ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.10.2020

Просмотров: 2325

Скачиваний: 21

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3) қауіпті - жеке адамға не қоғамдық тәртіпті бұза отырып, меншікке қарсы қылмыстар жасаушы, бірақ адам өміріне қарсы қылмыстарды емес.

4) қауіптілігі болымсыз - басқа қылмыскерлер.

5-ші дәріс.

5-ші тақырып. Қылмыстылықтың алдын алу.

Дәріс жоспары:

1. Қылмыстылықпен күрес жүргізудің негізгі бағыттары.

2. Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі.

3. Қылмыстылықтың алдын алу шараларының түрлері.

Негізгі ұғымдар: криминологендік жағдай.

1. Қылмыстылықпен күрес жүргізудің негізгі бағыттары. Қылмыстылықпен күрес - қылмыс пен қылмыстылықты туындататын себептер мен жағдайларға, қылмыс жасаған тұлғаларға ықпал ету. А.И.Долгованың пайымдауынша қылмыстылықпен күрес мынандай үш негізгі бағытты құрайды:

1. күрестің жалпы ұйымдастырылуы;

2. қылмыстылықтың алдын алу;

3. құқық қорғау қызметі.

Алғашқы қылмыстылықпен күрестің жалпы ұйымдастырылуы төмеңдегідей бағыттарды түзеді: а) қылмыстылықтың көріністерін тіркеуге, осы көріністерді зерттеуге, олардың себептері мен детерминациясын, бұған дейінгі жүргізілген қылмыстылықпен күрестің нәтижелерін зерттеуге және сәйкес мәліметтерді талдауға байланысты ақпараттық-талдау қызметі; ә) криминологиялық болжау (криминогендік құбылыстардың болашақтағы жәй-күйі туралы негізді тұжырымдар); б) қылмыстылықпен күрес жүргізудің стратегиясын, яғни мақсатқа жетудің тәсілін, күрес жүргізу өнерін, анықтау. Оны мемлекет кримогендік жағдайды, мамандардың ұсынысын, криминогендік болжау нәтижелерін салмақтай келе анықтайды. в) қылмыстылықпен күресті жоспарлау (ұзақ, орташа, қысқа мерзімге); г) қылмыстылықпен күрестегі заң шығармашылық; д) қылмыстылықпен күрестің бағдарламасын жүзеге асыру, оларды тиынақтау және осы жолдағы қызметті үйлестіру; с) қылмыстылықпен күреске байлалысты ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен дамыту.

Қылмыстылықпен күрестің келесі бағыты, яғни қылмыстылықтың алдын алу.

Ал үшінші бағыты (құқық қорғау қызметі) де мыналардан тұрады:

а) «жазалау» қызметі, яғни қылмыстарды ашуға, бұлтартпауға, тергеуге, қылмыс жасаған тұлғаларға қылмыстық жауаптылық шараларын және жаза қолдануға байланысты әрекеттер;

ә) құқық қалпына келтіруші қызмет, қылмыс арқылы бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге байланысты әрекеттер.

2. Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі. Қылмыстылықтың салдарымен күресуден гөрі себебімен күресу әлдеқайда тиімді. Қылмыстылықтың алдын алу құлашты кеңге сермейтін ауқымы кең шаралардың кешені. Ол тікелей қылмыстылықты ауыздықтауға бағытталған әрекеттерді де, тіпті, онымен жанама қатысты құбылыстарға да бағытталған шараларды қамтиды. Мысалға, мектеп бағдарламасына салауатты өмір салтын үйрететін «Валеология» пәні енгізілді, осы пән оны игерген мектеп оқушыларының соз ауруларымен байланысты қылмыстарды жасамауы мен оларды жасаушылармен күресуге жердем көрсететіні анық.


Кеңес криминологиясы курсының авторлары кең көлемді анықтама береді:

а) қылмыстылықпен күрес процесінде сендіру мен көндіруді үйлестіретін экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени-тәрбиелік, құқықтык заң шығарушылық сипаттағы жалпы мемлекеттік шаралар.

ә) мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қылмыс жасалуының себептері мен жағдайларын анықтауға, оларды жоюға бағытталған шараларды қолдануға, қылмыстарды ашуға, тергеуге және сотта қарауға, қылмыскерлерді жазалауға, оларды түзеу мен қайта тәрбиелеуге, бас бостандығын айыру мекемелерінен босаған адамдардың мінез-құлқымын заңдылығын қадағалауға, сондай-ақ бас бостандығымен байланысты емес жазаларға сотталған тұлғаларды немесе әлі қылмыс жасамаған, бірақ қоғамға қарсы не моральға жат қылық жасап жүрген тұрақсыз тұлғаларды тәрбиелеуге бағытталған қызметі.

в) нақты жағдай қажет еткен басқа да шараларды жүзеге асыру.

Криминологияда, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық циклдегі пәндерде қылмыстылықтың алдын алумен қоса, қылмыстың алдын орағыту, бұлтартпау, профилактика термиңдері қатар қолданылады.

3. Қылмыстылықтың алдын алу шараларының түрлері. Олар кең көлемді болғандықтан да әр түрлі критерий бойынша топтастыруға болады. Ең алдымен тілге оралатыны - ол деңгейіне қарай топтастырылуы.

а) Деңгейіне қарай:

1) жалпы әлеуметтік немесе жалпы алдын алу; 2) арнайы алдын алу.

Алғашқысы оның тікелей қылмыстылықтың алдын алу үшін емес, басқа жалдпы әлеуметтік мақсаттарда, халықтың әл-ауқытын көтеру үшін жүргізіледі (жұмыссыздықты, кедейшілікті жою, қараусыз балалардың санын азайту т.б.).

Ал арнайы алдын алу болса, тікелей қылмыстылықпен күресуге бағытталады.

Жалпы әлеуметтік шаралардың белгілері:

- масштабтылығы; - кең қамтылатындығы мен жал жақты сипатқа иелілігі;

- өзара тәуелділігі; - тоқтаусыздығы; - түбірлілігі.

Арнайы алдын алу неғұрлым нақты мақсатқа бағытталған, кеңістік пен уақыт бойынша жинақталған.

ә) қолданылу масштабына қарап:

1) жалпымемлекеттік шаралар;

2) ірі-ірі әлеуметтік топтарға қатысты (нақты ұйымдарда, кәсіпорындарда немесе өзге әлеуметтік инститтар мен топтарда жүргізілетін шаралар кешені);

3) жеке-дара шаралар (нақты тұлғалар мен олардың жақын ортасына алдын алу сипатындағы шараларды қолдану).

б) мазмұнына қарай:

1) экономикалық; 2) саяси; 3) әлеуметтік; 4) ұйымдастырушылық-басқарушылық; 5) мәдени-тәрбиелік; 6) құқықтық және өзге де.

в) қолданылу сатысына қарай:

1) тікелей алдын алу, яғни тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін туындауы мүмкін жағамсыз жағдайларды жою, микроортаны сауықтыру т.б.;

2) қылмыс рецидивінің алдын алу, яғни бұған дейін қылмыс жасап, қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғаларға ықпал ету.

г) сатысына қарай (практикалық көзқарас бойынша):

1) профилактика, әлі қылмыс жасалу қаупі жоқ сәтінде шаралар қолдану. «Тұлғаның қылмыс жасау мүмкіндігін жою» деп келетін Г.А.Аванесовтың анықтамасымен келісуге болады;


2) қылмыстың алдын орағыту, яғни дайындалып жатқан немесе жоспары жасалып жатқан қылмыстың ары қарай дамуына кедергі жасау;

3) бұлтартпау, яғни басталып кеткен қылмысты аяғына шейін жеткізбеу.

Жалпы профилактика - қылмыстылықтың алдын орғыту мақсатында жасалған әлеуметтік өмірдің әр түрлі саласындағы қылмыстылықтың себептерін, жағдайларын және өзге де детерминанттарын анықтауға бағытталған, оларды жою (бейтараптандыру, тосқауылдау) үшін шараларды өңдеу мен қолдануға бағытталған қызмет. Жеке-дара профилактика — олардың мінез-құлқына барлау жасай отырып қылмыстың ажсалуын күтуге болатын тұлғаларды анықтауға, оларға және олардың қоршаған ортасына қылмыстылықтың алдын орағыту мақсатында ықпал ету. Виктимологиялық профилактика - қылмыс жасауға сеп болатын виктимдік мінез-құлықты қалыптастыратын факторларды, мәп-жайларды, ситуацияларды анықтауға, жоюға немесе бейтараптандыруға, жоғары деңгейдегі виктимділігі бар тұлғаларды анықтауға және олардың қорғану қасиетін арттыру мақсатында ықпал етуге, сондай-ақ қылмыстан және одан кейінгі виктимизациядан қорғану амалдарын өңдеу мен бұған дейін жасалған құралдарды жетілдіруге бағытталған әлеуметтік институттардың ерекше қызметі.

д) түбірлілік деңгейіне қарай:

1) криминогендік құбылыстар мен жағдайлардың туу мүмкіндігінен сақтандыратын (мысалға, жұмыссыздықтың болып қалу мүмкіндігінен сақтандыру: зауыт-фабриканың, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерін, филиалдарын ашу, күшейту); 2) оларды бейтараптандыратын, тосқауыл қоятын, минималдандыратын (мысалға, өмірде орын алып отырған жұмыссыздықтың қылмыстылықтың өсуіне ықпал етпеуін қамтамасыз ету: оларды өзге қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту); 3) оларды толығымен жоятын (мысалға, жұмыссыздықты сол аумақта толығымен жою: жабылып қалған жұмыс орнын қайта ашу).

6 – дәріс.

6-шы тақырып. Рецидивті қылмыстылық және оның алдын алу.

Дәріс жоспары:

1. Қылмыстық рецидив түсінігі.

2. Рецидивист қылмыскерлерінің сипаттамасы.

3. Рецидивист түрлері.

Негізгі ұғымдар: рецидив.

1. Қылмыстық рецидив түсінігі. Қылмыстық құқықтық рецидив – соттылығы жойылмаған тұлғаның жаңадан қасақаналықпен қылмысты жасауын айтамыз, яғни легальді рецедив. Сонымен қатар бұған қоса пенитенцарлы рецидив түсінігі кең қолданылады, яғни қылмыстық жазасын өтеп келген тұлғаның қылмыс жасауы.

Рецидивті қылмыстылық барлық қылмыстың «ядросы» болып табылады. Соның негізінде ұйымдасқан және кәсіби қылмыстықтың «кадрлары» даярланады. Рецидивтер анти әлеуметтік және қылмыстық әдеттерді белсенді түрде таратушылар. Рецидивистердің қылмыстық қызметі көбінесе қоғамға қауіптілігінің ауырлық дәрежесімен, қасақаналылығымен және қылмыстың ашылуына кедергі келтірумен сипатталады, Рецидивті қылмыстық динамикасы, құрылымы және деңгейі қылмыстардың саны мен сипатталады. Латантті қылмыстардың ішінде рецидив қылмыстылығының саны көп. Егер рецидив крсеткіштері алғашқы қылмыстылық деңгейінен төмен болса, нәтижесінде қылмыстағы оның үлесі өседі. Тіркелген рецидивті қылмыстың динамикасын зертегенде бұл мәселеге көңіл аудару керек, Рецидивті қылмыстың құрылымын зерттегенде континттің мына түрлері назар аудартады: а) сотталу санына байланысты: жай (однократный) және көптік (многократный); б)алғашқы және жаңа қылмыстардың ұқсастығына байланысты: жай және арнаулы.


Негізінен жазасын өтеп жатқандар тұлғалардың ішіндегі көптік рецидив 60% -ды құрайды.

Кәсіби қылмыстылыққа айналып бара жатқан арнайы рецидив контрабанда, жалған ақша жасау, алаяқтық, тонау әрекеттерімен сипатталады. Қылмыс түрлеріне байланысты рецидивтің құрылымы бұзақылықпен, тонаумен, жеке адамға қарсы пайдакүнемдік – зорлық қылмыстармен сипатталады. Бұл түрлерінің үлесі рецидивті өылмыстылықтың 3/2 үлесін құрайды. Рецидивті қылмыстылықтың құрылымында рецидивистердің қылмыстың басқа түрлеріне де қатысу көрсеткіштері орын алады. Әсіресе адамның жеке басына қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстарды шамамен 40%-ын тонауда, 60%–ын алаяқтықта, бұзақылықта 30%–ын және де негізгі статистика бойынша рецидив белсенділігі жазасын өтеп болғаннан кейін қылмысты жасау 25%–ды құрайды.

Жазаның түрлері мен оны орындау жүйесіне байланысты әдетте қылмыстың қайталануы 5-7 жыл қатаң режимде бас бостандығынан айырылып, өтеп келгендермен жүзеге асырылады.Рецидив құрылымында топтық қылмыстың үлесі жалпы қылмыстық құрылымынан төмен. Бірақ қылмысты жасыру мақсатында көптеген рецидивистер қылмыстық әрекеттерді жалғыздан жасай отырып, жастардың арасында қылмыстық топтардың құрылуына белсенді түрде көмек көрсетеді. Сонымен қатар олар қылмыстық жолмен табылған ақша әне мүлік сақтаушылардың, притон ұстаушылардың қызметін пайдалана отырып криминалды орта құрады.

2. Рецидивист қылмыскерлерінің сипаттамасы. Рецидивистер көбінесе қылмыстық жолға кәмелетке толмаған жастарда немесе кәмелетке толған алғашқы жылдарында түседі. Қылмыстық жолға кәмелетке толмағандар қаншалықты ерте түссе, нәтижесінде оның рецидивистік қауіптілік әрекеттері соғұрлым дами түседі. Рецидивистердің 70% алғашқы қылмыстарын 18 жасқа дейін жасаған. Жас өскен сайын рецидив мүмкінділігі төмендейді. Тұлғалар қартайғанда рецидивті қылмыстарды жасамайды. Ал рецидивистер жастары өскен сайын қауіпті қылмыстарды жасайды, Рецидивистер контингентінде әйел адамның үлесі алғашқы қылмысқа қарағанда 2-3 есе кем. Әйел рецидивмстердің криминологиялық қасиеттері алкоголизмге байланысты. Бірнеше рет сотталғандарына, үйсіз қалуына байланысты, Рецидивист ер адамдарға қарағанда неготивті көрініске ие.

3. Рецидивист түрлері. Криминологиялық әдебиеттерде рецидивист тұлғалардың бірнеше түрлері, яғни типологиясы көрсетілген. Қылмыскердің тұлғасы 2 критерия бойынша сипатталады: қоғамға қауіплілік мазмұндыдылығы және қауіптілік деңгейі. Қоғамға қауіптілік мазмұны бойынша рецидивистік қылмыстықта - пайдакүнемділік, зорлық қылмыстарын жасаған тұлғалар құрайды. Деңгейіне байланысты рецидивистердің мынандай типологиясы бар: а) ситуативті; б) қатыгездік (злостный многократный); в) кәсәби; г) аса қауіпті.

Ситуативті рецидивист бұл - өз тағдырына билік ете алмайтын, еріксіз, қылмыс жасаудан бас тарта алмайтын тұлғалар.


Қатігез рецидивистер жас рецидивистердің ішінде көп таратылған, олар ситуативті рецидивистерге қарағанда қылмыстық қызметті саналы түрде қабылдайды. Олар соттылық атағын мақтан тұтып, қылмыстық ортада жоғарғы орынды басуға талпынады. Қатыгез рецидивистер кәсіби қылмыскер бола алатын бір қылмыс түрімен мамандырылады. Мысалы жалдамалы кісі өлтірушілер, заңсыз нашақорлық және қару-жарақ сатушылар, қалта ұрылары және тағы сол сияқтылар.

Кәсіби қылмыскерлер нысандары: а) мамандандырылған қылмыскерлер; б) белгілі бір қылмыстық қызмет аясындағы білімге ие болу; в) өмір сүрудің басты жолы қылмыс істеу деп түсінетіндер; г) қылмыстық ортамен байланысы; д) криминалды кәсіптің әдет-ғұрпын ұстанушылар (субкультура).

Қауіпті және аса қаупті рецидивистерде қатігездіктің, авторитаризм, эгоцентризм құқық қорғау жүйесінің қызметкерлеріне деген жек көрушілік тәрізді криминалдық рецидивизмнің белгілері тән.

Жазасын өтеп жатқан соттылығы жойылмаған рецидивистердің сынақ мерзіміндегілердің 6/1-і жаңа қылмыс жасайды. Бұл жағдайда сонымен қатар қылмыстық істерді қараудың бұзылуы тергеу изоляторларының мөлшерінен тыс толуына әкеп соғады. Соттардың шамадан тыс қатаң үкімдері де сотталғандардың жазасын өтеу мекемелеріндегі қызметкерлердің заңды бұзуы да осы себепке негіз болады. Мысалы сотталғанның арасындағы төбелестерге «зонада» беделді қылмыскерлердің тәртіп орнатуына араласпауы, достарының, туыстарының ережеден тыс жиі қатынасы салдарынан коллонияға берілуге тиісті емес заттардың (анаша, алкоголь ішімдіктері, карта т.б). Қылмыстылықтың келесі себебі постпенитенциарлық, яғни жазаны өтеп келгеннен кейінгі уақытта қылмысты жасау.

Қылмыстың алдын алудың арнаулы шаралары: 1) тағайындалатын жаза шараларын индивидуализациялау; 2) Қылмыстық жазаны орындаудағы заңдылықты сақтау, яғни тұлғаны түзеу мақсатында ерекше режим коллонияларында және түрмелерде қауіпті рецидивистерге қатысты – 2, ал жалпылама 3 түрлі жағдайда үстау керек.

Негізінен жеңілдетілген және қатаң шарттары бойынша жазаны өтеу орындарында қасақана қылмыс жасаған рецидивистер ұсталады. Сотталып келгендердің тұрғылықты жерлерінің болмауына байланысты уақытша тұратын үйлерді салу (ночлежки) және ондағыларды жергілікті органдар бақылап отыруы керек. Сотталып келген рецидивистерді тіркеуге алып олар жайлы мәліметтермен үнемі танысып отыру.

7 – ші дәріс.

7-ші тақырып. Кәсіби қылмыстылық.

Дәріс жоспары:

1. Кәсіби қылмыстылық түсінігі. Кәсіби қылмыскерлер түрлері.

2. Кәсіби қылмыстылықтың пайда болу себептері.

Негізгі ұғымдар: Кәсіби қылмыстылық.

1. Кәсіби қылмыстылық түсінігі және түрлері. Кәсіби қылмыскермен жасалатын мүліктік қылмыстардың жеке түрлері жатады. Кәсіби қылмыскерлер жайлы криминологтардың көз қарастары әр түрлі болғанымен, тұжырымдамалары бір болған: Кәсіби қылмыстылық пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстарды қамтиды, кәсіби қылмыскер бір қылмысты бірнеше рет жасаған тұлға. Криминалды мамандандырылған түрлерге келетін болсақ, олар Россияның қылмыстық әлемінде жақсы дамыған: «громилы» - тонаушылар, «медвежатник» - сейфті тонаушылар, «ерши» - дүкен тонаушылар, «фармазоншики» - алаяқтар тағы сол сияқты ұрылардың мамандығы болған. Кәсіби қылмыстылықтың кәсібін анықтау үшін «кәсіптің» не екенін білу қажет. Жалпы кәсіптің төрт нысаны бар: 1) айналысу ісі; 2) белгілі бір дайындық; 3) солар арқылы материалдық кіріс алуы; 4) индивидтік әлеуметтік кәсіби ортамен байланысы. Осыдан келе кәсіптік нысандар құқыққа қайшы қызметтен өрініс таюатын болса, онда кәсіби қылмыстылыққа алып келеді. Демек, криминалдық кәсіптілік – бұл қылмыстық топпен байланыста жіне мақсаттың аяғына жету үшін белгілі бір білім мен дағдыларды меңгерген жіне субъектіге өмір сүру көзіболып табылатын қылмыстық әрекеттерінің түрлерін айтамыз. Демек, криминалды кәсіптің төрт нысаны бар: 1) мамандығы; 2) квалификация; 3) қылмыс өмір сүрудің көзі ретінде; 4) қылмыстық қоғаммен қатынас.