Файл: 1. Заманауи мдениеттегі білім беруді орны мен рлі. Білімні леуметтік мні. Білім беруді.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 178
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.Заманауи мəдениеттегі білім берудің орны мен рөлі. Білімнің əлеуметтік мəні. «Білім берудің» үш түрлі мағынасы.
Қазіргі білім беру парадигмасы: нəтижеге жəне жеке тұлғаға бағдарлануы.
білім беру парадигмасы да өзгереді: адамның еркіндігін шектейтін білім берудің қатаң жүйесінің орнына өзінің қызығушылықтарына, қабілеттеріне сәйкес жеке білім алу жолын (траекториясын) саналы түрде таңдай алатын адам парадигмасы дүниеге келді.
Білім беру – ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдылық.
Дүниежүзілік деңгейде білім беру мемлекет дамуының негізгі басымдықтарына ауысуда. Әр мемлекет өз азаматтары үшін білім беруді сапалы етуге тырысады, себебі онсыз қоғам дамуында көп қиындықтар туындауы мүмкін. Барлық азаматтар білім алуға құқылы және білімдерін жетілдіру арқылы ғылымның, экономиканың, өндірістік саланың, техниканың дамуына өз үлестерін қоса алады
Дүниежүзлік білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары. Білім беру жүйесі туралы түсінік.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы“ Заңына сәйкес үш сатылы: бастауыш саты (1-4-сынып), негізгі (5-9-сынып) және (10-11(12)- сынып) жоғары сатыны қамтитын міндетті және тегін орта білім беру әлемдік білім беру үдерісіне сәйкес жетілдірілді. Орта білім берудің әртүрлі жолдары айқындалды. Жалпы білім беретін мектеп (күндізгі, кешкі, қашықтықтан оқытатын (сыртқы), кәсіптік мектептерге(лицей) және мектептің жоғары сатысының жалпы және кәсіби білім беретін оқу мекемелері мектеп бағдарламасы бойынша кәсіби білім алатын колледждер негізінде ұйымдастырылатын болды.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім беру саясаты. Білім беру саясатының қағидалары. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы.
Орта білім беруді жүргізу мекемелерінің типтері.
- гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес терендетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны;
- лицей – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны;
- мектеп-гимназия (мектеп-лицей) – гимназияның жалпы білім беру бағдарламаларын – гимназия сыныптарында
; лицейдің жалпы білім беру бағдарламаларын лицей сыныптарында іске асыратын жалпы білім беретін орта оқу орны деп түсініктеме берілді.
Қазақстан. Республикасындағы шағын комплектілі мектептер.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы“ Заңында “шағын кешенді (шағын жинақталған) мектептер – сынып жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп“, педагогикалық сөздікте “шағын жинақталған мектеп – сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп,“ деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 ақпандағы 2000 жылғы № 300 қаулысына сәйкес шағын кешенді мектепті ұйымдастыруда қамтылатын оқушы саны былайша белгіленген:
1) 5 және одан да жоғары бала болса - бастауыш саты;
2) 41- ден жоғары оқушы болса - бастауыш және негізгі саты;
3) 81-ден жоғары оқушы болса - жалпы орта білім беретін оқу мекемесі.
Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы.
Инклюзивті білім беру бағдарламасы 2006 жылдың 13 желтоқ-санында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына енгізілді. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді.
2002 жылдан бастап Қазақстан ТМД елдерінің арасында ал-ғашқы рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады.
Жаңартылған мазмұндағы білім беру үлгісі. Білімдік мақсаттарға жету процесіндегі мұғалімдердің кәсіби дамуы.
2.Педагогикалық кəсіп пен іс-əрекеттің жалпы сипаттамасы.
1.Педагогикалық мамандықтың пайда болуы жəне қалыптасуы.
2.Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі, оның гуманистік сипаты.
Мұғалім қызметі үнемі гуманистік сипатта болады. Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі-педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әр баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін қолайлы жағдай жасай алу шеберлігінде. Ең бастысы мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесіп, оның бойында өзінің ішкі жан дүниесін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек.
3.Білім беру деңгейлері бойынша педагог қызметінің квалификациялық сипаттамасы.
4.Педагогикалық іс-əрекеттің кəсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі жəне тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар жүйесі ретінде.
5. Педагогикалық іс-əрекет – əлеуметтік іс-əрекеттің ерекше түрі.
6.Кəсіби педагогикалық іс-əрекеттің мəні, құрылымы мен мазмұны.
7. Мұғалім іс-əрекетінің объектісі – педагогикалық үдеріс. мұғалім іс-әрекетінің объектісі–тұтас педагогикалық үдеріс болып табылады. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы бойынша оның өзара тығыз байланысқан негізгі компоненттері ретінде педагог, оқушы, мақсат, міндет, мазмұн, құрал, форма, әдіс-тәсілдер, тапсырма, нәтиже болып табылады.
8.Педагог-мұғалім жəне тəрбиеші іс-əрекетінің ерекшеліктері.
9.Педагогикалық іс-əрекеттің функциялары.
10.Мұғалімнің кəсіби іс-əрекетінің тұтастығы. Мұғалімнің педагогикалық іс-əрекетінің стилі.
Педагогикалық іс-әрекет стилі-педагогтың өз шәкірттерімен әрекеттесуінің дербес-психологиялық ерекшеліктері.
1.Педагогикалық іс-әрекеттіңавторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, оқушылардың пікірлері маңызды болып есептелмейді, олар тек мұғалімнің айтқанын, нұсқауларын орындаушылар ретінде қабылданады.
2.Педагогикалық іс-әрекеттің либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті әріптестеріне, оқушыларға ысырады. Мұғалім тек оқыту үдерісімен шектеліп балалардың тәрбиесіне көп көңіл аудармайды, оқушыларды өз беттерінше жібереді. Бұндай қарым-қатынас стилі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныбында үлгерім де, тәртіп те қанағаттанарлықсыз болады.
3.Педагогикалық іс-әрекеттің демократиялық стилінде оқушы мен мұғалім педагогикалық қарым-қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Оқушылар мен мұғалім ынтымақтастық қарым-қатынаста болады, оқушылардың жеке пікірлері есепке алынып, олардың белсенділігі, шығармашылығы жоғары бағаланады. Өзара қарым-қатынастары кеңес беру, ақыл айту, өтініш, сенім арту сияқты формалар арқылы іске асырылады.
3. Педагогтың тұлғасы жəне оның кəсіби құзыреттілігі.
1.Жеке тұлға ғылыми категория ретінде.
Тұлға мәселесін зерттеуде Б.Г.Ананьев «іс-әрекет субъектісі» деген ұғымды пайдаланады. «Іс-әрекет субъектісі» деген ұғым өзінің мазмұны бойынша «индивид» және «тұлға» ұғымдарын байланыстырып тұр. Субъектілік адамды оның психикалық дамудың ең жоғары сатысы болып табылатын санасы арқылы басқа тіршілік иелерінен ажырататын басты белгісі. Сондықтан, субъект дегеніміз іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға. Тұлға– қоғамдық қатынастардың субъектісі, яғни, оның қоғамға әсер ете алуы, оның әлеуметтік іс-әрекеті мен белсенділігі.
2.Жеке тұлғаның психологиялық педагогикалық сипаттамасы, жеке тұлға компоненттері.
Психология ғылымында жеке тұлға деп белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен өзіндік қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға–қоғамдық мәні бар адам.
Педагогикалық сөздіктерде жеке тұлға ұғымы-әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Жеке тұлға өзін мынандай үш бағытта көрсете алады:іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы, өзіне деген қатынасы арқылы.
Жеке тұлғаның өзіндік белгілеріне оның: саналылығы, жауапкершілігі,жеке «Мен» жүйесінің болуы, белсенділігі (өзінің іс-әрекет саласын кеңейтуге құлшынысы); бағыттылығы (ынта, қызығушылықтар, қажеттіліктер, сенімдер жүйесі); адамиқадір-қасиеттері, әлеуметтік топтармен, ұжымдармен өзара әрекеттестігі жатады.
3.Жеке тұлға - іс-əрекет объектісі жəне субъектісі.
Тұлға мәселесін зерттеуде Б.Г.Ананьев «іс-әрекет субъектісі» деген ұғымды пайдаланады. «Іс-әрекет субъектісі» деген ұғым өзінің мазмұны бойынша «индивид» және «тұлға» ұғымдарын байланыстырып тұр. Субъектілік адамды оның психикалық дамудың ең жоғары сатысы болып табылатын санасы арқылы басқа тіршілік иелерінен ажырататын басты белгісі. Өзінің саналы іс-әрекеті арқылы адам қоршаған ортаны өзгерте алады. Сондықтан, субъект дегеніміз іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға. Тұлға– қоғамдық қатынастардың субъектісі, яғни, оның қоғамға әсер ете алуы, оның әлеуметтік іс-әрекеті мен белсенділігі.
Сонымен қатар, тұлға қоғамдық қатынастардың объектісі де бола алады, яғни, тұлға қоғамның әсерлі ықпалы нәтижесінде әлеуметтенеді, тәрбиеленеді, білім алады. Жеке тұлға-қоғамдық өмірдегі күрделі, көпжақты құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі.
4.Қазіргі əлеуметтік-мəдени жағдайлар жəне олардың жеке тұлғаға əсері.
5.Тұлғалық бағдарлық білім беру тұжырымдамасы.
6.Мұғалім тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар.
Адамзат тарихындамұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларға байланысты өзгеріп отырған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады: жалпыадамзаттық сапалары; кәсіби-педагогикалық қасиеттері; арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.
7.Педагогикалық бейімділік пен педагогикалық қабілеттілік педагог тұлғасының кəсіби маңызды қасиеттерін қалыптастырудың психологиялық негізі.
Педагогикалық бейімділік – тұлғаның педагогикалық кәсіпке деген сезімдік талғамының арта түсуі, құлшынысының, ынтасының жоғары деңгейде танылуы. Педагогикалық бейімділіктің негізі мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке деген және өзіне деген құндылықтық қатынастар жүйесі.
Педагогикалық бейімділік болашақ мұғалімнің теориялық және практикалық педагогикалық тәжірибе жинақтап, өзінің педагогикалық қабілеттерін бағалай алу негізінде қалыптасады.
Педагогикалық қабілеттілік - тұлғаның педагогикалық іс-әре-кетті орындауда жоғары деңгейде көрінетін жеке қасиеттері. Психологиялық сөздіктерде педагогикалық қабілеттер - мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы ретінде анықталады.
8.Педагогикалық қабілеттілік пен педагогтың авторитеті.
Педагогтың авторитеті – оқушыларға деген қатынасын анықтайтын, маңызды шешімдерді қабылдауға құқылы, басқаларды бағалай алатын, оларға кеңес бере алатын мұғалімнің ерекше кәсіби позициясы. Шынайы мұғалімдік авторитет оның жасының үлкендігі мен лауазымына емес, оның жеке тұлғалық, адами қадір-қасиеттеріне қарай анықталады.
Педагогикалық авторитеттің құрылымы 4 компоненттен құралады:
-кәсіби компонент (білімі, әдістемесі, құзыреттілігі, танымының тереңдігі, т.б.).
-тұлғалық компонент (көзқарастары, өмірлік ұстанымы, құндылық бағдары, мінезі, мәдениеттілігі, т.б.).
-әлеуметтік компонент (кәсібінің әлеуметтік мәнін түсінуі, кәсіби табыстылығы, т.б.).
-рөлдік компонент (лауазымы, қызметтік рөлдері, құқықтары мен кәсіби міндеттері, т.б.).
9. Тұтас педагогикалық үдерістегі тұлғалық қатынас мəселесі.
10.Педагогикалық этика жəне мұғалім əдебі – педагогикалық үдеріс субъектілері арасындағы өзара қатынастың негізі.
11.Педагогтың жалпы жəне кəсіби мəдениеті: мəні, өзгешелігі, өзара байланысы.
12.Педагогикалық білім беруді құзыреттілік негізінде жаңғырту. «Құзыреттілік», «құзырет», «құзыреттілік тəсілі», «мұғалімнің кəсіби педагогикалық құзыреттілігі» ұғымдарының мəні.
Құзырет – тұлғаның табысты іс-әрекетке даярлығы, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді жұмсай алу қабілеті.
Құзыреттілік - оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі.
Л.М.Митина өз зерттеулерінде «педагогикалық құзыреттілік» ұ