Файл: ты зерттеу жобасы Саба тетін кн.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 57

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1-үлестірме материал
__(сынып және тақырып) арналған Сабақты зерттеу жобасы

Сабақ өтетін күн

Мектептің атауы, мұғалімнің аты-жөні

Тәлімгер/Сыншы дос: аты-жөні

Сабақ жоспарын әзірлеген: аты-жөндері
Осы құжат төрт мақсатты көздейді: 1) сабақты зерттеу үдерісі арқылы жоспарлау тобының жұмысына жетекшілік ету; 2) топтың мақсаттарын және оларға қол жеткізу жолдары туралы теорияларын пысықтауға көмектесу; 3) дерек жинайтын қадағалаушыларды дайындау және топқа олардың теорияларының дұрыстығын түсінуге көмектесу үшін осы деректерді талқылау; 4) педагог қауымға пайдасы болуы үшін бүкіл зерттеу үдерісін құжаттау.

Тәжірибелі сабақты зерттеуші практиктер түрлі нысандарды қолданады, бірақ осы нұсқа Сабақты зерттеудің маңызды мәселелерін айқындайды. Ол алғаш рет Чикагода доктор Акихико Такахаши ұсынған шаблонға негізделген, сондай-ақ Чикагода және басқа да жерлерде бірнеше жыл бойы көптеген топтар пайдалану барысында жетілдірген.

Қызыл түсті мәтін тармақтарды қысқаша сипаттайды; жұмыста қолданғанда барлық қызыл түсті мәтін өшірілуі тиіс.

Сабақты зерттеу – айқын, бір сызықпен жүретін үдеріс емес, алайда біз осы құжаттың бөлімдеріне мынадай тәртіпте назар аударуға кеңес береміз:

  • Зерттеу тақырыбы (3);

  • Оқу бағдарламасы мен бөлімнің байланысы (6) (оқушылардың қандай тақырыпты өтіп жатқанын анықтау үшін оқу бағдарламасынан бастау);

  • Зерттеу және kyouzai kenkyuu (8);

  • Алғышарт және негіздеме (7)

  • Бөлімнің мақсаттары (4)

  • Бөлімнің жоспары (9)

  • Зерттеу сабағының мақсаттары (5)

  • Зерттеу сабағы (11)

  • Бағамдау

  • Сабақтың тақырыбы (1) және сабақтың қысқаша сипаттамасы (2)

  • Бөлім мен сабақтың жобасы (10)

  • Тақтадағы жоспар (13)

  • Рефлексия (14) (сабақтан кейін)


Егер осы нұсқаны пайдалансаңыз және қандай да бір сұрақтарыңыз болса немесе мұны жақсарту жөнінде ұсыныстарыңыз болса, мына мекенжайға хабарласыңыз: info@LSAlliance.org
  1. Сабақтың тақырыбы: <тақырып>

  2. Сабақтың қысқаша сипаттамасы


Оқушылардың сабақ кезінде не істейтіні және нені үйренетіні жөнінде бірнеше сөйлем.


(осы жерге өз мәтініңізді жазып, жоғарыдағы қызыл мәтінді өшіріп тастаңыз)
  1. Зерттеу тақырыбы


Сабақты зерттеу жобасының ауқымды мақсатын сипаттаңыз. Көптеген топтар өз зерттеу тақырыбын математиканы оқытудың белгілі бір ережелеріне арнайды.

(осы жерге өз мәтініңізді жазып, жоғарыдағы қызыл мәтінді өшіріп тастаңыз)
  1. Бөлімнің мақсаттары


Академиялық оқу мақсаты оқушының бойында жүретін танымдық немесе эмоциялық өзгерісті сипаттауы тиіс. «Оқушылар ... істей алады» деген тұжырымнан аулақ болып, оның орнына оқушы ... істей алуы үшін нені біліп, түсінуі тиіс екенін айтыңыз. Толығырақ мына жерден қараңыз: http://LSAlliance.org/blog/2016/05/learning-goals-describe-cognitive-change

Оқушылар ... түсінеді/біледі.
  1. Зерттеу сабағының мақсаттары:


  1. Оқушылар ... түсінеді/біледі/ажыратады.
  1. Оқу бағдарламасы мен бөлімнің байланысы


ҚЫЗЫЛ МӘТІНДІ ӨШІРІП ТАСТАҢЫЗ Бұл тармақта оқытылатын бөлімде алдыңғы сыныптардың оқу бағдарламалары мен кейінгі сыныптардың оқу бағдарламалары қаншалықты байланысатыны сипатталады. Оқу бағдарламасынан толықтай дәйексөз келтірмеңіз; тиісті баптарды таңдап алыңыз немесе оқу бағдарламасының қандай бөліктері қаралатынын немесе қаралмайтынын көрсету үшін тиісті жерлерді белгілеңіз.

Математика үшін өзара байланыс картасы пайдалы болуы мүмкін: http://achievethecore.org/coherence-map/

Алдыңғы оқу бағдарламасымен байланысы

Осы бөлімге арналған оқу бағдарламасы

Кейінгі оқу бағдарламасымен байланысы









  1. Алғышарт және негіздеме


Таңдаған тақырыбыңызды негіздеңіз. Әдетте, бұл оқушылардың (немесе алдыңғы жылдардағы оқушылардың) ағымдағы жағдайы мен сіз бен әріптестеріңіздің қол жеткізгіңіз келетін мақсаттың арасындағы айырмашылық түрінде көрініс табады.

(осы жерге өз мәтініңізді жазып, жоғарыдағы қызыл мәтінді өшіріп тастаңыз)
  1. Зерттеу және Kyozaikenkyu


Осы тақырыпқа қатысты басқа әдебиет пен оқу бағдарламаларынан алынған ақпарат ұсынылады.

(осы жерге өз мәтініңізді жазып, жоғарыдағы қызыл мәтінді өшіріп тастаңыз)
  1. Бөлімнің жоспары


Зерттеу сабағының бүкіл бөліммен қалай үйлесетінін қысқаша сипаттаңыз. Оқырман мен бақылаушыларға сабаққа келген оқушылардың жағдайын (соңғы уақытта олардың не үйренгенін) және кейінірек қандай дағдылар немесе ұғымдар қаралатынын түсінуге көмектесіңіз. Бөлімнің ұзақтығы әртүрлі болады, бірақ әдетте бөлім тәжірибелік сабақтарды қоса алғанда 10 сабақтан тұруы мүмкін. Зерттеу сабағының бөлімнің нақты қай жерінде өтетінін анық белгілеңіз.



Ширату жаттығуы немесе үй тапсырмасы сияқты шаралар оқудағы алға ілгерілеуді түсіну үшін маңызды болмаған жағдайда, оларды қосудың қажеті жоқ.

Сабақ

Оқу мақсаты (тары) мен тапсырмалар

1

Мақсат: Оқушылар балама бөлшектерді алымды да, бөлімді де бірдей санға көбейту немесе бөлу арқылы алуға болатынын біледі және олар мұның неге визуалды модельдерге негізделетінін түсінеді.
Тапсырма: көлемі ¼ бөлшегі сияқты 2/8 және 3/12 бөлшектерінен басқа бөлшек атаңыздар.

2

Зерттеу сабағы:<осы зерттеу сабағының қысқаша сипаттамасы>

3

Мақсат: …
Тапсырма: …

4



  1. Бөлім мен сабақтың жобасы


Бұл тармақта әдетте:

  • зерттеу тақырыбы және оқушының бұған дейін алған тиісті білімі тұрғысынан оқушылардың ағымдағы жағдайы (егер бұл жоғарыдағы «Алғышарт және негіздеме» деген тармақта сипатталмаса);

  • бөлім барысында зерттеу тақырыбы қалай қарастырылатыны;

  • сабақтың зерттеу тақырыбын және оқу мақсаттарын шешуге қалай көмектесетіні баяндалады.

Зерттеу сабағы нақты бір оқушыларды ескере отырып, әзірленуі тиіс, сондықтан оқырман үшін ол балалар туралы және бұл сабақтың оларға қалай бейімделгені туралы білу маңызды.

(осы жерге өз мәтініңізді жазып, жоғарыдағы қызыл мәтінді өшіріп тастаңыз)
  1. Зерттеу сабағы


Ұсынылған үлгі сіздің сабағыңызға сай келуі немесе келмеуі мүмкін. Алайда, «Оқушылардың болжамды жауаптары» міндетті түрде болуы тиіс.

БҰЛ ҚЫСҚАША ҒАНА ЖАЗЫЛҒАН ҚОЛЖАЗБА БОЛМАУҒА ТИІС. Керісінше, ол бұны жазған топтың бұл сабақта оқушылар не үйренетіні туралы ойларын анық бейнелеп, осы жоспарды оқып отырған мұғалімге оны өз оқушыларына қарай бейімдеп, өткізуге мейлінше жарамды болғаны абзал.

Қадамдар, жаттығулар

Мұғалімнің сұрақтары және оқушылардың болжамды жауаптары

Мұғалімнің қолдауы

Бағалау

КЕСТЕНІҢ ҚЫЗЫЛМЕН БОЯЛҒАН ЖЕРЛЕРІН ТОЛЫҒЫМЕН ӨЗІҢІЗ ТОЛТЫРАСЫЗ. ҚЫЗЫЛМЕН ЖАЗЫЛҒАН МӘТІНДІ, СОНДАЙ-АҚ ОСЫ ЖОЛДЫ ӨШІРІП ТАСТАУ ҚАЖЕТ

Осы бағанада сабақта орындалатын негізгі шаралар мен оның барысы көрсетіледі.

Бұл бағанада мұғалім оқушыларға көмектесу үшін қолдана алатын қосымша іс-әрекет, сұрақтар немесе нұсқаулар көрсетіледі.

Бұл бағанада (1) мұғалімнің сабақты жалғастырудың мақсатқа сай екендігін көрсететін қандай дәлелдерді іздейтіні (қалыптастырушы бағалау) және (2) бақылаушылардың сабақтың әрбір бөлігінің болжамды әсері болғанын анықтау үшін не іздейтіні жазылады.

Кіріспе

Осы бөлімде басты міндет жазылады, мысалы, айқын математикалық проблема туындайтын жағдаяттық есеп ұсыну немесе алдыңғы күнді қарастыруға болады. Кіріспе тым ұзақ болмасын. Кейде кіріспе бөлімді тастап кетіп, тікелей есепке көшкен дұрыс.

(осы жерге өз мәтініңізді жазып, жоғарыдағы қызыл мәтінді өшіріп тастаңыз)


Осы кіріспенің педагогикалық мақсаты қандай?

(осы жерге өз мәтініңізді жазып, жоғарыдағы қызыл мәтінді өшіріп тастаңыз)


Тапсырма беру

Бұл тармақта оқушыларға ұсынылатын есеп немесе тапсырма сипатталады.

Негізгі сұрақты(тарды) нақты тұжырымдап, нақты пайдаланылатын сандарды ұсыныңыз.
Оқушыларға нақты есеп (қандай есеп болса да) пен зерделенетін ұғым немесе дағдының арасындағы өзара байланысты түсінуге қалай көмектесуге болатынын қарастырыңыз. Мысалы, тапсырма 402 – 175 сияқты есеп шығару болуы мүмкін, осы есеппен жұмыс істей отырып, оқушылар мына сұраққа жауап беруді үйренуі тиіс: «Ондықтарды қайта топтастыру керек болып, бірақ ондықта нөл болса, қалай шегереміз?»

(осы жерге өз мәтініңізді жазып, жоғарыдағы қызыл мәтінді өшіріп тастаңыз)

Осы жерде есептің тақтада, постерде орындалатынын, жеке параққа жазып таратылатынын немесе оқушының дәптеріне жапсырылатынын көрсетіңіз.

Сабақтың бұл тармағына арналған бағалау сұрақтарына мысал:

1) Оқушылар тапсырманы түсіне ме? (егер олар тапсырманы түсінбесе, әрі қарай жылжу жақсы идея емес)

2) Оқушылар есепті шешуге құлшыныс білдіре ме? (бұл аса маңызды емес, бірақ жоспарлау тобының осы есепті ұсыну арқылы қол жеткізуге ұмтылған мәселелерінің бірі болуы мүмкін)

(осы жерге өз мәтініңізді жазып, жоғарыдағы қызыл мәтінді өшіріп тастаңыз)

Оқушылардың болжамды жауаптары

Анағұрлым ықтимал жауаптан бастай отырып, оқушылардан күтілетін шешімдерді жазыңыз. Олардың қайсысы дұрыс немесе оңтайлы және қате екенін көрсетіңіз. Оқырманға түсінуге қажет болса, график немесе диаграммалардың мысалдарын қосыңыз. Ықтималдығы аз шешімдерді қосудың қажеті жоқ. Дұрыс немесе қате шешімдерді нақты көрсетіңіз.

Бұл жерде мұғалім оқушылардың түрлі жауаптарын, әсіресе қате шешімдерін, баяу оқушыларды немесе тез орындайтын оқушыларды қалай ұйымдастыратынын сипаттайды.

Үйлестіру туралы төмендегі сілтемені қараңыз

http://www.lsalliance.org/2016/01/not-teachers-job-teach-students/ Кейде қате түсінікті реттеудің тиімді жолы – оны пікірталасқа салу болып табылады.

Сабақтың осы бөліміне арналған бағалау сұрақтарының мысалдары:

Оқушылар есепті шеше ала ма? Керекті материалдар оқушыларға есептің мәнін түсінуге көмектесе ме?

(осы жерге өз мәтініңізді жазып, жоғарыдағы қызыл мәтінді өшіріп тастаңыз)


Салыстыру және талқылау

Бұл тармақта оқушылардың шешімге келу жолында қолданатын әдістерінің қайсысы және қалай талқыланатыны немесе жалпы пікірталасты өрбіту жолдары көрсетілуі мүмкін.

Талқылау барысында қандай идеяларға назар аударған жөн?

Бағалау сұрақтары оқушылардың белгілі бір шешімнің неге қате екенін түсінуіне немесе қандай да бір маңызды тармақты түсінуіне немесе бір шешімнің екіншісінен артықшылығын бағалауына назар аударады. Сұрақтар зерттеу тақырыбына да қатысты болуы мүмкін, мысалы «Оқушылар өз идеяларын қорғай ма? Олар бір-бірінің идеяларын талдай ма?»

(осы жерге өз мәтініңізді жазып, жоғарыдағы қызыл мәтінді өшіріп тастаңыз)

Қажет болған жағдайда, қосымша тапсырмаларға арнап 2, 3 және 4-тармақтарды қайталаңыз. Қажет болмаса, бұл жолды өшіріп тастаңыз.







Қорытынды шығару

Бұл тармақта мұғалім сабақтың негізгі идеяларын қалай қорытатыны сипатталады. Сонымен бірге бағалауға арналған жаттығу ұсынылуы мүмкін. Оқушыларға ненің жаңа немесе ненің қиын болғанын еске салу үшін, бастапқы есепке тағы бір шолу жасау тиімді болып табылады.

(осы жерге өз мәтініңізді жазып, жоғарыдағы қызыл мәтінді өшіріп тастаңыз)




Үлгі:

«Қорытындыда оқушылардың осы сабаққа көзқарасы айқын көрсетілген бе?»

(осы жерге өз мәтініңізді жазып, жоғарыдағы қызыл мәтінді өшіріп тастаңыз)




  1. Бағамдау


Бұл тармақ сабақтан кейін талқыланатын жоспарлау тобының зерттеу мақсаттары тұрғысынан сабақтың тиімділігі туралы мәселелерді қамтуы тиіс. Онда зерттеу тақырыбына қатысты кем дегенде бір және сабақ мазмұнына қатысты кем дегенде бір сұрақ болуы тиіс. М:

a) Сабақ оқушылар арасында пікірталастың жүруіне ықпал етті ме? (зерттеу тақырыбы)

ә) Оқушылар ... түсінді ме? (яғни, пән мазмұны)

Жоспарлау тобы осы сабақта және сабақтан кейінгі пікірталас барысында зерделеуді жоспарлап отырған басқа да сұрақтарды қосыңыз.

(осы жерге өз мәтініңізді жазып, жоғарыдағы қызыл мәтінді өшіріп тастаңыз)
  1. Тақтадағы жоспар


Кейбір мұғалімдер сабақтың маңызды тұстарын тақтаға жазу арқылы көрсетуді маңызды деп санайды. Егер сіздің тобыңыз бұл жұмысты істейтін болса, онда бұл жерге тақтадағы жұмыстың қалай ұйымдастырылатынын көрсететін диаграмма қосыңыз. Бұл ретте сабақты модельдеу арқылы суретке түсіріп, суреттерді тақтаға іліп қою өте тиімді болып табылады.

(осы жерге диаграмманы немесе суретті көрсетіңіз және жоғарыдағы қызыл мәтінді өшіріп тастаңыз)
  1. Рефлексия


Зерттеу сабағынан кейін топ жазбаша рефлексия жүргізіп, онда мынадай мәселелерді қамту қажет:

  • топ сабақ барысында қандай мәселелерді көргісі келді;

  • топ мүшелері мен басқа адамдар сабақта іс жүзінде не байқады;

  • сабақтан кейінгі талқылау кезінде туындаған негізгі мәселелер мен топтың өз пікірі;

  • тәлімгердің пікірі;

  • болашақта зерттеуді қажет ететін мәселелер.

Ол бірнеше абзац болуы мүмкін. Сапалы рефлексия сыртқы аудитория үшін қорытынды құжаттың құнын арттырады.

(осы жерге өз мәтініңізді жазып, жоғарыдағы қызыл мәтінді өшіріп тастаңыз)
Төменде СІЗГЕ арналған ақпарат ұсынылған. Жоғарыдағы құжатты толтырған кезде, бұны өз құжатыңыздан ӨШІРІП ТАСТАҢЫЗ.
Зерттеу сабағына дайындалуға арналған тексеру парағы

Сабаққа шамамен бір ай қалғанда


  • Сабақтың қай күні өтетінін нақты шешіңіз.

  • Тоқетер пікірін айтатын тәлімгер1 шақырыңыз.

  • Сабақтан кейінгі талқылауға қатысатын «пікірталас төрағасын» (модераторын) таңдаңыз.

  • Сабақты зерттеу үдерісінің нәтижелерін жариялайсыз ба, әлде жоқ па екенін шешіңіз.

Сабаққа 1 апта қалғанда


  • «Қателіктерді» тексеру үшін және тақтада жоспар құру үшін сабақты жоспарлау тобымен модельдеңіз.

  • Сабақ жоспарын тәлімгерге жіберіңіз (соңғы нұсқасы болмаса да).

  • «Кәмпит» жоспарлаңыз және барлығын шақырыңыз! (Орынды мұғалім таңдайды.)

  • Сабақтан кейінгі талқылау кезінде ескертпелерді жазып отыратын жауапты тұлғаны белгілеңіз – басқа топтың мүшесінен көмек сұраңыз.

1-3 күн қалғанда


  • Қадағалаушылар сіздің ұсыныстарыңызды алдын ала оқи алуы үшін оларға оны электронды поштамен жіберіңіз/таратыңыз.

  • Сабақ материалдарын дайындаңыз (үлестірме материал, керекті заттар, постерлер).

  • Қадағалаушыларға арналған үлестірме материалды дайындаңыз:
    - парақтың бір жағына ғана басылған сабақ жоспарының соңғы нұсқасы (сонда адамдар ол қағаздың екінші жағын ескертпелерін жазуға пайдалана алады);
    - оқушыларға арналған үлестірме материалдың көшірмелері (қағаз үнемдеу үшін қысқартуға болады);
    - отыратын орындардың сызбасы.


Сабақ өтетін күні

Әкелетін заттар


  • Түрегеліп тұрған кезде ескертпе жазу ыңғайлы болуы үшін қадағалаушыларға арналған папка-планшет + қалам/қарындаш.

Сабақ барысында


  • Назарға ілінгендердің барлығын жаза беріңіз! Оқушылардың жазғанын, оқушылардың пікірлерін, эмоцияларын жазыңыз. Ескертпелеріңізді сабақ жоспарының немесе отыратын орындар сызбасының артына немесе таза параққа жаза аласыз. Тәжірибе жинақтаған соң LessonNote (iPad-қа арналған) қолданып көріңіз.

  • Оқушылармен байланысқа түспеңіз.

  • Ешқандай әңгімеге жол бермеңіз, өйткені бұл оқушылардың көңілін бөлуі мүмкін.

  • Мұғалімнің жолына кедергі болмаңыз.

Сабақтан кейінгі талқылау


Кәсіби әңгіме. «Сауалнама емес» - жай ғана есеп-қисап емес – талқылау, пікірталас.

Мақсаттары:


  1. Сабақ мақсаты және мектеп тақырыбы тұрғысынан бұл сабақтың оқушылардың ойлауына, мінез-құлқына және эмоцияларына қалай әсер еткенін көрсету.

  2. Болашақ сабақтарда қарастырып, шешуді қажет ететін қате түсініктерді және оларды шешу жолдарын анықтау.

  3. Зерттеу тақырыбын ашуға көмектесетін идея тудыру.

Басты тұлғалар:


  • Пікірталас төрағасы (әдетте СЗ жүргізетін тәжірибелі практик-маман; басқа топтың мүшесі болуы мүмкін);

  • Тәлімгер;

  • Хаттама жүргізетін адамдар.