Файл: Жмысты масаты Зерттеу айма бойынша растыратын карта растыру дістерін талдау Жмысты мазмны.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 129
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Тақырыбы: Карта құрастыру үшін ақпарат көздерін жинау.
Тақырыбы: Картографияланатын құбылыстардың
аймақтық ерекшеліктерін зерттеу
(мысалы ретінде – Алматы облысының жер бедері картасын құрастыру)
Жұмыстың мақсаты: Карта жинақтауын (компоновкасын) құрастыру
Жұмыстың мақсаты: Карта мазмұнын құрастыру (зерттеу аймақтың карта негізін құрастыру).
Жұмыстың мақсаты: Құрастыратын картаның шартты белгілерін құрастыру (зерттеу аймақ бойынша)
Жұмыстың мақсаты: Зерттеу аймағы картасының алғашқы түпнұсқасын құрастыру
Тапсыратын материалдар: Зерттеу аймағы картасының алғашқы түпнұсқасы
Жұмыстың мақсаты: Картаның түпнұсқасын безендіру
Жұмыстың мақсаты: Редакциялық жұмыстардың түрлері мен міндеттері сипаттау
Жұмыстың мақсаты: Көпбетті және тақырыптық карталарды редактілеу жұмысын сипаттау
Тапсыратын материалдар: Көпбетті және тақырыптық карталарды редактілеу жұмысын сипаттамасы
Жұмыстың мақсаты: Тақырыптық карталарды редакциялау жұмысын сипаттау
Тапсыратын материалдар: Көпбетті және тақырыптық карталарды редакциялау жұмысын сипаттамасы
Легенда үшін келесі жағдайлар қажетті:
-
легендада жобаланған және карта қолданған барлық белгілер; -
белгілердің легендада және картадағы қатал сәйкестігі; -
картографиялық символдар маңызының қысқа, анық және біркелкі түсініктемесі; -
құрастырудағы жүйелік принципі: біріншіден, мазмұнының жеке элементтері үшін белгілердің жүйе ішіндегі логикалық реттілігі, екіншіден, логикалық топтастырылу; легенданың карта рамкасы сыртында немесе ішінде. орналасуын жеңілдететін оның жалпы жиынтығы және картамен жұмыс істеу кезінде легенданы қолдану.
Карта легендалары өзінің мамұны, күрделілігі, көлемі және құрылымы бойынша әртүрлі.
Тапсыратын материалдар: Құрастыратын картаның легендасы.
№9 Семинарлық сабақ
Тақырыбы: Картаның координаттық торын құрастыру.
Жұмыстың мақсаты: Зерттеу аймақ бойынша картаның координаттық торын құрастыру
Жұмыстың мазмұны:
Нысандардың таңдаған координат жүйесіндегі кеңістіктік орналасуын бекітетін модель ретіндегі картада, кооординаттарды анықтайтын координаттық сызықтар болуы тиіс. Алайда, географиялық карталарда жер эллипсоидына байланысты нүктелердің және нысандардың орналасуын көрсететін географиялық координаттар жүйесі қолданады.
Географиялық координаттарды анықтау үшін картометриялық тор (картада торлар мен меридиандар мен параллелдер бейнесі ретінде кескінделеді) қолданылады. Карта бағдарламасында картаның сипаттамасы мен оның жұмыс істеу ерекшелігіне байланысты оның қалыңдығын анықтау керек. Тордың өте жиі болуы картаны шұбарландырады, сирек тор - картографиялық өлшеуді қиындатады, сондай-ақ, көз өлшемді анықтамалар оның дәлдігін төмендетеді.
КРСО-ң 1: 1000000 масштабты шолу-топографиялық карталарда меридиан мен параллельдер 1° - н өткізілген, 1 500 000 масштабта - меридиандар -30', параллельдер- 20' сайын жүргізілген. Ұсақмасштабты карталар торының тығыздылығына басқа да факторлар әсер етеді: проекция түрі, тор сызықтарын тұтас градус арқылы жүргізу, жақындас карталардың торымен сәйкестілігі, т.б.
Кеңестік үстел ғылыми-анықтама және қабырға карталардындағы бұрыш өлшеміндегі тор сызықтар арасындағы қашықтық келесі кестеде көрсетілген
Карталар түрлері | Карталардың масштабы | ||||
| 1:1 000 000 | 1:1 500 000 – 1: 2 500 000 | 1:5 000 000 | 1:7 500 000 | 1:10 000 000 – 1:15 000 000 |
үстел картасы | 30' | 10 | 20 | 40 | 50 |
қабырға картасы | 10 | 20 | 4-60 | | 100 |
Сонымен бірге арнайы мақсатта басқа да координаттық сызықтар қолданылады, мысалы, гиперболалық - теңіз навигациялық карталарында кеменің орналасуын радионавигациялық құралдармен анықталады.
Үстел карталарында координаттық торлар жіңішке сызықтармен (0,1-0,2мм) беріледі, кейбір жаңа карталарда - жіңішке пунктер түрінде, қабырға карталарында сызықтың қалыңдығы 0,3-0,7 мм-ге дейін өседі.
Жоғары да айтылған мәліметтер картаның бағдарламасында координаттық торларды таңдау және безендіру бойынша нұсқаулар құрастыруға негіз болады. Координаттық торсыз карталардың дайындалуы және басылуы сұлба немесе көрнекілік құрал болып саналады
Тапсыратын материалдар: Зерттеу аймақ бойынша картаның координаттық торы
№10 Семинарлық сабақ
Тақырыбы: Картографиялық дереккөздер ақпаратын картаның
легендасына көшіру
Жұмыстың мақсаты: Картографиялық дереккөздер ақпаратын картаның легендасына көшіру
Жұмыстың мазмұны:
Мұндай жұмыс бірнеше міндеттерден тұрады:
-
градацияларын қысқартып немесе ұлғайтып картографияланатын құбылыстардың жаңа жіктелуіне көшу (мысалы, темір жол колеясының ені және жол саны бойынша бөлінудің, оның маңыздылығы бойынша жіктелуі); -
картографияланатын құбылыстарды сипаттау үшін пайдаланатын бір өлшемдерді екіншімен ауыстыру (мысалы, ағылшын және американдық дереккөздердегі футта берілетін горизонтальдың биіктік тілімдену - сечение); -
сандық бағалау щкаласын өзгерту немесе деңгей бойынша құбылыстарды топтастрылуында интервал сандары мен көрсеткіштерін өзгерту (мысалы, гипсометриялық, елді-мекен тығыздығы карталарында көрсеткіш пен шекара интервалын өзгерту); -
бір сандық және сапалық көрсеткіштерден екіншісіне көшу (мысалы, ай бойынша жауын-шашын маусым көрсеткішіне көшу, ағаштың басымды түрінен ормандардың түрлеріне: жапырақты, қылқанды жапырақты, аралас орман т.б.).
Бұндай өндеу кейде дерекөздерден тыс картографиялық әдістердің пайдалануыменен байланысты, мысалы, ауылшаруашылықты тақырыпты картограмма құрастыру үшін шаруашылық жерлердің ареалдары т.б.
Картографиялық дереккөздер мен құрастырылатын картаның ерекшеліктеріне байланысты дереккөздерді өндеу жұмысы өздерінің мазмұны, күрделігі және еңбеккөлемі бойынша қатты ажыратылуы мүмкін. Кейде олар қарапайым техникалық жұмыстар, кейде күрделі, тіпті тез шешімі табылмайты, әсіресе, жіктелу болса. Мысалы осындай легендаларға көптеген ерекше типологиялық карталар жатады: ландшафтты, геоботаникалық, топырақ т.б.
Тапсыратын материалдар: Картографиялық дереккөздер ақпаратын картаның легендасына көшірлу түрін
№11 Семинарлық сабақ
Тақырыбы: Картаның алғашқы түпнұсқасын жасау (зерттеу аймақ бойынша)
Жұмыстың мақсаты: Зерттеу аймағы картасының алғашқы түпнұсқасын құрастыру
Жұмыстың мазмұны:
Түпнұсқа картаны дайындаудағы келесі графикалық жұмыстар кіреді: картаның координаталық торын орнату, дереккөздерден құрастырылатын түпнұсқаға мәліметтерді көшіру, оларды өндеу (жалпылау) және түпнұсқаны графикалық безендіру (сызу, бояу). Бұл операциялардың мазмұнынын, құрастырылатын картаның түрімен, реті және технологиялары, қолданылатып мәліметтер және картографиялық жұмыстармен байланысты өзгерілуі мүмкін. Картаның басылуына полиграфиялық өндірістің талаптарына әсер етеді. Картаның түпнұсқасы құрастырылатын картаның масштабында жасалады, себебі картаның жалпылау мөлшерін, жүктемесін және оның оқылуын дұрыс бағалауға көмектеседі.
Жеке карталарға тән, құрастырушы жұмыстардың ерекшелігі, жалпыгеографиялық және тақырыптық карталарда жақсы көрінеді. Жалпыгеографиялық және олардан құрастырылатын арнайы мақсатты карталар, әдетте, бұрын құрастырылған карталар негізінде және бір жалғыз түпнұсқада жасалады, керісінше, көптеген тақырыптық карталар екі тұпнұсқа құрастырылады:
-
картаның негізі - жалпыгеографиялық элементтер құрастырылады -
оған тақырыптық мазмұны салынады (байланады).
Картографиялық өндірісте әр түрлі карта жасау жұмыстары қолданылған технологияға да байланысты. Суретке түсіру процессі – картаны баспаға дайындау үшін қолданылады. Картографиялық өндірісте екі түпнұсқаны жасайтын технология кеңінен қолданылады.
Картаның алғашқы түпнұсқасы, мазмұны бойынша дәл және толық орындалады, картадағы суреттері мен көлемдері бекітілген шартты белгілерде жасалады, бірақ графикалық жағынан анық көрсетілмейді. Мұндай түпнұсқаларды құрастырушы түпнұсқалар деп атайды. Олардың негізінде графикалық сапасы жоғары және полиграфиялық шығарудың талаптарына сәйкес екінші, басылымды түпнұсқалар құрастырылады
Тапсыратын материалдар: Зерттеу аймағы картасының алғашқы түпнұсқасы
№12 Семинарлық сабақ
Тақырыбы: Картаның түпнұсқасын безендіру
Жұмыстың мақсаты: Картаның түпнұсқасын безендіру
Жұмыстың мазмұны:
Картаны құрастыру деген картаның түпнұқасын немесе картаның алғашқы данасын дайындаудағы барлық графикалық жұмыстар.
Картаның алғашқы экземплярына картаның толық мазмұны және бекітілген картографиялық шартты белгілер, нұсқау бойынша нақты және жалпылау жасалған карта кіреді. Бұл картаны құрастыру ойынан оның дайын тиражын сатуға дейін жүретін негізгі процесс.
Түпнұсқа картаны дайындаудағы келесі графикалық жұмыстар кіреді: картаның координаталық торын орнату, дереккөздерден құрастырылатын түпнұсқаға мәліметтерді көшіру, оларды өндеу (жалпылау) және түпнұсқаны графикалық безендіру (сызу, бояу). Бұл операциялардың мазмұнынын, құрастырылатын картаның түрімен, реті және технологиялары, қолданылатып мәліметтер және картографиялық жұмыстармен байланысты өзгерілуі мүмкін. Картаның басылуына полиграфиялық өндірістің талаптарына әсер етеді. Картаның түпнұсқасы құрастырылатын картаның масштабында жасалады, себебі картаның жалпылау мөлшерін, жүктемесін және оның оқылуын дұрыс бағалауға көмектеседі.
Жеке карталарға тән, құрастырушы жұмыстардың ерекшелігі, жалпыгеографиялық және тақырыптық карталарда жақсы көрінеді. Жалпыгеографиялық және олардан құрастырылатын арнайы мақсатты карталар, әдетте, бұрын құрастырылған карталар негізінде және бір жалғыз түпнұсқада жасалады, керісінше, көптеген тақырыптық карталар екі тұпнұсқа құрастырылады:
-
картаның негізі - жалпыгеографиялық элементтер құрастырылады -
оған тақырыптық мазмұны салынады (байланады).
Тапсыратын материалдар: Картаның безендірілген түпнұсқасы
№13 Семинарлық сабақ
Тақырыбы: Редакциялық жұмыстардың түрлері мен міндеттері
Жұмыстың мақсаты: Редакциялық жұмыстардың түрлері мен міндеттері сипаттау
Жұмыстың мазмұны:
Карта құрастыру процесіндегі редакциялау міндеттері: көздерді толық және дұрыс пайдалану, дұрыс және біркелкі жалпылау, карта мазмұны элементтерінің сәйкестілігі, географиялық номенклатураның дұрыстылығы, басқа карталармен келісімділігі.
Әр түрлі адамдармен, әр уақытта құрастырылған картаның барлық беттерінің бірдей болуы – өте маңызды жұмыс. Ол үшін редактор үнемі әрбір бетті, әр орындаушыны бақылап отырады, пайда болған мәселелерді шешеді, қателіктерді жөндейді және біткен жұмысты қабылдайды. Қандай болсын бағдарлама - қателіктер кетуі мүмкін. Сондықтан, барлық проблемаларды шешу - картаның негізгі сапасына жауап беретін, редактордың құқығы мен міндеті. Бұл деңгейде әртүрлі мамандармен орындалатын картаның беттерін бірге қарау және салыстырмалы талдау, жетістіктер мен кемшіліктерін көрсету.
Құрастырушы жасаған түпнұсқаны редакциялық тексеруге деген біріншіден, әрбір түпнұсқаның толық аяқталғанын және олардың бағдарлама шарттарына сәйкестігін тексеру, екіншіден, көздерді пайдалана отырып барлық элементтері бойынша картаның мазмұнына толық бақылау жасау. Мұндай редакциялық тексеріс өте маңызды себебі, болашақ картаның толық штрихты мазмұнын редактор алғашқы рет көреді. Редактордың қортындысы ары қарай әрбір түпнұсқаның құрастырылу процесін анықтайды.
Картаны баспаға дайындауға редакциялау жұмыстары жасалып жатқан жұмыстардың сапасын тексеру және пайда болған мәселелерді шешу. Штрихты түпнұсқаларды орындау кезінде – таза техникалық жұмыстар - редактор, баспалы түпнұсқа мазмұнының, құрастырушы түпнұсқамен сәйкестілігін және бағдарламаға сәйкес карта беттерінің біркелкі және сапалы безендіруін тексереді. Тексерудің негізі ретінде құрастырушы түпнұсқа алынады. Қосымша көздерді пайдалану, мысалы, жаңа мәліметтер алу үшін кезекті карталарды пайдалану, картаның бағдарламасында көрсетілу керек.
Тапсыратын материалдар: Редакциялық жұмыстардың түрлері мен міндеттеріің сипаттамасы
№14 Семинарлық сабақ
Тақырыбы: Көпбетті карталарды редактілеу.
Жұмыстың мақсаты: Көпбетті және тақырыптық карталарды редактілеу жұмысын сипаттау
Жұмыстың мазмұны:
Карта құрастырудың ғылыми – техникалық нұсқауы ретіндегі редакциялау, жұмыстың барлық кезеңі және деңгейлеріне таралады: жобалауына, құрастыруына, безендіруіне және карта тиражының баспадан шығуына дейін.
Көпбетті карталарға екі деңгейлі жобалау әдісі тән: біріншіден, картаның жалпы бағдарламасын дайындау, екіншіден, біркелкі география аудандарды қамтитын беттерге немесе беттерді топтап жеке бағдарлама құрастыру.
Бір бағдарлама бойынша дайындалатын, көлемі шектелген көпбетті карталардағы авторлық – сөзсіз, бағдарламаны құрастырған және оны дайындау жұмысын басқаратын адамға беріледі. Бұл жағдай ірі шығармашылықты дайындауда күрделенеді, мысалы, алғашқы бағдарламаны автор дайындағаннан кейін, жалпы жетекші жүргізу үшін редакциялық коллегия құрылады себебі, картаның жеке авторлық фрагменттерін немесе бөліктерін дайындау үшін бірнеше мамандар шақырылады, авторлық ұжым жұмысын біріктіру үшін бас редактор тағайындалады. Кейде жауапты редактор ретінде мекеме басшысы шақырылады т.б.