ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.08.2020
Просмотров: 1805
Скачиваний: 6
28. Жоспарлаудың негізгі элементі не жатады?
29. Бөлшек сауда мен көтерме сауданы қалай түсінесіз?
30.Бәсекеге қабілеттілік деген ұғымды қалай түсіндіріп бересіз?
1.11 Курстың саясаты мен процедурасы
Курстың саясаты мен процедурасы оқытушылардың студенттерден міндетті түрде сабаққа қатысуын, барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беру, сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру барысында оқытылатын пәннің бірізділігін сақтау қажет. Әрбір оқушы бақылау түрлерін бірізділікпен тапсыруын негіздеуі қажет. Студенттер өз уақытысында өзіндік жұмысын орындап, оқытушыға тапсырып отыруы керек.
2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
2.1. Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу
|
Тақырып атауы |
Академиялық сағат саны |
||
|
|
Тәжірибелік сабақтар |
СОӨЖ |
СӨЖ |
|
1-модуль Қоғамдық өндіріс - қоғам дамуының негізі
1.Өндіріс және оның ерекше формалары. 2. Ресурстар. 3. Өндіріс процесі мен тұтыну процесі |
3 |
3 |
3 |
|
4.Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. 5. Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет факторлары. 6. Кәсіпкерлік және кәсіпорын |
3 |
3 |
3 |
|
2-модуль Меншік және экономикалық жүйе 7. Меншік - экономикалық категория. 8.Меншік және иемдену заңдары. 9.Экономиканы реформалау және ондағы меншіктің орны. |
3 |
3 |
3 |
|
10.Дәстүрлі қоғамның негізгі белгілері және қазақстандағы реформа туралы. 11.Тауар, оның қасиеттері және функционалдық формалары. 12. Тауар және оның құны
|
3 |
3 |
3 |
|
13.Ақша - тауарлық катынастардың дамыған формасы. 14. Ақшаның қызметтері. 15. Ақша жүйесі
|
3 |
3 |
3 |
|
16.Тауарлық өндірістің экономикалық заңдары. Баға игілігі. 17. Бағалар және тарифтер 18. Бағалардың қалыптасуы, түрлері |
3 |
3 |
3 |
|
3-модуль Нарықтық қатынастар, олардың мәні, қызметтері, құрылымы. 19. Нарықтық қатынастардың теориялық негіздері 20. Нарық қызметтерінің шарттары 21. Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері
|
3 |
3 |
3 |
|
22. Нарықтың құрылымы 23. Нарықтың түрлері 24. Аралық бақылау |
3 |
3 |
3 |
|
25. Нарықтық экономиканың үлгілері (1-бөлім) 26. Нарықтық экономиканың үлгілері (2-бөлім) 27. Нарықтық экономиканың үлгілері (3-бөлім) |
3 |
3 |
3 |
|
4-модуль Нарықтық бәсеке және оның түрлері. нарықтың қызмет ету механизмі 28. Бәсеке. 29.Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері. 30. Монополия
|
3 |
3 |
3 |
|
5-модуль Микроэкономика - өндірушілердің іс-әрекеттері. Фирма теориясы.31. Кәсіпкерліктің негізгі формалары. 32.Фирманың көлеміне қарай бөлінуі. 33.Менеджмент - фирманы басқару теориясы.
|
3 |
3 |
3 |
|
34. Менеджменттің төрт қызметі. 35. Фирманы басқару. 36. Маркетинг: мәні, қызметтері, принциптері |
3 |
3 |
3 |
|
37. Фирма ішіндегі маркетингтік жоспарлау. 38. Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері. 39. Шығындар теориясы.
|
3 |
3 |
3 |
|
40. Еңбек өнімділігі. 4 41. Пайда және оны белгілейтін факторлар. 42 42.Жалақы
|
3 |
3 |
3 |
|
6-модуль Мемлекеттің экономикалық саясаты. 43. Макроэкономика - өзара байланысты өндірушілердің және тұтынушылардың жиынтығы. 44. Жұмыссыздық және оның түрлері. Еңбек ресурстарының миграциясы. 45. Қорытынды бақылау
|
3 |
3 |
3 |
|
Барлығы: |
45 |
45 |
45 |
1-модуль
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ.
ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС - ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
1-апта. 1-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Өндіріс және оның ерекше формалары
Тарихи дамудың барлық сатысында адамзат қоғамында материалдық игіліктер болады. Олар - адамның өмір сүру үшін қажетті тамақ, киім, тұрғын үй және басқалар. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.
Өндіріс - бұл қоғамның дамуына қажетті материалдық игіліктер мен қызметтер істеу мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістер, икемді кешендер, есептеу машиналар өндірістеріне дейін ұзақ мерзімді қамтиды. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі.
Өндіріс процесінде экономикалық өсудің бастапқы негізі қалыптасады. Бұл жалпыұлттық масштабтағы дамуда басты экономикалық көрсеткіштердің біреуіне айналады. Сонымен, коғамның қандайында болмасын өндіріс түбінде қажеттіктерді қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Қажеттіктер - бұл жеке адамның, әлеуметтік топтардың немесе тұтас қоғамның тіршілік іс-әрекеттерін қолдауға және орындау үшін керек.
Бастапқыда, алғашқы қауымдық қоғамда, адамдардың тіршілік әрекеттерінің барлығы материалдық өндірісті дамытуға жұмсалған. Адамзат қоғамының және өндірістің келесі сатыларында интеллектуалдық қажеттіктер пайда болады, тұтыну көлемі өсті, оның кұрылымы күрделене түсті, адамдардың тұрмыс деңгейі жоғарылады. Жетілген, жоғары дамыған индустриалдық өндіріс жағдайында, адамзат қалыптасқан қажеттіктерінің: материалдық, рухани және әлеуметтік, барлық түрлерінің елеулі дәрежесін қанағаттандыруға мүмкіндік алды.
Қоғамдық ұжымдық әрекеттегі әлеуметтік қажеттіктердің өсуі қоғам прогресін көрсетеді.
Сөздік:
өндіріс – производство
тұрғын үй-жилье
материалдық игіліктер-материальные ценности
өндіріс процесі-производственный процесс
қызмет - услуга
өзгеріс - изменение
икемді - гибкий
өзгеру - измениться
экономикалық өсу - экономический рост
қызмет ету - служить
қажеттіктер - необходимости
ұжымдық әрекет – коллективная деятельность
2-тапсырма. Мына сөздерді аударыңыздар.
Материалдық игіліктер, өндіріс, қызмет көрсету, тұрғын үй, тамақ, қызмет, даму, мақсат, күрделі, жүйе, өзгеріс, икемді кешен, жабайы өнімдер, тәсіл, түр, өсу, жалпыұлттық, көрсеткіш, қажеттілік, қанағаттандыру, жеке адам, әлеуметтік топ, тұтас қоғам, адамзат қоғамы, саты, тұтыну, көлем, рухани, әлеуметтік, адамның тұрмыс деңгейі, мүмкіндік, ұжымдық әрекет, дәреже.
3-тапсырма. Мына сөйлемдерді түрлендіріп, оларға бірнеше сұрақ қойыңыздар.
Қажеттіктер - бұл жеке адамның, әлеуметтік топтардың немесе тұтас қоғамның тіршілік іс-әрекеттерін қолдауға және орындау үшін керек.
Өндіріс - бұл қоғамның дамуына қажетті материалдық игіліктер мен қызметтер істеу мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі.
Қоғамдық ұжымдық әрекеттегі әлеуметтік қажеттіктердің өсуі қоғам прогресін көрсетеді.
4-тапсырма . Төменде берілген сөздер мәтіннің қай жолында кездеседі?
Өзгеру, даму, қолдау, қызмет ету, орындау, өсу, күрделену.
5-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар
Одна из важнейших проблем экономической теории и практики — это проблема выбора. Оптимальный выбор - это одна из ключевых стадий процесса принятия экономических решений. Он заключается в выборе лучшего варианта хозяйственного решения из набора возможных вариантов экономического поведения.
Әдістемелік ұсыныстар:
Жоғарыда берілген тапсырмаларды орындау үшін мәтінмен, мәтіндегі терминдермен таныс болыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Нег.[17-18] 2.Нег.[24-29], 16.Қос.[30-31]
Бақылау сұрақтары:
1.Материалдық игіліктер дегеніміз не?
2. Өндіріс сөзіне түсініктеме бере аласыз ба?
3. Материалдық өндіріс пен индустриалдық өндіріс туралы айтып беріңіз.
4. Қажеттілік дегеніміз не?
1-апта. 2-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Ресурстар
Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамның табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолданылуы мүмкін.
Табиғат ресурстары - бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.
Табиғи ресурстар сарқылмайтын және сарқылатын болып бөлінеді. Сарқылмайтындар өз кезегімен жаңғыртылмалы және жаңғыртылмалы емес деп бөлінеді. Адамдар өзінің іс-әрекеттері үшін табиғи ресурстарды көбейте қолданады. Нәтижесінде биосфера ресурстарының елеулі бөлшектерінің тепе-теңдігі жойылады, осылай көп алуан өмір формалары бұзылады және күнкөріс ортаның сапасы төмендейді.
Материалдық ресурстарға өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал-жабдықтардың барлығы жатады. Еңбек ресурстарына жұмысшы күші жатады, яғни еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Еңбек ресурстарын сипаттауда адамдардың жастары, жынысы, квалификациясы, білім дәрежесі, еңбек мотивациясы өте маңызды рол атқарады.
Қаржы ресурстары өңдіріс процесі үшін қоғамның бөлген ақша құралдары болып табылады. Бұлардың көзіне инвестициялық құралдар, бағалы қағаздар, салықтар, ақша жинақтары, мемлекеттік қарыздар жатады.
Информациялық ресурстар - бүл автоматтанған өндірістің қызмет етуі үшін және компьютерлік техника арқылы оны басқаруға қажет жағдайлар.
Қоғамның қандайына болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осы замандағы иңдустриалдық нарықтық экономика информациялық ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарды.
Сөздік
жүйе -система
қатынас -отношение
байланыс - связь
өндірістік ресурстар – производственные ресурсы
түсінік - понятие
өндірістің элементтері – элементы производства
жиынтық - совокупность
материалдық игіліктер –материальные ценности
рухани игіліктер – духовные ценности
қызмет- служба, функция, должность
2-тапсырма. Сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
1. Жүйе; өндіріс; қоғам; табиғат; қатынас; байланыс; экономика; материал; күн; су.
2. рухани; маңызды; сарқылмайтын; нәтиже; күнкөріс; өндіріс.
3. игіліктер; қызмет; шарт; орта; компоненттер; қуат; ресурс; қазбалар; ресурстар; нәтиже; бөлшек; бұзу; орта; сапа.
3-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыздар.
1.Өндіріс қоғамның ... қатынасы болып табылады. 2. Осы қатынастар ... ресурстар арқылы білінеді. 3. Күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалары ... ресурстарына жатады. 4. Табиғи ресурстар сарқылмайтын және ... болып бөлінеді. 5. Адамдардың ... нәтижесінде биосфера ресурстарының елеулі бөлшектерінің тепе-теңдігі жойылады, осылай көп алуан өмір формалары бұзылады және күнкөріс ортаның сапасы төмендейді. 6. Материалдық ресурстарға өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын ... барлығы жатады. 7. Еңбек ресурстарына ... жатады. 8. Қаржы ресурстары өңдіріс процесі үшін қоғамның бөлген ... болып табылады.
Тірек сөздер: 1. сарқылатын; 2. табиғатпен; 3. жұмысшы күші; 4. өндірістік; 5. табиғат; 6. ақша құралдары; 7. іс-әрекеттері; 8. құрал-жабдықтардың.
4-тапсырма. Аударыңыздар.Производство экономических благ требует определенных ресурсов. 2. Учет альтернативных затрат при экономическом выборе является одни из важнейших принципов экономического анализа. 3. Что следует производить и в каком количестве, какие из возможных товаров и услуг должны быть произведены в данном экономическом пространстве и в данное время? 4. Как следует производить и какие ресурсы и технологии для этого использовать.
Әдістемелік ұсыныстар: Жаңа тақырып бойынша лексикалық материалды қайталаңыздар, жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар
Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Нег.[18-19] 2.Нег.[282-291] 15.Нег.[107-112] 7.Нег.[10]
Бақылау сұрақтары:
1.Өндіріс деген не?
2.Өндірістік ресурстар деген не?
3. Табиғат ресурстары деген не?
4. Табиғи ресурстар қалай бөлінеді?
5. Сарқылмайтын ресурстар дегеніміз не?
6. Материалдық ресурстарға нелер жатады?
7. Еңбек ресурстарына не жатады?
8. Қаржы ресурстары көзіне не жатады?
9. Информациялық ресурстар деген не?
10. Қаржы ресурстары деген не?
1-апта. 3-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Өндіріс процесі мен тұтыну процесі
Өндіріс процесі бір мезгілде тұтыну процесінің болуын талап етеді. Өндіріс пен тұтынудың байланыста болатынын есепке алып, өнім осы екі кезеңнің динамикасы мен өзара алмасуының нәтижесі деп тұжырымдауға болады.
Егер экономиканы өндіріс пен тұтынудың біртұтастығының нәтижесі деп қарасақ, онда өндіріс пен тұтыну табиғатпен және оның қорларымен байланысы жоқ өзіндік жабық процесс деген ұғым пайда болуы мүмкін. Бірақ бұл жағдай басқаша. Адам өндіріс үшін тұрақты түрде табиғат заттарын алып тұрады және қайтарып қалдықтар тастап отырады. Тұйық жабық экологиялық-экономикалық цикл туындайды. Тұтыну сферасына жетуден бұрын заттар өндіріс сферасында өңдеуден өтуге тиісті.
Егер табиғат заты өңдеуден өтпей тұтынуға жарамды болса, онда ол экономикалық игілік емес категориясына жатады.
Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштері болып табылады.
Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атау қажет.
Өндіріс процесінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар тұрақты динамикада болады. Адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады. Олар өздеріне жаңа технологияларды, жаңа материалдарды және т.б. қызмет еткізеді. Техника, технология және осылардың негізінде қалыптасатын қатынастар, қоғамның және экономиканың даму дәрежесінің индикаторы болып табылады.
2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
өндіріс процесі
тұтыну процесі
талап ету
өнім
кезең
өзара алмасу
нәтиже
тұжырымдау
біртұтастық
табиғаттың қорлары
өзіндік жабық процесс
тұрақты
табиғат заттары
қалдық
қайтару
тастау
тұйық
жабық
өндіріс сферасы
өңдеу
тұтынуға жарамды
өндіргіш күштер
бейімдеу
өндіріс құралдарын
жұмысшы күші
бөліп алу
өндірістік қатынастар
қалыптасу
өзгерту
қызмет ету
негіз
қоғам
даму дәрежесі
3 – тапсырма. Сөздерді тіркестіріп, 5-6 сөйлем құрастырыңыздар.
|
1 |
2 |
|
өндіріс тұтыну өнім кезең нәтиже біртұтастық табиғат жабық тұрақты қалдық тастау өңдеу экономикалық өндіргіш бейімдеу жұмысшы өндірістік негіз |
өңдеу жарамды болу игілік күштер құралдарын күш бөліп алу қатынастар қалыптасу өзгерту қызмет ету дәрежесі процесс талап ету өзара алмасу нәтиже тұжырымдау қорлары
|
4-тапсырма. Мына сөз тіркестердің қазақша нұсқасы мәтінде кездеседі ме?
Потребительский процесс, природные ресурсы, производственные остатки, производственные средства, рабочяя сила, степень развития.
5-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Тұтыну процесі деген не? 2. Өндіріс пен тұтыну байланыста бола ма, әлде жоқ па? 3. Өнім ненің нәтижесі деуге болады? 4. Тұйық жабық экологиялық-экономикалық цикл қай уақытта туындайды? 5. Тұтыну сферасына жетуден бұрын заттар қайдан өңдеуден өтуге тиісті?
6 - тапсырма. Аударыңыздар.
Рынок средств производства. Торговля средствами производства — это грандиозный рынок, на котором взаимодействуют между собой непосредственные производители продукции. Все предприятия органически связаны друг с другом как поставщики и потребители машин, оборудования, сырья, топливных ресурсов.
Рынок рабочей силы. Рынок рабочей силы теснейшим образом связан с рынком средств производства. Они возникли и развивались одновременно, параллельно, дополняли друг друга. Рынок рабочей силы является самым сложным из всех существующих в экономике. Рыночный спрос на труд есть сумма спроса фирм. Эластичность спроса на труд зависит от эластичности спроса на продукцию фирмы, от производительности труда и от легкости и эффективности замены живого труда машинами.
Әдістемелік ұсыныстар:
Мәтін бойынша бір-біріңізге сұрақ қойып, жауап бере отырып, сұхбат тілі дағдысын жаттықтырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[29-34] 7.Нег.[37-38]
Бақылау сұрақтары:
1. Егер табиғат заты өңдеуден өтпей тұтынуға жарамды болса, онда ол қандай категорияға жатады?
2. Өндіргіш күштер деген не? Оның ішкі құрылымы дегеніміз не?
3. Адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады ма, әлде жоқ па?
4. Қоғамның және экономиканың даму дәрежесінің индикаторына не жатады?
2-апта. 4-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары
Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді.
Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін немесе өндірісті әрі қарай жүргізу үшін табиғат заттарын өңдеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі оның әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады.
Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды анықтап білу маңызды мәселе болып табылады. Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті немесе нысанды өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте көп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады.
Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар. Марксистік теория факторларға жұмыс күшін, еңбек заттарын, еңбек құралдарын жатқызады. Бүлар екі ірі топ құрады: өндірістің жеке факторы- жұмыс күші және өндірістің заттық факторы - еңбек заттары жоне еңбек құралдары болып бөлінеді. Қашан болсын, өндірістің жеке факторына жұмысшы күші яғни адамның еңбекке деген физикалық және интеллектуалдық қабілетінің жиынтығы жатады.
Өндірістің заттық факторына барлық құрал-жабдықтардың жиынтығы жатады.
Маржиналистік теория өндіріс факторларын төрт топқа бөледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.
Жалпы айтқанда, факторларды топтастыру айырмашылығының себебі - қоғамдық өндірісті талдауға таптық көзқарастың қолданылуы.
Өндіріс факторлары қоғамның даму процесінде өзгеріп тұрады, сондықтан оларға тұрақты құбылыс деп қарауға болмайды.
2-тапсырма. Сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
-
Өндіріс, зат, құрал-жабдық.
-
Қоғам, фактор, жер, еңбек, капитал, кәсіпкер, қызмет.
-
талдау, даму, процесс, өзгеру
3-тапсырма. Мына сөз тіркестері мәтінде кездесті ме?
жұмыс күші, еңбек заттары, еңбек құралдары, адамның қабілеті.
4-тапсырма. Мына сұрақтарды жауаптарымен сәйкестендіріңіздер.
|
1. Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды анықтап білу маңызды ма? |
өндіріс |
|
өзіндік |
|
иә |
|
материалдық |
5-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыздар.
-
Өнім ... адам табиғат нысандарына әсер етеді. 2. Табиғат нысандарына өзінің ... қанағаттандыратындай форма береді. 3. Өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін немесе өндірісті әрі қарай жүргізу үшін ... өңдеу болып табылады. 4. Өндірістің осы қызметі оның әлеуметтік формасы қандай болмасын ... .
Тірек сөздер: 1. материалдық қажеттерін; 2. сақталады; 3. табиғат заттарын; 4. өндірісінде
Әдістемелік ұсыныстар: Жоғарыдағы жаттығуларды орындай отырып жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[29-33] 7.Нег.[37-38]
Бақылау сұрақтары:
-
Қандай процесс өндіріс деп аталады?
-
Өндірістің қызметі не?
-
Өндіріс факторлары деп нені атайды?
-
Марксистік теория факторларға нелерді жатқызады?
-
Өндірістің жеке факторы деген не?
-
Өндірістің заттық факторы қалай бөлінеді?
-
Маржиналистік теория өндіріс факторларын қанша топқа бөледі?
2-апта. 5-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет факторлары
Жер табиғи фактор деп қаралады. Ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды. Өндіріс факторларының осы тобына өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы кендер жатады. Осы категорияға егістік жер, ормандар қосылады. Өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдаланатын мүліктердің жиынтығы - капитал жатады: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары, т.б. Олардың техникалық күйі үздіксіз жақсартылып отырады және олар өндіріс процесіне, оның тиімділігіне шешуші әсер етеді.
Еңбек - игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады. Жеке адамның біліміне, кәсіби дайындығына, тәжірибесіне, денсаулығына сәйкестенген қабілеттерінің жиынтығы адам капиталын құрайды. Адамның еңбегінің шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы өсе түседі, ал осыған сай табысы (еңбек ақысы) көбейеді. Осы күнгі адам капиталына жұмсалған инвестициялар қоғам үшін ең тиімді болып және тез арада өзін-өзі ақтап отыр.
Кәсіпкерлік іс-әрекет - бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелдікті кең пайдалануды талап етеді.
Кәсіпкерлік қабілет - адам капиталының ерекше түрі. Бұл игіліктер мен қызметтерді жасауға қолданылатын, өндірістін барлық факторларының бір бірімен келісімді, сәйкес түрде қызмет етуін көздейтін іс-әрекет. Адам ресурстарының осы түрінің ерекшелігі мынада: олар кауіп-қатерлікке, шығынға ұшырау мүмкіндіктерінің болуына тәуекелдік етіп, өндіріс процесіне, коммерциялық негізге сүйене отырып, өндірілетін өнімнің жаңа түрін, алдыңғы қатарлы технологияларды, бизнесті ұйымдастырудың тиімді формаларын кіргізу болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет шама жағынан және нәтижелілік жағынан квалификациясы өте жоғары еңбек жұмсаумен пара-пар келеді.
2-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыздар.
Еңбек - игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған (1)... болып табылады. Жеке адамның біліміне, кәсіби дайындығына, тәжірибесіне, денсаулығына сәйкестенген қабілеттерінің жиынтығы (2)... құрайды. Адамның еңбегінің шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы (3)... түседі, ал осыған сай табысы (еңбек ақысы) (4)... . Осы күнгі адам капиталына жұмсалған инвестициялар (5)... үшін ең тиімді болып отыр. Жер (6) ... деп қаралады. Жер адамның іс-әрекетінің (7)... жатпайды. Өндіріс факторларының жерге қатысты тобына (8)... жатады. Өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдаланатын мүліктердің жиынтығы – (9) ... жатады: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары, т.б. Олардың техникалық күйі (10) ... отырады және олар өндіріс процесіне, оның тиімділігіне (11) ... әсер етеді.
Тірек сөздер: а) капитал; ә) адам капиталын; б) табиғи фактор; нәтижесіне; в) табиғат байлықтары мен пайдалы кендер; г) интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер; д) өсе; е) көбейеді; ж) қоғам.
3–тапсырма. Сөздікпен жұмыс.