ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.08.2020

Просмотров: 1809

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Затраты, расходы и издержки – Шығын, шығыс, ұсталым - Бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың өнім өндіруге, қызметтер көрсетуге, жұмыстарды орындауға және оларды өткізуге ақшалай нысанда жұмсаған шығындарының жиынтығы.

Заработная плата - Жалақы - Еңбек үшін ақшалай сыйақы; еңбекпен жасалған өнім құнының, оны сатудан алынған табыстың бір бөлігі, оны қызметкерге өзі жұмыс істеген кәсіпорны, мекемесі, яки жұмыс беруші басқа біреу береді. Жалақының шамасы лауазымдық айлық-ақы түрінде не тарифтік тор (мөлшерлеме), не келісімшартқа сәйкес белгіленеді, бірақ заңда белгіленген ең аз жалақы деңгейінен төмен болмайды; нарықтық тұрпаттағы экономика жағдайына жоғары шек шектелмейді.

Имущество – Мүлік - Біреудің қарамағындағы шаруашылық айналымында мәні бар заттар мен түрлі құнды мүліктердің жиынтығы. Біреудің меншікті заттары.

Инвентаризация -Түгендеу- Қаржы органдары жүйесіндегі шаруашылық есептегі акционерлік қоғам, оның міндеті- отандық және шетелдік әріптестерге ақыл-кеңес беру, отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қатысуымен құрылған бірлескен кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі мен қаржы есеп- қисабын бақылау.

Компания - Компания- Кәсіпкерлердің заңды тұлға мәртебесіне ие сауда, өнеркәсіптік, сақтандыру, т.с.с. бірлестігі. Мынандай компания түрлеріне бөлінеді: консалтингілік, лизингілік, сақтандыру компаниясы.

Компания лизинговая - Лизингтік компания - Жабдықты жалға беруші компания, ол жабдықты кері қайтарып алмайды, оны қалдықтық бойынша сатады.

Конкретный продукт - Нақты өнім - базалық мән, көрсетілетін қызмет немесе дәл сипаттамасы бар және белгілеген сипаттамамен немесе үлгі нөмірімен ұсынылатын идея.

Конкурент - Бәсекелес-Қайсыбір майданда басқамен бәсекеленуші, әдетте, кайсыбір қызмет саласында өзінің айырықша мүдделері болатын және осы мүдделерге сай жүзеге асырушы адам, адамдар тобы, фирма немесе кәсіпорын.

Конкурентноспособность - Бәсекелесу қабілеті - Белгілі бір тауардың немесе өнімнің тұтынушылық қасиетінің жиынтығы, ол тауардың немесе өнімнің бәсекелеуші тауардан немесе өнімнен өзгешелігін сипаттайды. Белгілі бір рыноктың қаралып отырған кезедегі қалыптасқан талаптарына өнімнің сәйкес келу қабілеті.

Конкуренция – Бәсеке - рыноктық тетік нышаны, капиталдардың жақсы, экономикалық жағынан тиімді жұмсалуы үшін, өнім өндіру мен өткізудің өндірістік неғұрлым тиімді жағдайы үщін тауар өндірішілер арасындағы бақталастықтың ( күрестің) құрамдас бөлігі. Шаруашылық үйлесімділіктерін қалыптастырудың негізгі тетігі болып табылады.

17