Файл: Зат есім тудырушы жрнатар. Менеджмент мамандыыны ерекшеліктеріне тоталу, менеджерге ажетті асиеттерді анытау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 81

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
 жұрнағының орнына дефис қойылады: 11-сынып, 2-қатар, 16-орын, 51-тапсырма, 7-бөлме, т.б., ал рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды. Мысалы, ХІ сынып, ХХІ ғасыр, ІV том, т.б.​​​​​​​

 

4. Екі, алты, жеті сандарына жинақтық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда түбірдің соңындағы ы, і дауысты дыбыстары түсіп қаладыекі – екеуалты – алтау, жеті – жетеу.

 

5. Цифрмен жазылған сан есімдерге болжалдық сан есімнің қосымшалары дефис арқылы жалғанады: 100-деп, 6-ларда, 1000-даған, 70-тей, т.б.​​​​​​​

 

6. Қосарлану арқылы жасалған болжалдық сан есімдер сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да арасына дефис қойылады: екі-үш бала (2–3 бала), 70-80 қой (жетпіс-сексен қой), 5-6 кітап (бес-алты кітап).

 

7. Бөлшектік және болжалдық сан есім жасайтын сөздерге өзі тіркескен сандар сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де бөлек жазылады: жүз қаралы – 100 қаралы, елу шақты – 50 шақты, 30-ға таман – отызға таман, он екі жарым – 12 жарым, бір ширек – 1 ширек.

Лексикалық тақырып. Теңге – ұлттық валюта.

Валюта(итал. voluta — құнбаға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтынкүмісқағаз ақша). 19 ғ-ға дейін күміс валюта мен биметаллизм кең тарады.19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын валюта енгізілді.

Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді. 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.[1]


1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.

Мәтінің аудармасы:

Валюта (итал. voluta — стоимость, цена) — мера денег, используемая для измерения стоимости товара. В практике международных валютных финансовых операций используется в следующих значениях: 1) денежный размер государства и его вид (золото, серебро, бумажные деньги). До 19-го века серебряная валюта и биметаллиз были широко распространены, а в начале 19-го века Соединенное Королевство ввело золотую валюту в странах, отличных от 2-й половины 19-го века.

Казахстанский тенге является национальной валютой Республики Казахстан. Указом Президента Республики Казахстан от 15 ноября 1993 года введен в обращение. 27 августа 1992 года Национальный банк утвердил образцы тенге. Более ранние художники, которые оживили казахскую валюту, отправились в Англию: Тимур Сулейменов, Мендибай Алин, Афинсали Дузельханов, Кайролла Абзелелов. В 1992 году были утверждены портреты тенге. Тенге был напечатан в Великобритании. 12 ноября 1993 года Президент Нурсултан Назарбаев подписал Указ «О введении национальной валюты в Республике Казахстан».

15 ноября 1993 года в обращение была введена национальная валюта Казахстана — тенге.

Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

Ұлттық теңген алғашқы жасалуы, енгізілуі, бүгінгі таңда алатын орны.
Сан есім атау септікте тұрып бастауыш болады.

Жіктеліп келіп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп, баяндауыш болады.

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіркендіктен, сөйлемде анықтауыш болады..

Септік тұлғасында да, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш болады.

Табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде келіп, толықтауыш қызметін атқарады.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді (мақал)

Атадан- алтау, анадан- төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. (Абай)

Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ.)

Кездесіп жетпіс үште іздегенім. (Жамбыл)

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады (мақал)

Алтау, төртеу сөздері кім? (ала болса, түгел болса) деген сұраққа жауап беріп, атау септікте тұрып, бастауыш болып тұр.

Алтау (біз алтаумыз), 

төртеу (біз төртеуміз) сөздері нешеу? (нешеуміз?) (І жақ жіктік жалғауы түсіп қалған) баяндауыш қызметін атқарып тұр.

Бұл сөйлемде екі (неше?) деген сан есім «достың» деген сөзді, біреуінің (кімнің?) «ебі» дегенді анықтап тұр.

Жетпіс үште (қашан кездесіп?) пысықтауыш болып тұр.

Бірді, мыңды деген сан есімдер табыс септікте тұрып, кімді жығар? деген сұраққа жауап беріп толықтауыш болып тұр.

Сан есім зат есіммен я қатыстық сан есіммен тіркесіп келіп сөйлемнің күрделі мүшесі қызметін атқарады.

Мысалы: Біз үш түрлі ( қандай?) кедергіден өттік. Гектарынан 15 центнер (қанша?)бидай орылды. (анықтауыш)

Лексикалық тақырып. Ұлттық теңген алғашқы жасалуы, енгізілуі, бүгінгі таңда алатын орны.

Лексикалық минимум

Төлем – плата

Құрал – средство

Қазына – богатство

Арнаулы – специальный

Жарлығымен – по указу

Құпия қорғанысы – секретная защита

Дербесел–суверенноегосударство
Билік – власть

Даму көзі – источник развития

Деңгей – уровень

Қамтамасыз ететін – обеспечивающий

Үнемді – экономно

Тәуелді болу – быть зависимым

Құнды қағаздар – ценные бумаги

Несие беру – давать кредит

Ақшаны жинау – копить деньги

Ұлттық валюта-төл теңге


Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.

Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

Теңгенің 16-ға жұық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды.
Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
«Тиыннан теңге құралады» - демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.

Теңге – тәуелсіздігіміздің төл пер­зен­ті. Уақыт талабына сай, оның дизай­ны өзгеріп, қорғаныштық қабілеті жетіл­діріліп отырды.


Аударма.

Республика Казахстан-суверенное, независимое демократическое государство. У него есть собственный закон, государственные символы, национальная валюта.

Первым отличительным признаком страны, получившей независимость, является национальная валюта. Это законное платежное средство, используемое в объеме Республики Казахстан. Деньги-драгоценное сокровище, богатство народа.

Наши люди использовали тенге и раньше. В ранние времена тенге изготавливали в специальных мастерских в городах Туркестан, Тараз.

16 тенге имеет секретную защиту, знак. Создателем дизайна нашей национальной валюты стал руководитель авторской группы Тимур Сулейменов.

Тенге-знак того, что мы самостоятельная страна. Зависеть от чужой валюты – отдать все свое богатство чьему-то авторитету. Национальная валюта-источник развития страны, один из первых факторов приравнения к мировому уровню. Он обеспечивает нашу независимость во все времена.

"От тиын до тенге", - говорит он, - деньги нужно использовать экономно.

Тенге-родное дитя нашей независимости. Со временем его дизайн изменился, а его защитные способности улучшились.

Есімдік. Жіктеу, сілтеу есімдіктері.

Евро туралы. Евроның шығуы. Евроға ауысқан мемлекеттер

Есімдіктер – заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың орнына жұмсалатын сөз табы
1) Жіктеу есімдіктер – белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі. Мен, сен, сіз, ол,біз,сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.

2) Сілтеу есімдік – нұсқау және көрсету мағыналарын көрсетеді: бұл, мынау, анау, сол, мына, міне.

Граматикалық тақырыпты пысықтау.

1-тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаз. ... ата- анаңызбен тұрасыз ба? Мұрат ... әңгімені айтты. Ауа райы ... тамаша! Әр халықтың ... ұлттық тағамы бар. ... үйде жақын досым тұрады. Университеттің ... корпусы бар. Отанын қорғау – ... азаматтың борышы. ... өтірік айтпа. Мына хат ... келген? Есімдіктер: сіз, қандай, өзінің, бұл, бірнеше, әрбір, ешқашан,кімнен, бізге

Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаз. Сіз ата- анаңызбен тұрасыз ба? Мұрат бізге әңгімені айтты. Ауа райы қандай тамаша! Әр халықтың өзінің ұлттық тағамы бар. Бұл үйде жақын досым тұрады. Университеттің бірнеше корпусы бар. Отанын қорғау – әрбір азаматтың борышы. Ешқашан өтірік айтпа. Мына хат кімнен келген?

Лексикалық тақыры. Мәтінді аудару.



Ақша түрлері — тауарлардың құнын көрсететін, жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын төлем құралы.

Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:

  • толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар);

  • толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері).


Еуро € — Еуропалық одақтағы 19 елдің (Аустрия, Бельгия, Германия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, 

Люксембург, Мальта, Португалия, Нидерланд, Словения, Словакия, Финляндия, Франция, Эстония). ресми валютасы. Сондай-ақ еуро 9 мемлекеттің, соның ішінде Еуропада орналасқан 7 мемлекеттің ұлттық валютасы болып табылады. Алайда, Еуропалық одақтың қатысушыларына қарағанда, осы 9 мемлекет Еуропалық орталық банктің ақша-несие саясатына әсер ете алмайды және өз өкілдерін олардын жетекші органдарына бағыттай алмайды.

Европалық экономикалық және валюталық қауымдастықтың пайда болуы және оның ортақ бір валютаға (евро) негізделуі қазіргі уақытта ең масштабты жобалардың бірі болып табылады.
Ортақ валютаны енгізу мақсаты 1992 жылы Европлық қауымдастық құру туралы Маастрих келісімінде бекітіліп қойылған болатын. Көп жылдық дайындықтардан кейін 1999 жылы 1-қаңтарда аталған жоба іске асып, әлемде мүлдем жаңа валюта өмірге келді.
Евроның қысқаша тарихы.
Европалық валюталық жуйе құру идеясы екі батыс европалық атақты саясаткерлері – батыс герман канцлері Гельмут Шмидт пен Франция президенті Валери Жискар д’ Эстенге тиесілі.
Шмидт- Жискар д’ Эстен инициативасын алғаш рет басқа ЕО-тың елбасыларына 1978 жылы сәуір де Копенгагенде болған кездесуде жариялады. Үш айдан соң, яғни шілде айында аталған жоба бремен саммитінде қолдау тапты. Ал 1978 жылы желтоқсанда ЕО-тың толық 9 мүше-мемлекеттердің 8-і Ортақ Европалық валюта жүйесін құру туралы келісімге келді (Ұлыбритания бұл келісімді қолдамады).