Файл: Сынып сааты Мектеп атауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.10.2023

Просмотров: 211

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сынып сағаты


Мектеп атауы:



Бөлім:


ЕҢБЕК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ

Педагогтің Т.А.Ә.




Күні:





Сынып:

Қатысушылар

саны:

Қатыспағандар

саны

Сабақтың тақырыбы

«Табиғатты аялайық»


Сабақтың мақсаты


Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезең

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әркеті

Ресурстар


01

«Табиғатты аялайық» атты іс-шарамызға қош келіпсіздер. Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз! 
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі. 


Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ? 


 «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз? 

6. Ой-толғау . Шығармашылық жұмыс.
а) « Егер табиғатқа тіл бітсе...» 
ә) «Егер мен суретші болсам...» 
б) «Егер мен ақын болсам...» 
7. Мақал-мәтелдер сайысы.

1 ) Нөсер алдында найзағай - ойнайды.

2) Күркіреген бұлттың - жаңбыры аз.

3) Боранды күні - ит пен бала құтырады.

4) Алпыс күнде тасыған су, - Алты күнде қайтар.

5) Жауынмен жер көгереді,- Батамен ел көгереді.

6) Қыстың көзі - қырау.

7) Сәуір болмай, - тәуір болмас.

8) Жел дауылды шақырады,- Бұлт жауынды шақырады.

9) Таумен тасты су бұзар,- Ел арасын қу бұзар.

10 ) Ағаш тамырымен мықты, - Адам дос-жарымен мықты.

8) Жұмбақтар шешу:

Сатайын десем ауыр кілем, 
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Таңмен көзін ашады,

Әдемге нұр шашады. (Күн)

Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)
Сырылдатады шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады, 
Бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)

Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам.   (Күн)


Хормен
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. 
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер 
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! 

 Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа. 
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат, 
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат. 
Ал адамға ауа қымбат бәрінен, 
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. 
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. 

Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды Ал Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз. 
Ойлау керек Арал жайын , ел жайын, 
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын. 
Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы 
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын! 
Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. 


интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер,




Сынып сағаты


Мектеп атауы:



Бөлім:


ЕҢБЕК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ

Педагогтің Т.А.Ә.




Күні:





Сынып:

Қатысушылар

саны:

Қатыспағандар

саны

Сабақтың тақырыбы

«Су тіршілік көзі


Сабақтың мақсаты




  1. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы,судың сұйық,қатты,бу түрінде болатынын түсіндіру,тәжірбие жасау арқылы,еритін,ерімейтін заттар бар екенін білгізту.;

  2. Балалардың сөздік қорларын молайту,қызығушылықтарын арттыру;

  3. Суды таза сақтауға,үнемдеуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу;





Сабақтың барысы


Сабақтың кезең

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әркеті

Ресурстар


01.

Су-тіршілік нәрі.Су бар жерде тіршілік бар.Адам сусыз өмір сүре алмайды.Күніне 4-5 литр су ішеміз.Су күнделікті тұрмыста,егістікте,өндірісте пайдалануға қажет.Жазда бау-бақшамызды (табиғат,гүлдің суретін көрсету) сумен өсіреміз,үйдегі гүлдер өсу үшін де су қажет.Су құймасақ қурап қалады.

Жер бетінде судың екі түрі бар.Ащы су,тщы су су.Үлкен-үлкен теңіз,мұхит сулары ащы болады.Ал біздің ішетін суымыздың тұщы болғаны жақсы.

Су-біздің баға жетпес байлығымыз.Оған қамқорлықпен қарауымыз қажет.Суды ластауға болмайды.Оны үнемдеп жұмсауымыз қажет. «Судың да сұрауы бар,- « дейді атамыз қазақ.

Су туралы мақал - мәтелдер айту

Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.

Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.

Су патшасы – мұрап,
Түн патшасы – шырақ.

Су - ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.

- Сулы жер – нулы жер.
Сағадағы су ішеді, жағадағы у ішеді.

- Су тіршілік көзі.
Бұлақ көрсең көзін аш
Рефлексия. Не білдік? Не үйрендік?
Жұлдызшалармен бағалау. Өзара бағалау


Жұмбақ шешу..

      1.Аяқсыз-ақ жорғалайды, жүреді.

   Ауызы да жоқ, сыңғырлайды, күледі.

   Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ,

   Айтындаршы, осыны кім біледі.

                                                Су

        2.Өзі көк, көленкесі жоқ.

 

3.Қыста шыны боп қатады,

жылыда су боп жатады..

                     Мұз.

       4.Көзге көрінгенмен

Ұстасаң қолға ілінбейді.

                          Бу.

 Су туралы өлең шумақтарын айту
Су – тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Гигиена егізі
Су деп және білгейсің

Су – табиғат байлығы
Өзен - көлге барғайсың
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп тұрғайсың.
Ой толғаныс Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта. Олар терең өзеннен өту керек болды. Үстіне тұз артқаны судан шыға салып бүлкілдеп жорыта жөнелді. Ал мақта салынғаны аяғын әрең басып, қабырғасы қайысып кетті Неге? Себебі: Тұз суда еріп жеңілдеп қалды. Мақта суды сорып алып ауырлап кетті


Суреттер, плакаттар





Сынып сағаты


Мектеп атауы:



Бөлім:


ЗИЯТКЕРЛІК ТӘРБИЕ, АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕЛЕУ


Педагогтің Т.А.Ә.




Күні:





Сынып:

Қатысушылар

саны:

Қатыспағандар

саны

Сабақтың тақырыбы

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»


Сабақтың мақсаты




Сабақтың барысы


Сабақтың кезең

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әркеті

Ресурстар


01.09










Сынып сағаты


Мектеп атауы:



Бөлім:


ЗИЯТКЕРЛІК ТӘРБИЕ, АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕЛЕУ


Педагогтің Т.А.Ә.




Күні:





Сынып:

Қатысушылар

саны:

Қатыспағандар

саны

Сабақтың тақырыбы

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»


Сабақтың мақсаты

 1. Пәннен алған білімдерін кеңейту,   тереңдету, жетілдіру, қалыптастыру.

            2. Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін  дамыту. Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.

                       3. Өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу.

 




Сабақтың барысы


Сабақтың кезең

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әркеті

Ресурстар


01.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қабілетін шыңдайтын, -сыныптар арасында алғыр оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «ХХІ ғасыр көшбасшы» интелектуалды-танымдық ойынының жоспарын ұсынып отырмын.
- ХХІ ғасыр көшбасшы интелектуалды-танымдық ойынымызды бастауға рухсат етіңіздер.
«Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам»,-деп аңсаған ағартушы педагог Сұлтан Махмұт Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында ғылым мен білімді кейінгі жастарға насихаттады.
Білімді адам еш нәрседен қорықпайды. Әр уақытта батыл, тартымды, білімді жастарымызды ортаға шақырамыз.
Арыстанда бір кісінің күші,
Жүз кісінің жүрегі бар.
Жолбарыста бір кісінің жүрегі,
Қырық кісінің күші бар, -дегендей сайыскерлерімізге арыстанның жүрегін, жолбарыстың күшін берсін демекпіз.
1.«БӘЙГЕ» кезеңі

Сұрақтар:

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)

2. Сын есімнің сұрақтары...(Қай? Қандай?)

3. Ң жазылатын бір сөз ата. (қараңғы)

4. Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөзді ата... (қызық, қазақ, қалақ)

5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата.  (сұлу)

6. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады? (сұрақ белгісі)

7. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік)

8. Жалқы есімдер қалай жазылады?

9. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз... (Жақсы)

10. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ)

11. Сан есімнің сұрақтары...(Неше? Нешінші? Қанша?)

12. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша... (жалғау)

13. Жалпы есімдер қалай жазылады?

14. Заттың санын, ретін білдіретін сөздер... (сан есім)

15. Етістіктің сұрақтары... (не істеді? Не қылды? Қайтті?)

16. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз... (биік)

17. Ф әрпі жазылатын сөздер... (фонтан)

18. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер... (сын есім)

19. Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын таңба... (нүкте)

20. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?(3)

2.«Полиглот» кезеңі

               2- оқушыға:

1.ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы    сайланды?(1991ж)

2.Білім күні қашан тойланады?  (1-қыркүйек)

3.Үш жүздің басын біріктірген хан.  (Абылай хан)

4.Ертең аптаның қай күні? (Сейсенбі)

5.Азаттық жолында күрескен кім?   (Тоқаш Бокин)

 6. Балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім?          (А.Байтұрсынов)

7.Құрманғазының шәкірті.  ( Дина)

8.4 жасынан бастап білім алған ақын   ( Мағжан)

9.Нешінші сыныпта оқисың?         (үшінші)

10.Кімнің баласысың?

 





ЖҰМБАҚТАР

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.

(Слайдпен  көрсету, оқушыларға оқыту)

1.Қолы менен қаламы жоқ,

   Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

2.Қоймасын қыс ақтарып,
   Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

3.Бірін-бірі қоштаған,

   Бір үйден көрдім,

   Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
      Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

  5. Қалқиып екі құлағы,
      Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

  6. Жолбарыстан аумайды,
      Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

  7. Жеп көріп ем өзім мен,
      Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

  8. Бұлаңдаған құйрығы,
      Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

  9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
      Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

10.Сағат сайын қағылады,

      Тек мектептен табылады( қоңырау-звонок)

3.«ҒАЖАЙЫП ТӨРТТІК» кезеңі

Сұрақтары:

АНА ТІЛІ

1..Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...

                                    («Күлпаш». Б.Майлин) 

2.  Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

                              («Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

3. «Бүгіннен бастап, сен де менің шәкіртімсің!-дейді.Сөйтіп төрт жасар бала мектеп есігін ашады.» Мәтіннің аты, кім туралы?

( «Ауылға келген мұғалім», М.Жұмабаев туралы)

4. Ұлытау өңірінде Қоңырбай батырдың отбасында дүниеге келген.Он екі жасында әкесіз қалған.Шешесі Қойсана-Абылай ханның сенімді серігі, атақты қазақ батыры Байқозының қызы.Әңгіме кім туралы?  (Ақжолтай Ағыбай батыр).

МАТЕМАТИКА

  1. Ең кіші үш таңбалы сан. 100

  2. 4 жүздік, 7 ондық, 0 бірлік қандай сан? 470

  3. 5пен 8 санының көбейтіндісі   40

  4. 3*5+40 мәні қанша?    55

ДҮНИЕТАНУ

1.Адам денесінің тірегі            Қаңқа

2.Жүрек қайда орналасқан?   Сол жақ кеудеде

3.Біздің Отанымыз қалай аталады?    Қазақстан Республикасы

4.Сезім мүшелерін ата.             Тіл, көз, құлақ, мұрын, сипап сезу

Суреттер сөйлейді.

1.Н.Ә.Назарбаев-президент

2.Т.Әубәкіров-ұшқыш

3.Ж.Жабаев-ақын

4.Қ.Сәтбаев -геолог

 

4.«ЖОРҒА» кезеңі

Сұрақтары:

                1-оқушыға:

  1. ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды?     (1991 жыл)

  2. 16 желтоқсан-қандай мереке?      (Тәуелсіздік күні)

  3. Қазақстанның солтүстік көршісін ата.       (Ресей)

4. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?  (Т.Әубәкіров)

5.Абайдың шын аты.   (Ибраһим)

6.Атақты қазақ күйшісі кім?  (Құрманғазы Сағырбайұлы)

7.ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?  (1995ж.)

8. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы.Алтынсарин)

9.Парталас көршің?

10. Қазақтың үш биін ата.        (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)


Интерактивті тақта




Сынып сағаты


Мектеп атауы:



Бөлім:


ЗИЯТКЕРЛІК ТӘРБИЕ, АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕЛЕУ


Педагогтің Т.А.Ә.




Күні:





Сынып:

Қатысушылар

саны:

Қатыспағандар

саны

Сабақтың тақырыбы

«Әлеуметтік желі мәдениеті

Сабақтың мақсаты

      Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Білімгерлердің алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау;

-       Білімгерлер  өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

-       Білімгерлерге интернет туралы толық ой қалыптастыру,білімгерлерді тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;

Сабақтың барысы


Сабақтың кезең

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әркеті

Ресурстар


01

Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгін де,-демекеші, заман талабына сай әрбір адам компьютер мен интернеттің қыр сырын білгенге не жетсін.
Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі. 
        Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құралған біртұтас ақпараттық кеңістікті  Интернет деп атайды. Интернет – ағылшынша Internet – желі аралық байланыс дегенді білдіреді. Ол бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
● Әлеуметтік желі не үшін керек?
● Әрине, селбесіп, араласып - құраласып өмір сүру үшін. Адам баласының табиғатында бір қасиет болса керек, біз мысалы, өзгелермен сөйлесуді, бейтаныс адамдармен танысқанды, белгілі бір тақырыпта пікір алмасқанды, үйге қонақ келгенде фото - альбомдарымызды көрсеткенді жақсы көреміз. Ал, шынайы өмірде біз мұндай әрекетті тек реті келгенде ғана жасасақ, қазіргі ақпараттық технология, әсіресе интернеттің қарыштап дамыған заманында бұл оңайлана түсті. Өйткені, біздің ұғымымызда «әлеуметтік желі», яғни «адамдардың бір - бірімен виртуалды байланыс» деген түсінік пайда болды. Демек, сіз өзіңіздің дәл қазіргі көңіл күйіңіз қандай екенін жұртқа айту үшін немесе кешегі түнде болған досыңыздың тойындағы суретті өзгелерге көрсету үшін һәм өзіңіз сүйіп тыңдайтын әншінің шығармашылығы туралы достарыңызбен еркін бөлісе аласыз. Осылайша, сіз әлеуметтік желінің мызғымас бір бөлігіне айналасыз. Тоқетері, әлеуметтік желі адамдардың бір - бірімен қарым - қатынас жасауы үшін керек.


 Интернеттің қызметтері:
1. Интернет поштасы.                 2. Телеконференциялар.                3. Web (WWW ) қызметі.

        Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір–бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.
         Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.

        
1.Әлеуметтік желілер адамға пайдасы.

2. Әлеуметтік желілер адамға әкелетін зияны   

Бейнеролик көру,ойларымен бөлісу


Суреттер.слайд. түрлі тапсымалар