ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 209
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сынып сағаты
Мектеп атауы:
Бөлім: | ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН АЗАМАТТЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ | ||||
Педагогтің Т.А.Ә. | | ||||
Күні: | | ||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | «Бала құқығы – адам құқығы» | ||||
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету. Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезең /уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әркеті | Ресурстар | ||
| Мұғалім сөзі: Балалар, заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән - ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген. 1 – маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні 20 – қараша Балалардың дүниежүзілік күні 10 – желтоқсан Адам құқығы күні (Оқушылар ойын тыңдау) Сұрақ: Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс? Сонымен қатар елімізде бала құқығының сақталмауы, яғни бұзылуына байланысты келеңсіз оқиғаларда кездеседі. Солардың бірімен танысайық. Сіздерге ақпарат құралдарында жарияланған «Темірланның хатымен» таныстырғым келеді. «Темірланның хаты» «Сәлемәтсіз бе, құрметті редакция! Сізге хат жазып отырған Ақтау қаласында тұратын, 6 - сыныпта оқитын Асанбаев Темірлан деген баламын. Жасым 12-ге келсе де, өмірдің басыма түскен ауыр жағдайлар қолыма қалам алғызып, сіздерге хат жазуға мәжбүр етті. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын мен де өз отбасыммен бақытты өмір сүріп, бақытты балалық шағымда бастан кешіріп жаттым. Бірақ өмірім бір мезетте алай - дүлей боран соққандай өзгеріп сала берді. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын Ақтау қаласында өзіміздің тұрып жатқан үйіміз де болды. Сол үйде әке, шешем және өзімнен басқа 2 інім, 2 қарындасыммен бірлесіп, өмір сүрген бақытты отбасы едік. Өкінішке орай, әкем үйімізді банкке қойып, несиеге 40 мың доллар ақша алып, қарызға кірдік. Көп ұзамай белгісіз себептерге байланысты әкеміз бізді тастап кетті. Анамыз бес баламен қалып, екі жерде жұмыс жасап, аянбай еңбек етті. Әрине оның тапқан азғантай ақшасы бізге әзер жеткенімен, несие төлеуге қайдан жетсін. Уақытында төлеуге тиіс несиеміз де төленбей, ақыры ақпан айында үйімізден айырылдық. Қыстың қақаған күні жылап - сықтаған балалардың көз жасына қарамай, сот орындаушылары үйімізден қуып шықты. Амалсыз қала сыртындағы дачадағы 1 - бөлмелі сарайды паналауға мәжбүр болдық. Күнделікті асқа жарымағандықтан, мен де мектептегі сабағыма баруды қойдым. Өзімнен екі жас кіші інімді ертіп, көшеге шығып, машиналардың аяғын жууға шықтым. Жұмысымыз үшін 100 теңге алып, күніне 500 теңге, кейде 1000 теңге тапсақ, мәз болып үйге жүгіреміз. Үйде екі көзі төрт болып күтіп отырған інім мен қарындастарымызға нан, жейтін тамағын аламыз. Аш бала тоқ баламен ойнамайды дегендей, мен де сабаққа баруды осылай қойдым. Менің қазіргі уақыттағы басты мақсатым: «Оқу, білім алу емес, балалары үшін еңбек етіп жүрген анама көмектесу. Туған бауырларыма күнделікті тамағын тауып беру» Әкемнен ешқандай көмек те жоқ, хабар да жоқ. Мен тек өзіме сенемін. Анама сенемін. Аш болсам да, тоқ болсам да өз отбасыммен бірге болғым келеді. Құрметті редакция! Осы хатымды жолдай отырып, жағдайымды айта отырып, сіздерден ақыл - кеңес сұраймын. Маған қандай ақыл - кеңес берер едіңіздер. Сәлеммен Темірлан.» - Ал балалар, Осы хатты жазып отырған Темірланға қандай сипаттама берер едің? Темірланның осы басына түскен ауыр жағдайына кімдер кінәлі? Өздеріңмен қатар Темірлен атты балаға қандай ақыл - кеңес берер едіңдер? Балалар, әркім өз атына Темірланға хат жазып, жүректер шыққан сөздерімізді қағаз бетіне түсірейік. «Темірланға хат» жазу. Оқушыларға 5 - 6 мин уақыт беріп, өз ойларын қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік беру. | - Мен мектепке баруға, оқуға, хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар. - Мен қыста сырғанауға, ойнауға, сурет салуға, бестік баға алуға құқықтымын. - Мен демалуға құқықтымын. - Мен ауырып қалсам, дәрігер шақыруға, емханада жатып емделуге құқығым бар. - Мен өз елімнің еркін азаматы болуға, мектепке баруға, өз ойымды ашық өз тілімде айтуға құқығым бар. - Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға, серуендеуге құқығым бар. - Мен дүкенге баруға, ұнайтын киімдер сатып алуға құқықтымын. - Ойнауға, туыстарыма қыдыруға құқығым бар. «Менің құқығым бар» деген сөзден не ұғасыңдар? - Менің өз кітабымды алып, оны оқуға құқығым бар. Маған ешкім тыйым сала алмайды. Мен басқаларды ренжітпей. тек жақсылық істеуге құқықтымын. - Ең бірінші мен өмір сүруге, оқуға, дем алуға, қыдыруға құқықтымын. -«Менің құқығым бар» сөзінен міндетті түрде емес, бірақ өз қалауым бойынша не істесем де еркім өзімде дегенді түсінемін. - Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын, жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін. «Не істеуге болмайды?» - Үлкендердің алдынан кесіп ……….. - Кішкене баланы ………… - Қыз баланы ………….. - Сабақтан ……………………… - Сыныпта ……………………. - Дөрекі, былапыт сөздерді …………………. «Не істеу керек?» - Үлкен кісіні …………………………(сыйлау керек) - Үлкеннің ……………………………(тілін алу керек) - Үлкендерге …………………………(сәлем беру керек) - Кішілерге …………………………………(қамқорлық жасау керек) - Аналарды, апаларды ……………(сыйлау керек) - Оқу құралдарын ………………………(күтіп ұстау керек) Оқушылардың пікірі тыңдалады. | Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, кітап көрмесі, ҚР Конституциясы. |
Сынып сағаты
Мектеп атауы:
Бөлім: | РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ, АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ | ||||
Педагогтің Т.А.Ә. | | ||||
Күні: | | ||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | ««Ақынның сөзі жүректе» Ж.Жабаевтың өмірімен таныстыру» | ||||
Сабақтың мақсаты | Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезең /уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әркеті | Ресурстар | ||
| -Балалар барлығымыз тәрбие сағатымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрып көңіл күйімізді көтеріп алайықшы. -Бүгінгі тәрбие сағатымыз Жамбыл Жабаев жүз жасаған бәйтерек. Яғни Жамбыл Жабаев атамыз жайлы.Биылығы жылы атамыздың туғанына 180 жыл.Ендеше барлығымыз назарымызды сиқырлы тақтаға аударайықшы. Жамбыл Жабаев атамыз 1846 жылы ақпан айында қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданының бөктерінде дүниеге келген. Әкесі -Жапа мықты жауынгер адам болса, анасы Ұлдан мінезі байсалды , ауылға сыйлы, өлең шығара білетін , әдемі дауысты әнші екен.Жамбыл кішкентай кезінен өте алғыр бала болып өседі. Балалар ендеше атамыз жайлы бейнероликке назар аударайықшы. Бейнеролик:«Жамбыл ата өмірбаяны.» Жамбыл 13 жасынан өлеңдер жаза бастайды. Сүйінбаймен кездесуі Жамбылдың ақындық бағын ашады.Жамбыл ақындық айтысқа 17-18 жасында араласып, «Көрұғылы», «Өтеген» сияқты дастандарын шығара бастайды. Жамбыл 15 жасқа келгенде Атақты ақын Сүйінбай тұратын ауылға келеді.Домбырасын ұстап үйіне таяп келіп,әндете бастайды.Өлеңіне риза болған Сүйінбай үйіне шақырып алады.-Сенің ақындық дарының бар екен.Даусың да жақсы,ұнайсың жігітім дейді.Жамбыл көптеген әндерін орындап береді.Қарт Сүйінбай өзінің шәкірті етіп алып,оның халыққа танылуына көп көмек жасап,қолдау көрсетеді. Сүйінбай -айтыс өнерінің алтын діңгегі. (М.Әуезов)-депті. Мна суретте Жамбыл аталарың туыстарымен және ұлдарымен.Алғадай ұлын соғысқа шығарып тұрған сәті. Келесі суретте Жамбыл аталарың үш ұлымен тұр. Туыстарымен түскен суреті. Жамбыл атамыз қырғыз халқыменде өте тығыз қарым-қатынаста болған.Күләш Бәйсейтова апамызбен түскен естелік суреті.Дина Нұрпейсовамен түскен естелік суреті. Жамбыл Жабаев көптеген марапаттары бар:КСРО мемелекеттік сыйлығы,Ленин,Еңбек қызыл ту, «құрмет белгісі»ордені. Алғадай соғысқа кеткенсоң 7 күннен кейін ерліккен қаза табады.Осы хабарды естігенсоң қарт ақын денсаулығы нашарлап ауырып қалады.Содан өз домбырасын Нұрғиса Тілендиев атамызды шақырып алып:”Мына қасиетті домбыраның киесі де иесі де сен бол .Осыны көзіңнің қарашығындай сақта қазақтың қара домбырасын бар әлемге асқақтата паш ет”-деп ұсынады. | Оқушыларға беріледі:
Дуадақ едім шөлі жоқ, Аққу едім көлі жоқ, Сыбызғы едім үні жоқ. Енді, міне, кім болдым, Елім сүйген жыр болдым! Жамбыл Жабаев 1945 ж 22 маусымда 99 жасында қайтыс болды.Ақынның құрметіне Қазақстанның көптеген қалаларында ТМД елдерінедеақынның құрметіне көшелерге,мектептерге оның есімі беріліп,Мүсіндері мен ескерткіштері орнатылды. Ленинградтық өренім. Мақтанышым сен едің. Нева өзенін сүйкімді Бұлағымдай көремін Жабықпағын, Ленинград! Отан әмір берген шақ. Сап-сап болып қол барап, Қорғап сені ол қалар... * Ленинградцы, дети мои! Ленинградцы, гордость моя! Мне в струе степного ручья Виден отблеск невской струи. Если вдоль снеговых хребтов Взором старческим я скользну, Вижу своды вашых мостов Взорь балтийскую голобизну, Фонарей вечерних рой, Золоченных крыш острия... Ленинградцы, дети мои! Ленинградцы, гордость моя! Келесі кезекте оқушылар суреттер бойынша қысқаша айтып өтеді: 1- сурет : Мына суретте Жамбылдың қай кезі суреттеледі? 2- cурет: Пірім менің Сүйінбай Сөз сөйлемен сыйынбай – деп өлең бастауы нені білдіреді? 3-сурет:Жамбылдың ұлы бабасы Қарасай батыр ескерткіші қайда орналасқан? 4-сурет: Жамбыл өз жырларында байларды даттап, жарлыны жақтады. Мұны мына суретке қарай отырып, қалай дәлелдер едіңдер? 5-сурет: Осы кезде Жамбыл қай жағынан танылды? Мұғалімнің сөзі. Жамбыл атамыз әр түрлі жанрда өлеңдер жазған. Тапсырма: 1. Сатиралық өлеңдері 2. Отан, Туған жер тақырыбындағы өлеңдері. 3. Жамбыл- айтыс ақыны. | |
Сынып сағаты
Мектеп атауы:
Бөлім: | РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ, АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ | ||||
Педагогтің Т.А.Ә. | | ||||
Күні: | | ||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | ««Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагог,жазшы.Ы.Алтынсариннің туғанына-180 жыл | ||||
Сабақтың мақсаты | Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту. 2. Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге, өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру. 3. Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа,еңбексүйгіштікке,әдептілікке тәрбиелеу. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезең /уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әркеті | Ресурстар | ||
11111 | Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасу. 1 мин Өмірде бір данышпан Қалдырыпты өсиет Кездескенде әр адам «Қайырлы таң!» деу керек! «Миға шабуыл» І. Топқа бөлу Балалар , алдарыңда екі таңбалы сандар жатыр. Яғни жылдар сөйлейді. Қане, ойланып үш топқа бөлініп отыра қалыңдар. 1991 - 2016 жылы тәуелсіздік алдық. Биыл тәуелсізідігімізге 25 жыл болады. (эмблемаларымен бөлінеді) 1889 - 2016 жылы ұлы ағартушы , ұстаз – жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл. Тағы да бір елеулі оқиға төрт жылда бір рет өтеді. 2013-2017жж. елімізде үлкен көрме өтеді «ЭКСПО - 2017» (слайд 1) Міне , балалар жылдар шежіресіне тоқтала отырып 3 топқа бөлініп алдық. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға». Тәрбие сағатына қызығушылықпен, ізденіспен қатысайық. Топпен жұмыс Алдарыңда өлең жолдары жатыр. Сол өлең жолдарының дұрыстығын қараймыз, қаншалықты Ыбырайдың өлеңдерін жатқа білетінімізді тексерейік. ( әр топқа өлеңдерді дұрыс құрастырту, мәнерлеп оқыту) топпен жұмыс. Ақын еңбектерінен «Кітапша жасау» (2 - қосымша) Өлеңдерде ұйқас болады, шумақ түрінде жазылады. Әңгімелер көбінесе оқиға желісіне байланысты болады, ұйқас болмайды. 1-нұсқа оқушыларға алдын – ала ізденіс жұмысы беріледі: Ы.Алтынсариннің әңгімелерін, аудармаларын, өлеңдерінің тақырыптарын тауып жазып келу. 2-нұсқа Ы.Алтынсариннің әңгімелерін, аудармаларын, өлеңдерінің тақырыптары слайдта тізімі дайын түрде беріледі. Жұмыс 2-нұсқа бойынша жүргізіледі. Қорытынды . «Дала қоңырауы» Ақылбек Шаяхметов. (білім шырағын жағу) Алтынсарин – қазақтың жарық шамы, Ойлағаны аяулы халық қамы. Жап-жасыл жайқалатын жапырағы, Алтынсарин – елімнің алтын бағы. Алтынсарин- мазмұнды өмір әні, Үлгі болып алдыңнан жолығады. Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды Алтынсарин – даланың қоңырауы. | Ыбырай туралы мәлімет Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай қаласында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының белгілі би Балқожаның қолында тәрбиеленді. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы, ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады.Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды. Ыбырайдың ағартушылығы туралы ұғым. (слайд 3) 1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісінде /Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тілінен мұғалім етіп тағайындайды. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралына қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап, халыққа мектептің пайдасы туралы әңгіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады. Ыбырайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат ашылады.Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсыкүрестің бір жолы есебінде қарайды.1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Орынборда 1879 жылы Алтынсаринның тұңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл құралды орыс алфавиті негізінде жариялады.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырды.Олардың бірқатарын өзі жазды. Музыка күй 1 – топ: «Өлеңдерімен» таныстырады, реттейді. 2-топ: Берілген материалдардан аудармаларын жинақтайды. 3- топ: «Әңгімелер жинағы» Жасаған кітапшаларының мазмұнымен таныстырады. Суреттерін көрсетіп отырып, иллюстрация қай кітапшаға жататынын анықтаймыз. ( қарға мен түлкі, өзен, жаз, Қобыланды батыр, өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, жаман жолдас, бір уыс мақта, «Мектеп» макетін құрастыру Ең алдымен мектеп салу үшін бірінші іргетасын қалаймыз. Іргетас мықты болса , берілетін білім де мықты болады. Негізі ( қабырғасы) -шәкірттер. Мектептен сусындайтын , білім алатын – шәкірттер. Есік , терезесі - қазақ елін аудармалары арқылы әлемге паш етті Шатыры – білім шыңына балаймыз. «Мектеп – ұстаз – бала» бір – бірімен тығыз байланысты. | |
Сынып сағаты
Мектеп атауы:
Бөлім: | РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ, АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ | ||||
Педагогтің Т.А.Ә. | | ||||
Күні: | | ||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | «Адамгершілік асыл қасиет» | ||||
Сабақтың мақсаты | Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету; Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту; Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту; Оқушыларға адам бойындағы асыл қасиеттерді таныта отырып, адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа, инабаттылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бір - біріне деген сыйластық қасиеттерін арттыру, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге үйрету | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезең /уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әркеті | Ресурстар | ||
2222 | Мұғалім: Бүгінгі «Адамгершілік – асыл қасиет» атты тәрбие сағатымыз сіздерге терең ой салатын өзіндік салмағы бар тақырып деп ойлаймын. Барлығыңызды тақырып бойынша ашық әңгімеге шақырамын. (Алдын - ала дайындалған сұрақ белгісі түрінде қиылған фигураларға жазылған сұрақтарды бір - бірден тақтаға жапсыра отырып, сұрақ - жауап әдісімен оқушыларды сөйлету). - Адамгершілік дегенімізді қалай түсінесіңдер? - Адамның адамгершілік қасиеті қай кездерде көрініс береді? - Ол қасиет бізге керек пе? - Әдепті адам қандай болады? - Әдепсіз адам қандай адам? - Адалдық дегеніміз не? - Әдет дегеніміз не? Сергіту сәті “Жылы шеңбер” ойыны Балалар бір – бірінің қолынын ұстап, шеңбер құрап көршісіне “Мен сенімен бір сыныпта оқығаныма қуаныштымын себебі …” (сен адал доссың), (сен қайырымдысың) – деп әрі қарай жалғастырып, жақсы сөздерді арнайды. – Балалар міне осындай жақсы қасиеттерді бір сөзбен қандай қасиеттер деп атаймыз? – Адамгершілік қасиеттер «Ақыл әліпесі» Ойын «Жалғастыр» «Не істеуге болмайды?». - Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.) - Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.) - Құстарды...........................(атуға болмайды.) - Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) - Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.) - Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.) «Не істеу керек?» - Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) - Үлкеннің тілін...................(алу керек..) - Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) - Кішілерді..............................(қамқорлау керек.) - Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.) Қорытынды. Сонымен, балалар әдептілік үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, - бүгінгі тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр. Үлкенге иман керек, Кішіге иба керек. Адамдар бірін-бірі Құрметтеп сыйлау керек. - Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! | Адамгершілік деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін «Рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не?»- сұрақтары төңірегінде ой өрбітемін. Рух – адам бойындағы бір қуат. Ол қуат - адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттер мен жасайтын барлық игі істердің қайнар көзі. Жаратылыстың барлығы екі қарама - қарсы нәрседен тұрады: ақ - қара, күн - түн, ыстық - суық, жақсы - жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан, оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың - «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады. Осындай қасиеттерді бар адамға адамгершілігі мол болады. Сахналық көрініс: Бір ана жұқа қалтаға толтырып салынған алмасы бар, аялдамаға жақындай бере сүрініп кетіп, қалтасы жыртылып алмасы шашылып қалады. Аялдамада тұрған топ бала шу етіп күліп жібереді. Оқушыларға сұрақ қойылады: сендер сол балалардың ішінде боласыңдар не істер едіңдер? (оқушылар өз ойын айтады, мұғалім қорытындылайды) 1 оқушы: Үлкен адамға сәлем беру-кіші адамның міндеті. Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол –әдепсіздік, көргенсіздік. 2 оқушы: Дұрыс тамақтану, мезгілінде ұйықтау, ата-ананы сыйлау-халықтық дәстүр, әдеп. Біз осы адамгершілік қағидаларды сақтай білсек, ұлттық әдетті қорғай білеміз. 3 оқушы: Қарсы алдымнан шыға келсе үлкендер, Қашанда мен үлкендерге жол берем. Абайсызда қалса біреу сүрініп, Сол мезетте сүйеніш боп қол берем. 4 оқушы: Сыйлап сәлем беремін, Көршілерді көргенде. Ізетті де білемін Үйге қонақ келгенде. Әдепсіз деп сөкпесін, Апама айтып өкпесін. Әдептілік ережелері • Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды. • Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды. • Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді. •Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі. Оқушылар өзінің жаман қасиеттерін түнге, жақсы қасиеттерін күнге салады. |
Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі. (Әл – Фараби) |