Файл: Оыту аза тілінде жргізілмейтін сыныптар шін аза тілі мен дебиеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 85

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бос уақыт – қоғам дамуының көрсеткіші: Мұқағали Мақатаев «Сағатым қайда, сағатым?» өлеңнен ақпараттар мен көзқарасты, астарлы ойды анықтау, берілген ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау; айқындауыш мүшелер (қосалқы, қосарлы, оңашаланған) жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану.жұмыстарда орынды қолдану.

Биоалуан түрлілік, биотехнология жаңалықтары: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесінің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау; жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану; демеулік шылаулардың (болымсыздық немесе қарсы мәнді, нақтылау) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
5. Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы: тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: базалық деңгейде (A) – 26 %; орташа деңгейде (B)60 %; жоғары деңгейде (C) 14 %.

Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, тестіленушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.

Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.

Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.
6. Тест тапсырмаларының формасы: Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған жабық формадағы тест тапсырмалары.
7. Тест тапсырмаларын орындау уақыты: Бір тапсырманы орындаудың орташа ұзақтығы 1,5 – 2 минутты құрайды.
8. Бағалау:

Аттестация кезінде тестілеудің жиынтық балы есептелінеді.

Төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1
балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға0 балл алады.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Қазақ тілі мен әдебиеті. Бәйшешек, оқулық І,ІІ бөлімдер. 5-11 сыныптар. Авторлары: Ф.Ш.Оразбаева, Ж.Т. Дәулетбекова, А.Қ.Рауандина, Р.С. Рахметова, Қ.С. Жайлаубаев.Көкжиек-Горизонт баспасы, 2018 жыл.

2. Қазақ тілі мен әдебиеті. Учебник для 9 классов общеобразовательных школ с русским языком обучения. Авторы: Г.Косымова, М. Бисенбаева, Г.Каримова, Н. Каратаев. Алматы «Мектеп», 2019 жыл.

3. Қазақ тілі мен әдебиеті. Учебник для 10 классов общеобразовательных школ с русским языком обучения. Авторы: Г.Косымова, Ш.Ерхожина, Г.Каримова. Алматы «Мектеп», 2019 жыл.

4. «Сөз өнері» З.Қабдолов.

5. Қазақ тілі (мұғалім кітабы) Т.Т. Аяпова.