтау, тапсыру

8 Семинарлық сабақ
Тақырыбы: Картаның безендіруің құрастыру.

Жұмыстың мақсаты: Құрастыратын картаның шартты белгілерін құрастыру (зерттеу аймақ бойынша)



Жұмыстың мазмұны:

Легенда – картадағы кесте немесе оның жиынтығы ретінде пайдаланған нұсқауларымен бірге шартты белгілер. Бұл анықтамада кейде карта оқылуын жеңілдету үшін легенданың мақсаты келтіріледі. Бұндай түсініктеме дайын карта легендасына берілген дұрыс болады. Легенда арқылы картаны тек оқуға ғана емес, сондай-ақ мазмұнын да түсінуге болады. Легенда карта мазмұнының элементтерін белгілейді, жіктелу принциптерін, ғылыми негізін және логикалық құрлымын анықтайды, бейнелеу әдісін бағалайды т.б. немесе картаның негізгі ерекшеліктері, жетістіктері және кемшіліктері туралы пікір құрайды. Легенда – карта бағдарламасындағы, оның “конституциялық негіздерін”:мазмұны құрамын, жеке элементтердің маңызы мен байланыстарын, олардың графикалық формасын т.б. құрайтын маңызды компонент. Сонымен легенда екі мақсатта пайдаланады: карта құрастыруда нұсқау ретінде, содан кейін картамен жұмыс жасау барысында құрал ретінде. Басқа сөзбен айтқанда, легенданы карта құрастыруда және оны пайдалануда қажетті белгілер жиынтығы деп анықтауға болады.