Файл: ты зерттеу жобасы Саба тетін кн.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 59

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Хаттама:


  • Алғашқы болып пікірін мұғалім білдіреді: жоспарланғанмен салыстырғанда сабақ қалай өтті? Мұғалім нені байқады? Мұғалім жоспардан айтарлықтай ауытқыған болса, оның себебі неде және нәтижесі қандай? Мұғалім талқылағысы келген басқа да сұрақтар туындады ма?

  • Жоспарлау тобының мүшелеріне ескертпелерін қосып, сұрақ қоюды ұсынуға болады.

  • Төраға пікірталас тақырыбын белгілеп, бүкіл топты пікірталасқа шақырып жұмылдырады.

  • Қадағалаушылар пікірлерін деректермен растауы тиіс.

  • Соңында өз пікірін білдіру үшін тәлімгерге үздіксіз 20-30 минут беріледі.

Сабақтан кейін

Кәмпит!


Тамақ пен сусын алып, алғыс айтыңыз! Топтың белсене атсалысқан жұмысын атап өтіңіз!

Қорытынды рефлексия (сабақ өткеннен кейін бір аптаның ішінде)


  • Хаттама жүргізетін адамдардың жазған ескертпелерін жинап алыңыз. Зерттеу сабағынан және сабақтан кейінгі пікірталастан түйген-үйренгеніңіз жөнінде үш абзацта немесе соған шамалас бірлескен рефлексия жазыңыз.

  • Сабақ жоспарына қорытынды рефлексияны тіркеңіз.

  • Зерттеуіңіздің нәтижесімен және одан алған сабақтарыңызбен мектептегі әріптестеріңізбен бөлісіңіз, мысалы, бір беттік ақпараттық бюллетень арқылы (фотосурет қосқан тартымды болмақ!).




1 Тәлімгер – (1) сабақты зерттеу үдерісіне тартылған мұғалімдермен жұмысты оларға қателерді нұсқап көрсетпей, керісінше мұғалімдерді ол қателіктерді өз бетінше түйсінуге уәждей отырып жүргізетін адам; (2) өз қорытындысын түрлі тәжірибені қадағалау барысында алынған деректерге негіздей отырып кеңес береді (Тошиа Чичибу. Impact on lesson study for initial teacher training in Japan [Жапонияда жас мұғалімдерді даярлаудағы Сабақты зерттеудің ықпалы], 2016, 157-бет).



Осы шаблонды Lesson Study Alliance рұқсатымен коммерциялық емес мақсатта пайдалану үшін 2017 жылы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ ағылшын тілінен аударып, бейімдеген. Түпнұсқаны http://www.lsalliance.org/resources/ сайтынан табуға болады.