Файл: Оыту аза тілінде жргізілмейтін сыныптар шін аза тілі мен дебиеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 84

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін

«Қазақ тілі мен әдебиеті»

Педагогтердің білімін бағалауға арналған тест спецификациясы

(2023 жылдан бастап қолдану үшін)
1. Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді аттестаттау барысында Педагогтердің білімін бағалау тест тапсырмаларын әзірлеу мақсатында құрастырылған.

2. Мiндетi: Педагогтердің білім деңгейінің біліктілік талаптарға сәйкестігін анықтау.

3. Мазмұны: «Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу материалдары енгізілген.




Тақырып



Тақырыпша

Оқыту мақсаттары

01

Отбасындағы дәстүр мен мерекелер

01

М.Мақатаев «Тоқта,ботам!» өлеңі. Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі (үзінді)

Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау; мәтін құрауда жалғау түрлерін дұрыс жалғау; мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу

02

Еңбек нарығы және сұраныс

02

Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы». Ғабиден Мұстафин «Қарағанды» романынан үзінді

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау; Тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) дұрыс қолдану; Етістіктің бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; Көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолдану

03

Ұлы Дала табиғаты

03

Тұмар ханшайым туралы аңыз. Д. Досжан «Жібек жолы» романы (үзінді). І. Есенберлин «Көшпенділер» (үзінді)ү Қ. Мырзалиев «Табиғат – жаратылыс пернесі» өлеңі

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау; Жазба жұмыстарында лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу,құрастыру; Реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану; Етістіктің шақтарының (ауыспалы келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

04

Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті

04

Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы (үзінді). Сәбит Оразбай «Өмірдің өзі театр» әңгімесі

Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

05

Ұлттық экологиялық мәдениет. Мұхит – тіршілік мекені

Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар

05

Қадыр Мырзалиев «Аралым» өлеңі. Т. Сұлтанбеков «Ғажайып планета» әңгімесі (үзінді). Думан Рамазан «Соңғы дем» әңгімесі.

Қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау; есімдіктердің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану; Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

06

Ұлттық таным және мерекелер

06

Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі. О.Бөкей «Апамның астауы» әңгімесінен (үзінді). Ф.Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі (үзінді)

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау; Шығармада көтерілген жалпы- адамзаттық мәселені айқындау; Мәтін құрауда есімше сөздерді стильдік қызметіне сай орынды қолдану; жазба жұмыстарында ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру. жазба жұмыстарында ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

07

Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда

07

Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?». Абай Құнанбаев «Базарға қарап тұрсам әркім барар»

Мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау, үстеудің жасалу жолы мен сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану; бөлшектік сан есімдердіжазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

08

Бұқаралық ақпарат құралдарында-ғы гендерлік бейне. Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі

08

Қ. Аманжолов «Жас дәурен» Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романы. М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры (үзінді)

мәтін идеясымен байланысын анықтау; шылаулардың сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану мекен үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану

09

Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік

09

Ұлықбек Есдәулет «Қара пима» поэмасы. Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады». Е.Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай оты- рып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау; мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану; Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға беру және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру, етістік шақтарының (мақсатты және болжалды келер шақ етістік шақтарының (мақсатты және болжалды келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

10

Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы

10

Бердібек Соқпақбаев «Он алты жасар чемпион» әңгімесі. Қ. Т.Нұрмағанбетов «Он төрт жасар жігіт». М. Әлімбаев «Ең үлкен байлық» ертегісі.

Мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру: мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; Талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; Өтініш жасаудың түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу оны бағалау; Құрмалас сөйлемдердің (аралас) жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану; Мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

11

Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік

11

Мұхтар Шаханов «Өркениеттің адасуы» романынан үзінді «Компьютер басты жарты адамдар». М.Сәрсеке «Жетінші толқын» (үзінді)

Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау; Құрмалас сөйлемдердің (аралас) жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану; Жазба жұмыстарында (себеп) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

12

Қоғам және заң

12

Қоғам және заң «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң». Нұртөре Жүсіп «Қыран қазақ» (деректі әңгіме). Абай Құнанбайұлы «Адамның кейбір кездері»

Прозалық және поэзиялық шығармалардағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, оқырманға әсерін бағалау; Жазба жұмыстарында себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру; Өздік етістің қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

13

Тіл.Өнер. Әдебиет

13

Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасы. М. Жұмабаев «Қазақ тілі» өлеңі

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беру, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу; Сын есім сөздердің синонимдік қатарын стильдік ерекшеліктеріне сәйкес қолдану; Мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану

14

Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі

14

Ыбырай Алтынсарин «Атымтай жомарт». Абай Құнанбаев «Сағаттың шықылдағы емес ермек». С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі

Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (үндеу) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау; Мәтін құрауда сан есімнің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолдану салыстырмалы, күшейтпелі, Асырмалы шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

15

Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі

15

Дүкенбай Досжан «Төрт патшаны көрген кейуана» хикаяты,

Әбдіжәміл Нұрпейсов «Қан мен тер».

Мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтау, берілген ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау; Мәтін құрауда есімдіктердің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолдану; Өздік етістің қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

16

Алаш идеясы мен қайраткерлері. Туризм. Экоту- ризм

16

Д.Әшімханов «Бес арыс» кітабынан үзінді А. Нұршайықов «Аңыз бен ақиқат» (үзінді). Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы, Ілияс Жансүгіров, «Жетісу суреттері» өлеңі. Шоқан Уалиханов «Жоңғария очерктері» (үзінді)

Шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу: Мәтіндерден көсемше оралымды сөйлемдерді анықтап, оларды ауызша және жазбаша мәтіндер құрауда орынды қолдану мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтау, берілген ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау

17

Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты

17

М. Мақатаев «Ертең біз жол жүреміз»

Жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу; Өзгелік етістің қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; Мәтін құрауда шылаудың мағыналық түрлерін стильдік қызметіне сай орынды қолдану

18

Толеранттылық – ел бірлігі. Ұлт мұраты – ұлттық қауіпсіздік

18

Сайын Мұратбеков «Телі өскен ұл» повесі. Т. Әлімқұлов «Қараой» әңгіме. Несіпбек Айтұлы «Бәйтерек»

Идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау; Жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау; Оқшау сөздердің қызметін білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану; демеулік шылаулардың (сұраулық, күшейткіш) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану етістіктің қалау рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

19

Бос уақыт – қоғам дамуының көрсеткіші. Биоалуан түрлілік, биотехнология жаңалықтары

19

Мұқағали Мақатаев «Сағатым қайда, сағатым?» өлеңі. М.Әуезов «Көксерек»

мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтау, берілген ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау; демеулік шылаулардың (болымсыздық немесе қарсы мәнді, нақтылау) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Мәнмәтіндік тапсырмалар (мәтін, кесте, статистикалық ақпараттар, суреттер, және т.б). әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау; әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы, образын ашу, кейіпкерлер портреті, шығармадағы көркемдегіш құралдар қолданысы, тілдік көрінісін талдау



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Отбасындағы дәстүр мен мерекелер: М. Мақатаев «Тоқта, ботам!» өлеңі

мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау; мәтін құрауда жалғау түрлерін дұрыс жалғау; мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу.

Еңбек нарығы және сұраныс: Ғабиден Мұстафин «Қарағанды» романынан үзінді

әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау; тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) дұрыс қолдану; етістіктің бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолдану.

Ұлы Дала табиғаты: Тұмар ханшайым туралы аңыз Д. Досжан «Жібек жолы» романы (үзінді) І. Есенберлин «Көшпенділер» (үзінді) Қ. Мырзалиев «Табиғат – жаратылыс пернесі» өлеңі фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау; жазба жұмыстарында лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу,құрастыру; реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану; етістіктің шақтарының (ауыспалы келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану.

Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы (үзінді) Сәбит Оразбай«Өмірдің өзі театр» әңгімесі жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану; сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану; болжалдық сан есімдердіжазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Ұлттық экологиялық мәдениет: Қадыр Мырзалиев «Аралым» өлеңі Т. Сұлтанбеков «Ғажайып планета» әңгімесі (үзінді) публицистикалық стильдің (интервью) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау; сан есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану

Мұхит – тіршілік мекені: Әбдіжәміл Нұрпейсов «Қан мен тер» Есімдіктердің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану; топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Ұлттық таным және мерекелер: Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі. О. Бөкей «Апамның астауы» әңгімесінен (үзінді), Ф.Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі (үзінді) мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау, шығармада көтерілген жалпы- адамзаттық мәселені айқындау; мәтін құрауда есімше сөздерді стильдік қызметіне сай орынды қолдану; жазба жұмыстарында ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру, жазба жұмыстарында теңеу, эпитет қолданып жазу.



Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда: Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» Абай Құнанбаев «Базарға қарап тұрсам әркім барар» мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау, үстеудің жасалу жолы мен сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану; бөлшектік сан есімдердіжазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне: Жанболат Ауыпбаев «Ашылмаған аралдар» кітабынан Қ. Аманжолов«Жас дәурен», шылаулардың сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану; мекен үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану.

Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар: Думан Рамазин «Соңғы дем» әңгімесінің мазмұндық құрылымын салыстыру; мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану; қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек: Ұлықбек Есдаулет «Қара пима» поэмасы

Абай Құнанбайұлы «Адамның кейбір кездері» мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау; мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану.

Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы: Бердібек Соқпақбаев «Он алты жасар чемпион» әңгімесі. «Ең үлкен байлық» ертегісі.М. Әлімбаев, Т. Нұрмағанбетов «Он төрт жасар жігіт» мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау ;құрмалас сөйлемдердің (аралас) жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану; мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік: Мұхтар Шаханов «Өркениеттің адасуы» романынан үзінді «Компьютер басты жарты адамдар» С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау; құрмалас сөйлемдердің (аралас) жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану; жазба жұмыстарында (себеп) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.

Қоғам және заң: Қоғам және заң «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» Нұртөре Жүсіп «Қыран қазақ» (деректі әңгіме) прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру; жазба жұмыстарында себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру; өздік етістің қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.


Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік: Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесіне талдау жасау; әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға беру және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру, етістік шақтарының (мақсатты және болжалды келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.

Тіл. Өнер. Әдебиет: Ілияс Жансүгіров«Күй» поэмасы; М. Жұмабаев «Қазақ тілі» өлеңіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беру, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу; сын есім сөздердің синонимдік қатарын стильдік ерекшеліктеріне сәйкес қолдану; мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану.

Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі: Ыбырай Алтынсарин «Атымтай жомарт»;Абай Құнанбаев «Сағаттың шықылдағы емес ермек» С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесіғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (үндеу) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау; мәтін құрауда сан есімнің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолдану;салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.

Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі: Дүкенбай Досжан«Төрт патшаны көрген кейуана»хикаяты

Маралтай Ыбыраев «Елбасыма» Н.Ә. Назарбаев «Тәуелсіздік толғауы» мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру; мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтау, берілген ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау; мәтін құрауда есімдіктердің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолдану; өздік етістің қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Алаш идеясы мен қайраткерлері. Д.Әшімханов «Бес арыс» кітабынан үзінді«Күлтегін» жыры А. Нұршайықов «Аңыз бен ақиқат» (үзінді) шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу;мәтіндерден көсемше оралымды сөйлемдерді анықтап, оларды ауызша және жазбаша мәтіндер құрауда орынды қолдану ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (баспасөз парағы) құрылымы мен
рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау; мәтіндерден көсемше оралымды сөйлемдерді анықтап, оларды ауызша және жазбаша мәтіндер құрауда орынды қолдану.

Туризм. Экотуризм: Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы, Ілияс Жансүгіров «Жетісу суреттері» өлеңі Шоқан Уалиханов «Жонғория очеркі» (үзінді) мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтау, берілген ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау;мәтіндерден көсемше оралымды сөйлемдерді анықтап,оларды ауызша және жазбаша мәтіндер құрауда орынды қолдану, жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастыру

Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі: Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романы әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға беру және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру; мәтін құрауда үстеудің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай орынды қолдану.

Жастар мәселесінің түйіткілдері: М. Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі; «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры (үзінді)мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ой- ды анықтау, берілген ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау; мәтін құрауда шылаудың мағыналық түрлерін стильдік қызметіне сай орынды қолдану; жазба жұмыстарында қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру; жазба жұмыстарында (мезгіл бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.

Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» М. Мақатаев «Ертең біз жол жүреміз» жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу; өзгелік етістің қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; мәтін құрауда шылаудың мағыналық түрлерін стильдік қызметіне сай орынды қолдану.

Толеранттылық – ел бірлігі: Сайын Мұратбеков «Телі өскен ұл» повесі Т.Әлімқұлов «Қарой» әңгіме. Идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау; жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау; оқшау сөздердің қызметін білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану; демеулік шылаулардың (сұраулық, күшейткіш) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік: Несіпбек Айтұлы «Бәйтерек» әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға бру және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру; оқшау сөздердің қызметін білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану.