ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.08.2020

Просмотров: 1804

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
  1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

    1. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушылар: Тұрсынова Г.Т. – п.ғ.к., проф,

тегі, аты, әкесінің аты

Айтжанова С.С. – ф.ғ.к., доцент, Заурбекова Г.О. – ф.ғ.к., аға оқытушы

Аязбекова Қ.Ә. – аға оқытушы

Байланыс түрі 257-71-82, 257-72-70 .

телефон, E-mail

Кафедрада болатын уақыты БОҒ, кафедра 610, 612 .

аудитория, уақыты

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы Қазақ тілі .

Кредит саны 3 .

Өткізу орны Бас оқу ғимараты

Оқу жоспарының көшірмесі

Курс

Семестр

Кредиттер

1 аптадағы академиялық сағаттар

Тәжірибелік/

семин. сабақт.

СӨЖ*

СОӨЖ*

Барлығы,

1 аптадағы академ. сағаттар

Бақылау

түрі

1

1-2

3

3

3

3

9

Емтихан

1.3. Пререквизиттері: «Қазақ тілі» (экономика) пәні студенттердің орта мектепте мемлекеттік тіл бойынша игерген білім, білік дағдыларын одан әрі толықтырып, дамытады. Студент мамандығына сай экономика тақырыптарына қатысты кәсіби лексиканы меңгертуге, тілдің өзіндік ерекшеліктерін үйретіп, оны қатынас құралы ретінде меңгертуге бағытталады. Студенттер экономика бойынша салалық басылымдарын, мерзімді баспасөз өнімдері мен ақпараттарды оқуға, дыбыстық материалдарды тыңдауға, іскери қарым-қатынаста еркін қолдану үшін мамандықтарына сай кәсіби тілді қатынас құралы ретінде игеріп шығады.

1.4.Постреквизиттері: «Қазақ тілі» пәнін қатынас тілі ретінде сапалы меңгерген студент алған білімін болашақ кәсіби еңбек жолында тілдік қатынаста еркін қолдана алады.

1.5. Пәннің мазмұны:

Жаңа ғасырдағы жаңа ағымдарға сай талаптар бойынша, білікті мамандар даярлау, оқытудың сапасын халықаралық дәрежеге көтеру, кәсіби мамандықтарға бағытталған білім беру үшін, жаңа технологияны пайдаланып, кредиттік жүйемен оқытуға ерекше назар аударылуда. Бұл арада студенттерге мәтінмен жұмыс істетуді дағдыландырудың қажеттілігі туады. Тіршіліктегі барлық пайдалы, қажетті мағлұматтарды тек мәтін арқылы алады.

1.5. Пәннің мазмұны:

Ұсынып отырған курс мазмұны студенттерді экономика тақырыптарымен молынан таныстырады. Сонымен қатар танымдық- тәрбиелік тұрғыдағы кәсіби техникалық мәтіндерді аудару тәсілдеріне үйрететін әр түрлі жаттығу жұмыстары мен тапсырмалары жүйелі түрде ұсынылады. Курстың мазмұны кәсіби тілді меңгертумен қатар, кәсіби бағдарлы мәтіндерді аудару тәсілдеріне үйретуге бағытталған.

  • Өндіріс, өндіріс экономикасын ұйымдастыру, өндіріс процесі, ресурстар, т.б. туралы;

  • Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік туралы;

  • Кәсіпкерлік және кәсіпорын туралы;

  • Меншік және экономикалық жүйе туралы;

  • Қазақстандағы реформа туралы;

  • Тауар, құн, ақша, бағалар, тарифтер, т.б. туралы;

  • Нарық және нарықтық қатынастар туралы;

  • Бәсеке, нарықтық бәсеке, монополия түсінігі туралы;

  • Фирма және кәсіпкерліктің негізгі формалары туралы;

  • Менеджмент, маркетинг теориясы туралы;

  • Еңбек ресурстары, өндіріс шығыны, өндіріс пайдасы, жалақы, т.б. туралы.


1.6. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты:

Қазақ тілін оқытудың жалпы мақсаты – техникалық жоғары оқу орнының студенттеріне мемлекеттік тілді қатысымдық қырынан меңгерту. Тілді қатысымдық тұрғыда меңгеру олардың өздерінің сөздік қорын тұрмыс- тіршілікте, қоғамдық әлеуметтік салада және оқу үрдісінде еркін пайдаланып, сауатты жаза білуінде көрініс береді.

Қатысымдық мақсат- қазақ тілін қатысымдық құрал ретінде пайдалану үшін тіл үйренушінің бойында еркін адекватты сөйлесім машықтары мен дағдыларын қалыптастыру.

Білімдік мақсат- функционалды – интенциялық ұстанымды басшылыққа ала отырып,қазақ тілі грамматикасының,табиғи заңдылықтары және ерекшеліктері бойынша мәлімет беру.

Танымдылық мақсат- студенттерге мамандығына сәйкес материалды меңгерумен қатар олардың жалпы дүниетанымын, рухани әлемнің ауқымын кеңейту, қалыптан тыс ойлау логикасын дамыту.

Тәрбиелік мақсат – студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру,тілді саналы меңгеру уәжін қалыптастыру.

1.7. Пәнді оқытудың міндеті:

жеке тұрмыста, өндіріс орындарында, әлеуметтік ортада қазақша қарым-қатынасқа үйрету

- мамандыққа байланысты әдебиеттерді оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру

- аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету

- қазақша дұрыс сөйлеу әуезділігіне жету,кәсіби бағытта сауатты жазуға дағдыландыру

- берілген қатынас саласындағы когнитивті-коммуникативті міндетті шешуге керекті ақпаратты есту қабілеті арқылы түсіне білуге дағдыландыру

- түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген ойды, тақырыпты, негізгі мазмұнды, мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ақпаратты есту қабілеті арқылы түсіне білу дағдысын дамыту.

- Студенттердің диалог мазмұнын түсініп, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру

- Оқылған мәтінді жоспар арқылы мазмұндау, оның мазмұнында берілген ойды ауызша қайта жаңғырту, ойды жазбаша құра білу дағдысын қалыптастыру.

1.8.Тапсырмалардың түрлері және оларды орындау мерзімі

Бақы-

лау

түрі

Жұмыс

түрі

Жұмыстың тақырыбы

Әдебиет-тер тізімі

Тап-сыру

уақы-ты

1

2

3

4

5

6

1.

Ағым-

дық

бақы-

лау

1. Реферат


2. Реферат


3. Реферат


4. Реферат


5. Реферат




6. Реферат


7. Реферат


8. Реферат

Қазақстандағы өндіріс жағдайы


Қазақстандағы ірі өндіріс орны

Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің пайда болуы

Қазақстандағы кәсіпкерлік және кәсіпорындар

Қазақстандағы меншік формасының қалыптасуы

Қазақстандағы реформа саясаты

Қазақстандағы тауар өндірісі

Қазақcтанның ұлттық валютасы туралы

1, 2,7, 15,16


2,7,9,15,16


1,2,7


2


1,2, 6,16

2,5,6

1,2,7,15,16

1, 2

1-апта


2-апта


3-апта


4-апта


5-апта




6-апта


7-апта



8-апта

2.

I-ші Ара-лық бақы-лау

тест



8-апта

3.

Бақы-лау-дың басқа түр-лері

9. Реферат



10. Реферат



11. Реферат


12. Реферат

13.Баяндама



14. Реферат


15.Шығарма

Нарықтық экономика және Қазақстан

Бәсекеге қабілеттілік және кәсіпорын стратегиясы

Жеке кәсіпорын және оның табысы туралы

Акционерлік қоғам туралы

Өндірістік пайда және шығындар, экологиялық залалдар

Менеджмент және маркетинг

Мен таңдаған мамандық

2,3,6



2,6,10



2, 7, 11


2,7,9, 16

2,5, 6,7,17



2,4,5,11, 22,23


2,10, 22,23

9-апта



10-апта



11-апта


12-апта

13-апта


14-апта


15-апта


4.

II-ші Ара-лық бақы-лау.

Қоры-тын-ды бақы-лау:

тест





емтихан



15-апта


1.9. Тапсырмаларды орындауға ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория. – Алматы: Экономика, 2003.

  2. Әкімбеков С.С., Баймұхамбетова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. – Астана: 2002

  3. Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы. Алматы: «LЕМ баспасы», 2007.

  4. Дәуренбеков А.Н. Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтерудің экономикалық механизмі: – Алматы: Экономика, 2005.

  5. Ералы А.Қ., Қабылбеков М.Г. Кәсіпорын экономикасы, ҚазҰТУ, 2004.

  6. Мамыров Н.К., Тілеужанова М.А. Микроэкономика. – Алматы: Экономика, 2003.

  7. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: Экономика, 2003.

  8. Оразалин К.Ж., Есайдар У.С., Төлегенов Б.Т. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: АТУ баспасы , 2003.

  9. Жалғасбаев А.А. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: Эверо баспасы, 2003.

  10. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. Алматы: Білім, 1994.

  11. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы, «Ғылым»,1988

  12. Қалиұлы Б.Жалпы тіл білімі, Алматы: Қазақ университеті, 2006.

  13. Бектаев Қ.Орысша-қазақша сөз тіркестері сөздігі. Алматы: Мектеп, 1989

  14. Руссо-казахский словарь. 1-2 том, Алматы:Арыс, 2007

Қосымша әдебиеттер:

  1. Налоговый кодекс – Закон РК «О налогах и других обязательных платежах в бюджет». - Алматы: Юрист, 2002.

  2. Қазақстан Республикасының заңдары.

  3. Сәбден О. Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару. – Алматы: «Ақиқат» 1996.

  4. Қалдыбаев О.Теміров Е. Нарықтық экономикалық анықтамалығы. Алматы «Бастау» 1993.

  5. Экономикалық реформалар. –Алматы: Экономика, 1999.

  6. Ильясов К.К., Саткалиева В.А. и др. Государственный бюджет: Учебник.- Алматы: РИК, 1994.

  7. Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1995.

  8. Интернет материалдары

  9. Арнаулы басылымдар

  10. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі. Алматы: Раритет. 2001

1.10. Студенттердің білімін бағалау жүйесі

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың барлық курс пен барлық пәндері бойынша студенттердің білімін тексеруде рейтингтік бақылау қолданылады. Пайыздық-рейтингтік жүйеде іске асырылатын білімді бағалау туралы мәліметтер бақылаудың барлық түрі көрсетілетін меже түрінде беріледі.

Қорытынды бақылау кезінде мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарымен сәйкес пайыз бөлудің (1-кесте) үш нұсқасының бірі ғана таңдалынып алынады.

Мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарына енгізілген әрбір пәннің рейтингі қорытынды бақылауға тәуелсіз 100 пайыздық межемен бағаланады.

Әрбір пәнге келесі бақылау түрлері белгіленеді: ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау.

Ағымдық бақылау түріне: бақылау жұмысы, реферат, семестрлік тапсырма, коллоквиум, лабораториялық жұмыстарды орындау және басқалар жатады. Қорытынды бақылау түріне байланысты бақылау түрлерінің балдық көрсеткіштері қолданылады (1-кесте).


Бақылау түрлері бойынша пайызға % бөлу

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрлері

Пайыз %

1

Емтихан

Қорытынды бақылау

Аралық бақылау

Ағымдық бақылау

100

100

100

Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша

күнтізбек кестесі

«Қазақ тілі» пәні бойынша

1-кесте

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Бақылау түрлері

ЛТ

ЛТ

ӨЖ

ЛТ

ЛТ

ЛТ

ӨЖ

ЛТ

ЛТ

АБ

ЛТ

ЛТ

Р

ЛТ

ЛТ

ЛТ

Р

ЛТ

Р

АБ

Бақылау-дың апталық саны

1

2

1

1

2

1

1

1

1

2

1

1

2

2

1

Бақылау түрлері: ЛТ – лексикалық тақырып, Р – реферат, ӨЖ –

өздік жұмыс, АБ – аралық бақылау.

Студенттердің білімін бағалау

Баға

Әріптік эквивалент

Пайызбен %

Балмен

Өте жақсы

А

А-

95-100

90-94

4

3,67

Жақсы

В+

В

В-

85-89

80-84

75-79

3,33

3,0

2,67

Қанағаттанарлық

С+

С

С-

D+

D

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

2,33

2,0

1,67

1,33

1,0

Қанағаттандырарлықсыз

Ғ

0-49

0

Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау

жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

I-III модульдар бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:

1. Материалдық игіліктер дегеніміз не?

2. Өндіріс сөзіне түсініктеме бере аласыз ба?

3. Материалдық өндіріс пен индустриалдық өндіріс туралы айтып беріңіз.

4. Қажеттілік дегеніміз не?

5.Тауардың қандай қасиеті айырбас құнын құрайды?

6. Алғашқы даму сатысында айырбас болған ба?

7. Айырбастың бұл сатысына құнның қандай формасы сәйкес келеді?

8.Ақшаның алғашқы формалары неге байланысты дүниеге келді?

9. Ақша эволюциясын ретімен атап беріңіз.

10. Монета деп қандай ақша аталған?

11.Экономиканы ұйымдастырудың элементарлық формасын атап беріңіз. Олар қандай өнім түрінде болады?

12. Бұл өнімдерге қандай қасиеттер тән?

13. Заттың пайдалылығы нені құрайды?

14. Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі қандай қасиетке ие болады?

15. Сұраныстың көлемі қандай қызмет аткарады?

16. Ұсыныс көлемін не белгілейді?

17. Қашан заттарға қоғамдық тұтыну бағалылығы тән болады?

18. Кез келген зат тауар бола ала ма? Мысал келтіріңіз.

19. Баға қандай жағдайда қалыптасады?

20. Нарықтық баға дегенді қалай түсінесіз?


21. Салыстырмалы бағалар қай кезде пайдаланылады?

22. Бағалардың көрсеткіші қалай аталады?

23.Нарық экономикасының қызметі нені талап етеді?

24. Баға деген ұғымды қалай түсінесіз?

25. Бәсеке не үшін керек?

IV-VI модульдар бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:

1. Нарық қатынастарының субъектілерінде қандай нарықтар болады?

2. Көтерме сауданың неше түрі болады?

3. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан қандай нарықтар болады?

4. Тауарлар мен қызметтер нарығына нелер жатады?

5. Өндіріс факторларының нарығына не жатады?

6. Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде не жасау керек?

7. Ағымдық шығындарға не жатады?

8. Меншікті қаражаттардың қайнар көздеріне нелер жатады?

9. Жарғы капиталын қалай түсінесіз?

10. Несие дегеніміз не?

11. Қысқа мерзімді қарыздар не үшін қолданылады?

12.Маркетинг жоспарлаудың қанша дәрежесі болады?

13. Тауар мен фирманың тауарлық маркасы туралы жоспар жасау қажет пе?

14. Маркетингті ұйымдастыру фирманың масштабымен байланысты ма?

15. Бенгмаркингтік дегеніміз қандай?

16.Менеджменттің қызметтерін атаңыз?

17. Жоспарлаудың негізгі элементі не жатады?

18. Бизнес-жоспар қанша жылға жасалады?

19. Бизнес-жоспар және қысқаша рефератпен деген нелер?

20. Маман-аудиторлар немен айналысады?

21.Басқарудың негізгі формасы не?

22. Менеджменттің пайда болуы немен байланысты?

23. Менеджер дегеніміз кім?

24. Менеджмент қай ғасырда қалыптасты?

25. Бәсеке дегеніміз не?

Аралық аттестацияға арналған сұрақтар

1. Отбасылық мердігерлік деген не?

2.Қытай ғалымдары қандай үлгіні ұсынды?

3.Реформалау қай жылдан басталады?

4.Өнеркәсіпті дамытуда Қытай нешінші орынға шықты?

5.Жұмыссыздық дегеніміз не?

6.Жұмыс күшіне кімдер жатады?

7.Экономика адам өмірінің қай кезінен бастап араласады?

8. Үй тұрмысында, отбасын құрған кезде экономика керек бола ма, әлде ол маңызды емес пе?

9.Макроэкономика дегеніміз де?

10.Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер қандай? Жеке-жеке атап көрсетіңіздер.

11.Макроэкономикалық саясат дегеніміз не?

12.Жалақының нақты ставкалары қалай белгіленеді?

13.Жалақыны реттеуге қандай ұйымдар елеулі әсер етеді?

14.Нарық экономикасында пайда қандай орын алады?

15. Пайданың өзі кәсіпкердің іс-әрекетінің нәтижесі деп танылады ма?

16. Фирманың пайдасы қандай қызметтер атқарады?

17. Жалпы пайда дегеніміз не?

Өндіріс тиімділігі қалай айқындалады?

18. Өнімділік дегеніміз не?

19. Өнімділікті өлшеудің қандай тобы бар?

20. Қандай жағдайларда өнімділік өседі?

21.Шығындар дегеніміз нелер?

22.Өндіріс шығындары қандай топтарға бөлінеді?

23.Экономикада заңдылықты сақтау жағынан қандай нарықтар болады?

24. Тауарлар мен қызметтер нарығына нелер жатады?

25. Өндіріс факторларының нарығына не жатады?

26. Маркетингті ұйымдастыру фирманың масштабымен байланысты ма?

27.Менеджменттің қызметтерін атаңыз?