Файл: Зат есім тудырушы жрнатар. Менеджмент мамандыыны ерекшеліктеріне тоталу, менеджерге ажетті асиеттерді анытау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 78
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3. Ақшасыз ештеңе істемейді.
4. Біртекті тауарларды анықтау.
Сын есімнің шырайлары. Бағаға қатысты сөздер тобы. Баға деген не? Көтерме сауда бағасы, бөлшек сауда бағасы, нарықтық баға. Еркін баға түсінігі.
Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы. Шырай категориясы әр түрлі сапаны емес, керісінше, ұқсас заттардың біркелкі сындық, сандық, сапалық дәрежесін салыстыруға қызмет етеді. Шырай жұрнақтары қатыстық сын есімдердің бәріне бірдей жалғана бермейді (түскі мезгіл немесе шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ дегендегі қатыстық сын есімдер шырай категориясын қабылдамайды), олар заттанған сөздерге (баларақ), кейбір модаль сөздерге (көбірек, азырақ), үстеулерге (ілгерірек, өте кейін) жалғанады.
Ғылыми еңбектерде шырай түрлері түрліше беріліп жүр: мектеп оқулықтарында 3 (жай, салыстырмалы, күшейтпелі), ал жоғары оқу орны оқулықтарында 4 түрі (асырмалы) беріледі. Бұлайша жіктеу олардың мағыналық реңктеріне байланысты: аппақ пен керемет ақ немесе тым аппақ деп айту оның ерекше аппақтығын білдіру, бір ғана түстің түрлі дәрежесі мен сапасын жеткізу мақсатынан туындаған.
БАҒА. Бағага қатысты сөздер тобы.
Тұтыту бағасы – цена потребления
Көтерме сауда бағасы – оптовая цена
Өндіріс бағасы – цена производства
Дүниежүзілік бағасы – мировая цена
Анықтамалық баға – справочная цена
Фактуралық баға – цена счета
Баға лидері – ценовой лидер
Баға маркетингі – ценовой маркеттинг
Монополиялық баға – монопольная цена
Тапсырма 1 Аудару
Үлгі: Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. Әрбір тауардың бағасы оның құнымен тепе – тең болуы керек.
Монополиялық баға – өндіріс бағасынан әлдеқайда жоғары болатын тауар бағасы.
Рыноктағы тауарлар бағасы өндіріс бағасынан ауытқып тұрады
Цена – это денежное выражение стоимости товара. Цена каждого товара должна быть равна его стоимости.
Монопольная цена – это цена продукта, которая значительно превышает цену производства.
Цена товара на рынке отклоняется от цены производства
Тапсырма 2. Сұраққа жауап беру
БАҒА ДЕГЕН НЕ?
Баға – тура айтқанда,шығындарға, өнімнің озіндік құны мен тұтынушыға дейінгі аралықтағы шығындарға негізделуге тиіс. Баға ақшаның құнсыздауын, басқа факторлардың қымбаттауын есепке алуы керек.
Тапсырма 3.Текстегі сөз тіркестерін аударыңыз
Мына терминдердің қазақша баламасын тауып сөйлем құраңыз:
Цена мирового рынка - Әлемдік нарықтағы баға
Цена оптовая – лөтерме баға
Цена потребительская – тұтыну бағасы
Цена производства – өндіріс құні
Цена розничная – бөлшек сауда бағасы
Цена скользящая – жылжымалы баға
Цена справочная – Аңыктамалық баға
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі. Бәсеке деген не?
Бәсеке түсінік. Бәсеке заңы. Нарықтық экономикадағы бәсекенің орны.
БӘСЕКЕ КЕРЕК ПЕ?
Тапсырма 1.
Сұрақтарға жауп беріңіз. 1.Бәсеке деген не?
1.Бәсеке тауар өндірісі үшін де, нарықтық экономика үшін де бірінші заң
2.Бәсекенің қандай тжақтары бар?
2.Бәсеке болып табылады және бірлестік.
3.Бәсеке адамзатқа тән қасиет пе?
3.Кішкентай бала өмірінен де бәсекенің нышандары байқалады
4.Әділетті бәсеке деген не?
4.Осы бәсекеде бәсекенің екі жағы да бірге
5.Әділетсіз бәсеке дегеніміз не?
5.Әділетсіз бәсеке”жүзден жүйрік шықпайды”, тек орташасы ғана көрінеді, орташасы жоғары шығады, мыңнан шығатын тұлпарды көрмейсіз
Тапсырма 2. Бәсеке сөзімен түбірлес сөздермен сөйлем құраңыздар
1. Бәсеке– бизнесті дамытудың бір жолы
2. Бәсекелес те жақсы серіктес
3. Бәсекелестік бизнестің ажырамас бөлігі болып табылады
4. Менеджердің әрқашан өз істерін аяқтауға уақыты болуы керек
5. Бәсекеге қабілетті адам өз мақсатына жетеді
Сан есімнің мағыналық түрлері. Ақша деген не?
Ақша түсінігі, ақшаның шығу тарихы, қызметі, рөлі, мәні мен маңызы
АҚША ДЕГЕН НЕ?
Құн төлеуші – мера стоймости
Сатып алу мен сатуда – при кулпе продаже
Жалпырға бірдей балам ролін атқаратын – выполняющие роль всеобщего эквивалента
Басқа тауарлардың құнын көрсететін һ выражающие стоймость всех других товаров
Тауарлардың кез-келгеніне айырбасталатын – обмениваемые на любой из них
Тапсырма 1.
Сұрақтарға жауп беріңіз.
1.Ақша қандай қызмет атқарады?
1.Ақшанын қызметі: құн өлшеуіші, бақырау құралы, баға көлемін көрсету құралы, айналыс құралы және т.б.
2.Ақша деген не?
2.Шығын құралы
3.Ақша қандай тауар?
3.Көп уфқытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлістауалар атқарды
4.Ақша айналысын қалай тұсінесіз?
4.Адамдарға қажеттілік
Тапсырма 2. Сөздердің аудармасы
Денежная единица – Валюта бірлігі
Денежная масса – ақша массасы
Денежно-кредитное регулировани – ақша-несиелік реттеу
Денежно кредитный кризис – ақша дағдарасы
Денежное обращение – ақша айналымы
Денежные знаки – ақша белгілері
Денежный агрегат – ақша агрегаты
Денежный насчет – ақша туралы
Сан есімнің жіктелуі, септелуі.
Теңге – ұлттық валюта.
Ұлттық теңгені алғашқы жасалуы, енгізілуі, бүгінгі таңда алатын орны.
Сан есім – заттың санын, саналу ретін, мөлшерін білдіретін сөз табының бірі.Сұрақтары: қанша? неше? нешеу? нешінші? Жамбыл жүз жас жасаған. (Неше жас? Жүз жас). Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. (Нешеу? – төртеу, алтау).
Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сан есім; 2) күрделі сан есім.
1. Дара сан есім – бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер. Мысалы, үш, оныншы, елудей, ондаған, жүз, алтау, мыңдаған, оннан, миллионыншы, алпыстап, жүздеп, т.б.
2. Күрделі сан есім:
а) екі немесе одан да көп түбірдің тіркесуінен: жиырма бес, қырық шақты, сексен алты, тоғыз бүтін алтыдан үш, үш ширек, жүз мыңдай, т.б.
ә) сөздердің қосарлануы мен қайталануынан: екі-екіден, жеті-сегіз, бес-алты, тоғыз-тоғыздан, жиырма-отыздай, бір-бірден жасалады.
б) сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі сан есімдер: сексен – сегіз он, тоқсан – тоғыз он.
Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:
1. Есептік сан есім заттың нақты санын, есебін білдіреді. Сұрағы: қанша? неше? Есептік сан есім дара: төрт, жетпіс, мың, сегіз, бес, тоғыз; күрделі: алпыс үш, жетпіс тоғыз, он бес, отыз жеті, қырық тоғызболып келеді. Есептік сан есім сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.
2. Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді.
Есептік сан есімге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы реттік сан есім жасалады:
-ыншы – қырық тоғызыншы, алпысыншы, оныншы, т.б.
-інші – отыз бесінші, үшінші, елуінші, жүзінші, т.б.
-ншы – алпыс алтыншы, алтыншы, т.б.
-нші –қырық екінші, жетінші, т.б.
3. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын көрсетеді. Сұрағы: нешеу? Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.
Дауысты дыбысқа аяқталған екі, алты, жеті сан есімдеріне -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі соңғы дауысты дыбыс түсіп қалады: екі+еу→екеу, алты+ау→алтау, жеті+еу→жетеу.
4. Болжалдық сан есім заттың санын дәл білдірмейді, шамамен болжап көрсетеді. Сұрағы: қанша? неше? қай шамалы? қаншадан?
Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары:
а) жұрнақ арқылы: -лаған – жиырмалаған, -леген – елулеген, -даған – мыңдаған, -деген – жүздеген, -таған – қырықтаған, -теген – жетпістеген;
-лап – жиырмалап, -леп – елулеп, бір-бірлеп, екеулеп, -дап – отыздап, -деп – жүздеп, -тап – алпыстап, -теп – жетпістеп;
-дай – тоқсандай, мыңдай, -дей – екі жүздей, -тай – қырықтай, -тей – жетпіс бестей, т.б.
ә) Есептік сан есімдерге көптік жалғауы мен барыс, жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Жасы қырық+тар-да, сағат алты+лар-ға шақырды, т.б.
б) Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Отыз-отыз бес, екі-үш, елу-алпыстай, жүз-жүзден, т.б.
в) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық,жақынсөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Елу шамалы, он шақты, мың қаралы, жетіге таман, алпысқа тарта, отызға жуық, сексенге жақын, т.б.
5. Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? сұрақтарына жауап береді.
Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, дара түрде: үштен, қырықтан, жүзден, тоқсаннан, алтыдан, сексеннен, үшеуден; күрделі түрде: он екіден, жиырма алтыдан, қырық бестен, екі жүз оннан, т.б.;қосарланған түрде: бес-бестен, бес-алтыдан, жиырма-жиырмадан, екеу-екеуден, т.б.
6. Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер екі түрде қолданылады:
а) жай бөлшек: оннан бес, тоғыздан үш, үштің бірі, т.б.
ә) ондық бөлшек: үш бүтін оннан бір, жеті бүтін төрт ондық (7,04), он бүтін мыңнан екі жүз алпыс тоғыз (10,269), т.б.
1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады: жетпіс жеті, он екінші, мың тоғыз жүз сексен алты, он алтыдан, т.б.
2. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғау дефис арқылы жалғанады: 13-ке, 7-ден, 63-ке.
3. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші