ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 213
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сынып сағаты
Мектеп атауы:
Бөлім: | КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІК ЖӘНЕ КӨРКЕМ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ | ||||
Педагогтің Т.А.Ә. | | ||||
Күні: | | ||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Жаңа жыл | ||||
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезең /уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әркеті | Ресурстар | ||
01. | Армысыздар ардақты ағайын, ата-аналар, оқушылар, ұстаздар! О, жарандар, қараңдар Естімеген естіңіздер, Көрмегендер көріңіздер Тыңдамағандар, тыңдаңыздар. Келді, міне, сағындырып далама Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып, Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып Бармысыздар замандас бауырлар! Бүгін сізге жырдан алқа тағайын, Шат күлкіге толы болсын маңайың. Көргендер де, көрмегенде арманда Жаңа жылың құтты болсын ағайын!\ Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық. Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! Қуаныш, бүгін мереке, Тойланып жатыр ортада. Әдемі, әсем киінген, Балалар гүлдей жайнайды. | Ән: « Жаңа жыл » .Тыңдаңыздар, барша жан! Жиналыңдар ортаға. Қол ұстасып бірлесіп, Мерекелік думанды Ән-шашумен бастайық. Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз. Балалар, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. (балалар айқайлайды.) Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар! Сүйіншімен маңайға жар салыңдар. Аяз ата келеді Ақшақармен, Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар! (осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар жаңа жыл келеді). Міне, қымбатты балалар! Бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәрін де жеңеді. Аспанымыз әрқашанда ашық болсын, көк туымыз желбірей берсін! Кері байланыс: Оқушылар шырша жырын айтады. | Шарлар,түрлі түсті |
Сынып сағаты
Мектеп атауы:
Бөлім: | КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІК ЖӘНЕ КӨРКЕМ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ | ||||
Педагогтің Т.А.Ә. | | ||||
Күні: | | ||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Ана өмір шуағы | ||||
Сабақтың мақсаты | Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту. Аналарын сыйлауға тәрбиелеу. ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезең /уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әркеті | Ресурстар | ||
01. | Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. . Мақал- мәтелдер (Мақал-мәтелді құрастыру) Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады. Анаңа ауыр сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа. Ана көркі алдындағы баласы, Қала көркі үйі, орман-ағашы. (Формативті бағалау «алтын сақа») | Психологиялық сәт: Жүректен - жүрекке « Маған ең қымбат жан» - Ана - әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамның аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де - ана. Адамзат баласы ең алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау - сенің өмір бойыңдағы борышың. Қай адам қолынан келген сый - құрметін жасамады десеңізші, шіркін! Бірақ соның бәрі ананың бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы - ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Кез - келген адамның әдептігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан - жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана болу - бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған. Анаға қаншама ақындар жыр арнаған. Қаншама жазушылар шығарма жазған. Ана - мәңгілік тақырып. Міне, сол себептен біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Ана-бақыт, ана-нұр» деп аталады. (Нұрасыл, Қарақат, Санат) «Анашым» әні хор Постер қорғау Менің анам қандай? (Ассоцация) Анамның ақ сүтін қалай өтей аламын? (Фишбоун) Бақытты ана (сурет салу) (Формативті бағалау «екі жұлдыз, бір тілек») Қорытынды. Мұғалім: Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде мәңгі тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты ол -ана. | интерактивті тақта, түрлі формадағы қима қағаздар, аналар жайлы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер. |
Сынып сағаты
Мектеп атауы:
Бөлім: | КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІК ЖӘНЕ КӨРКЕМ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ | ||||
Педагогтің Т.А.Ә. | | ||||
Күні: | | ||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Қош келдің әз Наурыз | ||||
Сабақтың мақсаты | Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезең /уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әркеті | Ресурстар | ||
01. | Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын! Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын Жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді. 1 – сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим) 2 – сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см) 3 – сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су) 4 – сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет) 5 – сұрақ: 6 – сұрақ: Жұмбақ . Ағаштардың көсемі Мәңгі жасыл бұтағы. | Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы Жарқырап жатыр жолында. Сайыста ән салайық, би билейік, Өнермен өрге басып кідірмейік.(Әр жұп өз өнер) «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады. 1Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан, Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан. «Шеше көреген тон пішер» деген рас,. 2 Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық. 3. Көрсетті өнерлерін жаңа ғана, Сыналып үлкендерден үлгі алуға. Салты бар өнерлі осы ортада, Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз. 4.Келер күнге бар үмітті табынтып, Бар халықты қуантатын бұл қай кез? Хормен: Наурыз! Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Қош сау балыңыздар! Ниеттеріңіз ақ болсын, Наурыздың ақша қарындай. Бастарыңа бақ қонсын Шаштарыңның санындай. Тыныш болсын даламыз, Түгел болсын нуымыз. Таза болсын ауамыз Тұнық болсын суымыз. Әумин! | Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан. |
Мектеп атауы:
Бөлім: | ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ | ||||
Педагогтің Т.А.Ә. | Дауренбекова А.а. | ||||
Күні: | 07.04.23ж | ||||
Сынып: | Қатысушылар саны:14 | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Ғарышкерлер күні | ||||
Сабақтың мақсаты | 1.Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру. Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру Оқушылардың патриоттық сезімін ояту. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезең /уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әркеті | Ресурстар | ||
01. | : І. Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық. Арманы бар бір ғана, Талабы зор баламын. Шынығумен шыңдала, Тез-ақ өсіп, толамын. Жұлдыздарды жағалай, Айға барып қонамын. Тұңғыш Тоқтар ағадай, Мен ғарышкер боламын. Мұғалім: - Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер. Балалар 1961 жылы 12 сәуірде тұнғыш ғарышқа адам ұшты. Бұл адам Кеңес одағының азаматы Юрий Гагарин болатын. Содан бері 12 – сәуір Ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді. Ю. Гагарин тұнғыш рет ғарышқа жол салған, сол күннен бері 55 жыл уақыт өтті. Олай болса мына суреттермен топқа бөлінеміз. Мұғалім: Бүгін біз ғарышқа саяхат жасайтын боламыз. 1.Тоқтар Әубәкіров 2.Талғат Мусабаев 3.Айдын Айымбетов | . Мағынаны тану Ол үшін әуелі бейнебаян тамашалайық. -Олай болса оқушылар бізде осы аспан әлеміндегі 9 планетаны аралап көрейік. Ол үшін әр планетаның тапсырмаларын орындайтын боламыз Сөзжұмбақ шешу. Т А Л Ғ А Т Т О Қ Т А Р Ю Р И Й Б А Й Қ О Ң Ы Р Ш О Л П А Н Л А Й К А З Е Р Т Т Е У Б А Т Ы Р 1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері. 2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері. 3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы. 4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер? 5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы. 6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит. 7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен айналысады? 8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп атайды Аспан денелері туралы мақал - мәтелдер 1.Таразы туса , таң суиды. Сүмбіле туса су суиды . 2.Ай жарқырап күн болмас , өтірік жарқырап шын болмас . 3.Ашылатын күн айқұлақтанып батады . 4.Айдың шалқалап туғаны - боран - шашынның болғаны . 5.Үркер суға түссе құт, жер ге түссе жұт болады . 6. Жұлдыз жиі болса ,күн ашық болады . 7. Адассаң темір қазыққа қара . 8.Күн қораланса ,күрегіңді ,ай қораланса аяғыңды сайла . 9.Құйрықты жұлдыз көрінсе ,құт кетеді. 10.Тірліктің жемісі күнде , тамыры жерде . 11. Айдың жарығы төңірегіне түседі ,өзіне түспеиді . 12.Үркер жерге түспеи жер қызбайды . Қорытынды: Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді.Әр адам ұшқыш болғысы келеді. Бірақ ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық, ғарыш туралы көп мәліметтер керек.Осымен менің ғарышқа саяхатымыз аяқталды. Кері байланыс. Егер мен ғарышкер болсам | интерактивті тақта, суреттер |